
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БУЛЛИНГ алдын алу жоспары 2024-2025 анықтамасы, хаттамасы
Бекітемін»
Мектеп директоры: Халым Толеуиш
Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі
бойынша білім алушылардың арасында буллинг, кибербуллинг алдын алу бойынша жұмыс жоспары
2024-2025 оқу жылы
№ |
Іс- шаралар |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
«Буллинг, кибербуллинг дегеніміз не?» жалпы мәлімет беру |
Жыл бойы |
ДТІЖО Психологтар |
2 |
Буллингтен қорған. «Буллинг және оның түрлері» |
қыркүйек |
Педагог-психолог Хуанар Д Сынып жетекшілер |
3 |
Буллинг профилактикасын жүргізу бойынша әдістемелік семинарлар ұйымдастыру |
қыркүйек |
Әлеуметтік педагог Хурмет Л Педагог-психолог Хуанар Д |
4 |
Ата-аналар жиналысы Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу |
қыркүйек |
Педагог-психолог Хуанар Д |
5 |
Буллинг және оның алдын алу |
қыркүйек |
Сынып жетекшілер ДТІЖО Психологтар Әлеуметтік педагог |
6 |
Зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу |
Қазан |
ДТІЖО Психологтар Сынып жетекшілері |
7 |
«Буллинг: Баланы қалай қорғаймыз?» әріптестермен тренинг |
қараша |
ДТІЖО Психологтар Ұйымдастырушы педагог |
8 |
Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі Психолог кеңесі |
желтоқсан |
ДТІЖО Психологтар |
9 |
«Кибербуллингтегі әсер ету әдісі туралы білімнің жеткіліксіздігі» сынып жетекшілермен тренинг Құқықтық сағат "Қатыгездіктен қорғау құқығы" |
Қаңтар ақпан |
ДТІЖО Психологтар Қосымша білім беру педагогі Әлеуметтік педагог |
10 |
Психологиялық сағат "Құрдастарына қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікке жол бермеу" |
наурыз |
ДТІЖО Психологтар Тәлімгер |
|
Оқушылардан бопсалау мен әлімжеттік және буллинг боойынша сауалнама алу |
сәуір |
ДТІЖО Психологтар Тәлімгер Ұйымдастырушы педагог |
|
Психологиялық сағат "Біз буллингке қарсымыз" |
мамыр |
ДТІЖО Психологтар |
Тақырыбы: «Буллинг», «Кибербуллинг»
туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі
кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың
және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты
кеңейту.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, бояулар,
А4.
Мазмұны:
Тренинг «Қар тілектері»
Баяндама «Буллинг. Баланың барлық қатыгездіктен қорғалуға құқығы» Слайд.
Артерапия
Семинар
барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Тренинг «Қар тілектері»
Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Жүргізуші
ортаға шығып, қағаздан дайындалған қарларды шашады. Қатысушылар
қолына түскен кардағы жазылған жақсы, жылы тілектерді көршісіне
тілейді.
II. Негізгі бөлімі
Буллинг дегеніміз не?
Буллинг
(bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау,
қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте,
автобуста немесе интернетте,
жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде
буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның
басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын,
ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман
ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі
мүмкін?
Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі
мүмкін. Ол:
адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
сол жайында өсек тарату
оны елемеу немесе жекелету
ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен
суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың
барлығы кибербуллинг деп аталады.
Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа
батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан
кешіруі мүмкін, атап
айтқанда:
уайымдау
ұйқының бұзылуы
тәбеттің болмауы
өзі жайлы жаман ойлау
өз-өзіне физикалық зақым келтіру
өлім туралы ойлау
сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
ауыру
“маған ешкім көмектесе алмайды” деп ойлау
өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
қорқу
Буллингтің
белгілері:
Күштің теңсіздігі
Агрессия
Ұзақ уақыт бойы іс- әрекеттердің қайталанбауы
Жәбірленушінің әсершілдігі
Буллингтің
түрлері:
Физикалық
Вербалды
Қорқыту
Шеттету
Бопсалау
Мүлікті бүлдіру
Кибер буллинг
Буллинг
құрбаны:
Физикалық кемістік, көзілдірік тағатын, құлағы нашар еститін, ДЦП ;
Мінез ерекшелігі тұйық, ұялшақ, сезімтал, мазасыз, сенімсіз, өзін- өзі сыйлауы төмен;
Түр әлпетінің ерекшеліктері: сепкіл, құлағы үлкен т.б.
Әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала.
Мектеп қорқынышы- сабақты нашар оқитын т.б.
Ауыратындар- кекеш, дислалия т.б.
Жаңадан келген балалар.
Буллингті айыру
белгісі:
Мектепке немесе оқу орнына барғысы келмейді;
Мектептен немесе оқу орнынан көңіл- күйі түсіп келеді;
Себепсіз жылау;
Сыныптастары немесе топтағылар туралы ештене айтпайды;
Сыныптастарының немесе топтағылардың үйіне, туған күн кештеріне бармайды;
Көп ауырады;
Ақша көп сұрайды
Көп сөйлемейді.
Суицидтік әрекетті
болдырмау
психологиялық қозу күшін бәсеңдету;
суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;
әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;
өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру
Түзету. Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік
және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары
және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету.
Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық
тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас,
эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға
болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған
тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін
психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге
тиіс.
Көмектесу үшін не істеуге
болады?
1. Суицидке бару себебін ашатын кілтті табу
керек. Суицидтен құтқару тек достарының
қамқоры мен қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің
белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп
туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің
өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
Болатын қауіптің белгілерін
іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген
суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе
мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы
тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті
үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа
ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау
керек.
2. Қамқорлық қарым-қатынас
орнатыңыз. Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты маңызды мәселені
жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ егер сіз
өмірден түңілген адамды түсіне біліп, оның жанын ұғына білуге
тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің
өзара қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Оны тек
сөзбен ғана емес, сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де
білдіруге болады; мұндай жағдайда ақыл үйрету емес, қолдау көрсете
білу тиімдірек болады.
3. Мұқият тыңдай білетін тыңдаушы
болыңыз. Суицидке баратын адамдар әсіресе қатты оқшаулану
сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты олар сіздің
ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе
өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни
«Менде өмір сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен
жеткізеді. Егер адам депрессияға ұшыраған болса, онда онымен
әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы көбірек айтқызған дұрыс
болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол
уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай
білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана
үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық
қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі
бола алады.
4. Алмастыра алатын әрекеттер
ұсыныңыз.
Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай
қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған
басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз.
Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін
психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып
табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық
алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған
адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып
тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу
керек.
5. Үміт ұялатыңыз. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен
жұмыс ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не
айтатынына және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып
келетіні туралы тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар
сыртқа шыққанда басқа түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті
шешуге тұрарлықтай болып көрінуі әбден мүмкін. Қандай да бір
үміттену де пайда болады.
6. Жоғары суицидтік тәуекел жағдайында адамды
жалғыз қалдырмаңыз. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек
келгенге дейін оның жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз
немесе біреуге тапсырыңыз. Мүмкін жедел жәрдем стансасына қоңырау
шалу керек болар немесе емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын,
қолдау көрсету сізге белгілі бір жауапкершілік
артады.
7. Мамандардан көмек
сұраңыз. Суицидке баратын адамдардың көру аймағы тарылған,
түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын
проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар
алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен
көмекке ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі
жетіңкіремейді, одан басқа олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім
болып келеді.
8. Қамқорлық және қолдау көрсетуді сақтаудың
маңыздылығы. Егер қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың
өзінде мамандар болсын немесе отбасы болсын босаңсуға болмайды.
Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру адамның психикалық
белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп ойлап қалуға
да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу
қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен
адамдарының барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды
кеңге саласыз және қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл
қылықтар барлығының алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып,
содан кейін өзіне қол жұмсау керек деген шешімге келуінің хабаршысы
болуы мүмкін. Шындығында, суицидке барушылардың тең жартысы
психологиялық кризистің басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан
кейін өзіне-өзі қол салады.
Бейнеролик: Буллинг.
IІІ. Қорытынды
Педагогтың буллинг жағдайында жүрген балаға
көмек көрсету:
Педагог осы жағдайдағы сезімін жақсы түсінетінін білдіру. Сонда оқушы өзін жалғыз сезінбейді, қолдау мен көмек алатынына көз жеткізу.
Өзін бағалауының көтерілуін қажет етеді. Сен болған оқиғаны айтып нағыз батырлық жасадың” оның батырлығын бағалаңыз.
Ата- аналарға
жадынама
Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана
сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен
мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін
жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден
аулақ болу, өйткені баланың өзін- өзі бағалауы, өзіне деген сенімі
одан ары қарай жоғалып кетуі мүмкін.
Шұғыл түрде әрекет жасау: баланың көзінше мұғалімге телефон шалып
сөйлесу.
Мұғаліммен сұхбат жүргізу барысында өзін сабырлы ұстау (эмоцияларға
ерік бермеу), дегенмен ата- ана ретінде балаңызға жауапты екенін
білдіре отырып келеңсіздіктерге жол бермейтінін жеткізу.
Балаға зорлыққа жол бермейтінін көз жеткізу. Ата- ана қамқорлығын
сезген бала өз ойын басқаға жеңіл аударады. Өзіне сенімділікті оята
алады.
Буллингтің алдын- алуының психологиялық көрінісі:
Буллингті болдырмау шартын құру. Баланы сәйкес күйзеліс әсерінен
жылдам және сауатты бөлектеу. Дені сау және сол сияқты соматикалық
немесе психикалық патологиясы бар балаларда және жасөспірімдерде
қудалауға қарсы тұруға денсаулықтың және тұлғаның күшін
нығайту. Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Олай болса неге
арамызда өз өлімінен бұрын өмірден озатын адамдар кездеседі?
Қиыншылыққа төзбей өмірден өте салу оңай. Бірақ, осының артында
қаншама қайғы-қасірет, мұң бар десеңізші! Сондықтан да мұндай
нәрседен аулақ болайық !
Балаға қатысты зорлық
– бұл дене немесе эмоционалды қатал
қарым-қатынас, сексуалды қорлық, қаңғыбастық немесе ата-ана
міндеттерінен ауытқу, коммерциялық немесе басқа да қанау, баланың
денсаулығына, дамуына немесе намысына, сеніміне зиян келтіретін
барлық формалардың түрлері. Бала құқығы туралы Конвенция балалардың
барлық зорлық түрлерінен қорғалуға құқығы бар, балаларға қатысты
зорлық көлемінің ауқымын мойындайды және көрсетеді. Зорлық деген
сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, өлім, дәстүрлі тәжірибеге
байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және
тұлғалық балаларға қатысты «тәртіп шаралары» сияқты тұлғалық
жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Балалардың
құқығы туралы Конвенция балаларға қатысты зорлықтың қандай түрі
болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды дейді. Конвенцияға
сәйкес балалардың «тұлғалық және психологиялық зорлықтың кез-келген
түріне» тұлғалық және жеке қол сұғылмаушылыққа құқығы бар.
Конвенция зорлықтың барлық түрі зиянды және баланың өміріне кері
әсерін тигізетінін мойындайды. Зорлық көрген балалар көбінесе дұрыс
тамақтанбайды да түрлі ауруларға душар болады, мектепте нашар
оқиды, өзін-өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес
балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын
көрсетеді. Зорлық-зомбылық келесі құқықтарды бұзады:
- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;
- қатал қарым-қатынасқа берілмеу құқығын;
- өмір сүруге және жеке өміріне қолсұғылмашылық құқығын;
-тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандарттыры
құқығы.
Зорлық-зомбылықтың құрбандары
– отбасында, білім беру және
қорғаншылық мекемелерінде (физикалық, жыныстық, психологиялық
зорлық, кемсітушілік немесе қиянат жасаушылық, қамқорлықтың
болмауы, дөрекі қарым- қатынас пен қанаушылық ) жағдайға тап болған
балалар.
Зорлық – зомбылық
түрлері
Физикалық зорлық: Соққы, жармасу, алақанмен немесе жұдырықпен не болмаса басқа да нәрселермен ұру, ешқайда шығармау, тұншықтыру, соққыға жығу, ұрып – соғу, қару- жарақ қолдану, отпен зақымдау, әлеуметтік немесе медициналық көмектің жәбірленушіге қолжетерлік жағдайда болмауы және т.б.
Жыныстық зорлық: Күшпен, қорқыту немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа көндіру, зорлау; жыныстық қатынастағы әрекет арқылы жәбірленушінің денсаулығына қиянат жасау және т.б.
Психологиялық зорлық:Сөзбен кемсітушілік, бопсалау, құрбандарға және басқаларға өзіне қатысты зорлыққа қоқанлоқы, жеке заттар мен үй жануарларына қатысты зорлық арқылы қорқыту; аңду; жәбірленушінің қызметін бақылау; жәбірленушінің араласатын ортасын бақылау; зәбірленушінің әр түрлі орындарын (әлеуметтік және медициналық көмегін, жолкөлігін, достарымен араласуын, білім алуын, жұмысын және т.б.) бақылау.
Эмоциялық зорлық: жәбірленушіні өзін кемсітетін әрекеттерге күшпен көндіру, жәбірленушінің күн тәртібіне бақылау жасап отыру т.б.
Экономикалық зорлық: Балаларды қамтамасыз етуден бас тарту; табысты; отбасылық қаражатты оң- солды жұмсау, көптеген қаражаттық шешімдерді өз бетімен қабылдау ( азық – түлік алуда балалардың қажеттіліктері есептелмейді).
Балалар еңбегін қанау:күшпен жұмыс істету, құлдық, қорқытып алу, қайыршылық.
Алдын алу шаралары: «Буллингтен қорған». 1-11 сынып
Мектебімізде жас жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың белең алған түрі буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп директорының, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, мектептегі педагог-психологтардың қатысуымен жоғары сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті.
Мақсаты:
-
Қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын болдырмау;
-
Буллингке ұшырамау, одан шығу жолдары туралы түсінік беру.
Түсіндірме жұмыстары барысында буллинг және кибербуллинг не екенін тереңірек түсіндіріліп, кең мәлімет берілді.“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы”, – дейді әл – Фараби. Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле», – деген екен Платон. Бұрынғы ата-бабаларымыздың заманындағы білім саласы төмен болған дейміз. Десек те ұрпақ тәрбиесіне келгенде оларды көреген, тәжірибелі десек қателеспейміз.
Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.
шешуге болады, нәтижесінде жастар мен балалардың өмір сапасы артады.
Буллинг профилактикасын жүргізу бойынша әдістемелік семинар
Оқушыларға арнайы буллинг және кибербуллингтен сақтану туралы әдістемелік семинар өткізілді.
Мақсаты:
-
"Буллинг"сөзінің мағынасын ашу, таныту;
-
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу,интернет желісі арқылы келетін қауіп-қатерден сақтану шараларын меңгерту;
-
Оқушыларды сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу;
Балалар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Жасөспірім кезеңінде орын алатын буллингтің түрлері және оның шығу себептері жайлы таныстыру және түсіндіру болып өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар берілген тақырып бойынша өздерінің ойларын білдіріп, пікір алмасты.
Әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингтің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізіп жатыр. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. Әсіресе, соңғысы балалардың өз ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына әсер ететіндігі жөнінде түсіндірілді.
Хаттама №
26.10.2024ж. Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысқаны:276
Күн тәртібінде:
-
Интернет жүйесінде (сайттар, ватсап, вк т.б.) балалардың психикасына кері әсерін тигізетін онлайн ойындардың, топтардың алдын алу мақсатында оқушыларды ата-аналары және мұғалімдер тарапынан үй жағдайында, т.б. уақыттарда қатаң бақылау қолға алынсын.
-
Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу;
-
Кәмелетке толмағандар арасындағы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі бағытындағы заң бұзушылықтарға жол бермеу.Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда «111» байланыс телефоны жұмыс жасайтындығын хабарлау.
Тыңдалды:
1. Халым Толеуиш– мектеп директоры:
Бірінші мәселе бойынша, сіздерге интернет жүйесінде (сайттар, ватсап, вк т.б.) балалардың психикасына кері әсерін тигізетін, оларды келеңсіз жағдайларға апарып соқтыратын онлайн ойындар, топтар бар екендігін хабарлай отырып, сіздерден оқушыларды үй жағдайында т.б. уақыттарда қатаң бақылауды ескертеміз.Себебі,соңғы ақпараттарға сәйкес, әлеуметтік желілерде жастарды психологиялық күйзелістерге ұшырататын фактілер орын алып отыр.Оқушылар арасында әлеуметтік желілердегі ойындардың кең таралуына байланысты мектептегі тәрбие жұмыстарын күшейттік.Күні кеше мектеп директорының орынбасарларын, психологтарды жинап, жұмыстың қандай бағыттарына көбірек көңіл бөлу жайын талқыладық.Әлеуметтік желілердегі бала өміріне қауіп төндіретін қайсыбір ойындардың көбеюі бізді ерекше алаңдатып отыр. Бұл жайт сіздерді де бейжай қалдырмайды деген ойдамын.Сондықтан, ата-аналар сіздер болып, біздер болып балаларымыздың болашағын ойлап, қазіргі заманның қиындығын ойлап біріккен мақсатпен жұмыс жасауға шақырамын.
Екінші мәселе бойынша, қазіргі таңда буллингтің алдын-алу мәселесі үлкен маңызға ие және көптеген себептерге байланысты кеңінен қамтуға лайық. Біріншіден, агрессивті мінез-құлықтың бұл түрі жасөспірімдердің психикасын терең жарақаттайды. Екіншіден, экономикалық тұрақсыздық, кедейлік, біздің күнделікті өміріміздегі агрессияның, стрестің көптігінен буллингтің жасөспірімдер арасында таралуы артып отыр.
Үшінші мәселе бойынша, қазіргі таңда өмірге көз - қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруіде ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты.
2. Хуанар Д.– мектеп психологы
Бірінші мәселе бойынша, біріншіден қазіргі таңда белең алып отырған өзекті мәселе жастардың көп уақыты ұялы телефон мен әлеуметтік желіні көп пайдалануында болып отыр. Ұялы телефонда көптеген ойындар, жастарды еліктірер түрлі уағыздар, және басқа да сайттар бар.Жасөспірім кезеңде жастар өте еліктегіш келеді.Соны пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы үлкендер тарапынан арандатушылық пиғылмен жасалатын үгіт жұмыстары көптеп кездесіп отыр. Балаларымыз не істеп жүр, кіммен араласып жүр, ұялы телефонды қандай мақсатқа қолданып жүргенін, үнемі қадағалап, бақылауда ұстайық құрметті ата-аналар. Осы жас кезеңінде балаларымыз өте еліктегіш, сенгіш келеді. Ақ пен қараны, жақсы мен жаманды танытуға, дұрыс бағыт-бағдар беруге сіздер бар, біздер бар екі жақтап жұмыс жасауға шақырамын.
Екінші мәселе бойынша, сіздің балаңыз басқалардан зәбір көрмесе, бұл оның буллингке еш қатысы жоқ деген сөз емес. Егер сыныбында аталған мәселе орын алатын болса, онда барлық оқушы дерлік қатысушы болып табылады. Өйткені, арнайы ұйымдастырылатын бұл әрекетте сыныптың әр оқушысы дәл театр қойылымындағы секілді белгілі бір «кейіпкер» болады. Тіпті, ата-ана мен мұғалім де «қатысушы» саналуы әбден мүмкін.
Құрбан – көбіне физикалық және
эмоционалды әлсіз, сырт бейнесінде басқалардан оқшаулап тұратын
өзгешелігі бар (көзілдірік, брекет тағатын, дене тұрқы тым ұзын не
тым қысқа, т.с.с.), тым жақсы оқитын немесе тым белсенді,
мұғалімдердің «сүйіктісіне» айналған, жаңадан ауысып келген балалар
тап болып жатады. Алайда мұнда белгілі бір заңдылық жоқ, кез-келген
бала буллингке тап болуы мүмкін.
3.
Махаббат
Кырмызы– мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Бірінші мәселе бойынша, қазіргі таңда орын алып отырған ең үлкен мәселенің бірі бұл, біздің жастарымыздың өміріне қауіп төндіріп отырған әлеуметтік желілер көптігі болып отыр.Ол әлеуметтік желілердің пайдасынан зияны көп. Oл сайттар басында ойын сияқты балаларды өздеріне тартып, кейін суицид туралы түрлі видеолар мен фотосуреттер таратып, балаларды өз ырықтарына көндіріп, кейін өз-өздеріне қол жұмсауға итермелейді, оған көнбеген жағдайда, «отбасыңды, ата-анаңды қорлаймыз», -деп, жалған үрей туғызады. Жасөспірім амалсыз өзіне қол жұмсауға мәжбүр болып, аяғы өкінішті жағдаймен аяқталуы мүмкіндігін қаперіңізге сала отырып, бала өмірінің қауіпсіздігін үнемі, әр уақытта, күнделікті назардан тыс қалдырмауыңызды ескертеміз!
Екінші мәселе
бойынша, статистикаға сенсек,
Қазақстанда 11-15 жас аралығындағы әр бесінші оқушы қатарластарынан
қысым (буллинг) көреді екен. Бұл мәселе тек осы жастағы балаларға
қатысты деген сөз емес. Буллинг балабақшада да, бастауыш сыныпта да,
жоғары сынып, тіпті жоғары оқу орындарында да бар. Жаңалықтардан
қатарластарынан қысым көрген, сыныптастарының сынына ұшыраған,
жолдастарынан жәбір көрген, өз-өзіне қол жұмсамақ болған және
жұмсаған оқушылардың жантүршігерлік оқиғаларын жиі еститініміз
осының дәлелі. Әрине, балалардың арасында конфликт болмай тұрмайды.
Сондықтан, кез келген жағдайда «бұл – буллинг» деп атой салмай, ара
жігін ажырата білген дұрыс.
Үшінші мәселе бойынша,
жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген
тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де
байланысты.
Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататының да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдерді қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Балаларды қатыгездіктен, зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі алаңдатушылық туғызып отыр. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жастардың арасында қатыгездікті, зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында көптеген алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сіздерді, егер осындай төтенше жағдайлар орын алған жағдайда «111» байланыс телефонына шұғыл түрде хабар берулеріңізді сұраймыз.
Шығып сөйлеушілер:
1. Ата-ана: Буллингті
болдырмау үшін ата-ана балаларына адамдармен
дұрыс қарым-қатынас құру, қысым көрген адамды қолдау, өзгелерді
құрметтеу үлгісін көрсетуге тиіс. Баламен ашық және жиі сөйлесіп
тұруы қажет. Бала ата-анасына барлық тақырыпта ойын еркін айта
алатындай, өзін тыңдайтынын, түсінетінін білетіндей сенімді қатынас
орнату қажет. Мектепте пәндердің қалай өткенін, дене шынықтыруда
қандай жаттығулар жасағанын, қатарластарымен қарым-қатынасының
қандай екенін, интернетте не істейтінін неге көңіл-күйі жоқ екенін,
сұраған жөн. Сол сияқты буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен
жағдайда бала қатарластары туралы айтатын болады. Бала сіз
тарапынан психологиялық және эмоционалдық қолдауды әрдайым сезінуі
тиіс. Ал мұғалімдер буллинг орын алмауы үшін сынып сағаттары мен
ашық сабақтар арқылы түсіндірме жұмыстарын өткізуі керек.
Балалардың арасында әлімжеттік жасау, ауыр сөздермен намысқа тию
жағдайларын байқаса, дереу оған тоқтау салуға міндетті.
Ата-аналармен тығыз байланыста болу, оларды да осы тақырыптағы
іс-шараларға қатысуға шақыру да жақсы
шешім.
2. Ата-аналар комитетінің төрайымы: Қазіргі күні жасөспірімдер арасында буллинг белең алып бара жатыр. Жоғарыда айтқанымдай, жақтастары бір топқа жиналып алып, белгілі бір балаға мықты екендерін көрсеткісі келіп, түрлі әрекетке баруы мүмкін. Мысалы, зорлық-зомбылыққа жол беріп, ұруы мүмкін. Бұған әрине жол бермеу керек. Түсіндіру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Оның заңсыз екенін айтып, балалар арасында ағартушылық іс-шараларын жиі өткізу керек. Яғни болған жағдайдың салдарымен күреспей, оның алдын алып, ондай жағдайлардың болдырмау жолдарын іздеу керек. Оқушы мұндай әрекеттердің бұрыс екенін түсінуі тиіс. Сол себепті зорлық-зомбылықтың соңы неге апаратынын ағартушылық жұмыстары арқылы түсіндіру қажет
Педагог осы жағдайдағы сезімін жақсы түсінетінін білдіру. Сонда оқушы өзін жалғыз сезінбейді, қолдау мен көмек алатынына көз жеткізу. Өзін бағалауының көтерілуін қажет етеді. Сен болған оқиғаны айтып нағыз батырлық жасадың” оның батырлығын бағалаңыз.
Жиналыс қаулы етеді:
-
Интернет жүйесінде (сайттар, ватсап, вк т.б.) балалардың психикасына кері әсерін тигізетін онлайн ойындардың, топтардың алдын алу мақсатында оқушыларды ата-аналары және мұғалімдер тарапынан үй жағдайында, т.б. уақыттарда қатаң бақылау қолға алынсын.
-
Оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында ата-аналар мектеппен тығыз байланыста бола отырып, балаларға дұрыс тәрбие беру жауапкершілігі күшейтілсін.
-
Кәмелетке толмағандар арасындағы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі бағытындағы заң бұзушылықтарға жол берілмеу жұмыстары қолға алынсын..
Жиналыс төрағасы: Халым Толеуиш
Жиналыс хатшысы: Махаббат Кырмызы
Анықтама
Мектебiмiзде зорлық-зомбылықтың алдын-алуда
буллинг мәcелеciмен талаптарға cай жұмыcтар жүргiзiлуде (cоның
iшiнде буллинг балалармен және буллинг құрбандарымен) Буллинг
(bullying) – ағылшын тiлiнен аударғанда, қорлау, қудалау,
мазалаудегендi бiлдiредi. Адам үйде, мектепте, автобуcта немеcе
интернетте, жалпы айтатын болcақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы
мүмкiн. Бұл кез келген адамның баcында болатын
жағдай.
Буллинг әр түрлi мағынаны бiлдiруi
мүмкiн. Ол:
-
адамды мазақтау, қорлау, cоқтығыcу
-
оның ақшаcын не баcқа заттарын тартып алу, оларды бүлдiру
-
cол жайында өcек тарату
-
оны елемеу немеcе жекелету
-
ренжiтетiн, жаман әзiл айтып, баcқа адамдардың алдында ыңғайcыз жағдайға қою
-
ұрып-cоғу, тепкiлеу, итеру немеcе баcқаша зақым келтiру
-
қоқан-лоқы көрcету немеcе қорқыту
Буллинг онлайн немеcе телефон арқылы жүзеге
аcырылуы мүмкiн. Олардың қатарына ренiштi хабарламалар мен
cуреттер, зұлым мiнеп-cынаулар жiберу жатады. Бұлардың барлығы
кибербуллинг деп аталады.
5-11 сыныптар
оқушылары арасында Буллинг және Кибербуллинг тақырыбында түсіндіру
жұмыстары жүргізілді.Түсіндіру жұмыстары кезінде оқушыларға
психологтар тарапынаан әртүрлі ситуацияллық сұрақтар
тақырыпқа байланысты берілді.Оқушылармен бірге бірлесе отырып
ситуациялық сұрақтарды ортаға сала отырып талдадық.Сонымен қатар
ситтуациялық сұрақтарға байланысты оқушылармен ситуацияны анықтау
мақсатындар рөлдік ойындар
жүргізілді.
Түсіндіру
жұмыстарының соңында оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарға
жауап алды.
Зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу
Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу» мақсатында ағартушылық жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:
-
«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;
-
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;
-
Сыныптар ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
-
Оқушылар арасындағы бұзақылық, яғни буллинг жағдайлардың алдын- ала отырып эмпатия қабілетінің дамуына байланысты жанжалды жағдайларда конструктивті мінез-құлық дағдыларын және топаралық қарым - қатынастарын дамыту.
Жиын барысында «Komek Stop Bulling» «БУЛЛИНГТІ БІРГЕ ТОҚТАТАЙЫҚ!» жобасы, QR –коды жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Komek Stop Bulling» жобасы аясында оқушылар көрсетілген QR –код арқылы жасырын, еркін түрде буллингке байланысты өз эмоциясын, қорқынышын айта алады. «Komek Stop Bulling» жобасының мақсаты: жасөспірімдердің арасындағы зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу, дер кезінде психөологиялық көмек беру болып табылады.
Оқушыларға телефон камерасы арқылы QR –кодты сканерлеп, сілтемеге өтіп, өзіңді алаңдатып жүрген мәселелерді еркін әрі жасырын түрде жеткізе алатыны және сол мезетте сенің берген ақпаратың мектеп директорының, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының және мектеп психологтарының мессенджерлеріне келіп тұратындығы айтылды.
Бұл бағдарлама арқылы буллингтің алдын алуға, буллингке ұшыраған оқушыны қолдауға, жалпы мамандардың кеңесін алуға көмектеседі.
Оқушыларға жалғыз емес екені және әрқашанда көмек көрсетілетіні түсіндірілді.
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарын аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, әлеуметтік сайттардың тек маңыздылығына қарай қолдану қажеттілігі аясында оқушылар өзара пікір алмасты.
Кибербуллинг дегеніміз – біреуді цифрлық технологиялардың көмегімен қудалау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформалары мен ұялы телефондарда орын ала алады.
Бұл – қудалау нысанына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралауды көздейтін мақсатты мінез-құлық үлгісі.
Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31180 болып тіркелді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа
редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) №
186 бұйрығымен.
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
|
Қазақстан Республикасының |
Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі қызметтің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту
министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) №
186 бұйрығымен.
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);
2) әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;
3) әлеуметтік бейімделу – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
4) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР
Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми жарияланғаннан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) №
186 бұйрығымен.
2-тарау. Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасын жүргізу тәртібі
3. Білім беру ұйымының әкімшілігі баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және алдын алу жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді, баланы жәбірлеуге (буллингке) нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру ортасында жағдай жасайды.
4. Білім беру ұйымының басшысы баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мақсатында жыл сайын оқу жылының басында баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі жоспарды (бұдан әрі – жоспар) бекітеді. Жоспарға мерзімдер, аяқтау нысандары, жауапты тұлғалар және келесі іс-шаралар кіреді:
1) тоқсанына кемінде 1 (бір) рет білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, баланың заңды өкілдерінің жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу мәселелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мүдделеріне қайшы келмейтін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (әңгімелер, құқықтық жалпыға бірдей оқыту, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары, сабақтан тыс іс-шаралар және басқалар) жүргізу арқылы хабардар болуын арттыру;
2) оқыту семинарларына (вебинарларға), семинар-тренингтерге, шеберлік сыныптарына, коучингтерге, конференцияларға, форумдарға, панельдік пікірталастарға қатысу арқылы педагогтердің оқу-тәрбие жұмысындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру;
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, баланың заңды өкілдерін баланы жәбірлеуге (буллингке) жол берілмейтіндігі туралы (жазбаша және (немесе) ауызша түрінде) хабардар ету;
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты жәбірлеу (буллинг) белгілеріне ол анықталған жағдайда дереу ден қою;
5) "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 4-қосымшадағы нысанға сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) педагог-психологтің консультациясын есепке алу журналына тіркей отырып, педагог-психологтармен, әлеуметтік педагогтармен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін сақтау, оларды оқыту, тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз болу үшін ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан тәрбие процесі мен білім беру ортасының жағдайларына мониторинг жүргізу;
7) білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мен болдырмау мәселесін ата-аналар комитетін тарта отырып, білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының отырыстарында қарау.
5. Білім беру ұйымы әкімшілігінің келісімі бойынша баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша жұмысқа ата-аналар қоғамдастығының, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қызметі білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғауға қайшы келмейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылады.
6. Мыналар бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпаратты жібереді:
1) 4-тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшалар бойынша білім беру ұйымдары директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары беру ұйымының басшысына;
2) 4-тармақтың 2), 6) және 7) тармақшалары бойынша білім беру ұйымының әкімшілігі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның білім басқармаларына (облыстық маңызы бар қала) (бұдан әрі – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган).
3-тарау. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау және баланы жәбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау және оларға ден қою тәртібі
7. Баланы жәбірлеу (буллинг) фактісі туралы ақпарат білім саласындағы жергілікті атқарушы органға не білім беру ұйымына келіп түскен жағдайда жауапты тұлға ақпаратты баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты есепке алу журналында тіркейді.
8. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы келіп түскен ақпарат 1 (бір) күн ішінде білім саласындағы жергілікті атқарушы органның басшысына жеткізіледі.
9. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат білім беру ұйымына келіп түскен жағдайда білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
1) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушылар туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бастапқы ақпаратты қалыптастырады, оған мыналар кіреді:
баланың (отбасы мүшелерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
тұрғылықты жері;
оқу орны бойынша баланың жалпы сипаттамасы;
сынып жетекшісінің, куратордың, баланы (педагогты) жәбірлеуге (буллингке) қатысушылардың және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жазбаша түсіндірмесі.
2) ақпарат келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде сынып жетекшіні, педагог-психологты тарта отырып, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баламен, жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысымен/бастаушысымен және олардың заңды өкілдерімен әңгімелесу жүргізеді;
3) баланы жәбірлеумен (буллингке) байланысты жанжалды бейбіт жолмен реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
4) медициналық көрсеткіштер болған жағдайда медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдеседі;
5) әңгімелесу өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының басшысына береді.
10. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ақпарат түскен кезде:
1) 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен ақпаратты Қазақстан Респуликасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеуді жүргізеді;
2) жиналған деректер негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде баланы жәбірлеуді (буллингті) тану немесе танымау туралы шешім қабылдайды;
3) жәбірлеуді (буллингті) тану туралы шешім қабылдаған жеғдайда:
баланың заңды өкілдерімен келісім бойынша жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанды әлеуметтік оңалту және кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын әлеуметтік бейімдеу туралы шешім қабылдайды;
1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғары тұрған білім беру органына хабарлайды;
2 (екі) күннен кешіктірмей қабылданған шешім туралы ақпаратты және бала туралы деректерді оның оқу орны бойынша білім беру ұйымына береді;
4) баланың заңды өкілдерінің, жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысының/бастаушысының және жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баланың келісімімен медиаторды тарту арқылы баланы жәбірлеуге (буллингке) байланысты инцидентті реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жойылған жағдайда оны жәбірлеудің (буллингтің) тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.
11. Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраның заңды өкілдері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның шешімімен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес шағым жасайды.
12. Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанды әлеуметтік оңалту туралы және кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысының/бастаушысының әлеуметтік бейімдеу туралы шешім алғаннан кейін білім беру ұйымы:
1) "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29288 болып тіркелген) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жеке жұмыс жоспарын әзірлеу арқылы жүзеге асырады, оған жәберлеуге (буллингке) ұшыраған баланы әлеуметтік оңалту және жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар кіреді;
2) жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын мектепішілік есепке қоюды жүзеге асырады және оның түзетілуіне мониторинг жүргізеді;
3) баланың мінез-құлқында оң өзгерістер болмаған жағдайда мектепішілік есепке қойылған күннен бастап 6 ай ішінде материалдарды қарау және ұсынымдар шығару үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – КІК) жібереді.
13. КІК баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9123 болып тіркелген).
14. Жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балалар медициналық көмекке жүгінген кезде денсаулық сақтау ұйымы:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысанына сәйкес тіркейді;
2) баланы көзбен шолып тексеруді жүргізеді;
3) медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетеді;
15. Баланы жәбірлеу (буллинг) фактісін анықтаған жағдайда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мыналарға:
1) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға;
2) баланың оқу орны бойынша білім беру ұйымына;
3) ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) дереу жазбаша түрде хабарлайды.
16. Жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен баланың заңды өкілі жүгінген жағдайда ІІО:
1) келіп түскен өтінішті қарайды және әкімшілік не қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған кезде тексеру жүргізеді;
2) мыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қозғауға немесе оны тоқтатуға негіздер болмаған кезде баланы жәбірлеу (қорқыту) туралы хабарламаны мәні бойынша қарау және шешім қабылдау үшін оқиға болған білім беру ұйымына жоғары тұрған органға жібереді;
3) кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына, олардың заңды өкілдеріне жәрдем көрсетеді;
4) кәмелетке толмағанның қатысуымен жәбірлеу (буллинг) фактіні қарау жөніндегі іс-қимылдарды және басқа да іс-шараларды жүргізу үшін оның заңды өкілдері болмаған кезде не олардың қатысуы баланың мүдделеріне қайшы келген кезде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілін, педагогтерді немесе психологтарды тартады.
17. Оқу-тәрбие процесі кезеңінде білім беру ұйымдары педагогтерінің тарапынан балаға (балаларға) қатысты жәбірлеу (буллинг) "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) бекітілген Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес қаралады.

