Буын үндестігі 17-22-жаттығу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Буын үндестігі 17-22-жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабағымнан әдіс-тәсілдерді ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ қазақ тілі

Мектеп №50 орта мектеп Тексерілді

Күні: 19. 09. 2018 ж

Мұғалімнің аты –жөні

Сынып 4 « Д »

Қатысқандар -17

Қатыспағандар -0

Сабақтың тақырыбы Дыбыс үндестігі 30-36-жаттығу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

Оқушылар дыбыс үндестігі туралы теориялық білім алады. Сөз бен қосымшаның үндесе байланысуы туралы жаттығу жұмыстары арқылы түсінігін кеңейтеді.

Критерий

  1. Буын үндестігі туралы мағлұмат алады.

  2. Сұрақтарға жауап береді.

Әдісі

сұрақ-жауап,түсіндіру

Ресурстар

плакат, маркер, стикер

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт есебі

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушы іс -әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

1. Амандасу.
2. Шеңбер құру: Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, барлығың бір - бірлеріңнің көздеріңе қараңдаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділікпен, достықтың, сүйіспеншіліктің, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Енді бір - бірімізге жылы, жақсы сөздер айтайық! Мысалы: Сен бүгін ақылдысың, әдемісің, күштісің. т. б.
3. «Сен кімсің» ойыны. Бір оқушының көзін байлаймыз. Ортаға шығарып, бір оқушының алдына апарады. Ол танымайтындай өзгертіп айту керек. Егер тапса ол кісі орнына барады.


Психологиялық дайындықты жасайды.

Үй тапсырмасын тексеру

20-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаздыру

-Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Әсемпаз, өнерпаз, дәріхана, емхана, арбакеш, әуесқой, сәнқой, парктен, цехта

«Кім жылдам?»ойыны
Ойынның шарты – берілген сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап сөйлем құрау.
Мысалы: Балалар алаң жүр.
- Сөйлем дұрыс болу үшін не істейміз?
- Ол үшін алаң сөзіне – да жалғауын жалғаймыз. Сонда «Балалар алаңда жүр» деген сөйлем шығады.
- Осы ретпен «Айнұр мектепке келді. Кеше тауға барды» деген тәрізді бірнеше сөйлем құрастырылып, түбір сөзге қосылған неліктен солай жалғанғанына назар аударылады. Бұл тұста түбір сөздегі дауысты дыбыс қандай болса, қосымшада сондай дауысты дыбыстан болатыны оқушыларға түсіндіріледі.


Сөздерді көшіріп жазады






«Кім жылдам?»

ойыны

Жаңа сабаққа дайындық

Перфокартаны толтыр.

Қосымшалар --------------- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

- мен

- шы

- паз

- нікі

- қой

- дың

- кер



Перфокартаны толтырады.


Жаңа сабақ

Тақырыбымыз Дыбыс үндестігі 30-36-жаттығу

30-жаттығу. Сөздерді оқып, көшіріп жазу

Көкжиек, шекара, өнеркәсіп, орынбасар, тасбақа, бірқазан, жарқабақ, әлдекім

-Айтылуда сөздердің өзгеру себебі неде?

-Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату

31-жаттығу. Сөз тіркестерін көшіріп жаздыру

Ақ жаулық, дөңгелек үстел, көк аспан, бара кел

-Айтылуда сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың өзгеру себебі неде?

32-жаттығу. Сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылу кезінде өзгеру себебін түсіндіру Ақ лақ, ала кел, торы ат, ақ алтын, қара ала сиыр

Сөздерді оқып, көшіріп жазады.




Сөз тіркестерін көшіріп жазады.




Ауызша орындайды.

Сабақты бекіту

Үлестірмелермен жұмыс.
№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.
Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.
Ақыл – жас..., асыл тас...,
№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.
Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.
құрылыс... - тер
аң... - шы
көбелек... – дар



Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады





Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жазады.

Кері байланыс

«Бес саусақ»

Қағазға алақанның суретін салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарды жазу.

Қағазға алақанның суретін салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарды жазу.

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Үйге тапсырма

35-жаттығу

35-жаттығу













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
776
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі