Материалдар / «Чернобыль апаты жаңғырығы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Чернобыль апаты жаңғырығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер, тарихшылар үшін өте қажет, құнды материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
953
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

69 жалпы орта білім беретін мектебі











«Чернобыль апаты жаңғырығы»





Сыныбы: 9 "Г"


Сынып жетекшісі: Алиева Макпал Мейрамовна














2020-2021 оқу жылы

Бекітемін:___________

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:


Тәрбие сағаты тақырыбы:  «Чернобыль апаты жаңғырығы»
Мақсаты : Чернобыл апатының тарихы, сұрапыл апаттың дүние жүзін қамтуы.Апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Іс-шара түрі: ақпараттық концерттік бағдарлама, мәнерлеп сөйлеу, қысқаша қойылым, монолог

Іс-шара барысы:

І.Ұйымдастыру
Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.
ІІ. Тәрбие сағат жоспары: 1ұл, 1 қыз 2 оқушы

  1. Чернобыл апаты туралы қысқаш сөз сөйлеу

  2. Үнсіздікпен еске алу 1 минут

  3. Патриоттық ән 2 оқушы

  4. Келген қонақтардың сөз сөйлеуі Ардагерлерге құрмет көрсету

  5. Апат жайында көрініс қойылым

  6. « Қасіретке айналған алапат» жайында слайд видео ролик, 7 оқушы монолог оқиды

  7. Апат жайында көрініс қойылым

  8. Оқушылардың арасында ән,би

  9. «Еріміздің ерліктері» бейне көрінісі суреттер



ІІІ. Ұйымдастыру кезеңі

3.1 Жүргізушілер сөз алады

1 жүргізуші: Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толады. Чернобыль-Украинадағы шағын қалаларының бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған.


2 жүргізуші: Иә сол кезде өрімдей жігіттер азаматтық борышын өтеуге аттанды. Ананың перзенті, бірінің жары, бірінің әкесі, еді енді арамызда отырған ардагер бірімізге батыр, бірімізге ата, бірімізге әке болды өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп өз борыштарын орындады.


Құрметті көрермендер және қонақтар Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетілген, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.

Көрермендер орныдарынан тұрады.


1 жүргізуші: Құрметті көрермендер ендігі кезекте экранға назар салып,бейне баянды тамашалайық.

3.2 Чернобыль жайында суреттер көрсетіледі.


3.3 Жүргізушілер: қонақтарға сөз береді

1.

2.

3.

2 жүргізуші: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болған.Бұл жайлы Совет халқы екі күннен кейін ғана хабардар етілді.

1 жүргізуші: Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды.

3.4 Сахнаның ортасында 4 оқушы қатар тұрып кезек-кезек монолог айтып шығады.

1-оқушы: 1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты.

2-оқушы: Чернобыль-Украинадағы шағын қалаларының бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды. Бүгінгі таңда атом энергиясын пайдаланатын елдер көбейіп келеді. Мысалы, Францияда электр энергиясының 80 пайызға жуығы атом энергиясынан алынады.Сондай-ақ қазірге дейін әлемде 439 атом-электр стансасы бар екен. Жалпы 13 рет үлкен жарылыс болыпты: Англияда – 1, КСРО-да – 1, АҚШ-та – 8, Жапонияда – 1, Швецарияда – 1 рет.

3-оқушы: Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.
Чернобыль АЭС-дағы жарылыс – келтірген залалы мен салдары жағынан XX ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1995 жылы жасаған есебі бойынша, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан 9 миллион адам зардап шекті. Оның 4 миллионы 14 жасқа дейінгі балалар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы радиоактивті элементтің құрамында адам ағзасында қатерлі ісік ауруларын тудыратын цезий – 143, йод –131 түзілімдері болғанын анықтап отыр. Радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке­дергісіз ене беретінін, одан қор­ға­ныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғы­лым мен медицина әзірге таппағанын, әрі ми, жыныс без­дері, аш ішек, сілекейлі жер, тамыр жүйесі, ағзаның эн­до­криндік мү­шелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бе­йім екенін де алға тартады. Бүгінгі күні радиацияның деңгейі төмендеді. Алайда, қорғаныс шаралары сол қалпында сақталған.


4-оқушы: Атом электр станциясының жарылуы ғасырлық қиындықтар тудыруда. Атом электр станциясы ураннан жасалады.Ал уран адамға,қоршаған табиғатқа өте зиян.Қазақстан уран өндіру саласы бойынша дүние жүзінде бірінші орында.Соның ішінде көп өндірілетін өндіріс саласы Созақ ауданында орналасқан. Соның ішінде КАЗАТОМПРОМ, ТОО.КАТКО, ИНКАЙ, РУСПУРМАШ осындай өндірістер үлкен көлемде уран өндіруде. Сол себепті Созақ ауданы экологиялық аймаққа жатады. Созақ ауданының тұрғындарына,сол жерде жұмыс атқаратын бүкіл жұмысшыларға экологиялық аймақ есебінен экологиялық көмек ақы төленеді. Осы ураннан атом бомбасы жасалады.Атом электор станциясы жасалады.Чернобыль апатында атом электор станциясының жарылуы уранға тікелей қатысы бар.

Чернобылға уранның қатысы 100%. Уран-бәсекелестікке қабілетті жоғары энергия көзі болып табылады.Оның басқа отын көздерінен айырмашылығы-ол жоғары концентрацияланған энергия көзі.Мәселен 1 кг уран дәл осы мөлшердегі көмірден бөлінетін энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын береді.Көмірді өндіруге кететін шығыннан 0,4 пайызын құрайды.



3.5 Оразбек Қарақаттың орындауында ән «Чернобылкий айст»

3.6 Апат жайында көрініс қойылымы

Көрініске Чернобыль апатын залалсыздандыруға кетуге дайын тұрған азаматарымызды отбасы, сүйген қызы шығарып салып тұрған сәті көрсетіледі.Азаматтық борышын өтеуге кеткелі тұрған Бақдаулет ,шығарып салушы сүйген қызы Мерей,жұбайы Рауанды борышын өтеуге шығарып салушы жары Назым,баласы Нұрбақыт.

1 жүргізуші: Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан кейінгі қоршаған ортаның ахуалы халықтың өмір сүруін де шектеп отыр. Әсіресе, зардап шеккен аумақтарда тұрып жатқандардың, апат салдарын жоюға қатысқандардың денсаулықтары ерекше алаңдатуда. Чернобыль апаты салдарының ауыр екендігін, оның әлі көптеген ұрпаққа әсер ететіндігін ұға отырып, апат салдарынан қаза болғандарға және денсаулықтарын жоғалтқандарға құрмет көрсете отырып, біз, яғни барша адамзат баласы апат салдарын барынша азайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

3.7 Оразгелді Қарақат «Радиацияның адам ағзасына әсері қандай?»

Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке­дергісіз ене береді. Ал одан қор­ға­ныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғы­лым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәуле­лен­генін сез­бейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процес­тер өзге­реді. Оның соңы ағ­заның тұ­тастай жүйесі бұзылуына, іш­кі органдардың іс­тен шыға бастауына апарып соғады.

 Ми, жыныс без­дері, аш ішек, сілекейлі жер­лер, тамыр жүйесі, ағзаның эн­до­криндік мү­шелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бе­йім.

Радиоактивті сәу­леленген адам өмір бо­йы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәж­бүр. Себебі иммундық жү­йенің жасушалары тез қы­рыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іш­тегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйе­сін жойып жібереді.

Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұ­ратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке ду­шар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бас­­тайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар ар­тып, оның соңы аты жаман ау­руға алып барады.

Иммундық жүйе адам ағ­за­сына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зар­дап шеге береді. Күнде­лікті өмірде адам өте аз мөл­шерде болса да сәуле­леленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, та­ба­нымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өн­діріс орындарынан енеді.



3.8 Апат жайында көрініс қойылым

Радиодан хабарландыру айтылып тұрады. Газет оқып отырған Игор атты ер азамат хабарландыруды тыңдап,отбасымен көшуге қамданады.Қаладағы халықты көшіру жұмыстарынан оқушылар үзінді көрсетеді.



1 жүргізуші: Семей полигонындағы 456 жарылыс – Чернобыльдегідей 119 апатқа тең Ядролық радиацияның зардабын басынан өткізген және әлі де өткізіп келе жатқан қазақ халқы чернобыльдіктерді жақсы түсінді. 1945 жылдың 6 тамызы (Екінші дүниежүзілік соғыс кезі). АҚШ-тың B-29 бомбалаушы ұшағы әлемде алғаш жасалған атом бомбасын Жапонияның Хиросима қаласына тастайды. Жарылыс қаланың 90 пайызына әсер етіп, бірден 80 000 адамды өлтіреді. Одан өзге мыңдаған адам радиоактивті сәуленің әсерінен өмірден өтеді. Үш күннен кейін B-29 екінші атом бомбасын Нагасаки қаласына лақтырып, 40 000 адамды бірден мерт қылады.

2 жүргізуші: Наурыздың 11 -і болған өте күшті жер сілкінісі мен одан кейін пайда болған цунами кесірінен “Фукусима” атом электр станциясы қатты зақымданды. Бұл жер сілкінісі Жапония мемлекетінде орын алып, натижесінде “Фукусима апатына” әкеліп соқтырды.Жалпы жер шары үшін, адамзат баласы үшін ядролық қару қаупі әлі сейілген жоқ. Оны тоқтату үшін де түрлі саяси дипломатиялық шаралар жүріп жатыр. Қазақстан – жойқын атом қаруының зардабын ең көп шеккен және одан өз еркімен бас тартқан ел. Құрметті көрермендер Асанбек Бақдаулеттің өнерін тамашалаңыздар.

3.9 Бақдаулеттің орындауында күй «Көңіл толқыны»

3.10 Жүргізушілер: іс-шараны қорытындылайды

ІІІ.Қорытынды

1 жүргізуші: Чернобыль атом электр станция­сын­дағы апатқа сәуірдің 26-сы кү­ні 35 жыл толады.1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды Сол жылы стансаның 1, 2 блоктары жұмыс істеп тұрды. 1987 жылы 3 блок іске қосылды.Тек 4 блокті толық бекітуге күш салды.1991 жылы 2 блокта өрт болып, сөндірілген. 1996 жылдан бастап 3 блок қана жұмыс істеп тұрды.Чернобыль реакторындағы алапат апаттың орын алғанына ширек ғасыр өтті. Алайда оның зардаптары әлі күнге дейін толастаған жоқ.

2 жүргізуші: Құрметті оқушылар,қонақтар,көрермендер! «Ел тағдыры-жастар қолында» деп бекер айтпаған. Қазақстанның өркендеуіне, өсуіне, дамуына өз үлестеріңді қосып, еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, еліміздің тыныштығын сақтап, өз елін құрмет тұтатын саналы да тәрбиелі азамат болуларына сеніміміз мол.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!