Материалдар / "Буллингтен қорған!" тәрбие сағаты, сынып сағаты

"Буллингтен қорған!" тәрбие сағаты, сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Буллингтен қорған!" тақырыбында сынып сағаты қмж тәрбие сағаты
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспары

Педагогтың аты-жөні

Абай И.М.

Күні

16.09.2024ж.

Сыныбы:

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сынып сағаты тақырыбы:

«Буллингтен қорған!»

Құндылық:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Сабақтың мақсаты:

Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:


  1. «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;

  2. Дөрекілік, өктемдік танытатын адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйренеді;

  3. Біреуді мазақтауға, қорлауға, намысына тиюге жол бермейді.

  4. Сынып арасында бір-бірін қолдай білуге, сыйластық танытуға үйренеді


Сабақтың жабдықтары

Интерактивті тақта, компьютер, презентация, үлестірмелі парақтар, маркер, фломастер, жаднама парақтары, т.б. көрнекіліктер


Сабақтың дәйек сөздері

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек Мұхтар Әуезов


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут


Оқушылармен амандасу.

Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Миға шабуыл

  • Буллинг дегеніміз не?

https://www.youtube.com/watch?v=l5OsvTnwLN4

(бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар)

  • Бұл бейнеролик не туралы?

  • Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

  • Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

  • Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

  • Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.


Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.



Оқушылар бейнеролик тамашалап, сұрақтарға жауап береді.




Интерактивті тақта, компьютер, презентация.








Интерактивті тақта, компьютер, презентация, бейнеролик

Сабақтың ортасы


30 минут

ІІ. Топтық жұмыс

Балалар оқиды, талқылайды.1-топ:

Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:

адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу

оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру

сол жайында өсек тарату

оны елемеу немесе жекелету

ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою

ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру

қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

2-топ:

Расисттік буллинг

Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады.

Таптық буллинг

Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету.

Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг

Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін.

3-топ:

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.




Есіңде болсын!

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады.

Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін,

атап айтқанда:

уайымдау

ұйқының бұзылуы

тәбеттің болмауы

өзі жайлы жаман ойлау

өз-өзіне физикалық зақым келтіру

өлім туралы ойлау

сабақ үлгерімдерінің нашарлауы

ауыру

«маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау

өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану

қорқу

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Батыл болуға үйрен

Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі

және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.

Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді

жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың

келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде

сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.

Құрбыңмен/досыңмен бөліс

Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете

алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың

жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта

алады.

Ересек адамдармен бөліс

Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек

адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-

кеңес бере алады.

Сондай-ақ,111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек

пен қолдау көрсетіледі.

Мұғаліммен бөліс

Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған

кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің

мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар.

Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың


«Жеке қауіпсіздік» сабағы


«ЦИФРЛЫҚ ДИЕТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ: ГАДЖЕТТЕРДЕН ҚЫСҚА УАҚЫТҚА БАС ТАРТУ СІЗГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

https://youtu.be/jWklhxwlxmA?si=3s9JkNCOr7aJQIbk









Оқушылар топпен мәтінді талқылап, кластер, постер қорғайды










































Оқушылар жаднамамен танысады








Үлестірмелі парақтар, маркер, фломастер.















































Жаднама парақтары

Сабақтың соңы


10 минут

Кері байланыс



Оқушылар бүгінгі сынып сағатына байланысты кері байланысын қағаз бетіне өз ойларын жазады.







Үлестірмелі парақтар










Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі