«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 7-САБАҚ 2- сыныптар:«Супермаркетте өнімдерді таңдау ережелері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 7-САБАҚ 2- сыныптар:«Супермаркетте өнімдерді таңдау ережелері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 7-САБАҚ 2- сыныптар:«Супермаркетте өнімдерді таңдау ережелері»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»


Күні


Класс жетекші:

2 сынып

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

7-САБАҚ

2- сыныптар:«Супермаркетте өнімдерді таңдау ережелері»


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға цифрлық әлем туралы ақпарат беру;

Цифрлық әлемді қауіпсіз қолдануға үйрету.

Қауіпсіздік мақсаты

Сабақтың мақсаты: өнім сапасына және тұтыну мәдениетіне белсенді танымдық қызығушылықты қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Отанды сүю – отбасынан басталады!

Сабақтың барысы


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады



Жаңа сабаққа кіріспе


І. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді.
Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы.                 2. Телеконференциялар.                3. Web (WWW ) қызметі.



Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды
Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.
2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.
1993 - 1996 жылдар аралығында жыл сайын Интернетке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды.
1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді


Сабақтың ортасы

26 мин.

Қазақ телеком ұсынған тариф – Megaline. 2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с

"Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны




Мұғалім:Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнаса, оның психологиясына жаман әсер береді. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.




1-оқушы:

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастады. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
 
2-оқушы: Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
 
3-оқушы:
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.....

4-оқушы: Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек . Ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра...

5-оқушы:Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.

интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.          

Қауіпсіздік 10 мин

7 САБАҚ. «СУПЕРМАРКЕТТЕ ӨНІМДЕРДІ ТАҢДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ» Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин). 2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы Балалардың диалогі тыңдалады.

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау Адам дүниеге келген сәттен бастап тұтынушыға айналады. Өмірі мен қызметіне, жұмысы мен оқуына, күнделікті өмірі мен демалысына қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы әрбір адам тұтынушыға айналады. 6 жастан асқан балалар шағын тұрмыстық операцияларды өз бетінше жүзеге асыруға, мысалы, балмұздақ, шырын, тоқаш, мектеп асханасында түскі асқа төлеуге немесе киноға билет сатып алуға құқылы. Заң сатушыны, өндірушіні және орындаушыны сатып алушыны толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге міндеттейді.

4. Бастапқы білімді игеружәне түсінгенін тексеру Педагог: Ендеше біз зерттеу нәтижелерін күтеміз. Топ өкілдері өнімдер туралы білгендерін ортаға салады. Денсаулыққа пайдалы өнімдер жасыл жәшікке, өмірі мен денсаулығына қауіпті – қызыл жәшікке салынады. Педагог шағын зерттеу нәтижелерін тыңдап, оларға түсініктеме береді. Салауатты және қауіпсіз өнімдерді таңдау ережелерін құрастыру. «Адасқан сөздер» ойыны Балалар, адасқан сөздерден денсаулыққа пайдалы және қауіпсіз өнімдерді таңдау ережелерін құрастыруды ұсынамын.

1. (азық-түлік сатып алғанда оның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз).

2. (өнімдердің құрамынмұқият қараңыз).

3. (әртүрлі ақпарат көздерінен өнімнің құрамдас бөліктерінің қауіпті екенін тексеріңіз).

5. Қорытынды Рефлексия. «Салауатты өмір салты» - Бүгін қандай қорытынды жасаймыз? (Сіз әртүрлі және қауіпсіз тағамдарды жеуіңіз керек және оны дұрыс таңдау ережелерін білуіңіз керек!). Пайдалы өнімдері бар карточкалар «СӨС» жазбасының айналасындағы тақтаға бекітіледі, балалар сабақта жаңа және пайдалы нәрселерді білгендерін айтады.

1-оқушы: Қауіпті өнімдер бар ма?

2-оқушы: Ешқандай тағамның зияны жоқ деп ойлаймын. Өйткені, ол дүкенде сатылады! Мен үшін бәрі пайдалы, мен дәмдінің бәрін жеймін! Маған әдемі қаптамадағы кез келген тағам ұнайды және оның зияны жоқ деп ойлаймын. 3-оқушы: Менің ойымша,зиянды тағамдар бар.

4-оқушы: Кейбір тағамдық қоспалар адам денсаулығына қауіпті деп естідім. Сондықтан мен дүкендерде өнімдерді өте мұқият таңдаймын. Өйткені, менің денсаулығым мен үшін өте құнды және мен оны тәуекелге салғым келмейді. Балалар, мына оқушылардың қандай қызықты және көзқарастары мүлде басқа екенін көріп тұрсыңдар. Айтыңдаршы, сауатты тұтынушы деген нені білдіреді? Бүгін біз супермаркетте тағам таңдау ережелері туралы айтатын боламыз.



Пайдалы сілеме:


https://youtu.be/Zm_XMz91Nj8?si=-5BOpyehY9


iRgTeQ

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Қорытынды:

Қорыта келе, Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернетті дұрыс пайдаланып,   Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін!



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Рисунок 23




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2024
1203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі