Материалдар / «Бұл әлем қандай керемет!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бұл әлем қандай керемет!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлем қандай керемет. Өмірді сүю. Позитивті көзқарас.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2024
484
10 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бұл әлем қандай керемет!»


Мақсаты: өміршеңдікті, стресске төзімділікті, позитивті өзін-өзі тануды және тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Кәмелетке толмағандардың өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету;

2.Позитивті өзін-өзі тану мен өзін-өзі бағалауды дамыту және қолдау;

3.Жасөспірімдерде өміршең позицияларды қалыптастыру;

4.Жасөспірімдерді өнімді ойлауға, талдауға белсендіру;

5.Жасөспірім тұлғасының эмоционалды- сезімтал саласы мен құндылық қатынастарын қалыптастыру;

6. Оқушылардың өзінің жеке басы мен басқа адамдардың жеке басы туралы жағымды өзін-өзі тануды қалыптастыру;

7.Сындарлы өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру (командада жұмыс істеу, жанжал жағдайындағы мінез-құлық, ұжымда қолайлы психологиялық климат құру);

8.Жасөспірімдерді олар үшін құнды- маңызды қызметке қосуды ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың өмірге деген құштарлығы, қызығушылығы оянады.

Тренинг жоспары:

1. Кіріспе. Психолог сөзі.

2. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы 

3. «Менің өмірім...» жаттығуы.

4. «Айдар тағу» жаттығуы.

5. «Күлкі «К» витамині» тренингі.

6. Қорытынды.

Тренинг ережесі:

- Тыңдау әдебін сақтау;

- Өз пікірін ашық білдіру;

- Ашық, көңілді болу;

- Белсенділік таныту;

- Сыйластықта болу;

- «Мен» принципін ұстану;

- «Мұнда және қазір» болу.


Психологтың кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір, өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолдарын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл Ш. Құдайбердіұлы атамыз:

Дүние қу,

Бір ағын су,

Түстік онда көп болып.

Күнде ағамыз,

Сандаламыз,

Бейнетіміз көп болып.

Кейде тасқа,

Кейде ағашқа,

Соқтығамыз дөп келіп,-деп жырлаған. Демек бұл әлемнен, өмірден өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған ортаны танып-біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат-мұратымызға қол жеткізе аламыз. Ендеше, осы мақсатта ұйымдастырылып отырған «Бұл әлем қандай әдемі, қарашы!» атты ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер!


Құрметті оқушылар сынып сағатымызды бастамас бұрын бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.


  1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы 

Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту.

Нұсқау: оқушылар дөңгелене тұрады, психолог қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды. 1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады; 2 рет шапалақтаған кезде бір – бірін құшақтайды; 3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады. (3 минут)


  1. Видеоролик (видеороликті талду).


  1. «Ойланып көрейік» жаттығуы.

Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту. Уақыты: 7 минут

Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер. (оқушылар 3 топқа бөлінеді постер қорғап, тапсырманы қорғайды ).

1-топ Адам не үшін өмір сүреді?

- Үлгілі отбасын құру үшін.

- Білім алу үшін.

- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.

-Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.

- Өзін өзгелерге таныту үшін.

2-топ Өмірден өз орнын табу деген не?

- Жоғары атаққа ие болу.

- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.

- Тату және берік отбасын құру

- Адал достар көп болу.

- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.

3-топ Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Еңбекқор, адал, әділ болу

- Қабілетті, дарынды болу.

- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.

- Адамдармен тіл табыса білу.


  1. «Сөйлемді аяқта» жаттығуы

Нұсқау: Аяқталмаған сөйлемді өз ойыңызбен аяқтаңыз! Әрбір сөйлем карточкаға жазылады. Оқушылар ортаға шығып таңдап өз ойларымен аяқтайды.

- Маған қажет қасиеттер, мыналар......

- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......

- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі .....

- Мен айналамдағы адамдардың ... қалаймын 
- Менің ең асыл арманым... 
- Менің мінезімнен ... маған ұнамайды 
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар.....

- Мен ... қатты қиналамын
- Адамдардың... маған ұнамайды

- Мен ол адамнан қатты көңілім қалды, себебі....


  1. «Сенің қолыңнан келеді» жаттығуы.

Нұсқау: қатысушылар шеңбер құрып тұрып, сағат тілімен бір-біріне айтады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады, мысалы: «Сенің қолыңнан келеді......», өйткені, сен еңбекқор адамсың.


  1. Психологиялық тест: суреттер арқылы мықты қасиеттеріңізді анықтайық. (5 минут)

Өзіңіздің осал және мықты тұстарыңызды дұрыс бағалай білу аса пайдалы. Себебі бізді өмірде алға жетелейтін, жетістіктерге жол салатын – ол, сөзсіз, бойымыздағы мықты қасиеттер. Сондықтан сізге төмендегі қызықты тестті ұсынамын.

Экранда 8 типті адамның кескіндері берілген. Олар үшбұрыш, дөңгелек және квадраттан құрастырылған. Өзіңізді олардың қайсысымен байланыстырасыз? Соны таңдап, өзіңіз жайлы жауапты біліңіз.


1 тип – «басшы»

1-ші типтегі адамдардың әдетте жетекшілік пен ұйымдастырушылыққа бейімділігі бар. Әлеуметтік маңыздылығы бар іс-әрекет нормаларына сүйенеді. Шешендік қабілетке ие. Әлеуметтік ортада оңай бейімделеді. Өзгелерге жүргізетін үстемдігін шектен шығармайды. Мұндай қасиеттер психикалық даму дәрежесіне тікелей байланысты екенін есте ұстаған жөн. Жоғарғы дәрежелі даму: жеке қасиеттері жақсы жетілген, орнымен қолдана біледі. Төменгі дәреже: жоғарыда айтылған қасиеттері іс жүзінде көрінбеуі мүмкін.

2 тип – «жауапкершілігі мол орындаушы»

«Басшы» типінің көп қасиеттері бойында кездеседі. Алайда, маңызды шешімдер қабылдар сәтте сенімсіздік танытады. Бұл типті адамдар «нағыз істің адамы», өз кәсібінің шебері, жауапкершілігі жоғары, өзгелерге және өзіне талап қойғыш келеді және ерекше шыншыл. Көбіне жүйке жүйесімен байланысты соматикалық аурулардан зардап шегеді.

3 тип – «беймаза және секемшіл»

Дарыны мен қабілеттерінің жан-жақтылығымен сипатталады. Бір ғана мамандық иесі болу оларға қанағат әкелмейді. Аяқ астынан күтпеген мамандыққа өтуі мүмкін. Оған қоса, қосалқы мамандық ретіне сүйікті хоббиі де болуы ғажап емес. Ластыққа шыдап тұра алмайды. Соның себебінен өзгелермен сөзге келуі мүмкін. Өте сезімтал және өзіне сенімділігі аздау келеді. Сондықтан аздап қолдауды қажет етеді.

4 тип – «оқымысты»

Бұл типтегі жандар шынайы өмірден алыстауға жақын. Барлық нәрсеге өз тұжырымдарын жасауға бейім. Ішкі үйлесімдікті ұстап тұра алады және әрбір қадамын ұтымды жолмен ойластырады. Атаулы типтің өкілдері синтетикалық өнер адамдарының арасынан кездеседі: кино, цирк, театр, мультипликация және т.б.

5 тип – «интуитивті»

5-ші типтес адамдар жүйке жүйесінің асқан сезімталдығымен ерекшеленеді. Бір істен екінші іске оңай бет бұрып кірісе алады. «Жаңалыққа» асқан сезімталдықпен қарайды. Өзгелерге жиі қамқорлық жасайтын альтруистер. Қолөнер заттарға икемді, түрлі бейнелермен қиялдайды. Ал бұл қасиеттер өз кезегінде шығармашылықтың техникалық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Әдетте өзінің жанынан ойлап шығарған жеке қағидалары бар, өзін-өзі жақсы ұстайды.

6 тип – «өнертапқыш, конструктор, суретші»

Техникалық қабілеттері жақсы дамыған жандардың арасында кездеседі. Ұшқыр қиялды бұл тип өкілдері әдетте техникалық, көркемөнер және интеллектуалдық шығармашылықпен айналысады. Көбіне тұйық келеді, интуитивті типке ұқсас жеке қағидаларына сай өмір сүреді. Әсершіл, өзінің тың әрі қайталанбас идеяларына толықтай беріледі.

7 тип – «эмоционалды»

өзгелерге жаны ашығыш, ауыр мазмұнды кинолар үшін қатты қайғырады, қатыгез оқиғаларға куә болса, біразға дейін өзіне келе алмай жүреді. Өзгелердің қиындығын бөлісіп, жеңілдетем деп жүріп, өзін ұмытып кетеді.

8 тип – «өзгелердің сезімдеріне немқұрайлы»

Эмоциналды типке қарама-қарсы. Өзгелердің ішкі сезімдерін елемейді, тіпті, оларға қысым көрсетуге бар. Өзі қажет деп білгенін өзгелерге өткізе алады. Жағдайға қарай, кейде тым қатыгез.

  1. Кері байланыс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!