Мақсаты: Оқушыларға бұл өмірге келген
соң адам айналасындағылармен жақсы қарым – қатынаста болу
керектігін, өмірдің мәні ізгі қарым - қатынаста екенін түсіндіре
отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:
-
Білімділік: Оқушыларға
адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңызын
түсініру.
-
Дамытушылық: Оқушылар
бойындағы шынайылық қасиеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды
айналасындағы адамдарға жанашыр болуға
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
1.https://kk.wikipedia.org
2.http://bilimsite.kz
|
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
5 Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың
тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып,
тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену».
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
-
Үйге тапсырманы
тексеру.
1. №1 - сабақ. Адамдар
арасындағы ізгі қарым – қатынас туралы эссе жазып
келу.
2. Келесі сабақ. №2, «Абай
жолы» романынан үзінді «Қайтқанда» мәтінін оқып
келу.
Сұрақтар:
-
Аналары Абайды қалай қарсы
алды?
-
Абай өзінің наным – сенімдерге
көзқарасын қалай байқатты?
-
Абайдың аналарымен қарым –
қатынасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге
болады?
-
Абайдың бойынан қандай
қасиеттерді байқадыңдар?
-
Өзіңнің анаңмен қандай жағымды
оқиғалар болды? Айтып беріңдер.
|
|
-
Сабақтың
дәйексөзі.
(Оқушыларға үш рет айтқызып,
дәптерге жаздырту)
Павлов Иван
Петрович
Иван Петрович
Павлов (14 (26) қыркүйек 1849, Рязань —
27
ақпан 1936, Ленинград) — орыс ғалым, бірінші орыс
Нобель сыйлығының лауреаты, физиолог, жоғары жүйке
қызметін және жүйке тізбектерін қалыптастыру ғылымын
жасаушы; Ресейдің ең ірі физиологиялық мектебінің негізін
қалаушы.
Сұрақтар:
-
Адам өмірінде сүйіспеншіліктің маңызы
қандай?
-
Дәйексөзден қандай ой
түйдіңіз?
|
|
-
Оқиға айту (Мұғалім
сыйы).
Өмірде Сүйіспеншілік
маңызды
Бір кездері Қуаныш, Қайғы,
Ақылдылық, Сүйіспеншілік,
Байлық, Тәкаппарлық, т.б.
барлық сезімдер бір аралда тұрған екен. Бір күні арал бата
бастады да, барлық сезімдер кемелерге
отырып аралдан алыстауға асықты. Тез арада бос кеме қалмай қалды.
Сүйіспеншіліккемеге отырып үлгермеді де, кемесіз қалып қалды.
Аралдың тез батып бара жатқанын көріп,
Сүйіспеншілікбасқа сезімдерден көмек сұрауға
жүгірді.
Байлық өте үлкен кеме ішінде
жалғыз отыр екен.
Сүйіспеншілік:
-
Байлық, мені қасыңа алшы,
маған кеме жетпей қалды, - деп
жалынды.
-
Жоқ, ала алмаймын. Кемемде алтын мен
күміс өте көп, саған орын жоқ! - деді
Байлық.
Сүйіспеншілік өте әдемі кеме ішінде
кетіп бара жатқан Тәкаппарлықты көріп
оған:
-
Тәкаппарлық, маған көмектесші,
жалғыз қалып барамын! — деді.
-
Саған
көмектесе алмаймын,
Сүйіспеншілік. Үсті-басың су
болып қалды, кемемді
кірлетесің!
Қастарынан Қайғы
өтіп бара жатыр
екен, Сүйіспеншілік Қайғыга
дауыстап:
-
Қайғы, сенімен
барайыншы...
-
Уф,
Сүйіспеншілік, сондай қайғылымын, жалғыз
қалғым келеді, - деді Қайғы.
Қуаныш та
Сүйіспеншіліктің қасынан өтіп барады,
шаттанғанынан Сүйіспеншіліктің сөздерін естімей өте
беріпті.
Бір
кезде Сүйіспеншілік “Кел, Сүйіспеншілік, сені қасыма алайын” деген
біреудің дауысын естиді. Бұрылып қараса, оны қасына шақырған жасы
үлкен бір ақсақал екен.
Сүйіспеншілік қуанып оның кемесіне отырып
алады. Жаңа аралға жеткен кезде
Сүйіспеншілік ақсақалдың кім екенін сүрауды
ұмытқанын түсінеді. Ақсақал болса баяғыдан-ақ кетіп қалған
еді. Сүйіспеншілік Ақылдылықтың қасына барып
сұрайды:
-
Маған көмектескен ақсақал кім
болды екен?
-
A-а, ол ма? Ол -
Уақыт!
-
Уақыт?
Маған неге көмектескенін білесің
бе?
-
Өйткені тек қана
уақыт Сүйіспеншіліктің қаншалықты маңызды екенін
түсіне алады...
Сұрақтар:
-
Неге адамдардың жүректерін
риясыз сүйіспеншілікпен толтыру күрделі
іс?
-
Әр адамның өмірінде риясыз
сүйіспеншіліктің маңызын қалай түсінесіз, жалпы әлемде
Сүйіспеншіліктің рөлі қандай?
-
Сіздер қалай ойлайсыздар осы
әлемде барлығын не біріктіреді? Өз тәжірибелеріңізден мысалдар
келтіріңіздер.
-
Өзінің мейірімді
істерінің нәтижесі ретінде қарастырылатын риясыз
сүйіспеншіліктіңкөрінісімен байланысты оқиғаларды
сипаттаңыздар?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс,
топпен жұмыс.
Оқушылар төрт топқа
бөлінеді.
Тапсырма: «Мақалдарды
толықтыру»
1 – топ:
«Жанашырлық»
1. Өмір —
теңіз, ... —
егіз, Ақыл — сегіз.
(еңбек)
2. Өмірдің өзі — ұлы ...
(ұстаз)
3. ... жақсы болғаны –
өмір жақсы болғаны. (көңіл)
4. Балалық шағы — ...
тағы. (патшаның)
2 – топ:
«Мейірімділік»
1. Өзінің ... мінін
көрмей, Біреудің инедей мінін
көреді. (кетпендей)
2. Бұл өмірде жалғыз
бақыт – тоқтаусыз алға қарай ...
(талпыну)
3.
Өмірдің мәні не? ...
қызмет етіп, көмек көрсету. (айналаңа)
4. Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің
... емес.
(кереметтері)
3 – топ:
«Сүйіспеншілік»
1.
Ұят — адам өміріндегі ... жол
басшы. (сенімді)
2.
Ақша қымбат, адам өмірі одан қымбат, ал ...
бәрінен
қымбат.
(уақыт)
Өміріңді байлық қыл — пайдасы болсын
... (ізгілік)
Ең ... мектеп - өмір
мектебі. (жақсы)
4 – топ:
«Ізгілік» 1. ...
жемістінің — Өмірі келісті.
(жұмысы)
2. Өмірде із қалдыру ... басталады.
(балалықтан)
3. Өмір – үлкен ...
(мектеп)
4.
Шын көңілден айтылған тілекке - ... жауап
беру парыз. (шындықпен)
|
|
7. Үй
тапсырмасы.
1. №2 – сабақ. М.Әуезовтың
«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген
үлгі, өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін
жа буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» деген ойын басшылыққа алып, ой
– толғау жазыңдар.
2. Келесі сабақ. №3, «Менің
әкем, халық ұлы - Шәкәрім» мәтінін оқып
келу.
|
|
8. Сабақтың қорытынды
сәті.
Тыныс алуға зейін
қою.
Баяу музыка
қойылады.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е
м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
|