«Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу»
Материалдың қысқаша нұсқасы

5мектеп-лицей











ЭССЕ «Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу»













Мектепалды даярлық класының тәрбиешісі:

Рейм Камила Қойшыбайқызы





Шалқар қаласы

2017 жыл



"Артық білім кітапта , ерінбе оқып көруге".

Абай Құнанбаев

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов.

Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.

Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп.

Мен №5 мектепте – ұстаз болып еңбек етіп келем. Бар байлығым- бүлдіршіндер! Әр балдырған тәрбиелі, инабатты, иманды, әдепті, білімді, зерек, қарапайым, адамгершілілігі мол,еңбекқор, талапшыл болып өсуіне тікелей себепкер дәнекерші ұстазбын! Менің ойымша, жас ұрпақты тәрбиелеп отырған орта сол баланың жүрегіне ізгілік дәмін себе білуі керек. Сондықтан бастауыш сыныпқа дайындалып жатқан МАД түлегінің болашағы қандай болмақ деген ой мазалап, ізденіске итерді.

Жас бүлдіршіндерімізді мектепке дейінгі мекемелерде туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана олардың жан дүниесін жадырата аламыз. Мектеп жасындағы балаларды өмір мектебімен таныстыратын қызықты ертегі, әңгіме, өлең тақпақтардың бәрі де баланың эмоциялық сезіміне әсер етіп, оларды ізгілікке, әдемілікке - жақсылық атаулының баршасына баулиды.

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Көркем мәтінді талдау баланың тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Shape1 Алдымен баланы кітап оқуға үйретудің алғы шарттары мыналар:

Біріншіден, кітапты түсінбей құр оқудан сақтандыру керек. Талғап оқуға, оған көз қарасын білдіруге қысқаша фабула жазуға үйрету. екіншіден, оқыған кітаптарының ішінде түсінбеген сөзді немесе мақал-мәтелдерді дәйек сөздерді теріп жазып алуға арнайы дәптер аштыру керек. Баланың рухани байлығын мол етіп тәрбиелеудің сан түрлі жолдары бар. Солардың бірі және бірегейі-баланы кітап оқуға әуестендіру. Көркем шығармаларды оқытудың негізі мектепалды даярлық топтарында тіл дамыту сабағында қалыптасқанымен, оны әрі қарай дамыту үшін түрлі суреттері бар балаларға арналған шағын кітаптармен таныстыруды қажет етеді.

Көркем шығарма – өнердің басқа салалары сияқты шындықты эстетикалық тұрғыда танытуға үйретеді. Ондағы образдық жүйе баланы қуандырады, ойландырады, кейіпкер тағдырына ортақтастырады. Ұйымдастырған оқу- іс әрекетінде әсемдікті түсіну, адам арасындағы қарым-қаныстарды ұғындыру, шығарманы талдау – бәрі де өмірдің шынайылығымен байланыстырылса, баланың адмгершілік қасиетін толықтырып, жақсы тәрбие алуына кең мүмкіншілік береді.

Көркем шығарманың көркемдік ерекшеліктеріне, құрылымдық компоненттеріне мән беру көзделеді. Терең білім көркем шығарманы теориялық жағынан талдау барысында келеді.

Кітап оқу рухани байлықтан нәр алып, дүниенің кілтін ашумен пара-пар. Сондықтан кітап оқып көзімізді ашып, санамызды толықтыра түсейік дегіміз келеді. Бұдан балалардың

1.Оқуға деген қызығушылығы артады .

2.Мазмұндама, шығарма жазу шеберлігі артады.

3. Сөйлеу тілдері,сөйлеу мәнері мен мәдениеті дамиды.

4. Оқу жылдамдығы артады және сөздік қоры молаяды.

5.Ой-өрісі дамып, еліне, жеріне,тіліне деген сүйіспеншіліктері, махаббаттары артады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2018
568
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі