"Бұл қай кезде болады?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бұл қай кезде болады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға 2 кіші тобына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бұл қай мезгілде болады?» Жұмбақ жасыру

Білім беру салаласы: Таным, Әлеуметтік, Шығармашылық 
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, Жапсыру. Құрастыру 
Тақырыбы: «Бұл қай мезгілде болады?» 
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту. Жыл мезгілдерін бір- бірінен ажырата білу. Сөздік қорларын дамыту. Қоршаған ортамен таныстырып,қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Білімділік: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; 
Танымдық: Табиғат сұлулығын сезіне білу, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Ақыл - ойын, сөйлеуін тілін дамыту. 
Көрнекілік: Табиғат жайлы суреттер, презентация. 
Шаттық шеңбері: 
Күннің көзі ашылсын! 
Көкке шуақ шашылсын! 
Құтты қонақ келіпті, 
Төрімізге еніпті, 
Сәлеметсіздер ме қонақтар! 
Тәрбиеші: Ендеше өз орындарына барып отыра қояйық! 
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі көңіл – күйлерін қандай? 
Балалар: Тамаша 
Тәрбиеші: Ендеше балалар, біз сендермен «Тамаша» ойының ойнайық 
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөздер айтқанда, сендер жақсы тамаша деп жұдырықтарынды түйіп бас бармақтарынды көтеріп бір- біріңе көрсетесіңдер. Келістік пе? 
Балалар: Иә 
«Алпамыс» балабақшасы қандай? 
Тамаша. 
«Қызғалдақ» тобының балалары қандай? 
Тамаша 
«Күз» мезгілі қандай? 
Тамаша 
Бүгін келген қонақтар қандай? 
Тамаша 
Ғажайып сәт: Есік қағып қуыршақ Самал келеді 
Самал балалармен амандасады. Бүгін балабақшада балалардың





«Жыл мезгілдері» туралы әңгімелесіп жатқандарын естіп әдейі келдім, мен жыл мезгілдері туралы ештеңе білмеймін, бір- бірінен ажырата да алмаймын. Сендер маған көмектесесіңдер ме? 
Тәрбиеші: Балалар Самалға көмектесеміз бе? 
Балалар: Иә, көмектесеміз 
Тәрбиеші: Самал онда сен жақсылап жайғасып отыр, балалардың жыл мезгілдері туралы, оларды бір- бірінен қалай ажырата білу керек екенін тындап, байқап отыр. 
Тәрбиеші: Балалар 1 жылда неше жыл мезгілі бар? 
Балалар: Төрт жыл мезгілі бар. 
Тәрбиеші: Қандай? 
Балалар: Қыс, Көктем, Жаз, Күз. 
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! 
Тәрбиеші: Бір жылда неше ай бар? 
Балалар: 12 ай 
Тәрбиеші: Әр мезгілде неше айдан бар? 
Балалар: 3 айдан бар 
Тәрбиеші: Күз мезгілінің айларын атап бересіңдер ме? 
Балалар: Қыркүйек,Қазан, Қараша 
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің айларын атап бересіңдер ме? 
Балалар: Желтоқсан,Қантар, Ақпан 
Тәрбиеші: Көктем мезгілінің айларын атап бересіңдер ме? 
Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр 
Тәрбиеші: Жаз мезгілінің айларын атап бересіңдер ме? 
Балалар: Маусым, Шілде, Тамыз 
Тәрбиеші: Балалар сендер циркке барып көрдіңдер ме? 
Балалар: Иә 
Тәрбиеші: Ал сиқырды жақсы көресіңдер ме? 
Балалар: Иә 
Тәрбиеші: Ендеше балалар кәне көзімізді жұмайық (музыка естіледі) 
(осы кезде тәрбиеші сиқыршы киімін киіп алады) 
Балалар қараңдаршы мені сиқыршы сиқырлап кетті. Мен енді сиқыршымын, міне сиқырлы таяқшам бар! Мен сендерге сиқырымды көрсетпес бұрын бір жұмбақ жасырамын! Сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар! 







Жұмбақ 
Аяз қысып, өрнек сызып, 
Терезені торлайды. 
Қарға омбығып, 
Бет домбығып, 
Сырғанап жастар ойнайды. 
Бөбектерім айтыңдаршы 
Бұл қай мезгілде болады? 
Балалар: «Қыс» мезгілінде 
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бұл қыс мезгілі екен! 
Тәрбиеші: Ендеше балалар, сендер маған мына ақ қағазға қыс мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеп беріндерші. 
Ендеше мен сиқырлы таяғыммен сиқыр жасаймын. 
(сиқырмен «қыс» мезгілінің слайд көрсетіледі) 
Тәрбиеші: (Слайд бойынша қыс мезгілінде болатын құбылыстар түсіндіріледі) 
Кәне кім қыс туралы тақпақ біледі? 
Бибіш: Аққала біз жасаймыз, 
Қармен атысып ойнаймыз. 
Қыс келгенде қуанып, 
Қыс қызығын тойлаймыз. 
Рахмет, Ерасыл! 
Жұмбақ Қар мұз еріп, су көбейіп, 
Сай салаға толады. 
Бүршік жарып, жарық ашып, 
Гүл бәйшешек басады. 
Бөбектерім айтыңдаршы 
Бұл қай мезгілде болады? 
Балалар: «Көктем» мезгілінде. 
Тәрбиеші: Маған көктем мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеп беріңдер. 
Тәрбиеші: Жарайсыңдар ендеше мен сендерге тағы бір сиқыр көрсетейін. 
(сиқырлы таяқшамен көктем слайды көрсетіледі) 
Тәрбиеші: Көктем туралы кім тақпақ айтады? 




Көркем: Көктем қандай көңілді, 
Көктен жаңбыр төгілді. 
Жыршы құстар көп келді, 
Гүлдер жапты бөктерді. 
Тәрбиеші: Өте жақсы Көркем рахмет! 
Сергіту сәті: 
Жел уледі –у- у- у 
Боран соқты ду- ду –ду 
Қатты-қатты жел соқты гу- гу –гу 
Жапырақтар қол соқты ду- ду – ду 
Шыдай алмай жапырақтар ах – ах 
Билеп кетті қалтырап пах – пах 
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешуін табасыңдар ма? 
Жұмбақ Өрік алма, 
Жидек жүзім піседі. 
Қауын қарбыз, 
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. 
Бөбектерім айтыңдаршы 
Бұл қай мезгілде болады? 
Балалар: «Жаз» мезгілінде. 
Тәрбиеші: Жаз мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеп беріңдер 
(Презентация арқылы жаз мезгілінің құбылыстары көрсетіледі) 
Тақпақ 
Азиз: Жазды ыстық сүйемін, 
Сайраңдап жүремін. 
Суына шомылам, 
Күніне күйемін. 
Тәрбиеші: Өте жақсы рахмет Азиз! 
Балалар мен сендерге қоятын соңғы жұмбағым бар сендер шешіп көріңдер. 
Жұмбақ 
Бұлттар төніп, жерге төгіліп, 
Дымқыл тұман басады. 
Шөп сарғайып, өңі тайып, 
Дала нұры қашады. 
Ойнай алмай, 
Денең мұздап тоңады. 
Бөбектерім айтыңдаршы 
Бұл қай мезгілде болады? 
Балалар: «Күз» мезгілінде. 
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар! 
Тәрбиеші: Маған күз мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеп беріңдер. 
(презентация арқылы күз мезгілі суреттері көрсетіледі, түсіндіріледі.) 
Тақпақ 
Қызғалдақ: Ой балалар, балалар, 
Қоңырқай күз болыпты. 
Қурап жапырақ солыпты, 
Ел егінін орыпты. 
Тәрбиеші: Рахмет Қызғалдақ. 
Балалар сендер жыл мезгілдерінде болатын құбылыстарды көрдіңдер, білдіңдер,өздерің де көрсетіңдер, ендеше балалар көзімізді жұмып, міне тағы бір сиқыр көрсетемін. 
(Балалар көздерін жұмып отырады) 
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мен сиқырлы таяқшаммен шарларды ұшырып әкелдім. Бұл шарлар жәй шар емес сиқырлы шарлар. Мен бұл шарларды сиқырладым. Ішінде не жасырынған көргілерің келеді ме? 
(Шар жарылады, ішінен ойын тапсырмалар шығады) 
Ойын: Д.о«Бақта ма? Бақшада ма?» 
Ойын шарты түсіндіріліп ойнатылады. 
(Екінші шар жарылып ішінен тапсырма шығады) 
Тапсырма: әр жыл мезгілдерін мына кесілген бөлшектерден құрастырып беріңдер. 

Тәрбиеші: Самал біздің балалар саған жыл мезгілдерін бір – бірінен қалай ажыратуды үйретті, енді сен өзін осы балалар сияқты ажырата алаласың ба? 

Самал: Балалар,сендерге көп рахмет, мен сендерден жыл мезгілдерін бір – бірінен қалай ажырату керек екенін түсіндім, енді мен сендермен қоштасайын. Сау болыңдар 
Балалар: Сау бол Самал 
Қортынды: Балалар міне біздің бүгінгі сабағымыз таңғажайып сиқырлы болды. 
Сендер не көрдіңдер? нені білдіңдер? кімге көмектестіңдер? 
(Балалар өз ойларын айтады) 
Ендеше балалар осымен «Бұл қай кезде болады атты іс-шарамыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық! 
































Ол қандай жыл мезгілі екенін сендер мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер?

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Педагог сурет бойынша күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырады.

-Күз мезгілінің айларын кім айтады?

Оқушылардың жауабы: Қыркүйек,Қазан,Қараша

-Күз мезгілінің қанша кезеңдері бар?

Оқушылардың жауабы: Күз мезгілінің үш кезеңі бар:

1.Ерте күз-жапырақтар жаңадан сарғая бастайды

2.Алтын күз-жапырақтар сары күйге еніп,жеміс-жидек,көкөністер піседі.

3.Қара күз-ағаштар жапырағынан айырылады,шөптер қурайды,қыстың белгілері біліне бастайды

-Күз мезгіліне байланысты қандай өлең-тақпақтар жаттадық?

-Кәне, кім айтады?

Оқушы: Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғанда

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Сергіту сәті:Жұмбақ жасыру

Балалар,біз күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстық.Енді күз мезгілінен өтіп қай жыл мезгіліне түстенетінімізді сендер мына жұмбақты дұрыс шешсеңдер білесіңдер.











Тәрбие.орг сайтынан "Бұл қай мезгілде болады?" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2018
834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі