Бүгінгі
жастар – ертеңгі кәсіби маман
Маңғыстау
облысы, Бейнеу ауданы
Джолдасбаева
Гульмира Амантаевна
«Бейнеу
политехникалық колледжі» МКҚК
Бүгінгі
Қазақстан – қоғам өмірінің барлық
салаларында оң өзгерістер орын алып,
экономикасы, білімі мен мәдениеті
тұрақты дамыған, ынтымағы жарасып, берік
нығайып келе жатқан еңселі ел қатарында.
Аз уақыттың ішінде егемен еліміздің
әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты,
мәдени, рухани келбеті бұрын болып
көрмеген биік деңгейге көтеріле түсті.
Яғни, бұл жылдар барша қазақстандықтар
үшін табысты жылдар болды.
Өткен
жылы яғни 2018 жылдың 5 қазанында Тұңғыш
президентіміз Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың
әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс
сапасын арттыру» атты Жолдауында:
«Жастар мен отбасы институтын кешенді
қолдау – мемлекеттік саясаттың
басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың
барлық санатын қолдауға арналған
шараларды толық қамтитын әлеуметтік
сатының ауқымды платформасын қалыптастыру
керек. Келесі жылды Жастар жылы деп
жариялауды ұсынамын», – деген еді.
Сонымен, ағымдағы 2019 жыл жастарға
айрықша көңіл бөлініп "Жастар жылы"
деп жариялады.
«Цифрлы
Қазақстан» бағдарламасы аясында білім
саласына өркениет жетістігі-ақпараттық
технологияны енгізу қарқынды даму
үстінде. Жас ұрпақтың заманауи жетістікке
қол жеткізуін қолдау жолға қойылған.
Осы бағытта мен оқитын Бейнеу
политехникалық колледжінде жастарға
білім алуға мол мүмкіншілік жасалған.
Материалдық-техникалық база жоғары
дәрежеде жетілдірілген және білікті
мамандармен толықтырылған. Заманауи
үлгіде жабдықталған кабинеттер мен
шеберханаларда жаңа технологияның
қыр-сырын меңгере жүріп, сапалы білім
беру жолға қойылған. Сонымен қатар,
техникалық пәндерді оқытуды жақсарту
бағытындағы колледж мұғалімдерінің
өздері сабақ беретін пәндерінің мақсатын,
мазмұнын, оқыту формасын ескере отырып,
жасаған барлық іс-әрекеттер жиынтығы
қазіргі қоғам талабы мен жаңалыққа
құштар жастарымыздың талғамына сай
жасақталды. Теориялық сабақтарын
өндіріспен байланыстыра оқытуда
виртуалды шеберхананы пайдалану,
өндірістік жұмыстардың барлық күрделі
процестерін компьютерлік бағдарламалардың
көмегімен оқыту тиімділігі біздің
әрқайсымыз үшін басты мәселеге айналды.
Елбасымыздың
межелеген алдыңғы қатарлы 30 елдің
қатарына ену мақсаты білім беруде
бәсекеге қабілетті, кәсіби құзіреті
жоғары мамандарды талап етеді. Кәсіби
құзыреттілігін айқындап, білім биігін
бағындыру үшін болашақ маманды
шыңдайтын шаралардың бірі - ол түрлі
деңгейдегі байқаулар.
Өмірдің
қай дәуірінде болса да, жастарға үлкен
сенім артқан. XX ғасырдың басында қазақтың
көрнекті ақыны М. Жұмабаев:
Арыстандай
айбатты
Жолбарыстай
қайратты-
Қырандай
күшті қанатты
Мен
жастарға сенемін - деп жар салған болса,
XXI ғасырда Елбасы
Н.
Ә. Назарбаев жастарға сенім артып «Жастар
жылын» жариялауы тегін емес. «Мен
сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ
екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын.
Сіздер тәуелсіз қазақстанда өмірге
келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.
Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты
- біздің еліміздің көтерілу және гүлдену
уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын
және табысқа деген ұмтылушылықты
бойларыңызға сіңірдіңіздер» деп жастарды
болашаққа сеніммен қарауға шақырды.
Мемлекетімізде
орта білім алу өскелең ұрпақ үшін
міндетті және осы білімді алуға барлық
жағдай жасалынған. Сондықтан жас ұрпақтың
алдында бір ғана бағыт, яғни біліммен
барынша сусындап өсу. Осы орайда «Білекті
бірді жығады, білімді мыңды жығады»
деген сөздер еріксіз еске түседі. Білім
адамның басты байлығы, құндылығы, керек
жерде қаруы. Ұлт Көшбасшымыздың сарабдал
саясатының негізінде білім саласы күн
сайын қарқынды дамып, білімді ұрпағымыз
әлем елдерін таңырқатуда. Себебі, бүгінгі
студент-ертеңгі жас маман.
Жаңа
заманның ғарыштық жылдамдығынан қалмай,
жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің
барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарылату колледжіміздің
басты мақсаты.
«Өнерсіз
жас өрге жүзбес, кер кетер,
Өнерлі
жас ел қамын ойлап ержетер»-деп бойында
жалындаған оты бар, талантты да талапты
жастарды тәрбиелеуде, оларды еліміз
ертеңі, болашағы деп қарап, мамандыққа
баулуда колледжімізде жасалып жатқан
игі істер көңіл қуантарлық.
Қорытындылай
келгенде, бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі
мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті
маман, ел тағдырын шешуші азамат. Олай
болса жалпы ұлттық құндылығымызды
жоғалтқымыз келмесе, жаңа заман
технологиясын қабылдау керектігімен
қатар, болашақта бәсекеге қабілетті
мемлекеттер қатарына ену міндеті,
бәсекеге қабілетті жас маманның мойнына
жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет
екендігін сезініп, межеден шығуға
ұмтыламыз және ел болашағы үшін қызмет
етеміз дегім келеді.