"Цифрлы болашақ" жобасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Цифрлы болашақ" жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық оқыту – сапалы білім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Цифрлы болашақ» жобасы: білім сапасын арттырудағы командалық жұмыстың тиімділігі

Изображение 1

Айтбаева Алтынай Қуанышқызы

58 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы,Шымкент қаласы

Бегимбетова Раушан Махсутовна №58 жалпы орта білім беретін мектебінің директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, Шымкент қаласы

Курымбаева Гулнара Калдарбековна

58 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, Шымкент қаласы

58 жалпы орта білім беретін мектебі

Аннотация

Бұл мақалада №58 мектепте жүзеге асырылған «Цифрлы болашақ» жобасының барысы мен нәтижесі қарастырылады. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың физика және биология пәндеріне қызығушылығын арттыру және мұғалімдердің цифрлық платформаларды қолдану арқылы оқыту әдістерін жетілдіру. Жоба барысында қолданылған әдістер, жетістіктер, кездескен қиындықтар және болашақ даму бағыттары сипатталады. Командалық жұмыстың білім сапасына әсері нақты мысалдар арқылы көрсетіледі.

Аннотация

В статье рассматривается ход и результаты реализации проекта «Цифровое будущее» в школе №58. Основная цель проекта – повышение интереса учащихся к предметам физика и биология, а также совершенствование методов преподавания через использование цифровых платформ. В статье описываются использованные методы, достигнутые успехи, возникшие трудности и перспективы дальнейшего развития. Подчёркивается влияние командной работы на качество образования.

Annotation

This article explores the implementation and outcomes of the "Digital Future" project carried out at School No. 58. The main objective of the project was to enhance students’ interest in physics and biology and to improve teaching methods through the effective use of digital platforms. The article describes the methods applied, achievements, challenges encountered, and future development directions. It highlights the impact of teamwork on the quality of education.

Түйін

Цифрлық оқыту – сапалы білім.

Резюме

Цифровое обучение – качественное образование.

Summary

Digital learning ensures quality education

«Цифрлы болашақ» жобасының басты өзектілігі қазіргі таңда білім беру жүйесі әлемнің барлық елдерінде өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді талап етіп отыр.

    Бүгінде цифрландыру процесі әлемдегі барлық елдерге әсер етеді. Сонымен қатар әрбір ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Әлемдегі 15-тен астам мемлекет қазіргі уақытта ұлттық цифрландыру бағдарламаларын іске асыруда. . Цифрлық рефолюция біздің көз алдымызда өтуде.

Заман талабына сай «білім тренді» саналатын «Білім беруді цифрландыру» - білім беру процесін дамытуға қолайлы мүмкіндік. Цифрлық технологиялар мен ақпараттық құралдардың дамуы білім беру процесін жаңарту, тиімділігін арттыру және оқушылардың қабілеттерін жетілдіру мүмкіндіктерін ұсынады. Қазақстанның білім беру жүйесінде де білімнің сапасын арттыру, оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін цифрлық құралдарды енгізу маңызды мәселе болып отыр.

"Цифрлы Болашақ" жобасының өзектілігі осы қажеттіліктерден туындайды. Жоба білім беру процесін жаңғырту, оқушыларды жаңа заманға сай білім беру үшін цифрлық құралдар мен платформаларды қолдануды көздейді. Бұл жоба мектептерде цифрлық сауаттылықты арттыру және білім сапасын жақсарту мақсатында арнайы әзірленген. Жобаның негізгі идеясы — оқушылардың пәндер бойынша білімін тереңдету, оқу процесін қызықты әрі тиімді ету, мұғалімдердің цифрлық дағдыларын жетілдіру және оқу сапасын арттыру.

Жобаның негізгі идеясы:

"Цифрлы Болашақ" жобасы сыныптағы білім сапасын көтеру, оқушылардың цифрлық дағдыларын дамыту және оқу процесін жаңаша ұйымдастыруға бағытталған. Жоба заманауи цифрлық құралдарды пайдалану арқылы білім беру үдерісін интерактивті, қызықты және тиімді етуге мүмкіндік береді. Оқушылардың білім алуында жаңа технологияларды қолдану арқылы олардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту көзделеді.
Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды тиімді қолдану – оқушының оқу жетістіктерін арттырудың негізгі тетіктерінің бірі. Осы бағытта №58 мектеп командасы «Цифрлы болашақ» атты жобаны жүзеге асыру арқылы 8 «Е» сыныбының оқушыларының физика және биология пәндеріне деген қызығушылығын арттыруды мақсат етті.
Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың аталған пәндерге деген қызығушылығын арттыру және мұғалімдердің цифрлық платформаларды тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Команда жобаны бастамас бұрын нақты жоспар құрылып, оқушылар мен ата-аналардың пікірлері сауалнама арқылы анықталды. Білім сапасын бағалау мақсатында диагностикалық тесттер алынып, бастапқы деңгей белгіленді.

Shape1
Жоба аясында команда мүшелері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, қызықты әрі жеңіл цифрлық платформаларды таңдап, сабақтарда тиімді қолданды. Kahoot, Bamboozle, WordWall, Froggy Jumps, Phet Colorado, Merge cube, Lumio, Gamma, Joyteka, Google test сияқты платформалар оқушылардың белсенді қатысуына жол ашып, пәнге деген қызығушылығын арттырды. YouTube бейнемазмұн мен жасанды интеллект құралдарын қолдану сабақтарды барынша тартымды әрі түсінікті етті.


Мұғалімдер өз тәжірибелерінде қандай платформаның тиімді, ал қайсысының тиімсіз екенін саралап, келешекте тиімді тәсілдерді сабақ үрдісіне енгізу жолдарын қарастырды. Мәселен, «Plickers» платформасы тәжірибе барысында күткендей нәтиже бермеді, бұл келесі кезеңде платформаларды мұқият таңдаудың маңыздылығын көрсетті.


Жобаны жүзеге асыру барысында барлық мақсаттар толығымен орындалды деу қиын. Әр оқушының жеке оқу деңгейіне сай А, В, С деңгейлік тапсырмаларды дайындау жағы толық жүзеге аспады. Себебі жобаның басым бөлігі жалпы цифрлық оқытуға бағытталған еді. Бұл кемшілік келешекте цифрлық тұрғыда деңгейлік тапсырмалар дайындау қажеттілігін көрсетті.
Сонымен қатар, кейбір оқушылар уақытты тиімді пайдалану, тапсырмаларды шапшаң орындау жағынан қиындықтар көрді. Алайда бұл да оқушылардың жауапкершілігін арттыруға, уақытпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Жобаның қорытындысы бойынша, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, белсенділігі байқалды. Цифрлық платформалар арқылы сабақ беру білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосты. Мұғалімдер өз кәсіби шеберліктерін арттырып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақ сапасын жақсартты. Командалық жұмыс мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, мектеп ұжымын ортақ мақсат жолында біріктірді.
Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттері артып, олар топтық жобаларға белсенді түрде қатыса бастады. Бұл өз кезегінде ынтымақтастық дағдыларын дамытты. Ата-аналар тарапынан да қолдау байқалып, олар жобаның тиімділігіне оң көзқарас білдірді.
Жобаны әрі қарай дамыту үшін келесі бағыттар анықталды:
- Жобаны басқа пәндерде де қолдану;
- Цифрлық құралдарды оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізу;
- Оқушылардың шығармашылық және зерттеу жұмыстарын дамыту;
- Басқа пән мұғалімдеріне интерактивті платформаларды қолдану тәжірибесін тарату;
- Оқушыларды топтық жобаларға көбірек тарту;
- Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, оқушылардың жетістіктерін бірлесіп талқылау.
«Цифрлы болашақ» жобасы білім сапасын арттыруда тиімді құралға айналды. Жобаның нәтижесінде оқушылардың білімге деген құлшынысы артып, мұғалімдердің кәсіби деңгейі өсті. Осындай жобалар мектептегі білім беру сапасын арттырумен қатар, мұғалімдердің бір-бірінен үйренуіне, тәжірибе алмасуына және үздіксіз дамуына жол ашады. Алдағы уақытта жобаның аясын кеңейтіп, бүкіл мектеп аясында тарату – басты мақсаттардың бірі болып отыр.



Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі. Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы (2018–2022 жж.). — Астана, 2018.

[https://digitalkz.kz](https://digitalkz.kz)

2. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Орта білім беру ұйымдарында цифрлық ресурстарды қолдану әдістемесі. — Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021.

3. Нұрпейісова, А.Ж. Цифрлық сауаттылықты қалыптастыру жолдары. // «Білім берудегі жаңа технологиялар» журналы. — №4, 2022. — Б. 15–19.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
70
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі