Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б.Соқпақбаев шығармаларындағы юмор

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Шелек ауылындағы №1 орта мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:

Атикенова Фарида Умбетжановна



Б.Соқпақбаев шығармаларындағы юмор

Б.Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетінде шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп,оқушыны жалықтырмайтын юморлық тәсілмен туындыларына елітіп ала жөнелетін өзіндік өрнегі бар жазушы. «Менің атым Қожа» повесі – мектеп оқушысынан бастап қолға немесе көзге түсе қалса жасы ересек тартқан оқырмандардың өзі көзін сүзбей кете алмайтын тартымдылығымен танымал шығарма.Бүгінгі жас оқырманды Б.Соқпақбаев кітаптарын оқуға шақырғанда , біз алдымен ,қарапайым ауыл баласы өмірінің сан қилы қызықтарына бірге шомып кететінімізді айта кетуіміз керек. . Б.Соқпақбаев оқушысын шынайылыққа , өзін- өзі басқара білуге, жеке тұлға болып қалыптасуға, жамандық атаулыға қаны қас болып өсуге тәрбиелейді.Қожа арқылы талабы бар баланың жазушы болу үшін тарыдай ғана талантын жүрегінің түбіне мықтап бекітіп : «Жазушы болам. Міне, сол кезде мен мамама, егер ажалы жетіп өліп қалмаса, әжеме де өмірдің нағыз бақытын көрсетемін» деп шешімді , кесімді болуды үйретеді.Автор осы повесті жазу барысында «өзім туралы повесть» осындай толғаныстан туған осы үлкен мәселені жүзеге асыруда автор юморды шебер пайдаланады. Шығармасының құрылысы балалық шақтың сан түрлі сәттерімен юмор арқылы орайластырылады .Осыдан жобаның өзектілік мәселесі туындайды . Ол-шығармадағы юмор . Юморды жазушы зілсіз етіп пайдалана білген. Әрі өте тиімді құрал ете алған. Жазушының оқырманы –мектеп оқушылары.Мұндай оқырманға салмақты баяндаудан гөрі қызықты эпизодтарға құрылған ,қарапайым әңгімелеу арқылы Қожа хикаясын жайып салып, күлдіре отырып күйдіре, ойната отырып,ойландыра алатын тәсіл қажет. Ол тағы да –юмор. Олай болса, «Менің атым Қожадағы» юмордың атқарған жүгін екшеу ,бағалау-жобаның міндеті. Орыстың белгілі балалар ақыны С.Михалков: «Балаларға күлкі витамині қажет. Күлкі-балалар әдебиетінің үлкен де байсалды құралы» деген қағидасын біздің бірегей жазушымыз Б.Соқпақбаев та қарымды пайдалана білген. Жазушының қолданған юморы-проблемалы. Балалар психологиясына тереңдей енген автор сол күнбе –күндік мәселелердің қай-қайсысын да мектеп оқушыларының өмірі арқылы , олардың мінез –қылығын шығармасында өрнектеу арқылы шешкен . Бір сөзбен айтқанда:Бердібек Соқпақбаев өзін жазатын жазушы. Мінез – құлық жағынан Қожа өзге емес өзінің басынан өткен юморлары болса керек. Енді жазушы қолданған юморды жіктеп Shape1 көрейік:

















-Shape2

Ашулы юмор

Shape3

Зілсіз юмор

1-

Shape4

Ойнақы юмор



Shape8 Shape7 Shape6 Shape5

Жылы юмор

Пайдакөш юмор



Shape9 Shape10

«Менің атым

Қожа»

повесіндегі

юмор түрлері



Shape12 Shape11

Тентек-тік юмор



Shape13

Shape15 Shape14

Әдемі юмор





Shape17 Shape16

Ұятты юмор



Shape18 Shape19

Мойын-дау юморы



Shape21 Shape20

Shape24 Shape22 Shape23

Жан қысыл-ғандағы юмор





Shape25 Shape26

Қулыққа басқан юмор

Кекесін юмор









Жоғарыдағы аталған юморды автор шығармасының өн бойында шебер қиюластырып, повесін негізгі кейіпкердің сәтті көңіл күйімен аяқтайды.

Шығарма кіріспесінің өзі: «Оллаһи, мақтанғаным емес,достарым,шындықты айтып отырмын.Әттең, жазушы болсам деген арман менің көкейіме ерте ұялады.Үшінші,төртінші кластарда оқып жүргенде-ақ, ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды, «ақын бала» атана бастадым»,- деп ағынан жарыла келе:Мен көпе көрнеу шарықтап өсе бастадым дегенді айтады .

-2-

Осы жердегі «шарықтап өсе бастау»- балалық мақтанудың юмор түріндегітәсілі деуге болады.Бұл юмордың мәнін арттырып тұрған -«көпе-көрнеу»;Қазақ тілінде «көпе-көрнеу»сөзі-бір нәрсеге аяқ асты ұрынудың,ойламаған жерден тап болудың мағынасын тереңдететін тіркес. Міне ,осындай дәлелдемелер ары қарай дөңгеленіп жүре береді.





Мақтаншақтық юмор:

  1. «Май туралы бір өлең жазып бере қойшы»

  2. «Тәртіп жөнінде бір өлең жазып бере қойшы»

  3. «Класта қалғып отыратындар жөнінде бір сықақ өлең сүйкеп жібермес пе екенсің?»- деген сияқты «Заказдарға» Қожекең қарша бұрқыратып өлең жазып беретінге жетті.Осы жердегі «ақын баланың» өлеңдері отряд, класс қабырға газеттеріне ғана жарайтын туынды болатын.Автор Қожаның айналасындағылардың сұраныш тілегіне масайрағанын бала психологиясына сай дәл сипаттап бере білген.Тіпті «Өлеңдерім неғұрлым көп жарияланған сайын, соғұрлым назар аудармайтын,селт етпейтін болып алдым»,- деп шын көңілін жайып салады.Бұл автордың кейіпкеріне масайрау юморын осылай дәл бере білуі. Кейіпкер «Мен енді өлеңдерімнің типография әрпінен теріліп,жұртқа ақша төлеп,сатып алып оқитын нағыз шын баспасөзде жариялануын аңсай бастадым.Шіркін, қандай тамаша болар еді.

2.Кекесін юмор:

1. Мектептің жанында Жантас ұшырыраса кетті .Қолында мөр басылған

бір жапырақ жазулы қағаз бар .Соны шертіп – шертіп қойып:

- Қара көже,мынаның не екенін білесің бе? – дейді.

- Ол не?

- Лагерьге жолдама .Біз лагерьге баратын болдық Ал, сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

- Мұғалімдер бөлмесіне жүгіріп келіп, Майқановаға жолығып,жолдама

бермегені үшін ренжіп, бөлмеден жүгіріп шықтым.

Турникке сүйеніп ,Жылмия қарап Жантас тұр.


-3-

  • Немене жолдама алдың ба?

Қожаның ойында ештеңе жоқ фудбол ойнауға алаңға келе жатқан кездегі Жантастың жылмия күліп алдынан шыға келіп,қыршаңқы сөйледі. Қожа үшін сол күнгі көңіл күйін су сепкендей басып намысына қатты әсер етеді.Осыдан әр кімнің кекесін күлкісінен кейін ол өзін шыңдап ,қайткен күнде де Жантастан алда озып жүруге серт етті.

2.Күзде бәріміз мектепке келдік.Сыныпқа кірген соң Майқанова :

- қалай Қадыров, жақсы демалдың ба,-деп сұрады.

- Жаман емес ,-деп күмілжідім.

- Сен жаздай қайда болдың ?

- Жайлауда болдым.

- Бәсе,жайлаудан келгенің көрініп – ақ тұр.Күнге жақсы күйіпсің ,нағыз Қара көже енді болыпсың, - деді.

Қайткен күнде де Майқанова мен Жантастың Қожаны бір түйреп өтетіні

оның жанына батушы еді.

3.- Сәлем еңбек еріне ! – деп «Қазақстан пионеріне» суретім басылғалы бері

ол мені өстіп тәлкек етуді шығарды. – Қасың бос па, Қара Көже .

Кекесін дауыспен :

  • Саған сақтап отырмын , - дедім.

Қамқорлығыңа рахмет! – деп,Жантасым елпеңдеп келеді.Партаның шетіне

Шығып, тосқауылдап тастадым:

  • Бос емес.

  • Кім бар мұнда ?

