ӘОЖ 316.362.1
Шуршитбай М.
БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Бұл мақалада қазіргі қоғамда болып жатқан әр түрлі жағдайларға сәйкес, адамгершілік құндылықтардың қандай деңгейде екендігі көрсетілген. Қазіргі кезеңде жастардың рухани құндылықтары мен адами қасиеттері ерекше маңызға ие. Еліміздің дамып, гүлденуі тікелей жастарға байланысты болғандықтан, халқымыздың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ел болашағын қалыптастыра алады. «Адамгершілік – асыл қасиет», - деген дана халқымыз. Қазіргі заманғы жастар адамгершілік құндылықтарын жоғалтпай,мейірімділік, әдептілік, бауырмалдық секілді ізгі қасиеттерді басты орынға қойса, нұр үстіне нұр болар еді.
«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады».
Әбу Насыр әл – Фараби
Адамгершілік – бұл рухани тәрбие. Ы.Алтынсарин атамыз «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер»,- деген. Адамгершілік – адам бойындағы ең ізгі, ең асыл қасиеттің бірі болып саналады. Ол адамның рухани арқауы. Бұл қасиет адамзат баласын елін, Отанын сүюге, мейірімділікке, ата – анасын құрметтеуге, қамқорлыққа үйретеді. Адамгершілік қасиеттер отбасында, қоршаған ортада, бала – бақшада, мектепте, адамдардың бір – бірімен араласуы нәтижесінде қалыптасады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана халқымыз. Тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге болмаған жерде адамгершілік қасиет те қалыптаспайды. Адамның адамгершілігі – оның ең жоғарғы қасиеті.
Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, тәрбиелі азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және ізгі қасиеттерімен ардақты. Жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ата – ана мен ұстаздың басты міндеті екендігі баршамызға мәлім. Қазақта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оған көмектесе алмайсың», - деген сөз бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздың рөлі өте маңызды. Адамгершіліктің негізі мінез – құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың мінез – құлығы мен іс – қылықтарынан көрінеді. Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Яғни, баланы адамгершілік, асыл қасиеттерге баулу арқылы еліміздің жарқын болашағы болар өскелең жас ұрпақты тәрбиелей аламыз.
В.Соловьев: «Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай алатын заты емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы» - деп адамгершіліктің құндылығына ерекше тоқталған. Ал американдық психолог Л.Кольберг адамгершілік тәрбиелеудің басты мақсаты мінез – құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пікір айту қабілеті деп түсіндіреді. Адами қасиеттер туралы мәлімет беруде түсіндіру, бағыт – бағдар беру тәсілдерін қолдану адамгершілікті тұлға қалыптастыруға негіз бола алады. Қазақтың көрнекті ғалымы, жазушы Ыбырай Алтынсарин адамгершіліктің жеті асыл қасиетін атап көрсетті. Олар: «Имандылық, Жоғарғы әділдік. Адалдық, ақкөңілділік. Сыпайылық, момындық. Адал ниетпен өсиет беру. Жомарттық, қайырымдылық. Дұрыс заңдылық».
Адамгершілік – ең жоғарғы құндылық, ол жеке адамның қасиеті, ізгі істерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. «Еліміздің күші – патшада, сәбидің күші – жылауында» демекші, біздің күшіміз, сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек.
Бүгінгі таңда адамгершілік құндылығымыз қандай деңгейде? Бүгінгі жастардың келбеті қандай? Қазақ қашанда жамандығын жасырып, жақсылығын асырып айтқан халық. Десек те, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарауымыз өз тамырымызға балта шабумен бірдей.
Қазіргі қоғамда жастарға байланысты көп айтылатын келеңсіздіктің бірі – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеу. Яғни, қоғамдық орындарда үлкендерді сыйламау, ата – анасын тыңдамау оларға дауыс көтеру секілді құбылыстар жиі кездеседі. Соның бір мысалы – қоғамдық көліктің ішіне үлкен кісі кіргенде көрмегендей кейіп көрсетіп, орын бермеуі. Қазақта «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Сондықтан да қай кезде болмасын үлкендерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, қамқор болып, кішіге ізет көрсетуіміз керек. Бұл біздің адамгершілігіміздің белгісі.
Менің ойымша бүгінгі таңда адами қасиеттер мен адамгершілік құндылықтар өз деңгейінен әлдеқайда төмендеп бара жатқан сияқты. Бұған не себеп? Әрине, бұл сұраққа жауап беру қиын. Дегенмен де бұл сауалға бірнеше себеп келтіруге болады.
Қазағымның табиғатынан еліктегіш қасиеті қазіргі жастарды айналып өтпей, кесірін тигізіп отырғаны даусыз. Жастар – еліктегіш, қоғамда болып жатқан жағдайларды тез қабылдап, оны бойға сіңіріп үлгереді. Соның бірі - батысқа табынушылық. Діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында есірткінің таралуы, мәдениетіміздің құлдырауы қоғамымыздың өзекті проблемасы мен адамгершілігіміздің төмендеуі болып отыр. Қазағымыз «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деген. Бүгінде ағаштан жапырақ кетпегенмен жастарымыздың үстінен шүберек кетуде. Көпке топырақ шашпаймын әрине, дей тұрғанмен, қазақтың сәнінде көзге іліп аларлық салтанат қалмады. Мұның барлығы батысқа еліктеушілік деп ойлаймын.
Қазіргі таңда адамгершілік қасиетіміздің төмендегенінің бір дәлелі – тастанды балалар тағдыры. Бұл тақырып дәл бүгінгі таңда қоғамның ең бір өзекті мәселесіне айналып отыр.Ананын аялы алақаны, жан жылуы, мейірімділігі әр сәби үшін ауадай қажет екендігі белгілі. Бірақ сол ананың аялы алақаны түгілі, анасының бейнесін бір көру де бұйырмаған бейкүнә сәбилеріміз қаншама?! Тіпті, ол аз болғандай, шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен туған жерінің топырағы бұйырмай, «тірі тауарға» айналып, шетелдіктерге сатылып жатқан жетімдеріміздің тағдыры ше? Бейкүнә сәбилерімізді саудаға салатындай қазақ елінің басына не күн туды? Басқа емес, өзіміздің қара көз қыздарымыз осындай қасиетсіздіктерге баруда. Сонда бүгінгі таңда мейірімнен жұрдай тасбауыр аналарымыздың көбейіп кеткені ме? Бұл жағдайлардың барлығы адамдардың бойынан мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтардың жойылып бара жатқандығының көрінісі. Данышпан, ойшыл Әл – Фараби «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген. Қоғамда болып жатқан осындай жағдайлардың алдын алу үшін ең бірінші тәрбиеге аса мән берілуі керек. Әсіресе, қыз балалардың бойына қырық үйден тыйым, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету секілді қазақтың асыл қасиеттерін сіңіру керек. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында жастарға дәстүрді ардақтап, дәстүрге сай діни сана қалыптастыру қажеттігін айта келіп, қаракөз қазақ қыздарын өзге елдің киімін үлгі тұтпай, ұлттық болмысқа сай киінуге, қазіргі заман ағымына сәйкес өмір сүруге шақырады.
«Айтпаса сөздің атасы өледі»,-дегендей бүгінгі таңда адамгершілік құндылығымызға сызат түсіріп отырған тағы бір өзекті мәселе – қарттар үйінің көбеюі. Қоғамы құбылып тұрған мына заманда қазіргі уақытта әке – шешенің қадір қасиеті жоғалып бара жатқандай. Бейнетінің зейнетін көріп, төрде отырып ақыл айтар шақта ата – анасын қарттар үйіне апарып тастайтындар қатары көбейді. Сол қариялардың тасбауыр тағдыр, безбүйрек бала кесірінен жаттың жанында, жылы қабақсыз, жақынның мейірімсіз жатқаны өкінішті.Құрсағында сәбиін тоғыз ай көтеріп, толғатып, ақ сүтін берген Ананы, өзі ішіп – жемей, таң атқаннан күн батқанға дейін тер төгіп, ұрпағы үшін еңбек еткен Әкені далаға тастау нағыз кешірілмейтін күнә, Алланың алдында сұрауы бар үлкен қателік. Бұл әрине бүгінгі жастардың адамгершілік құндылықтарының өте төмен дәрежеде екендігін көрсетеді. Шыны керек, қазіргі қоғамды әділетсіздік пен безбүйректік әбден жайлап алды. Ата – ананы сыйламау,қадірлемеу,қартайған шағында қарттар үйіне өткізу қазақ халқының болмысы мен адамгершілік құндылығына жат қылық. Бұл – бұрын-соңды қазақ халқының салтында болмаған қасіретті жағдай! Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Аллаһ разылығы – ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр»,-деген. Қариясын төрінен кетірмеген, қадірлеп орын берген қазаққа бұл қылық жараспайды. «Қартын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік»,-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазыналы қарттарымызды құрметтеп, ардақтай білейік.
Қорытындылай келе, қай кезде де, қай қоғамда да болмасын бойымыздан құны ешқашан кемімейтін мейірімділік, қамқорлық, имандылық сияқты адами құндылықтарымызды ешқашан жоймауымыз керек. Осы құндылықтар арқылы ғана мықты, жігерлі ел бола аламыз. «Қытайлықтар ұлы қытай қорғанымен, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді»,-деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Ұлы жазушымыз айтқандай, ұлттық құндылығымыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа аманат ретінде жеткізуіміз керек. «Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады» деген сөзге сүйенсек, жақсы, ізгі қасиеттер арқылы бақыттың жолын табуға болады.Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез-құлықтарды өн бойымызға жинай білсек нұр үстіне нұр болар еді. Татулығы мен бірлігі жарасқан мамыражай, тәуелсіз елімізде адамгершілік құндылығымызды бойымыздан алыстатпай, ізгі қасиеттердің жойылуына жол бермейік.Рухани адамгершілік құндылығымызды әрқашан биік ұстайық!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз