МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Буын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2023
202
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Сақталу заңдары

Мектеп: В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебі

Мұғалім: Умаров Олимжон Нуриддинович

Сынып: 11

Күні: 24.11.2022 ж.


қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Дене импульсі және күш импульсі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.3.1 – дене импульсі мен кұш импульсін ажырату

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- дене импульсінің масса мен жылдамдыққа тәуелділігін түсіндіру, күш импульсін қорытып шығару

Оқушылардың басым бөлігі сабақ соңында

- дене импульсі мен күш импульсін бір – бірінен ажырату

Кейбір оқушылар:

- дене импульсі мен күш импульсі формуласын түрлендіріп, есептер шығару. Өмірден мысалдар келтіру

Бағалау критерийі

- дене импульсі масса мен жылдамдық тәуелді екенін түсінеді, күш импульсін қорытып шығарады

- дене импульсі мен күш импульсін бір – бірінен ажыратады

- дене импульсі мен күш импульсі формуласын түрлендіріп, есептер шығарады.Өмірден мысалдар келтіреді

Тілдік мақсаттар

дене импульсі, күш импульсі

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиет

Алдыңғы оқу

Механикалық қозғалыс, Ньютон заңдары

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы

2 минут










Үй тапсырмасын сұрау. 5 минут

Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Тілек айту» әдісі (атының басқы әріпіне байланысты көршісіне тілек айту. Мысалы: Айжан - ақылдысың, Шынар - шыңшылсын)

Топқа бөлу. «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушылар кассадан билеттер алып, 1,2,3,4,5 вагондарға бөлініп отырады.

G:«Гармошка» әдісі бойынша үй тапсырмасы бойынша әр топ 3 сұрақтан жазу тапсырылады. Жазып болған соң топтар бір - бірімен алмасып, жауап береді.

Мысалы: Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

Ньютонның бірінші заңы

Ньютонның екінші заңы


ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушы бірін - бірі бағалайды














Сұрақ дайындау



бағалау парағы

Сабақ ортасы

10 - 25 минут

Сабақтың тақырыбы, мақсаты

D : «Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Бейне көрсетілім көреді және оқулық бойынша мәтін оқыған кезде оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. К: Жіңішке сұрақтар: - Дене импульсі дегеніміз не? Белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі.

- Күш импульсі дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі.

-Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты жаз Жуан сұрақтар:

-Дене импульсінің бағыты қалай анықталады? Себебін түсіндір.

- Күш импульсінің бағыты қалай анықталады? Себебін түсіндір.

-Импульс түріндегі Ньютонның екінші заңын тұжырымдап көрсет

ҚБ. Жұлдызша арқылы бағалау

1.Электрондық оқулық 2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі  3. Физика және астрономия: 9-сынып оқулығы авторлары Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009.


Сұрақтар дайындау





DrawObject1



Сергіту сәті 2 минут

«Кеме» ойыны. Оқушылардың көңіл - күйін ширатып, белсенділігін арттыру. Өзара және оқытушымен қарым - қатынасты нығайту























Сабақтың соңы

0 – 6 минут

G: «Кім жылдам» тәсілі бойынша деңгейлік тапсырма орындау

  1. 17 – жаттығу (1)

6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?

  1. 17 - жаттығу (2)

20 м/с жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғалып келе жатқан массасы 2 кг дене массасы 3 кг денемен соқтығысады да, әрі қарай екеуі бірігіп ϑ жылдамдықпен қозғала бастайды. Сыртқы күштер әрекет етпейді деп есептеңдер. Денелердің соқтығысуға дейінгі, соқтығысудан кейінгі жылдамдықты анықтаңдар.

  1. Массасы 2000 кг поезд түзусызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ – тан 72 км/сағ-қа арттырды. Импульс өзгерісін табыңдар.Күш импульсі неге тең?

  2. Материалдық нүктенің қозғалысы х = 5 – 8t + 4t2 теңдеуімен сипатталынады. Оның массасы 2 кг деп алып, бастапқы уақыттан 2 с және 4 с өткеннен кейінгі импульсті анықтаңдар


І: Қосымша жоғарғы деңгейдегі оқушыға. Массасы 400 г футбол добы пенальти соғылғанда 25 м/с жылдамдықпен қозғалады. Егер доп қақпашының кеудесіне тиіп, кейін қарай сол жылдамдықтың модулімен ыршып түссе, соққы 0,025 с – ке созылады. Егер қақпашы соққыны қолмен қабылдаса, онда 0,04 с ішінде доптың жылдамдығын нөлге дейін төмендетеді. Әр жағдайдағы орташа соққы күшін анықтаңдар.


ҚБ. Жұлдызша арқылы бағалау


І: «Иә, жоқ» әдісі бойынша қойылған сұрақтарға иә, жоқ деп жауап береді.

  • Бала мен үлкен адамның импульсі бірдей болуы мүмкін бе?

  • Күш импульсі 0 – ге тең болуы мүмкін бе?

  • Соқтығысқыанға дейінгі және соқтығысқанннан кейінгі импульстері бірдей бола ма?


ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушы бірін - бірі бағалайды


Кері байланыс. «Соңғы бес минут» әр топтан бір оқушы сабақта не ұққанын айтып береді


Рефлексия

«Бағдаршам» тәсілі түсінгенін білу үшін қолдану. Жасыл түс - барлығы түсінікті, сары түс - әлі де практикада қажет/сұрақтар бар, қызыл түс - түсінген жоқпын


Үйге:§19 оқу 17 - жаттығу (3) Өздерінің күш импульстерінді есептеңдер.


http|bilimland.kz

А.П. Рымкеевич Физика есептер жинағы 52 бет 9 сынып оқулығы авторлары Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009.

Конверт

















DrawObject2





Сұрақ дайындау







Бағалау парағы





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақ мақсатынан басталады, әр тапсырма мен үй тапсырмасы сараланып беріледі

Бас бармақ, бағалау парағы Жұлдызша арқылы бағалау

Соңғы бес минут

Бағдаршам

Психолгиялық ахуал, сергіту сәті, техникалық қауіпсіздік ережесі



Қосымша 1

Физика 9 сынып

Тарауы

Тақырыбы

Сақталу заңдары

Дене импульсі және күш импульсі

Оқу мақсаты

дене импульсі мен кұш импульсін ажырату

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау

Бағалау критерийі

- дене импульсі масса мен жылдамдық тәуелді екенін түсінеді, күш импульсін қорытып шығарады

- дене импульсі мен күш импульсін бір – бірінен ажыратады

- дене импульсі мен күш импульсі формуласын түрлендіріп, есептер шығарады.. Өмірден мысалдар келтіреді

Тапсырма. А1, А2

  1. 6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?

  2. 17 - жаттығу (2)

20 м/с жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғалып келе жатқан массасы 2 кг дене массасы 3 кг денемен соқтығысады да, әрі қарай екеуі бірігіп ϑ жылдамдықпен қозғала бастайды. Сыртқы күштер әрекет етпейді деп есептеңдер. Денелердің соқтығысуға дейінгі, соқтығысудан кейінгі жылдамдықты анықтаңдар.


Бағалау критерийі

дескриптор

- дене импульсі масса мен жылдамдық тәуелді екенін түсінеді

- дене импульсі масса мен жылдамдыққа тәуелді екенін түсінді

- есеп шығаруда формуласын қолданды

Тапсырма. А3

Массасы 2000 кг поезд түзусызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ – тан 72 км/сағ-қа арттырды. Импульс өзгерісін табыңдар.Күш импульсі неге тең?


Бағалау критерийі

дескриптор

- дене импульсі мен күш импульсін бір – бірінен ажыратады,күш импульсін қорытып шығарады

- дене импульсі мен күш импульсін формуласын қорытып шығарды

- дене импульсі мен күш импульсін бір – бірінен ажыратты

- есеп шығаруда формуласын қолданды

Тапсырма. А4

Материалдық нүктенің қозғалысы х = 5 – 8t + 4t2 теңдеуімен сипатталынады. Оның массасы 2 кг деп алып, бастапқы уақыттан 2 с және 4 с өткеннен кейінгі импульсті анықтаңдар


Бағалау критерийі

дескриптор

- дене импульсі мен күш импульсі формуласын түрлендіріп, есептер шығарады.. Өмірден мысалдар келтіреді

- дене импульсі мен күш импульсі формуласын түрлендіріп, есептер шығарды. - Өмірден мысалдар келтірді

Тапсырма. А5 (қосымша)

Массасы 400 г футбол добы пенальти соғылғанда 25 м/с жылдамдықпен қозғалады. Егер доп қақпашының кеудесіне тиіп, кейін қарай сол жылдамдықтың модулімен ыршып түссе, соққы 0,025 с – ке созылады. Егер қақпашы соққыны қолмен қабылдаса, онда 0,04 с ішінде доптың жылдамдығын нөлге дейін төмендетеді. Әр жағдайдағы орташа соққы күшін анықтаңдар


Бағалау критерийі

дескриптор

- дене импульсі мен күш импульсі формуласын түрлендіріп, есептер шығарады.. Өмірден мысалдар келтіреді

- дене импульсі мен күш импульсі формуласын түрлендіріп, есептер шығарды.

- соққы алу кезіндегі импульстерінің өзгерісін ажыратты - Өмірден мысалдар келтірді





















770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!