БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕГІ СПОРТ
Кенжебаев Мейірбек
«Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі»
Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Н.Ә. Назарбаев 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын [1].
Мемлекет басшысы 2010 жылдың 12 наурызында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен өткізген Қазақстанды 2014 жылға дейін индустриялық-инновациялық тұрғыдан қарыштай дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі мәжілісте бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстарды ширатуды тапсырды. Сондай-ақ спорт нысандарының тиімсіз пайдаланылу жағдайын сынға алды. «Шағын спорт кешенін ашуын ашады да, оларда, бірақ, не ешқандай құрал-жабдық жоқ, не оған ешкім қарамайды. Онда келгендер бар нәрсені қиратып, алаңдарында қаңғыбас иттер сайран салып жүреді. Бар нәрсені игілікке пайдалануға болады ғой», – деп орынды ескертті Елбасы. «Алматы мен Астананың аулаларында спорт алаңқайлары бар. Соны әр аудан, әр ауылда да жасауға болады», – деді Н.Ә. Назарбаев.
Былтырғы жылы спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды дайындау сапасын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл шаралардың барлығы Қазақстан спортының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және еліміздегі бұқаралық спортты ілгері жылжытуға бағытталды.
Еліміздегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға «Жол картасы» бағдарламасы игі ықпалын тигізді. Осы бағдарламаның аясында былтыр жоспарланған 56 спорт нысанының орнына үнемделген қаражат есебінен 12 облыста 64 нысан жөнделді. Бүгінде елімізде 31 мыңға жуық спорт нысаны бар. Дене шынықтырумен, спортпен тұрақты шұғылданатын қазақстандықтардың қатары 380 мың адамға көбейіп, олардың жалпы саны 2 миллион 900 мың адамға жетті. Бұл – ел халқының 17,7 пайызы деген сөз. Былтыр барлығы 17 мыңнан астам спорттық-бұқаралық шаралар өткізілсе, соның жартысынан астамы ауылдық жерлерде ұйымдастырылды [2, 15-17 б.].
Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат спорты, тағы да басқа ұлттық спорт түрлерін дамытуға айрықша ден қойылуда. Ұлттық спорт түрлері бойынша былтырғы жылы 80 жарыс өткізілді. Соның ішінде, әсіресе, тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионатын, жасөспірімдердің бірінші ауыл спорты ойындарын, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі жолындағы ІV халықтық спорт ойындарын атап өткеніміз орынды. Спортпен жүйелі айналысатын мүгедектер саны 13 мың адамға жетті.
2010 жылы бірқатар жаңа спорттық ұйымдар ашылды. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Нысана көздеу бойынша олимпиадалық даярлау республикалық орталығының тұсауы кесілді. Ал Алматы облысында Балалар мен жасөспірімдердің ат спорты түрлері бойынша республикалық спорт мектебі ашылды. Жалпы, қазір елімізде барлығы 423 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 8 республикалық және 17 өңірлік олимпиадалық ізбасарлар даярлау орталығы жұмыс істеуде.
Айта кету керек, VІІ Қысқы Азия ойындарына арнайы салынған нысандар еліміздің спорттық инфрақұрылымын едәуір нығайтты. 1972 жылы «Медеу» спорт кешені салынғаннан кейінгі аралықта Қазақ жеріне бұйыра қоймаған бірегей спорт нысандары, әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге болатын ғажайып ғимараттар тұрғызылды. Енді қысқы негізгі олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстанның өз спорттық базасы бар. Осы нысандарда әлемдік жарыстарға дайындалып, жаттығу жиындарын өткізуге әбден болады.
Қазақстан спортының тарихы көрсетіп отырғандай, елімізде жақсы жабдықталған спорт ғимараттарының болуы спорттың дамуына игі ықпалын тигізіп, халықаралық спорттық ареналарда ірі жетістіктерге қол жеткізуімізге дәнекер болады [3, 50-52 б.]. Айталық, бір ғана «Медеу» кешенінде коньки спортының өзінен жалпы саны 130 әлемдік рекорд жасалыпты. VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізуге Астанада арнайы салынған «Алау» коньки стадионында болса, міне, Азия құрлығының 9 рекорды жасалып үлгерді. Азиада нысандары үздік технологиялар пайдаланылып, заманауи талаптарға лайықталып салынған. Шымбұлаққа дейін тартылған бірегей аспалы жол аталмыш кешенді тау шаңғысы курорты ретінде дамытуға септігін тигізері сөзсіз.
VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізу шеңберінде барлығы 10 спорт нысаны жаңадан салынып немесе тұтастай қайта жаңғыртылды. Айталық, Алматыдағы «Медеу» мен «Шымбұлақ» кешендері, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы түгелімен қайта жаңғыртылып, велотрек, «Алау» коньки стадионы, Алматы облысында шаңғы және биатлон кешені, Алматы қаласында трамплин кешені жаңадан салынды.
Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – төтенше маңызға ие көкейкесті мәселе. Елдегі бала туу көрсеткіштерінің төмендігі, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық һәм ақыл-ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани дамуына қауіп төндіретін факторлар. Осының бәрі жиналып келіп Қазақ елінің экономикалық өрлеуіне, саяси тұрақтылығына, халықаралық беделінің артуына да залалын тигізбей қоймайды. Сондықтан, саламатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс.
Қазір халықтың басым бөлігі спортпен шұғылдануға немқұрайды қарайтыны жасырын емес. Денсаулыққа аса зиянды шылым мен ішімдіктен құтыла алмай жүрген, арықтаймын деп неше түрлі дәрісымақты пайдаланатын адамдар бар. Соның бәрінен арылу үшін дене шынықтыру, спорт және туризм арқылы саламатты өмір салтына бет бұру – өмірдің өзі алдымызға көлденең тартып отырған көкейкесті мәселе.
Қазақстандағы бұқаралық спорт – әркімнің жеке басына тәуелді іс. Бүгінгі халық теннис кортына, бассейнге, фитнес залдарына барғысы келеді. Бірақ оны екінің бірінің қалтасы көтермейді. Десек те, аталмыш нысандарда денсаулықтан бұрын жан рахаты көзделетіні жасырын емес. Ал біздің мамандар халықты спорттың мейлінше қолжетімді түрлеріне тартуы тиіс. Мәселен, таңертеңгілік жүгіріп немесе ауладағы алаңқайда доп қуса, несі бар?!. Бұқаралық футболға ешқандай шығынның да керегі шамалы. Ең бастысы – ниет пен көңіл болса болғаны
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы, ҚР «Білім туралы» Заңы 2007.Егеменді Қазақстан газеті, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» «2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсанында №1245 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт минстрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
2.Құлназаров А. Қазақстан спорты және бұқаралық дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны, 22.01.2008
3.Бидасов Қ.Р. Мұхитдинов Е.Д. Жалмағамбетов А.А. Палуанның жан -жақты дайындығы, -Қазақша күрес:оқу құралы, Қазақ физкультура институты, - Алматы 1987 -11 – 19 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз