Материалдар / "Цифрлы педагог" эссе

"Цифрлы педагог" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық кеңістіктегі заманауи педагог: жаңа мүмкіндіктер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
31
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Цифрлық кеңістіктегі заманауи педагог: жаңа мүмкіндіктер

Ежелгі дәуірдің ұлы ойшылы Сократ «Барлық мамандықтар адамнан және тек үшеуі – төреші, дәрігер және ұстаздық – Құдайдан» деген екен. Бұл мамандықтардың әрқайсысы өз иесінен қарапайым адам болудан гөрі өз мамандығының шебері болуын талап етеді. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыздың сөзін ұран етіп келе жатқаныма да 45 жыл болған екен. Бұл шығармашылық жолымды оңай болды деп кесіп айту қиын, Себебі пандемия уақытында онлайн сабақ беру, оқушылармен тек телефон, компьютер арқылы сабақ өткізу көп ізденісті, жаңашылдықты талап етті. Ендігі кезекте көп жылдар бойы қалыптасып қалған дәстүрлі дәрістеріміз келмеске кеткенін түсінгендей болдым. Цифрлы кеңістіктегі заманауи педагог болу заман талабы екендігіне де көзім әбден жетті. Қазіргі цифрландыру дәуірі жылдам дамып жатқан уақытта қол қусырып отыратын да уақыт емес. «Альфа буынды» ұрпақты дәстүрлі сабақ беру әдісімен ешбір таңқалдыра алмайсыз. Сонда заманауи педагог деген кім және ол қандай болу керек? Ол нені жақсы меңгеруі керек? Осы сұрақтар төнірегінде қалыптасқан басты 3 ұстанымыммен бөлісіп көрейін.

Біріншіден, жоғары технологиялардың қарыштап дамып жатқан ғасырымызда ұстаздар, сөзсіз, заман талабына сай білім мен біліктілікті ұштастыра алуы керек. Яғни, интернет желісінде ақпараттарды жүйелеу, компьютердің иесі болу, мобильді интерактивті тақтаны пайдалану қашықтықтан оқыту сабақтарын, вебинарларды ұйымдастыру. Бұл дағдылар әсіресе қазіргі уақытта өзекті болып табылады.

Екіншіден, қазіргі мұғалімдер оқуды қызықты ететін оқытудың жаңа әдістеріне көбірек көңіл бөлуі керек. Қазіргі уақытта білім беру дегеніміз -оқушылардың ақпаратпен жұмыс істей алуы және оны дұрыс таңдап, пайдалануды үйренуі. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған сәйкес әр түрлі платформаларды тиімді пайдалануға болады. Мысалы: Kahoot! - онлайн ойын арқылы оқушылардың білімін тексеру мен үйрету үшін пайдаланылады. Mentimeter пайдалану арқылы оқушылар керек ақпаратты алып, сауалнамаларға жауап береді. Умайгра - бұл онлайн ойын платформасы, оқушылардың білімін тексеру үшін креативті және интерактивті ойындарды ұсынады. Бұл платформа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу процесін жаңа, қызықты және тиімді өтуіне көмектеседі.

Үшіншіден, менің алдымда оқушы. Цифрлы ұрпақтың оқушысы. ол цифрлық кеңістікте қаншалықты білімді болса да, ең алдымен, ол мен үшін АДАМ! Оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарды дарыту, патриоттық сезімдерін ояту ешқашан назардан тыс қалмауы керек.

Бұдан шығатын қорытынды, заманауи цифрлық мұғалім оқуды қызықты, тиімді және барлығына қолжетімді ете отырып, білім алудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Сапалы білім беруді қамтамасыз ете отырып оқушыларды заманауи әлемнің жаңашыл тұлғаларын дайындай алады. Сондықтан мұғалімдердің өз жұмысында цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдануы, үнемі біліктілігін арттыру және білім беру ортасының қойған талаптарына бейімделуі маңызды.

Менің ойымша, келешекте цифрлы мұғалімнің ашатын мүмкіндіктері өте көп болады. Соның бірі – оқытуды жекелендіру. Әртүрлі технологиялардың арқасында мұғалімдер әр оқушының нақты қажеттіліктерін, білім деңгейін және оқу қарқынын ескере отырып, жеке оқыту жоспарларын жасай алады. Бұл әр оқушының өзіндік қарқынмен дамуына және максималды нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда цифрлық педагог басты рөл атқарады және солай болып қала береді, өйткені ол- білім беру үдерісін жақсарту және оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды пайдалана алатын тұлға.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