400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Буллингтен қоған. Тәрбие сағаты, Қауіпсіздік сағаты ҚҰқық

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтен қоған. Тәрбие сағаты, Қауіпсіздік сағаты ҚҰқық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары

«Буллингтен қорған!» «Менің қандай құқығым бар?»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

8 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу

- оқушыларды олардың құқықтары мен міндеттерімен, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерімен таныстыру.

Құндылық :

• Заң және тәртіп

• Бірлік және ынтымақ

6-апта дәйексөзі: «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар




35 мин


































Салеметсіздерме құрметті оқушылар?! –

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.

- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

«Миға шабул»

1. Буллинг деген не?

2. Кибербуллинг деген не?

Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектеп¬те¬рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия¬ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Кез келген адамның кибербуллингке ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.

1-тапсырма (жеке жұмыс)

Жағдаяттарды талдау.

Не істер едің?

2-тапсырма

«Буллинге жол жоқ» көрініс


Оқушылар сәлемдеседі.



Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың?




Жағдаяттарды талдайды

Егер де:
1 оқушысаған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
2 оқушы сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
3 оқушы

әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
4 оқушысені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса


Презентация 1-8














Қауіпсіздік сабағы


10 мин


























































Сабақтың мақсаты: оқушыларды олардың құқықтары мен міндеттерімен, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерімен таныстыру.

Негізгі міндеттер:

  1. Балалар мен жасөспірімдердің негізгі құқықтарын қарастыру.

  2. Құқықтарды қорғаудың қандай тетіктері бар екенін түсіндіру.

  3. Балаларды құқықтары бұзылған жағдайда көмек сұрауға үйрету. Материалдар мен ресурстар:

  • Бала құқықтарының мысалдарымен таныстыру.

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 минутқа дейін)

Баланың қандай құқықтары бар?

Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңы (бұдан әрі – заң мәтіні бойынша) кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындайды, сондай-ақ олардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну тәртібін регламенттейді.

Баланың өмір сүруге, қорғауға, денсаулығын қорғауға, тұрғын үйге, білім алуға, даралық және оны сақтау құқығына, мемлекеттік көмекке құқығы бар. «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы, №15, 16, 16-1, 17, 19, 20, 35, 36, 37, 38, 39-1 баптар.


«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8 тамыздағы № 345 Заңы

15-бап

Баланың білім алу құқығы

16-бап

Баланың еңбек бостандығына құқығы

16-1-бап

Баланың экономикалық қанаудан қорғау құқығы

17-бап

Баланың мемлекеттік көмекке құқығы

19-бап

Баланың демалуға және демалуға құқығы

20-бап

Баланың міндеттері

35-бап

Бала және дін

36-бап

Баланы әлеуметтік ортаның теріс әсерінен қорғау

37-бап

Баланы алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерінің зиянды

әсерінен қорғау

38-бап

Баланы психоактивті заттардан, күшті немесе улы заттардан қорғау

39-1-бап

Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым

салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таралуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-

сауық орындарында болу тәртібін мемлекеттік бақылау


Сонымен қатар, баланың негізгі құқықтары бойынша құқықтар анықталған:

    • отбасында өмір сүру және тәрбиелеу;

    • оның ата-анасы кім екенін білу;

    • ата-аналардың тәрбиесіне, ал олар болмаған немесе ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда-қорғаншының, қамқоршының немесе балалар мекемесінің тәрбиесіне;

    • жан-жақты даму;

    • адамның қадір қасиетін құрметтеу;

    • ата-анасымен, әжесімен, атасымен, ағаларымен, әпкелерімен және басқа туыстарымен қарым-қатынас жасау;

    • өз пікірін білдіруге арналған өтініш;

    • тегі, аты, әкесінің атын алуға арналған құжат.

Балалардың құқықтарын қорғау ұйымдарының байланыстары бар үлестірме материалдар.

  1. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

Зерттеу (шығармашылық зертханадағы жұмыс)

Білім алушыларға қажетті ақпаратты зерделеу және іріктеу қажет. ҚР Конституциясының баптарын зерделеу кезінде әрбір топ өз бөлімін келесі кестеде толтырады:


Азаматтық құқық

Саяси құқық

Әлеуметтік- экономикалық құқық

Мәдени құқық










- Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы талқылау.

  • Негізгі құқықтардың мысалы (білім алу құқығы, медициналық көмек, қауіпсіздік және т.б.).

  • Құқықтар бұзылған жағдайда не істеу керектігін талқылау.

  • Балалардың құқықтарын қорғайтын ұйымдардың мысалдары (Бала құқықтары жөніндегі комитет, ювеналды полиция, балалар омбудсмендері).

  1. Қорытынды

  • Сабақты қорытындылау.

  • Өз құқықтарыңызды қорғау бойынша кеңестер және көмекке қайда жүгіну керек (жадынамада).

Пайдалы сілтемелер:

https://drive.google.com/file/d/1wmwTmpH3kzXagil-u_QHoy6a-GAs3lAh/view https://youtu.be/nuFxGnJUWGc?si=VrnUmbx2IXXfcY2S


























































https://drive.google.com/file/d/1wmwTmpH3kzXagil-u_QHoy6a-GAs3lAh/view https://youtu.be/nuFxGnJUWGc?si=VrnUmbx2IXXfcY2S






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі