Бұйымды құрылымдау және модельдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұйымды құрылымдау және модельдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары ұстаздарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бұйымды құрылымдау және модельдеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда әртүрлі бұйымдарды құрастыру кезінде іс-тәжірбиелік білім мен біліктілікті қалыптастыру.

а) Білімділік: Іс-тәжірбиелік тапсырмаларды орындау кезінде әртүрлі нұсқаларды пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін дамыту.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды сызбалық саймандармен жұмыс істеуін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекі-құралдар: Шеге, бұрандалы шеге, бұранда,күрек, ағаш балға.

Сабақтың барысы:

1. Амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Құралдарды түгендеу


Үй тапсырмасын сұрау

а) Ағашты көркемдеп өңдеу.
ә) Ағашты ою тәсілдері.
б) Ағашты ою құралдары.
в) Ағашты бедерлеп ою.
г) Ою - өрнектердің қолданылуы.
е) Ою ережелері.


Жаңа сабақ:

Құрылымдау – бұл нәтижесінде бұйымның сыртқы көрінісі және құрылымы анықталатын процесс. Әдетте құрылымдау бұйымды ойша елестетіп, оның эскизін, техникалық суретін, сызбасын жасаудан басталады. Әрбір бұйым өз мақсатына сай және сыртқы көрінісі әдемі болуы қажет. Сондықтан оны құрылымдау процесінде әрқилы нұсқаларды байқап көреді.

Бұйымды құрылымдау әдісінің бірі модельдеу болып табылады. Модель бұйымның ықшамдалған немесе кішірейтілген көшірмесінің үлгісін көрсетеді, ол бұйымның құрылымын түсінуге мүмкіндік береді. Модельдеу техникада және құрылыста кеңінен пайдаланылады. Күрделі бұйым жасамас бұрын оның моделін жасайды. Оны бағалай отырып , конструкторлар ойдың қаншалықты сәтті болғанын, бұйымның құрылымын қалай жақсартуға болатынын байқайды.

Бұйымды құрылымдау кезінде келесі принциптер міндетті түрде ескерілуі керек : беріктігі, сенімділігі, технологияға сай келуі , үнемділігі .

Белгілі күшке төзіп , бұзылмаған бұйым берік болып табылады.

Сенімділік бұйымның негізгі сипаттарын сақтай отырып берілген рөлін орындауын анықтайды. Сенімді жасалған бұйым тоқтаусыз жұмыс істейді , ұзақ қызмет көрсетеді.

Технология бұйымды дайындаудың үнемді технологиясы талаптарына сәйкестілігін сипаттайды. Жұмыс күші , жабдықтар , материалдар мен уақыт үнемді жұмсалып жасалған бұйым технологиялы болып саналады.

Үнемділік – бұйымды жасау кезінде жұмсалған аз жұмыс күші мен материалдар шығынына бұйымның сәйкес келуі.

Бұйымның барлық қасиеттерінің жиынтығы оның сапасын анықтайды. Сапалы бұйым берік , жұмыста сенімді , ұзақ уақыт жөндеуді қажет етпейді , оған аз материал жұмсалады.

Сабақты қорытындылау :

Бекіту:

1 Құрылымдау кезіндегі вариативтілік деген не ?

2 Бұйымды құрылымдаудың негізгі қағидасын атаңдар ?

3 Қандай бұйым ұзақ мерзімге сақталатын болып табылады ?

4 Қандай бұйым сапалы деп саналады ?

Рефлексия
1. Бүгінгі сабақта сіздер үшін не қызықты болды?
2. Бүгінгі сабақта не қиын болды?
3. Қандай ұсыныс-тілегіңіз бар?

Бағалау:

Мұғалімнің кері байланысы
Оқыту нәтижесі.
1. Не сәтті болды?

2. Не сәтсіз болды?

3. Нені өзгертіп дамытар едім?


Үй тапсырмасы : §10. 40-45 бет

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2018
694
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі