Материалдар / "Буллингтен қорған" қмж, сынып сағаты, тәрбие сағаты

"Буллингтен қорған" қмж, сынып сағаты, тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Буллингтен қорған" қмж, сынып сағаты, тәрбие сағаты
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспары

Педагогтың аты-жөні

Дуйсенова Г.У.

Күні

09.12.2024ж.

Сыныбы:

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сынып сағаты тақырыбы:

«Буллинген қорған!»

Құндылық:

Бірлік және ынтымақ айы

Сабақтың мақсаты:

Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу.

Сабақтың міндеттері:


Буллинг анықтамасымен және оған тән белгілерімен танысу. Буллинг түрлерін ажырата білу.

Сабақтың жабдықтары

Интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақтар, маркер, фломастер, бейнеролик, «Шам» әдісі, ребус, «Менің бейнем», «Қорқынышты-әдемі сурет» ойыны, т.б. көрнекіліктер


Сабақтың дәйек сөздері

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлау үшін тірлік керек

Төле би


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут


Оқушылармен амандасу.

Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Кімде бар?» тренинг-ойынын ойнатамын. Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім айтқан затты бір-бірінен іздеп табады.

Оқушыларды “Шам” әдісі арқылы топқа бөлу.

Миға шабуыл. Ребус

- Ребус жауабы қандай?

- Буллингтің қандай түрлерін білеміз?





Мұғаліммен амандасады, тренинг-ойынға қатысады.


Топқа бөлінеді.







Ребус шешу арқылы тақырыпты ашады.










Интерактивті тақта






Үлестірмелі парақтар, шам.






Ребус


Сабақтың ортасы


30 минут

ІІ. Топтық жұмыс

1-топ: Буллинг - бұл бір адам немесе топтың басқа адамды қорлауы, ренжітуі немесе қауіп төндіруі. Бұл қайталап жасалатын әрекеттер болуы мүмкін және қудалау, зорлық-зомбылық, қорқыту немесе жек көру түрінде көрінуі мүмкін.

  1. Физикалық. Денеге тигізу, тебу, ұру, итеру, қорқыту, заттарды лақтыру.

  2. Психологиялық. Сөзбен қорлау, кемсіту, қорқыту, мазақ ету, сыбырлау, қатынастан бас тарту.

  3. Цифрлық. Әлеуметтік желілерде, SMS хабарламаларында немесе электронды поштада зорлық- зомбылық, қорқыту, кемсіту.

  4. Әлеуметтік. Қоғамнан оқшаулау, дос болмау, қоғамнан шеттету, топтан шығару

2-топ: Буллингтің түрлері. Буллинг әртүрлі формада болады, және оның бірнеше түрі бар. Олардың барлығы зиянды және осы әрекеттердің салдарын ескеру маңызды. Физикалық буллинг. Денеге тигізу, тебу, ұру, итеру, қорқыту, заттарды лақтыру. Физикалық буллинг көбінесе ауыр жарақаттар мен психологиялық зардаптарға әкеледі.

Психологиялық буллинг. Сөзбен қорлау, кемсіту, қорқыту, мазақ ету, сыбырлау, қатынастан бас тарту. Психологиялық буллинг эмоционалдық ауыртпалық, тәуелсіздіктің жоғалуы, өзіне сенімсіздікке әкелуі мүмкін.

Цифрлық буллинг. Әлеуметтік желілерде, SMS хабарламаларында немесе электронды поштада зорлық- зомбылық, қорқыту, кемсіту. Цифрлық буллинг төмендету, қорқыту және ұятқа қалдыру әрекеттерін жүзеге асыруды жеңілдетеді.

3-топ: Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.

Заңмен қорқыту

Заңды буллингке адамды бақылауда ұстау немесе жазалау үшін сот құралдарын қолдану кіреді. Қорқытудың мұндай түрін жасайтындар көбіне ұзаққа созылатын сот процестерінің басталуына себеп болады. Осылайша буллинг жасаушы құрбанды өзіне бағынышты қылуға, қорқытып-үркітіп отыруға тырысады.


«Жеке қауіпсіздік» сабағы

ҚИЫН КЕЗЕҢДЕРДЕГІ ДОСТЫҚ: ЖАНЖАЛДА ДОСЫҢЫЗҒА ҚАЛАЙ ҚАУІПСІЗ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ

https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=H7eTrJ2yuPe8MSHX


ІІІ. «Қорқынышты-керемет сурет» ойыны.
Қатысушыларға бір парақ қағаз бен бір фломастерден таратылады. Алдымен «керемет сурет» салу тапсырылады. Содан соң оң жағындағы оқушыға беріп осы бейнені 30 секундта «қорқынышты суретке» айналдыру тапсырылады. Ал келесі орындаушы мұны «керемет» суретке айналдырады. Шеңберді айналып, сурет иесіне қайтып келеді де, жаттығу талқыланады.







Оқушылар топпен тақырыпты талқылап, кластер, постер қорғайды





























































Жеке қауіпсіздік сабағымен танысады.




Ойынға қатысады.















Үлестірмелі парақтар, маркер, фломастер.



































































Бейнеролик





Сурет салуға арналған парақтар, фломастер, маркер.

Сабақтың соңы


10 минут

Кері байланыс.

«Менің бейнем»

Оқушылар сабақтан алған әсерін көңіл күйін өздері салып, тақтайшасына кері байланыс жазады.



Оқушылар бүгінгі сынып сағатына байланысты кері байланысын қағаз бетіне жазады, сабақтан алған әсерлерін көңіл-күйлерін суреттеп салады.

Үлестірмелі парақтар






Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі