Материалдар / «Бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіру арқылы ашық дыбыстарды қою»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіру арқылы ашық дыбыстарды қою»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіру арқылы ашық дыбыстарды қою»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
312
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Жеке түзету сабақ жоспары



Тақырыбы

Мақсаты

Түзету жұмысының барысы

Сабақ саны




«Бұлшық еттерінің тонусын қалыпқа келтіру арқылы ашық дыбыстарды қою»


-Баланың артикуляциялық аппаратын қажетті дыбыстарды дұрыс айту үшін дайындауға көмектесу.

-Әр жаттығу арқылы ерін, тілдің қалпы мен белгілі қимылдарын дайындап, бағытталған ауа ағынын шығаруға, яғни, дыбысты дұрыс айтуға қажеттінің барлығына жаттықтыру.


-Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту.


Түзету жұмыстары:

І - бағыт: - Артикуляциялық аппараттың, жалпы қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

ІІ – бағыт: - Тыныс алу функциясын дамыту. Дауыстың күшін, әуезділігін дамыту

ІІІ – бағыт: - Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзету. (Дыбысты қою)

ІV – бағыт:Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, зонд, спирт, мақта, сүлгі, тіс щеткасы.

Ұйымдастыру барысы:«Сәлемдесу».

І. Артикуляциялық аппараттың, жалпы қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Уқалау жасау үшін баланы ынғайлы орынға жатқызып, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу. Бет бұлшық еттеріне біртіндеп, сатылай массаж жасау жұмысын жүргізу. Ондағы мақсат - дыбыс шығаруда тіл қимылының әлсіз қалпын ширату, дыбыс шығару әрекетін жақсарту, жаратылысында табиғи кемістігі бар жақтарын мүмкіндігінше түзету.

Зонд арқылы массаж бастамас бұрын маман қолына 7-8 рет әзірлеу массажын жасап, біраз икемге келтіру. Массаж жасау әдіс-тәсілдеріне қысу, сырғанату, үйкелеу, бұрау, тілдің бұлшық еті үшін жасалынатын созу түрін жүргізу.

  • жақтың массажынан 2-3 жаттығу;

  • бет ұшы массажынан 2-3 жаттығу;

  • ауыз қуыс айналасының бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу;

  • тілдің бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу;

ІІ. Тыныс алу функциясын дамыту. Дауыстың күшін, әуезділігін дамыту.

Баланың аузын қатты ашық қалыпта ұстатып, мұрынмен тынысты ішке алып, ауызбен демді шығарту жаттығуларын бірнеше рет жасату. Бала өзі орындай алмаса, кеуде тұсын уқалап, сипау әдістерін пайдалана отырып, демді алу және шығаруға үйрету. Тыныс алу жаттығуларын жасата отырып, ашық дауысты дыбыстарды айтқызу.

ІІІ. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзету. (Дыбысты қою). Баланы айна алдына ыңғайлы қалыпта отырғызып, артикуляциялық жаттығулардың суреттерін көрсете отырып, бірге жасау. Ең бірінші баланың деңгейіне қарай, оңай жасалатын жаттығулардан бастау. Әр жаттығуды жасата отырып, балаға дыбыстарды айтқызу.

«Артикуляциялық жаттығулар» түрлері:

«Сусиыр» - ауызды кең ашып тұру. «А» дыбысын айту.

«Піл» - ерінді алдыға созу. «У» дыбысын айту.

«Бақа» - жымию. «Ы» дыбысын айту.

ІV. «Су-Джок» терапия

- «Су-Джок» шарларымен, сақинасын баланың қолына кигізе отырып ұсақ қол моторикасымен жұмыс жасау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!