Тақырыбы:
«Бүлдіршін - Полиглоттар» байқауы
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың алған білімдерін сарапқа салу. Балаларды өз
бетімен жұмыс істеуге, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан -
жаты тез жеткізуге, дұрыс сөйлеуге баулу
Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ана
тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.
Балаларды ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Әрбір баланың бойында Отанға, туған жерге және тілге
деген сүйіспеншілігін ояту
Міндеті: Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру
Оқу қызмет түрі: Байқау
Көрнекіліктер: Эмблема, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты
қанатты сөздер, ноутбук, сурет кесінділері, слайд, кубик
Армысыздар, құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, балалар және әділ қазы
мүшелері! Бүгінгі «Бүлдіршін - полиглоттар» атты байқауға қош
келдіңіздер!
Еліміздің тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүкіл
әлемге Қазақстан халқы үш тілді меңгерген терең білімді мемлекет
ретінде танылуы тиіс. Бұл: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі
- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға
сәтті кірігу тілі», - деді.
Қазақстан Республикасының 2011 - 2020 жылдарға арналған Тілдерді
қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір
сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен
қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, көпмәденилік тұлғаны тәрбиелеу
ісіне көп мән беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында тілдерді
үйрену ісіне ерекше көңіл бөлінуде.
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы
күндерден бастап - ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н.
Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде
жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш
тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ
тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған
қамқорлық та сондай дәрежеде болады” деп сендірді. Орыс және
ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге
қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді
арттыратын бірден - бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді,
замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы
тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт - ғұрпымызды сақтап қала
аламыз, — деді.
Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: “... Ұлттың ұлт болуы
үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы –
ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе
болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы,
мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары
сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді
тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын
сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі
де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай,
орамды, терең тіл жоқ,” – деп тіл жайында терең толғанған екен
кезінде. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің
де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен - күнге арта
түсуде. Бұл жағдайды қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп
түсінуіміз қажет.
Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс
тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл
ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ
ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту –
жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік
ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін
қажеттілік.
Сонымен, байқауға оралсақ, полиглот деген кім? Полиглот - бірнеше
тілді еркін меңгерген адам. Бүгінгі сайыста бүлдіршіндеріміздің үш
тілді қаншалықты жақсы меңгергенін көреміз. Олай болса,
бүлдіршіндерімізді қошеметтеп ортаға шақырайық!
Ертөстік тобының тәрбиеленушілері - Айзере, Аяулым, Зере, Алина
Қарлығаш тобының тәрбиеленушілері - Балауса, Жібек, Айерке,
Айзере
Айгөлек тобының тәрбиеленушілері - Дәулет, Амина, Ержігіт,
Балнұр
Алтын балық тобының тәрбиеленушілері - Мұхаммед, Кәусар,
Нұрали,
Бүлдіршіндерімізге әділ бағаларын беретін әділ қазыларды
таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.
2.
3.
4.
«Бүлдіршін - полиглоттар» атты байқау VІ - бөлімнен тұрады.
I. Сиқырлы микрофон
II. Құрастыру
ІII. Өнерлі балапандар
IV. Полиглот
V. Капитандар сайысы
VI. Ойлан, тап!
Таныстыру бөлімінде балалар өздерін таныстырып киген киімдерін және
эмблемаларын қорғап шығады. Бірінші болып бастайтын -
1
2
3
4
I. Сиқырлы микрофон бөлімінде, әр топқа үш - үштен сұрақ қойылады,
балалар үш тілде жауап беру керек.
Ертөстік: 1. What is your name?
2. How many apples in the picture?
3. What color is the cucumber?
Алтын балық: 1. What is your name?
2. How many fingers have you got?
3. What color is the tomato?
Айгөлек: 1. What is your name?
2. How many balls in the picture?
3. What color is the flower?
Қарлығаш: 1. What is your name?
2. How old are you?
3. Сенің жасың нешеде?
IІ. «Құрастыру» бөлімінде әр топқа флипчарт тақталарында сурет
кесінділері берілген, кімде - кім тез құрастырып атауын үш тілде
атап берсе, сол топ жеңіске жетеді
1. Гүл - цветы - Flower
2. Көлік - машина - car
3. Доп - мяч - ball
4. Алма - яблоко - apple
ІII. Байқаудың «Өнерлі балапан» бөлімінде, әр топ өз топтарындағы
балалардың қатысуымен өз өнерлерін ортаға салады
ІV. Полиглот бөлімінде жұмбақ жасырылады. Полиглот дегеніміз кім?
Қанеки, кім жауап береді? – Дұрыс айтасың! Әр жұмбақтың жауабын
қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап береді екенбіз.
1. Жеті қазынаның бірі
Адамды қорғап жүретін досы (ит - собака - a dog)
2. Айдалада ақ отау
Аузы - мұрны жоқ отау (жұмыртқа - яйца - an egg)
3. Төртбұрышты қатты
Дәмі сондай тәтті (қант - сахар - a sugar)
4. Қабат - қабат қаптама
Ақылың болса аттама (кітап - книга - a book)
V. «Капитандар сайысы» бөлімінде мен қолымдағы кубикті лақтырамын,
ол кубикте отбасы мүшелері бейнеленген. Команда капитанының қолына
түскен отбасы мүшесін үш тілде атап беруі керек. Ойын шарты
түсінікті ме? Олай болса, Ертөстік тобынан бастаймыз.
VІ. Келесі, ең соңғы және ең негізгі бөлім «Ойлан, тап!» бөлімі.
Бұл бөлімде экрандағы тапсырманы орындаймыз. Ол жерде үй
жануарларымыз жасырынып қалыпты. Соларды дұрыс тауып, атауларын
қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтуларың керек.
Ит – собака - dog
Мысық - кошка - cat
Сиыр - корова - cow
Ат – лошадь - horse
Осымен бүгінгі байқау өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Қадірлі әділ
қазыларымыз өз шешімдерін шығарғанша, байқауға қатысушылардың
«флешмоб» биін тамашалауларыңызды сұраймыз және ағылшын тіліндегі
«If you happy and you know it» әнін балалардың орындауында
тыңдаңыздар.
Ал, енді, алған ұпайлар бойынша қандай орын кімге тиесілі екенін,
әділ қазыларымыз айтып өтсін.(Баға беріліп, жеңімпаздарға
грамоталар табыс етіледі). Сөз кезегі №6 бөбекжай - балабақшасының
аға тәрбиешісі Гүлнар Жеңісқызына беріледі.
Қорыта келгенде, «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының негізгі
мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің
деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады.
Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс
тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл
ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – замана талабы, болашақ
ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.
Сондықтан да, елімізде «Үш тұғырлы тіл» мәдени бағдарламасы
жасалып, жүзеге асырылатын болды. «Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде». Мемлекеттік тілді және шет тілдерді үйренуіміз керек.
Мынадай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы
болмайтыны хақ. Сондықтан қазақ, орыс және шет тілдерінің ішінде
көбіне көп қолданылып жүрген ағылшын тілін жетік меңгерген ұрпақ
өсіріп, оларға үлгі білу – бәсекеге қабілетті елдің берік іргесі
мен кемел келешегінің кепілі.
Үш тұғырлы тілдің тұғыры берік, іргесі мықты болсын деген тілекпен
сайысымызды аяқтаймыз. Біз бүгінгі сайыс барысында бүлдіршіндеріміз
бірнеше тілді жақсы меңгергендерін көріп отырмыз. Алдағы уақытта
осы алған білімдеріңізді шыңдай берулеріңізге тілектеспіз.
Барлығыңыздың назарларыңызға рахмет! Қош сау
болыңыздар!