  • Түсінемісің қазақша айтқанды .Бос емес.

  • Жанарға сақтап отырмысың.

5.Майқанова бір – бірлеп ,тізім бойынша оқушылар мен таныса бастады.Кезек маған келді.

-4-

- Қадыров.

- Мен .

Майқанова тесірейе қарап тұрып қалды.

-Біз екеуіміз таныс шығармыз деймін?

Мен еріксіз жамиып күлдім

-Мүмкін.

- Мен сенімен әлі сөйлесемін дегендей Майқанова :

  • Отыр деді зілді дауыспен.

6.Жантастың бір иығында ауыр рюкзак .Қағаз пилотканың астынан қоңыр көздері жылт – жылт етеді.Көнтиіп жарылып кеткен еріндерін жалап – жалап қойып:

- Сағынып қалдың ба ? –дейді.

-Кімді? Нені? –деп Жантасқа айбаттана бұрылдым.

Жантас қу саусағын жебеп тайқи берді.

  • Білем ,білем кімді қарап тұрғаныңды...

  • - Білсең біле бер.

Ох, бұл сөзді мен қалай батыл айтып салдым десеңші.

7.Кенет дәл беталдымыздағы талдың арасынан сумаң етіп ,бір салт атты шыға келді

Сұлтан екеуіміз қазды тықпақ түгіл,қас қағып та үлгермей қалдық.Салт атты мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал екен.

  • Оу,балалар,бұларың не?

  • Жай ... мына бір қаз атып алып едік,пісіріп жейік деп отырмыз,-деді Сұлтан.

  • Қайдан атып алдыңдар?

  • Ұшып бара жатқанда атып алдық,- деп Сұлтан аспанға қарап қояды.

  • Қой,сендер қаз атып алсаңдар...мынау жабайы қаздай емес ,үлкен ғой тегі.

-5-

  • Әдейі үлкенін таңдап атып алдық,- деді Сұлтан.

Тентектік юмор:

1.Анфиса Михайловна класқа жаңа кіріп барады екен.Мен кешігіп жүгіріп келемін.

-Қадыров, немене ,ұйықтап қалғансың ба?Тоқта галстугіңді түзе.Галстугімді түзеп класқа зып беріп,кірдім.Балалар дүр етіп түрегелді.Маған емес ,әрине, артымдағы оқытушыға құрмет көрсеткендері ғой.Бірақ мен оны басқаша қабылдадым.Бір секундқа кідіріп ,мұрнымды көкке шүйіріп ,маңғаздана қалдым да ,қолымды кеудеме қойып тәжім еттім.Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты.Балалар ду күліп жіберді.

2. «Қысқы кешті» жаттап келдіңдер ме?

- Тұрсынбаев , -деді мұғалім.

- Тақтаға шығып айт.

- Бәрібір емес пе?

Жантас мұрнын уқалап ,тырп – тырп басып ,тақтаға шықты.

  • Ал енді айт.

  • Буря мглою ...- Жантас осыны айтты да жым болды.

  • Дальше?

  • Мұғалім , мен жаттамай келіп едім...

  • Неге жаттамадың ?

  • Диірменге барам деп ...уақытым болмай...

  • Анфиса Михайловна Жантасқа біраз қарап тұрды да :

  • Мүмкін ,орныңа барып айтатыншығарсың? – деді.

Біз ду күліп жібердік.

3.Үй пұшпағынан біреудің келе жатқан тысыры естілді .Тырп – тырп басқан аяқ дыбысына тық – тық басқан аяқ дыбысына тық – тық



-6-

қадалған аяқ үні қабаттасады.Көп ұзамай аяқ пен таяқтың қожасы да

көрінді.Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт.Сәйбек кілт тоқтапй қалып,шекарадағы сақшыдай қатал үн қатты:

- Бұл кім?

-Мен ғой ,ата

-Менің кім?

- Мен Қожамын.

-Мұнда неғып отырсың?

-Педсоветке келдім

-Онда сенің не шаруаң бар?

-Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.

-Мәселе.Қандай Мәселе ? Сені мұғалім етеміз дей ме?

-Директор етеміз дейді.

-Онда тіпті жақсы жалақың көп болады.

4.Мен жайлы жазылып жатқан осы мәжіліс хаты күндердің бір күнінде әдебиет зерттеуші, ізшілерінің бірінің қолына түседі.Сонда од жерден жеті қоян тапқандай мәз болып қуанады десейші. Газеттер ең семіз әріптермен дүрілдетіп хабарлар басады:

«Атақты жазушы Қожа Қадыров жөніндегі жаңа деректер! Кітаптар жазылады мен жөнінде,кондидаттық,докторлық диссертациялар қорғалады. «Қадыров Қожа және Майқанова», «Қадыров Қожа және бақа оқиғасы», «Қадыров Қожа және қаз оқиғасы» т.с.

5.- Қожатай, аша ғой ,шыбыным ...

Түрегеліп барып есіті аштым .Әжем мен Әубәкір шал тұр.Көзқарастары бір түрлі үрейлі,жұмбақ.

Салаумәлейком ,қария.

  • Саламат бол ,балам.Сен немене, жападан жалғыз есікті іліп алып отырғаның?

  • Жайша...Сабақ оқып отырғаным ғой.

-7-

  • Қожатай мына атаңа тамырыңды ұстатшы,шыбыным,-дейді әжем.Шошып қалдым.

  • Неге не бопты?!

  • Түнде ұйқысырап сөйлеп шығып едің.Кім біледі...

Мына атаң ұстап көрсін тамырыңды.Өңіңде бір түрлі балбырап тұрған тәрізді.

Мен еріксізден күліп жібердім.

  • Әй ,әжем,қараңғы әжем,мені ауру ғой деп тұрмысыз.Ауру түгіл дәнеңем де жоқ. Сап саумын.

  • 6.Сығылысып енді есіктен кіре берсем ,бойы менің бойымдай ғана, тықылдаған бейтаныс көк көз келіншек алдымды тосқауылдап жібермейді.

  • Қайда кимелеп барасың ? Кезекке тұр, - дейді.

Осы арада тілі құрғыр өтірікті менің еркімнен тыс айтып салады:

  • Мен оқулық емес ,қант аламын,-дедім.Өйткені магазиннің арғы азық – түлік сататын бөліміне қарай адамдар еркін өтіп жатыр.

Прилавканы жағалап кітаптар сататын бөлімшеге бір – ақ жетіп бардым.

  • Сен адасып барасың .Қант ана жақта сатылады,-деді.

  • Сіздің не шаруаңыз бар,қоя беріңіз, -деп,жұлқынып қалдым да ,прилавкаға бір- ақ жетіп бардым.

  • Көк көз келіншек сатушыға дауыстап жатыр:

  • Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз.Ол кезексіз кіріп кетті.

7.-Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер?-деп сұрады зоология пәнінің мұғалімі Оспанов.

- мен әкелем,- дедім

- Қадыров ,сен әкелесің .Ұмытып кетпе бірақ.

- Ағай, неше бақа әкелейін ?

- Бір ...екеу әкелсең жетеді.

-8-

Бірінші сабақ қазақ тілі . Майқанованың сабағы класқа кірді де класс журналы мен сумкасын менің алдыма қойды да шығып кетті.

Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келді.Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім.Не болар екен?

Майқанова сөмкесін ашып қол орамалын алды. Сол кезде кішкентай сұр бақа қол орамал мен қоса секіріп шығып,мұғалімнің дәл қолының үстіне қонбасы бар ма?Майқанованың саңқ еткен үні бір – ақ шықты.Өңі құп – қу болып құлап бара жатыр...

Осындай жайсыз істерді істемеймін деп ,өз-өзіме қанша серт берсем де,

Майқанованы көргенде ойыма қай – қайдағы ойлар ойыма түсе кететіні бар.

Ұятты юмор

1.Жүгіріп келем шарбаққа қарай .Секірдім...Қойсаңдаршы ,адамды қырсық шалайын десе оп – оңай ғой.Осы арада ойламаған жерден масқараға ұшырап,абиырым аймандай төгілді де қалды.Не болды дейсіңдер ғой.Бір балағым сырғауылдың ішкі бауына ілініп қалып,созылған күйде ұзынымнан түспесім бар ма.Оңбай жығылдым.Бірақ өлімнен ұят күшті деген емес пе, жалмажан тез түрегелдім де,алды –артыма қарамастан зытып отырдым.

Жанар мен әжесі қарқылдап күліп қала берді.

2.- Ақсақал ,қаракөліңді мен алған жоқтын, -дедім жалынышты үнмен.

- Енді кім алды? Шынымды айттым:

- Қасымдағы бала алыпты.

-Олқайда? Ол кім дегеннің баласы? –деп әкіреңдейді шоқша сақал.

Сұлтаным зым – зия зытып отырған жөні бар.

  • Қайда? Қане?

  • Сұлтан ! Әй,Сұлтан! – деп,дауыстаймын.

  • Кенет біреудің:

-9-

Сұлтан әне .Атына мініп зытқалы жатыр, -үні саңқ ете қалды

  • Кетті !Әне кетті! – дедім шоқша сақалға.

  • Қап...

  • 3.-Әже ,ау әже!

  • О,Не.

  • Қарашы ,газетке менің суретім шығыпты.Қарашы.

Міне , ортада тұрған менмін.Міне,міне.

  • Қайсы? Мынау көп адам ғой жапырлаған.

-Мен мынау...ең алдында тұрмын ғой қасқая қарап.

«Жаңа өмір» колхозы жеті жылдық мектебінің оқушылары жазғы демалыстарында

Артель шаруашылығына айтулы көмек тигізді.Суретте колхоздың шөп шабу науқанында үлгілі еңбек еткенбір топ оқушы...

Ім...м...м...суреттің астындағы жазуды оқыдым да тілімді тістеп алғандай болдым.

«Мәссаған ! Мен мұның байыбына бармай ,мақтанып жатырмын.Ұят – ай!Қандай ұят іс болған!Шөп шабу науқанына мен қашан қатыстым? Қашан үлгілі еңбек еттім?»Өлімнен ұят күшті деп,бекер айтылмаған ғой.

Майқановаға ерегесіп,лагерьден де қалдым,дегенмен де бармасам да барғандай болып газет бетінде жарқырап тұрмын ғой.



Жылы юмор

Бала десе бәрімізге тиеді ,бізден өткен ақымақ жан жоқ қой.Кейде қайдағы бір залалды нәрсеге соның сол залалдығын біле тұра иттей әуес келеміз.Аузымды түтінге толтырып алып ,жұтып кеп қалғаным сол екен,бір кереметулы газ өңешімнен шеңгелдеп ,ала кеп түсті.

Тынысм бітеліп,қақалдым да қалдым.Көзімнен жасым ыршып кетті...Енді бір шақта көзім бұлдырап ,жер дүние төңкеріліп бара жатты.

-10-

-Ойбай тоқта !

Аттан ауып түсіп,Қылжия кеттім жол шетіне .Жүрегім лобылып,құса алмай қиналып жатырмын.

Менің бұл аянышты халіме жаны ашудың орнына Сұлтан оңбаған мазақ етіп тұр:

  • Қайран Қара Көжем – ай,ажалыңнан үш күн бұрын өлетін болдың – ау.

Міне содан бері темекіні аузыма алмақ түгілі иісі мұрныма келсе зытып жөнелемін.

Осы Сұлтанның кесірінен істемеген ісім жоқ,естімеген сөзім жоқ.

Осы пәлеге ілеспейін десем де,лып етіп алдымнан шыға келгенде ,қалай бірге кетіп қалғанымды білмей де қаламын. Шамасы,Сұлтанның өзіне тартып тұратын бір қасиеті бар ғой деймін .



























-11-

Аннотация

Бердібек Соқпақбаев шығармашылығының ішінде оқушының тілін,ойын,танымын кеңейтетін шығармасы- «Менің атым

Қожа »повесі .Сөз жоқ,повестіңөн бойынан балалық өмірді ,қылықты кең түсінеді.Сондықтан Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы мектеп оқушылары үшін баға жетпес қазына екенін уақыт өзі көрсетіп отыр.Сол себепті де ғылыми жобаның құндылығы да осында.

Жұмыстың мақсаты:Шығарманы оқып отырып бүкіл өн бойынан бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан – жақты қамту – зерттеу жұмысының ғылыми болжамы.

Шығармадағы тәрбиеге қатысты құндылықтарды іріктеп ,қазіргі мектеп оқушыларына тиімді қолдана білсе,онда мектеп қабырғасында - ақ рухани құндылықтарды бағалай білетін ,ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі : Бердібек Соқпақбаев шығармашылығындағы негізгі тәсіл – жеңіл әзіл ,тиімді юморды әдебиеттану теориясы тұрғысынан талдап қарастырдық.

Зерттеудің практикалық мәнділігі оқушыларға мектеп оқулықтарында оқылатын шығармашылығын талдап оқуға теориялық нұсқасы ұсынылды.



































Түйіндеме

Оқушының ғылыми жобасында қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев шығармашылығындағы юмордың түрлері жан – жақты қарастырылған.







Резюме



В Данном научном проекте ученика всесторонее рассмотрена

юмористическое творчество казахского детского писателя Б.Сокпакпаева.

































Аннотация

Творческое развитие мыслительной деятельности ,языка и миропонимания учащихся на аснове произведения Б.Сакпакбаева «Мое имя Кожа»В повести выразительно описываются картины Кожа,что способствует глубокому воспритию и осмыслению учащихся.Именно это способствовало выбору данной темы особенностей языке ,его простоты.Цель проекта :Раскрыть приемственность данного произведения воспитании учащихся в современных условиях.

Основы теории:Теоритическое раскрытие особенностей языка , его простоты и уместность юмора в произведений.

Данный вариант иследовательского проекта был рекамендован при изучении программного материала.





































Қорытынды

Бердібек Соқпақбаев шығармашылығында юмордың түрлеріне байланысты ғылыми жобада юмор арқылы автор кейіпкер бейнесінің түрлі мінез - құлқын іс-әрекетін шынайы түрде юмор арқылы астарлы түрде береді.Автор повесті жазу барысында Қожаны негізгі кейіпкер ретінде ала отырып ,өзінің балалық шақтағы іс-оқиғаларды сомдайды. Шығарманы оқи отырып,автор Қожа сияқты дарынды,ақылды,әзілқой болғаны анық байқалады . Балалар хикаяттарды сүйіп оқитыны анық.Сондықтан да бала көркем әдеби шығарма оқуға талпынады.

Повест үлкенді де ,кішіні де еріксіз өзіне тартады.Бұл шығарманың тартымдылығы сонда – юмордың барлық түрі қамтылған.Қай бала оқыса да , Қожаға еліктеп, соның істеген қылықтарын өз сыныптастары арасында талайы қайталап та үлгерді. Шығарма әр баланың бойына балалық махаббат,сезім,анаға деген махаббатты оятады. Бала өз - өзін жақсы жақтарға тәрбиелей отырып,алдыңғы қатарлы оқушы болуға талпынады.

Шығармадағы юмор түрлерін талдау барысында әр баланың көркем шығармаға деген қызығушылығы артады.Кім болса да кекесін күлкі , ұятты юморды қаламайды.Сонықтан да бала ортада ойланып сөйлеуге ,Жантасқа ұқсас достарының арасында оқыс қылықтарды жасаудан аулақ болып,сыныптастары арасында беделді болуға тырысады.Күнделікті адамдар арасындағы коммуникативтік қарым –қатынаста өте қажет әдіс.Қазір көркем әдебиет аз оқылатын заманда оқушы тілін,ойын дамытуға тікелей әсер ететін осындай шығарма қажет. Ғылыми жобада жай оқып қана қоймай талдап,зерттеп оқуға бағытталған .Қожаның түрлі таза мінезі – жазушының жеңіл тілі.Қарапайым сөзбен беру шеберлігі. «Ойыннан өрт шығады» демекші ,бала зілді юморды да, кекесін юморды да ,көтере білетін болады.Қожа осы юмордың бәрін басынан өткерді, бәрін көтере білді.Өз жасындағы балаларҚожаға еліктеп өссе,олар да осы юморларды да қабылдай алады деп есептеймін.Әдебиеттің міндеті де осы.бала тәрбиесіне әсер етуі.

Юмор адамды тәрбиелеп қана қоймай ,әзілқой шынайылыққа да жетелейді.Әрине Қожа дарынды ,ақылды ,әзілқой бала.Повестегі юмордың әсері арқылы әр бала көшбасшы болуға лайық. Жобаның міндеті де осы болады.Ендеше образдар тілін қазіргі өмірде еркін қолдануға болатыны сөзсіз.

.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
922
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11