Материалдар / Цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы жазылған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Джумадуллаева Улдарай Сералиевна

«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Информатика пәні мұғалімі, кафедра меңгерушісі



Цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі


XXI ғасырда бәсекеге қабілетті болудың шешуші факторы - цифрлық технологиялардың енуі. Яғни, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру үшін елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Мақалада адам өмірінің барлық салаларында қажетті цифрлық технологиялар мен қоғамдағы рөлі туралы айтылған.

Цифрлық қоғам — адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне және жұмысына, сонымен қатар қоғам өмірінің барлық салаларында ерекшеленетін өркениет дамуының заманауи кезеңі. Цифрлық технологиялар бұл ақпараттық қоғамдағы өмірге бейімделген болашақ ұрпақты тәрбиелеуді, қажетті құрал. Цифрлық құрлығы соңғы уақытта қарқынды дамып келеді. Бүгінгі күні цифрлық технологиялар жаһандық экономикалық дамудың негізгі факторларының біріне айналып отыр. Цифрлық технологияның негізгі дидактикалық қасиеті мультимедиа. Мультимедиа мобильді және компьютерлік құрылғыларға анимацияның кейбір белгісі. Қазіргі цифрлық мәдениетті анықтайтын негізгі феноменге компьютер және барлық цифрлық құрылғыларды, яғни интернет, коммуникация құралдарының цифрлық форматтарының барлығы жатқызылады.

Бүгінде жалпы орта білім мазмұнын жаңарту оқытудың жаңа технологияларды енгізу үлкен өзектілікке ие болып отыр. Осыған орай, бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын яғни жан-жақты шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.

Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері пандемия кезінде мұғалімдердің іс- тәжірибелерін айқын байқалды. Қазіргі білім беру жүйесінде компьютерлендіру мен ақпараттандырудың белсенді кезеңі. Сабақта әр мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлі цифрлық платформаларды қолданады.

Сабағымда көмекші құрал ретінде мынадай сандық технологияларды learningapps.org, гугул форма, kahoot.com, quizizz, пайдаланып тұрамын. Сіздермен learningapps.org гугул форма платформасымен қалай жұмыс жасау керектігіне тоқталамын.

Бұл LearningApps сервисі оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына және өз жетістігін бағалауға, оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс алуғаөте қолайлықұрал. Әр пайдаланушы эп логині арқылы тіркеле алады. Сіз кабинетіңізге кіріп, сынып пен оқушылар тізімін құра аласыз. Сыныптар тізімін жасағанда сервер оқушыларға логин мен құпия сөздерді автоматты түрде береді.

Көптеген категория бойынша пәнді таңдауға болады. Кез -келген дайын тапсырмаларды таңдап оны пайдалануға да мүмкіндік бар. Тіркеуден өткен соң тапсырмаларды құрастыруа,сақтауға болады.

Констуркторлар мен шаблондар арқылы әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға болады: жұбыңды тап, хронологиялық кесте, викторина, топтастыру, мәтінді енгізу, кроссворд және т.б. Осы шаблондар арқылы білімді тиянақтау, сабақ тақырыбын болжау, үй жұмысын тексеру кезеңдерінде қолдануға болады. Өзіңіз дайындап құрастырған тапсырманың сілтемесін ватсап чатына жібере аласыз. Оқушылар өзінің жеке кабинетіне кіріп, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындай алады.

«Статистика» батырмасын шерту арқылы ұсынған тапсырмаларды кімдер орындады немесе орындаған жоқ және тапсырманы орындау барысында қандай кедергілер болды осы жөнінде мәліметтерді бақылай аласыз.Берілген тапсырмалардың нәтижесін қарай отырып, қай оқушыларға көмектесу керектігін, қандай тақырыпты қайталату керек екенін көре аласыз.

Менің оқушыларым LearningApps сервисімен жұмыс жасағанды ұнатады, барлық тапсырмаларды уақытылы орындап маған жіберіп отырады, тапсырмалар автоматты түрде тексеріледі.

Енді келесі цифрлық платфомаға тоқталсам Google формада алдын ала дайындаған тапсырмаларымды практика түрінде көрсетемін. Google формалары – сабақта кері байланыс жасауда, бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау өткізуде, тест,сауалнама өте қолайлы құрал. Google формаға міндетті түрде google-де аккаунт (gmail.com) пошта ашып алу керек. Google парақшасына ашып, сол жерде gmail.com почтаға кіру керек. Таңдау торларын бассақ, сол кезде бізге Google –дің негізгі сервистерінің тізімі ашылады.

Содан Диск сервисін таңдау керек. Дискіге кіргеннен кейін сол жақ жоғары бұрыштан Создать батырмасын басамыз. Шыққан контекстік мәзірден Форма сервисін таңдап, форманы баптауға көшеміз.

Бастапқыда Google формасы Новая форма деп ашылады Бірінші формаға атауын жазу керек. Сипаттау бөліміне қосымша мәліметтер енгізуге болады. Мысалы оқу мақсаттарын немесе бөлім атауларын жазуға болады.

Тақырып бөлімінің оң жағында сұрақтарды енгізу үшін + батырмасын шерту керек. Сұрақ қосу, сұрақты импорттау, сипаттама атауын қосу, сурет қосу, бейнематериал қосу, бөлім қосу әрекеттерін орындауға болады. Сұрақты жазғаннан кейін, оған қандай формада жауап алғыңыз келсе сол форманы таңдаймыз. Бұнда (бір дұрыс жауаппен, бірнеше дұрыс жауаптармен, ашылмалы жауап) таңдауға болады.

Сұрақтардың арасына сурет, бейнекескін, диаграмма, кесте және т.б. орналастыруға болады. Ол үшін Вставка изображения батырмасын басу арқылы орналастыруға болады.

Барлық сұрақтар мен тапсырмаларды жасап болған соң Просмотр батырмасын басып қарауға болады.

Тапсырманы орындау үшін білім алушыға Отправить батырмасын қолданып, дайын тапсырманы ватсап чаттарына немесе жеке оқушының почтасына жіберу керек.Сілтемені басып кіріп компьютермен немесе смартфоннан оқушылар автоматты түрде тест сұрақтарына жауап бере алады, оқушылар өз атын жазады.

Оқушылар орындап болған соң, жауаптар бөлімін басу арқылы барлық жауаптардың нәтижесін көруге болады. Жауаптары автоматты түрде тексеріледі. Жауаптардың нәтижесін Google таблицаға немесе Excel бағдарламасына аударып алуға болады. Ғаламтор арқылы өзім пайдалы осындай сервистерді уақытымызды тиімді пайдалануым үшін қолданамын.

Қазіргі кезде цифрлық технологияларды қолдану – мұғалімнің оқушыларға көп материал беру емес, нақты өз білімін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін анықтауға үйрету.

Жалпы қорыта айтсам, цифрлық құрылыларды сабақта қолданбай сабақ өту мүмкін емес, ол сөзсіз шындық. Егер мұғалім өз сабағында жоғарыда көрсетілген сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдаланса, оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды деп ойлаймын. Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады. Бүгінгі таңдағы цифрлық қоғамда оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!