Буллингтен қорған

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Буллингтен қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
• Оқушыларға буллингтің (қудалау, қорлау) не екенін түсіндіру. • Буллингтің оқушының психологиясына, денсаулығына және қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру. • Оқушыларды бір-біріне құрметпен, әділ болуға тәрбиелеу. • Буллингке қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Шәкәрім атындағы №56 мл

Мұғалімнің есімі:


Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

Буллингтен қорған

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға буллингтің (қудалау, қорлау) не екенін түсіндіру.

Буллингтің оқушының психологиясына, денсаулығына және қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру.

Оқушыларды бір-біріне құрметпен, әділ болуға тәрбиелеу.

Буллингке қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Буллингтің анықтамасын беру, оның түрлерін көрсету.

  • Буллингтің себептері мен салдарын талқылау.

  • Оқушыларды буллингке қарсы өзін-өзі қорғау әдістерімен таныстыру.

  • Оқушыларды қарым-қатынаста дұрыс құндылықтарды ұстануға тәрбиелеу.


Қауіпсіздік сабағы 17

«Тамақпен эксперимент жасаудың қауіптілігі »

Күні:

Сынып: 4

Оқушы саны:

Құндылықты дарыту

Құндылық: ҚАҢТАР – ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ

  • Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге

  • құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

Апта дәйексөзі


Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Көрнекіліктер

Слайд, нақыл сөздер, мақалдар, өлеңдер, бейнематериал

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Басталуы

2мин

«Мейірім шеңбері» әдісі

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер мен жылы сөздер айтады. Бұл әдіс балалардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, психологиялық ахуалды көтереді.

Қолданылуы: Әр оқушы басқа оқушыға жақсы тілектер айтып, бірге мейірім шеңберін жасайды.


Сәлемдесу және оқушылардың назарын аудару.

Оқушыларға бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.


Оқушыларға «Буллинг» сөзімен таныстыру және оның мағынасын талдау.

Сұрақ: «Сендер буллинг деген сөзді естідіңдер ме? Оның не екенін білесіңдер ме?»

Түсіндіру: Буллинг — бір немесе бірнеше адамның басқа адамға психологиялық, физикалық немесе әлеуметтік қысым көрсетуі.

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы

20 мин

Буллингтің түрлері:

Физикалық буллинг: ұрып-соғу, итеру, заттарын сындыру.

Психологиялық буллинг: қорлау, мазақтау, кемсіту, үрейлендіру.

Әлеуметтік буллинг: топтан шығару, жалғыз қалдыру, сырт айналу.

Кибербуллинг: интернет арқылы қорқыту, қоқан-лоққы көрсету.

Буллингтің себептері:

  • Әлеуметтік жағдай, өзін өзгелерден төмен не жоғары санау;

  • Эмоционалдық және психологиялық мәселелер;

  • Үлкендерден немесе қоғамнан көрген теріс үлгі.

Буллингтің зияны:

Физикалық зиян: денсаулығына нұқсан келтіру.

Психологиялық зиян: адамның өзін-өзі бағалауына, эмоциялық жағдайына әсер ету. Буллинг құрбыларының кейбірі күйзеліске ұшырайды, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.

Әлеуметтік зиян: қоғамнан алшақтау, достарының болмауы, қорқыныш пен сенімсіздік.

Оқушыларға сұрақтар:

  • «Буллингтен қалай қорғануға болады?»

  • «Егер сен буллинг көрсең немесе куәгер болсаң, не істеу керек?»

Оқушылардың пікірін тыңдау:

Әр оқушыға сөз беріп, өз ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру.

Сабақтың соңы

Бейнеролик көрсету (қажет болса) немесе қысқа әңгіме (мысалы, буллингтен аман қалған бір адамның оқиғасы туралы).

Мақал-мәтелдер арқылы буллингтің алдын алу.

Мысалы: «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Жақсылықпен жер көгерер, батамен ел көгерер».

Оқушыларға буллингтің зияны туралы ақпаратты жинақтап, әрқашан бір-біріне қолдау көрсету керектігін түсіндіру.

Әрқашан достық пен сыйластық қарым-қатынасты ұстану маңызды.

Оқушылардан бүгінгі сабақтан қандай ой түйгендерін сұрау.

Сабақ соңында әрбір оқушыға бір-біріне жылы сөздер айтқызып, достыққа шақыру

Қауіпсіздік сабағы

(10 минут)

«Тамақпен эксперимент жасаудың қауіптілігі »

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында салауатты өмір салты
негіздерінің құрамдас бөлігі, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығынадұрыс қарауға дағдыландыру.

Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау
Мақалдардың адасқан бөліктерін тауып, толық құрастыр.
Олардың мағынасын түсіндір.


- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда не туралы айтылады?
- Денсаулық және оны сақтау туралы.
3.Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
«Пайдалы және онша пайдалы емес тағамдар» ойыны
- Мен тағам түрін атаймын, егер ол пайдалы болса, шапалақтаймыз, ал
пайдалы болмаса, жұдырығымызды түйеміз.
Қолданылатын сөздер: алма, торт, қияр, балық, тәтті, сәбіз, ірімшік, зефир,
чупа-чупс, мармелад, сыр, бұрыш, сүт, бал. Әңгіме не туралы болады?
4.Сабақтың негізгі бөлімі



Тақтадан не көріп тұрсыздар?

- Иә, бұл тамақтандыру фирмаларының логотиптері. Сіздер олар туралы
білесіздер ме, олардың өнімдерін жеп көрдіңіздер ме? Ұнай ма? Оларды қандай
тағам түріне жатқызуға болады? (пайдалы, не зиянды тағам).



кесте

6. Қорытын-ды. Рефлексия:

Мен білемін …
Мен ешқашан жасамаймын …
Мен енді әр уақытта біліп жүремін …
Пайдалы сілтемелер:
https://youtu.be/jYGQOcCA2JM?si=sVmJrYSo6iKba6mg
https://youtu.be/FgLou94O9RQ?si=gAgjLQwPYw65mIfI

бейнежазба



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2025
303
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі