Материалдар / "Буылтық құрттар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Буылтық құрттар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен оқушылар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2019
2122
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ: №45 7-қазақ класс Биология

Тақырыбы: Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Мақсаты: Көпжасушалы жәндіктердің,оның ішінде буылтық құрттар типінің өкілдерінің табиғаттағы,адам өміріндегі маңызымен таныстыру,жаңа білімді игере отырып өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту,табиғатқа ғылыми көзқарасты қалыптастыру,оқушыларды өзара сыйластыққа,ұжымшылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақ әдісі: Лекция, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Электрондық кітап,перфокарта,карточкалар.


Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру бөлімі

І- бағыт «Ой қозғау»

ІІ- бағыт «Іздену»

ІІІ- бағыт «Ой қорыту»

ІV- бағыт «Ой дамыту»

2.Үйге тапсырма,бағалау.

Сабақ барысы:

1. Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгендеу.

2. Сабақ жоспарымен таныстыру.

3. І- бағыт «Ой қозғау» (Жаңа білімді алуға даярлық) /нені білеміз?/

4. Үй тапсырмасын тексеру барысында, оқушыларға сұрақ қою

а)1)Жануарлар дүниесі неше топқа бөлінеді? (2 топқа-біржасушалы жәндіктер-омыртқасыздар)

(көпжасушалы жануарлар-омыртқалы-омыртқасыздар)

2)Біржасушалы жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден айырмашылығы қандай?

(эвглена-өсімдік,кебісше жәндік)

3)Жануарларды жіктеу дегеніміз не? (Бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады)

4) Жануарлар жүйелік тобын атаңдар (жануарлар дүниесі-типі-класы-отряді-тұқымдасы-туысы-түрі)

5) Паразит құрттарды зерттейтін ғылым (гельминтология-грек.«гельминс»-құрт,«логос»-білім)

б) Оқушыларға 4 мини-тест,3 карточка тарату.

в) Үй тапсырмасын тексеру (түсінік сұрау)

ІІ- бағыт «Іздену» (Жаңа білімді меңгеру) /нені білгіміз келеді?/

Бүгінгі тақырыбымыз «Буылтық құрттар типі»

Буылтық құрттар- денесі шұбалшаңқы,үш қабаттан тұратын көпжасушалы жәндіктер.Олардың денесі буылтықтарға бөлінген,соңғы қуысы бар,екіжақты симметриялы болып келеді.Денесі сақша тәрізді буылтықтарғы бөлінгеніктен,бұлар буылтық құрттар типі деп аталған.Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде,тұщы суларда,құрлықта мекендейді.Тип бірнеше кластарға жіктеледі,түрлердің басым бөлігі үш класқа жіктеледі, олар: азқылтанақты құрттар,көпқылтанақты құрттар,сүліктер.

Буылтық құрттарда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі болған.Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта зәр шығару мүшелері бар. Соңғы қуыс- целом (грек.«цейлома»-қуыс,) деп аталады.Целом дегеніміз-көпжасушалы жәндік және жануарлар денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік.Жәндіктер бұлшықеттің көмегімен қозғалады. Дененің біркелкі буылтықтарға бөлінуі-буылтық құрттардың сыртқы құрылысындағы ерекшелік.Сақина тәрізді бұл бунақ жәндіктің сыртында ғана емес,ішкі жағында да айқын көрінеді. Буылтық құрттарды қантарату жүйесі жақсы дамыған.Олардың көпшілігінде қанның түсі қызыл болады.Қан жәндіктің дене қуысына құйылмай,қан тамырлары арқылы ағатындықтан,қан тарату жүйесі-тұйық жүйе.Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бірімен-бірі жалғасқан екі жұп жүйке түйінінен және қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.Құрттардың тіршілік ететін ортасында байланысты сезім мүшелері әр түрлі деңгейде дамиды.Өте сезімтал болғанымен де топырақта тіршілік ететін шұбалшаңның көзі де,қармалауыштары да жоқ.Құрттың жарық сезгіш жасушалары бүкіл денесінде шашыраңқы орналасқан.Су түбінде өмір сүретін және суда еркін жүзетін көпқылтанды құрттарда жақсы жетілген көздері және қармалауыштары болады.Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі-айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы.Мұндай мүшелер құрт денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталынбойлай орналасады.Оны параподия (грек. «пара»-жуық+«подион»-кішкене аяқ,яғни «аяққа ұқсас») дейді.Денеден бұлтиып шыққан,бір буда қылтанақтары бар кішкене өскіндер көпқылтанақтылардың жүруге арналған мүшесі болып табыларды.Бұл құрттардың барлығында бола бермейді. Буылтық өқұрттардың дене құрылысы төмен құрылысты жәндіктерден күрделі екенін байқадық.Бұларда бас,тұлға және соңында аналь тесігі бар.Тұлға буылтықтардан құралады.Бұлар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Азқылтанақты буылтық құрттар-қосжынысты (гермафродит).Теңізде мекендейтін

нереида,құмқазар сияқты көпқылтанды буылтықтар дара жынысты болып келеді.Бұлардың денесінде қылтанақтар көп болғандықтан,көпқылтанақты буылтық құрттар деп аталады.Жыныссыз жолмен көбейгенде біршіктену немесе бөліну арқылы тікелей дамиды.Жынысты жолмен дамығанда түрленіп,ұрықтан дернәсіл пайда болады.Мұндайда ұрықтану аналық денесінен тысқары-суда өтеді.Денесінде кірпікшелері бар дернәсіл пайда болады.Ол трохофора деп аталады.Трофора (грек.«трохос»- доңғалақ+«форос»-алып жүру,яғни доңғалағы немесе дорңғалақтары бар дернәсіл) біраз уақыт судың үстіңгі қабатында өмір сүріп,кейінірек су түбіне шөгеді.Сөйтіп біртіндеп ересек көпқылтанақты буылтық құртқа айналады.Азқылтанақты және көпқылтанақты буылтық құрттар дененің жойылған бөлігін тез қалпына келтіре алады.Олрада регенерация құбылысы едәір жақсы байқалады.Сүлік-буылтық құрттар типіне жататын арнайы клатың өклілі.Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекеті ерекше назар аударады.Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады.Олардың денесінде буылтықтары болады.Қылтанақтары да жоқ.Сүліктер-қосжынысты (гермафродит) жәндіктер.Сүліктер-паразиттік жолмен де, жыртқыштықпен де тіршілік ететін жәндіктер.Олардың негізгі қорегі-әр түрлі су жәндіктері:ұлулар,бунақденелілердің дернәсілдері.Жануарлардың немесе адамның денесіне сорғышымен жабысып,үшкір өсінділерін қадайды да терісін теседі,сүлік өсінділері қадалған жерінен аққан қанды сорады.Халықтық медицинада сүлікті пайдаланады.Сүлікке вена бітелгенде,жүрек бұлшықеттері жансызданғанда ,миға қан құйылғында,емдік мақсатта пайдаланып,адамның қанын сорғызады.


ІІІ-бағыт «Ой қорыту» (Жаңа білімді меңгеруді тексеру) /нені білдік?/

  1. Тип неліктен буылтық құрттар болып аталған ?

  2. Буылтық құрттар қалай көбейіп, дамиді?

  3. Буылтық құрттардың мекен ететін орны, құрылысы, тіршілік әрекеті бойынша

табиғаттағы рөлін қалай түсінуге болады?

ІV-бағыт «Ой дамыту» (Электрондық оқулықпен жұмыс)

5. Үйге тапсырма беру,оқушыларды бағалау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!