Материалдар / Бүлдірген құрамындағы лимон қышқылын анықтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бүлдірген құрамындағы лимон қышқылын анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге арналған курстық жобаға пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
710
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КМҚК «Бизнес және сервис колледжі» Семей қаласы

Жұмыстың авторы: химия пәні мұғалімі Дюсембекова Самал Муратовна

Тақырыбы:Бүлдірген құрамындағы лимон қышқылын анықтау анықтау.


Зерттеуге алынған обьект –бүлдірген жидегі.Бүлдірген-тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдемі иісті болады. Мамыр –шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым – шілде айларында піседі. Еліміздің барлық жерлерінде таралған, ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі.Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады. Лимон қышқылы- үш негізді органикалық окси қышқыл.Жалпы формуласы С6Н8О7, молекулалық салмағы 192 г/моль, түссіз, иіссіз, мөлдір кристалл, суда, спиртте жақсы ериді, балқу температурасы 1530С. Лимон қышқылы бір, екі, үш қатар тұз-цитраттар түзеді. Лимон қышқылы жануарлар (аз мөлшерде барлық жасуша митохондрилерінде) мен өсімдік (лимон жемісі шырынында 5-6%, жидектерде 1-2 %,темекі жапырағында 3-14%, т.б.)құрамында кездеседі. Лимон қышқылын өсімдіктерден, темекіден не қантты зең саңырауқұлағымен ашыту арқылы алады.

Кондуктометриялық титрлеу қызметі, ерекшеліктері.

Кондуктометриялық титрлеудің қолданыс аясы кең.Сулы ерітіндідегі күшті минералды қышқылдар (НСlО4,НСl, НNО3 және т.б.) жоғары және төмен концентрацияда (10-4 моль/л) сілтімен титрленеді.Сондай-ақ күшті негіздер де (NаОН, КОН және т.б.) күшті қышқылдармен тирленеді.Құмырсқа,сірке және орташа күшті қышқылдар жеңіл титрленеді.Заттардың электрөткізгіштігін өлшеуге негізделген анализ әдістері кондуктометрия деп аталады. Кондуктометрия ескі физико-химиялық анализ әдістеріне жатады. Бірақ өз маңыздылығын әлі күнге дейін жойған жоқ. Себебі кондуктометриялық анализ әдістерінің сезімталдығы, дәлдігі жоғары, қарапайым, органикалық заттардың қосылыстарын, лайлы ерітінділерді титрлеуге болады.

Жұмыс барысы.

Бүлдірген құрамындағы лимон қышқылы кондуктометриялық титрлеу әдістеме бойынша анықталады.

Фарфор табақшасында ұсақталған және сүйектері алынған 50,00-100,00 г өнімді алады. Сынаманы өлшеуіш колбаға ауыстырады.Табақшада қалған шырын мен қоюын дистильденген сумен мұқият шайып колбаға құяды. Содан (80±1)0С қыздырылған су моншасына 2 сағатқа қояды. Кейін колбаны бөлме температурасына дейін суытады, ерітінді көлемін дистильденген сумен белгіге дейін жеткізеді, мұқият араластырады және фильтрлейді. Алынған мөлдір фильтраттан 50 см3 пипеткамен алып, оны электролиттік ұяшыққа орналастырады және үздіксіз араластыру арқылы NаОН ерітіндісімен титрлейді.Әрбір титрант порциясын енгізгеннен кейін құралдың көрсеткіштерін жазып отырады.

æ-vNаОН координатасында титрлеу қисығын салады, графиктің сынған жері бойынша NаОН ерітіндісінің лимон қышқылын титрлеуге кеткен көлемін анықтайды.

Есептеуі.

Өнімдегі лимон қышқылының мөлшерін келесі формуламен анықтайды:

,

Мұндағы : υ-колбаның көлемі,

υ 1-титрлеуге кеткен NаОН ертіндісінің көлемі, см3.

υ 2-титрлеуге алынған фильтрат көлемі, см3.

m- анализденетін заттың сынамасы, г.

0,007- NаОН ертіндісінің лимон қышқылы бойынша титрі, г/см3.[7]

Жұмыс нәтижесі

Кесте №1. Кондуктометриялық титрлеу нәтижелері.

VNаОН, мл

æ См/см

æ См/см

æ См/см


19

19,5

20,6

1

20,5

21

21,6

2

22,6

22,6

23,5

3

25,5

25,6

28,7

4

28,5

28,5

23,4

5

23,4

23,4

24,9

6

24,6

25

26

7

25,2

26,2

27

8

26,7

27,1

27,9

9

27,1

27,7

28,2

10

27,9

28,4

28,5

11

28,3

29

28,9



Есептелінуі:

υ1=11мл

υ2= 50мл

m=50 г


Q г



50 г — 100%

0,7 г — х% х=


Қорытындылай келе мынадай тұжырым жасалды:

Бүлдіргеннің құрамындағы лимон қышқылын кондуктометриялық титрлеу арқылы анықтадым. Кондуктометриялық титрлеу әдісі арқылы затты анықтау нақты, тез, жоғары дәлдікпен анықтауға болады. Анализді жүргізу үшін арнайы дайындалған ерітіндіден 50 мл алып, оны натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлеп, титрлеу қисығы арқылы титрлеуге кеткен натрий гидроксидінің көлемін анықтадым. Сосын жидектегі лимон қышқылының мөлшерін есептейді, ол 0,7г болды. Ал пайызбен есептегенде құрамындағы лимон қышқылының мөлшері 1,4% құрады. Орта есеппен жидектерде лимон қышқылының мөлшері 1-2% аралығында болу керек. Бұл бүлдіргеннің құрамындағы лимон қышқылының мөлшері нормаға сәйкес екендігін көрсетеді.

Әдебиеттер тізімі.

1.Бабко А.К. және басқалары Физико-химические методы анализа. М.: «Высшая школа», 1968.

2.Барковский В.Ф., Горелик С.М., Городенцева О.Е. Основы физико –химических методов анализа. М.: «Высшая школа», 1983.

3.Васильев В.П. Аналитическая химия. М.: «Высшая школа», 1989. Ч.2.

4.Гавриленко А.Г. Аналитическая химия (физико-химические методы анализа), Алматы,1997

5.Дорохова Е.Н., Прохорова Г.В. Аналитическая химия (физико-химические методы анализа). М.: «Высшая школа» , 1991.

6.Золотов Ю.А. Основы аналитической химии. М.: «Высшая школа» , 1996.Кн.2

7. Коренман Я.И. Практикум по аналитической химии (электрохимические методы анализа). Учебное пособие. Воронеж, изд.:ВГУ, 1992

8.Крешков А.П. Основы аналитической химии. М.: «Химия», 1976, т. 2

9.Ляликов Ю.С. Физико-химические методы анализа. М.: «Химия», 1973.

10.Харитонов Ю.Я. Аналитическая химия. Кн. 2. – М.: Высшая школа. 2003.
11.Худякова Т. А., Крешков А. П., Теория и практика кондуктометрического и хронокондуктометрического анализа, М.: «Химия», 1976.












































6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!