2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Цифрлық әлеміндегі география

Цифрлық әлеміндегі география

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен цифрлық әлемі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

2.3есурс

PISA-2025 зерттеуі шеңберіндегі цифрлық әлемде оқыту және бағалау

1. PISA зерттеуіндегі цифрлық әлемде оқытудың анықтамасы


Білім беру технологиялары білім алушылардың оқу тәсілін өзгерте алады, өйткені олар күрделі құбылыстарды зерделеуге және өздері жұмыс істей алатын және басқалармен бөлісе алатын өз идеялары туралы жаңа цифрлық түсініктер қалыптастыру үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Білім алушылар ашық, нақты проблемаларды шешу үшін технологиялардың белсенді және дербес пайдаланушылары болу үшін дамытуы тиіс негізгі дағдыларды игеруге назар аудару маңызды.

Технологиялардың дамуына орай жастардың компьютерлер басым рөл атқаратын жұмыстарға қатысу және жаңа білім мен дағдыларды меңгеру үшін технологияларды қалай пайдалану керек екендігі туралы шешім қабылдауға дайын болуы баса маңызға ие болуда. Жастардың барлығы инженер-программист болмаса да, болашақтың мамандықтары адамдардың есептеу модельдерімен және модельденген шындықпен өзара әрекеттесуді, сондай-ақ проблемаларды шешуде цифрлық құралдарды қолдана білуді талап етеді. Технологиялық өзгерістердің жедел қарқынын ескере отырып, бүгінде оқушылар жаңа және бейтаныс цифрлық ортада өмір бойы білім алуды қолдайтын кең ауқымды дағдылар жиынтығын дамытуы керек.

PISA-2025 халықаралық зерттеуі «Цифрлық әлемде оқуды» бағалау инновациялық бағытын қамтиды.

PISA 2025 жылғы циклде цифрлық әлемде оқу «есептеу құралдары мен практикаларын қолдана отырып, білімді жинақтау мен проблемаларды шешудің қайталанатын (итеративтік) және өзін-өзі реттейтін процесіне қатысу қабілеті» ретінде айқындалады.


Цифрлық әлемде оқу – тұлғаның интербелсенді және өз бетінше реттелетін білімді қалыптастыру процесіне және есептеу құралдары мен практикалары арқылы проблемаларды шешуге қатысу қабілеті.


Бұл анықтамада цифрлық әлемде оқу білім алушылардан оқу процесіне белсенді қатысуды талап ететін (оқушылардан өз оқуына белсенді қатысуды талап ететін) өзін-өзі реттейтін процесс ретінде қарастырылады.

Білімді қалыптастыру және проблемаларды шешу конструктивистік оқудың ерекше нысандары ретінде қарастырылады. Бұл анықтамада проблемаларды шешу таныс емес проблемалы жағдайда меңгерген білімді жаңғыртуға (мысалы, PISA-2012 бойынша проблемаларды шешу анықтамасында) ғана емес, өз білімін дамыту және белгілі бір мақсатқа жету үшін сыртқы ресурстарды пайдалана білу процесіне жатады. Осы бағалау барысында білім алушылар скаффолдинг (scaffolds) және сыртқы ресурстардан оқудың басқа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздерінің жақын даму аймағына қарай ілгерілейді деп күтіледі. Басқаша айтқанда, есептерді итеративті шешу барысында білім алушылар когнитивтік, метакогнитивтік және эмоционалдық/аффективті процестерді жандандыру арқылы өз оқуын өз бетінше реттейді деп күтіледі.

Есептеу құралдары мен практикаларын (есептеу дағдысын) қолдану білім алушылардың компьютерде орындауға болатын модельдер немесе алгоритмдер, имитациялық модельдеу сияқты есептеу артефактілерін жасау арқылы білімді жинақтауға және проблеманы шешуге қатысатынын түсіндіреді. Бұл үшін есептеуге бағытталған тапсырмаларды орындау қажет болады. Бұл артефактілерді жүйені ұсыну (яғни модельдеу) және осы жүйенің қалай дамитынын болжау немесе нақты міндеттерді шешу үшін автоматтандырылған агенттерді басқару үшін қолдануға болады. Түсінікті болу үшін, ақпаратты іздеуде есептеу құралдарын қолдану (мысалы, Интернеттегі іздеу жүйелері) цифрлық әлемде оқытудың анықтамасы шеңберіне кірмейді, өйткені олар есептеу тапсырмаларын орындаудан тыс басқа дағдыларға (мысалы, ақпаратты іздеу және сыни бағалау дағдыларына) негізделеді.




2. Цифрлық әлемде оқудың маңыздылығы


Қарқынды цифрлану жүріп жатқан әлемде оқу қалай өзгереді?

Оқу (білім алу) – адамның білім алуға тікелей қатысуына негізделген белсенді процесс. Ол әртүрлі нысанда болуы мүмкін, бірақ терең оқу – тұжырымдамаларды қолдану, өзекті идеяларды салыстыру және оларды басқа салаларға тарату – білім алушылардың өзінің жаңа білімі мен түсініктерін дамытуға белсенді қатысуына тікелей байланысты. Соңғы онжылдықта бірқатар пәндер, атап айтқанда, жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия және математика (STEM) қарапайым «зерделеуден» оқу мен тәжірибе жүзінде дағдыланудың анағұрлым белсенді зерттеушілік және проблемалық мазмұнына ықпал ететін белсенді түрде «орындауға» ауысты.

Цифрлық оқу технологиялары адамдардың қалай білім алатынын, оқыту тәсілдерін түбегейлі өзгертеді: олар білім алушылардың анағұрлым дербестігін қамтамасыз етеді, адамдардың ақпаратпен және оқу ресурстарымен өзара әрекеттесу тәсілдерін қалыптастырады және біздің шынайы болмысты қалай қабылдайтынымызға терең әсер етеді. Олар адамзат тәжірибесін есептеу мүмкіндіктерімен үйлестіреді, бұл (басқалармен қатар) тәуелсіз оқу мен проблемаларды шешудің жаңа және пәрменді түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Есептеу құралдары білім алушылардың проблемалардың шешімін итеративті түрде әзірлеу үшін қолдануға болатын компьютерлік бағдарламалар немесе модельдер сияқты жаңа түсініктер мен идеялары туралы нақты ұғым/түсінік қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бұл құралдар адамдардың өз идеялары мен түсініктерін зерттеп, эксперимент жасай алатын мүмкіндіктерін түбегейлі кеңейтеді, сол арқылы анағұрлым белсенді және шынайы оқуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік/есептеу технологияларының мүмкіндіктерін пайдалану білімді кеңейту және бірнеше салада күрделі міндеттерді шешу үшін аса тиімді болды – жаратылыстану ғылымдарынан (мысалы, ДНҚ секвендеу және редакциялау) гуманитарлық ғылымдарға (мысалы, ежелгі заттарды даталау) дейін және кәсіби саладан (мысалы, үлкен деректер массивтерін талдау) күнделікті жеке өмірге (мысалы, саяхатты жоспарлау) дейін. Білім беру қоғамдастығында Scratch, NetLogo және Code.org сияқты есептеу құралдары мен қосымшалары жаһандық оқу қоғамдастықтарын қалыптастырды. Миллиондаған орта (және бастауыш) білім алушылар мен практиктер осы құралдарды күрделі тұжырымдамаларды белсенді түрде зерделеу және визуалдау, сондай-ақ дербестендірілген оқыту объектілерін құрылымдау және өзара алмасу үшін қолданады.

Білім алу және проблемаларды шешу технологияларды ресми және бейресми мәнмәтінде барған сайын көбірек қолданылатын болады. Осыған орай, технологиялар арқылы оқу және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту жастардың өмірдің барлық салаларына, соның ішінде білім алу, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және болашақ кәсіби өміріне ойдағыдай қатысуының маңызды алғышарты болып табылады. Зерттеулер проблемаларды шешу үшін цифрлық құралдарды тиімді қолдана білу қабілеті тұлғалық және әлеуметтік дамудың басқа салаларын, оның ішінде білім алушылардың дербестігін (білім алушылардың іс-әрекет еркіндігін), жетістіктерге жетуде кедергілерді еңсере білу қабілетін, сондай-ақ креативтілік/шығармашылық тәсілдерді, білімқұмарлықты, ашықтық пен табандылықты дамытуға ықпал ететінін көрсетті.

Білім алушылар технологияларды қолдана отырып, зерттеулерге немесе жаңалықтарға негізделген оқумен айналысқанда, өздерінің оқу, білім алу процесін қалай басқаратынына қатысты айтарлықтай қиындықтарға/күрделі мәселелерге тап болуы мүмкін. Сондықтан білім алушыларға өз түсініктерін қалыптастыруға/құрылымдауға мүмкіндік беретін/ұсынатын ашық және интербелсенді цифрлық ортада өзін-өзі жақсы реттейтін білім алушы болудың маңызы зор.


3. PISA-2025 зерттеуіндегі «Цифрлық әлемде оқу» бағалауының мақсаты


PISA-2025 зерттеуі аясында «Цифрлық әлемде оқыту» бағалауы білім алушылардың есептеу құралдарын қолдана отырып білімді меңгеру мен проблемаларды шешудің итеративті процесіне қатысу қабілетін айқындайды. Бұл қабілет есептеу және ғылыми зерттеу әдістері арқылы оқушылардың тиімді өзін-өзі реттейтін оқуы арқылы көрініс табады.

PISA-2025 зерттеуіндегі «Цифрлық әлемде оқыту» бағалауының мақсаты: білім алушылардың цифрлық оқу ортасында есептеу құралдары мен әдістерін қолдана отырып, проблемаларды қалай шеше алатынын түсіну (Learning in the Digital World - LDW танымдық тесті).

«Цифрлық әлемде оқыту» құрылымы есептеу тапсырмаларын орындауды (яғни компьютерде орындалатын қадамдық шешімдерді жасау қабілеті) және өз бетінше реттелетін оқуды (яғни өзінің білім алу процесін тиімді басқару қабілетін) қамтиды.


Өз бетінше реттелетін оқу білім алу барысында өзінің метатанымдық, танымдық (когнитивтік), мінез-құлықтық, мотивациялық және аффективтік процестерді мониторингілеу мен бақылауды (басқаруды) білдіреді.


PISA-2025 зерттеуі шеңберінде «Цифрлық әлемде оқуды» бағалау технологияларды қолдану арқылы оқу/білім алу үшін қажет екі құзыреттілікке баса назар аударады:

  1. өз бетінше реттелетін оқу оқыту барысында метатанымдық, танымдық, мінез-құлықтық, мотивациялық және аффективтік процестерді мониторингілеу мен бақылау-басқаруды білдіреді;

  2. есептеу және ғылыми зерттеу тәжірибесі/дағдылары жүйелерді зерттеу, идеяларды ұсыну және есептеу логикасы арқылы проблемаларды шешу үшін цифрлық құралдарды қолдана білу қабілетіне жатады.

Бұл бағалау оқушылардың цифрлық құралдарды қолдану арқылы қандай тапсырма түрлерін орындай алатынын және оқу ресурстарын қаншалықты жақсы пайдалана білетінін (мысалы, оқу құралдары, орындалған мысалдар, зияткерлік кері байланыс) анықтауға, сондай-ақ олардың тапсырмаларды орындауға ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.

PISA-2025 шеңберінде бағалау проблемаларды/міндеттерді шешу және білім алушылардың білім және түсінік деңгейін арттыру/дамыту үшін есептеу құралдарын пайдалана отырып, өзінің дербес оқу процесіне қаншалықты тиімді қатыса алатыны туралы халықаралық деңгейде салыстырмалы ақпарат алуына мүмкіндік береді. Білім алушылар проблемаларды/міндеттерді есептеу құралдары мен оқу ресурстарын қолдана отырып, ашық, құрылымдалған және интербелсенді оқу ортасында шешетін болады. Бағалау сыртқы құралдармен және ресурстармен өзара әрекеттестік негізінде белсенді оқу процесіне баса назар аударылатын әлеуметтік-конструктивистік тәсілдемеге негізделген.



PISA-2025 зерттеуі шеңберінде «Цифрлық әлемде оқу» бағалауы екі негізгі құралды қамтиды:

  • Білім алушылардың цифрлық әлемде оқу үшін қажет танымдық, метатанымдық және эмоционалдық процестерді қаншалықты қолдана алатынын бағалайтын танымдық (когнитивтік) тест;

  • Оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс жағдайларда цифрлық оқу құралдарын қолдануы туралы, сондай-ақ олардың АКТ-ға және оқу стратегияларына көзқарасы туралы ақпарат жинайтын PISA сауалнамалары.



Танымдық тестінің әрбір 30 минуттық блогында білім алушылар өздері бұрыннан білетін және қолдана білетін тәжірибені практиканы технологиялардың көмегімен қаншалықты тиімді үйлестіре алатынын көрсету үшін біртіндеп күрделене түсетін тапсырмаларды орындайды.


Оқытудағы әртүрлі конструктивистік көзқарастар:

  • білім алушылардың өз білімі мен түсінігін қалыптастырудағы белсенді рөлін;

  • белсенді оқуда сыни ойлау мен проблемаларды шешудің маңыздылығын;

  • өмірмен тығыз байланысты практикалық тұрғыдағы оқу тәжірибесінің маңыздылығын;

  • білімге қатысты қоғамдық талқылауды;

  • мұғалімдердің ақпаратты таратуға (білімді жай ғана жеткізуге) емес, оқушылардың білім алуына қолдау көрсетуші, бағыттаушы рөліне ауысуы қажет екендігін атап көрсетеді (Каффаш (Kaffash) және т.б. 2010).


Цифрлық әлемде оқуды бағалау шеңберінде оқушылардың өз бетінше реттелетін білім алу/оқу дағдыларының қалыптасуына баса назар аудару ЭЫДҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Білім беру бағдарламасында айқындалған ХХІ ғасырдағы білім беру мақсаттарымен тығыз байланысты.

PISA-2025 тестілеуі цифрлық әлемде оқудың маңызды аспектісі болғанымен, ол оқушылардың Интернеттен ақпаратты іздеу және бағалау қабілетін қарастырмайды, бұл зерттеудің мақсаты ауқымдырақ болып табылады.


Сілтеме: PISA 2025 LEARNING IN THE DIGITAL WORLD FRAMEWORK (SECOND DRAFT) October 2023 https://www.oecd.org/pisa/innovation/learning-digital-world /

06 Наурыз 2025
151
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі