Материалдар / Бұрымды ару сценарий балабақша

Бұрымды ару сценарий балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұрымды ару
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бұрымды ару



Тақырыбы: «Бұрымды ару»
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бүгін сізге арналған,
«Бұрымды ару» сайысын бастайық.
Жаны – сырлы, жанары таң ару қыздар,
Сенімі асқар, - Күн ару қыздар,
Сәуле шашқан өмірге нұр ару
Көрік болған көгімде жұлдыздар – ай,
Бай болсын қыздарымыз ізгілікке.
Жақсы дәстур көп біздің ішімізде,
Қол соғып, қошеметпен шақырамыз,
Мың бұралған арулар сәлем береді көпшілікке – дей отырып, сахнаға арулар
ымызды шақырамыз.
Әуен: Ұл балалар қыздарды ерекше құрметпен ортаға алып шығады.
ару: Бет пішіні, дене мусіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті – Аңсар Инабат.
ару: Баппен сөйлеп, биязы күліп жүзі жылы, өзі ұян, тәні нәзік қыз – Халмуратова Аида.
ару: Тақпақ айтып тақылдайды, топтың сабырлы да ұяңы – Әбілмансұр Мадина.
ару: Сөзі салмақты, ісі тиянақты, дене бітімі жинақы қыз Нұланқызы Айзере.
ару: Көз жанары өткір, бет әлпеті бал - бұл жанған, тәні шымыр қыз – Аханова Айкерім.
ару: Сөзі өткір, өзі пысық, келбетті, өрескелдікті сүймейтін қыз – Бекзат Альбина.
ару: Әр нәрсенің мәні бар, Шалабаева Даянаның өз орны бар.


Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару қыз атқа лайықты
Қайсың кәне, жеңе алар?
Уа, халайық, халайық,
Бастамас бұрын сайысты,
Ұлымыздан бақшамыздың
Аталы бата алайық.
Екі түрлі әнші бар,
Біреуі соның бата алған,
Ешқашан артық болмайды
Ұлымыздан бата алған.


Балабақша тәрбиеленушісі аруларымызға бата береді:


Ерасыл:

А, құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын,
Бастарыңа бақ сыйлап,
Қыдыр бабаң қолдасын.
Бүгінгі мына сайыста
Тұғырдан таймас қыран бол,
Білімі асқан ару бол,
Еліңе ұнар ару бол,
Халқың сүйер аққу бол,
А, құдай жарылқа! Әумин!


Жүргізуші: (1 байқау)

1 – ші байқаудың шарты: Ал енді қымбатты арулар, Сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты өзін - өзі таныстыру.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бугінгі сайысымызға бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.


1 - ші ару Аңсар Инабат
Келдім мен міне бүгін сың алуға,
Сыңалып үлкендерден үлгі алуға.
Саламын бар өнерді осы ортаға,
Береді әділ қазы әділ баға.
Сұраңыз менің аты - жөнімді
Аңсар Инабат Айбекқызымын


2 - ші ару Халмуратова Аида
Халқымның өнерінен таққан тұмар,
Қыз едім сұлулыққа жаны құмар
Сәлемімді иілген қабылдандар,
Келтірген өнердің де сөздің парқын,
Қызымын
Пахирдиннің атым Аида,


3 - ші ару Әбілмансұр Мадина.
Демеймін басқалардан асып кетем
Шабытты қостым көптің дүрмегіне.
Сайраған елімнің бір бұлбұлымын
Халқымның қадірлейтін,
Мадина атты қызымын.


4 - ші ару Нұланқызы Айзере
Сан топта жарыстарда жеткізбеген
Келмеген қатарыма, ешкім жақын.
Бұл сайыс үлгі аларлық болмақ өрнек
Келген жан, сан өнерді көзбен көрмек,
Руым
Қаңлы, Нұланқызы Айзеремін.


5 - ші ару Аханова Айкерім
Жібектей шәлі орамал кестелеген,
Өнерді жиып алып дестелеген
Биікке қанат қаққан бір қызыңмын,
Сәлемдесіп алайын көпшілікпен!
Ерланқызы Айкеім деген мен боламын.


6 - ші ару Бекзат Альбина
Елігі ем еркін жүрген кең даланың
Өнерге қанатымды кең қағамын.
Намысын арулардың қорғай білер
Мараттың қызы
Альбина мен боламын.


7 - ші ару Шалабаева Даянаның
Армысың әже, ана, бауырларым,
Өнер сүйер үлкен – кіші қауымдарым.
Көктемде қырда өскен қызыл гүлмін,
Қол соғып, құшақ жайып қабылдандар,
Серік қызы Даяна мен боламын.


Жүргізуші: (2 байқау)

Келесі байқау «Өнерлі өрге жүзер» Бұл байқаудың шарты:
Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсету сайысына түседі.

1 - ші ару Аңсар Инабат (Қара жорға биі);

2 - ші ару Халмуратова Аида (Ұйғыр ұлттық биі);


3 - ші ару Әбілмансұр Мадина (Анашым әні);


4 - ші ару Нұланқызы Айзере (Gangnam style биі);


5 - ші ару Аханова Айкерім (Каратэдан жаттығулар көрсету);


6 - ші ару Бекзат Альбина (Мен ақылды баламын әні);


7 - ші ару Шалабаева Даянан (Балапан әні);

Жүргізуші: (3 байқау)

«Қалауын тапса, қар жанар» - демекші, келесі сайысымыз құрастыру, аруларымыздың шапшаңдықтарымен тапқырлықтырын сыңайық. Бұл сайыстың шарты: кішкентай аруларымыз геометриялық пішіндердің тиісті орындарын тауып қою керек (түстерін атау).

Жүргізуші: (4 байқау)


«Қыз еркем, кестесімен, өнерімен көркем» демекші ару қыздардың шеберлік өнерін байқайық. «Шебер қолдар сайысы»
Бұл сайыстың шарты: қазақтың қол өнерімен жасалатын түс киізді жасап көрсетеді.
«Жетелі өнер сүйіп еңбектенер, өмір жолы өшпестей өрнектелер» деп ару қыздарымызға тапсырманы орындауға рұқсат береміз. Ал, кәне арулар, іске сәт!


Жүргізуші: Арулар өз тапсырмасын орындап болғанға дейін жанкүйерлер біздерде қарап қалмайық. «Қол өнері» туралы мақал - мәтелдерді жанкүйерлер арасында кім көп біледі екен?
Құрметті әділ қазылар алқасы шеберлігіміздің бағасын анықтаңдар.
Сізге арналады бүгінгі әніміз,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз,
Тәрбиелі ұл - қыздарды өсірген,
Ұлы – Ана ұзақ өмір сүріңіз.


Ән: «Ана»


Жүргізуші: (5 байқау)


«Сәндік киімдер» үлгісі.
Ару қыздар – Ай көрік, қылығы – Күн.
Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн шекті ұлылығым.
Бүгін сендер құлпырған құндыз бәрің
Серпіп, алға жалғайтын тік тағдырың.
Ескеріңдер ертеңі ел тағдыры
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры.


Жүргізуші: (6 байқау)


Үй тапсырмасы «Жылдың төрт мезгілі».
Аруларымыз ата - аналарының көмегімен сурет салып келіп және әңгімелеп берулері керек.


Жүргізуші: (7 байқау)


«Тапқырлар, білгірлер, білімділер».
Ару қыздар билет таңдап алып сұраққа жауап береді.


Жүргізуші:
Аруларымызды ортаға қол соғып, қошеметтеп шақырамыз. Келесі сөз және марапаттау кезегі әділқазылар алқасына беріледі


1. Бас жүлдеге иегер қыз: «Бұрымды ару».
2. «Көрермендер көзайымы».
3. «Өнерлі қыз».
4. «Мың бұралған биші».
5. «Көрікті қыз».
6. «Бұлбұл дауысты қыз».
7. «Әдепті қыз».
8. «Сабырлы және нәзік қыз


Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа,
Осымен сайысымызды аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық.



Жариялаған:
Дамира
23 Қараша 2024
105
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі