Цифрлық сауаттылық

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Цифрлық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

8747-734-95-60

740221401008

ДАДАМЕТОВА Наргиза Олжабаевна,

ЖШС "Абай Құнанбаев атындағы мектебі"

информатика пәні мұғалімі.

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы


РОБОТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру.

1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастырады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Роботқа арналған программа құрастырады.

Кейбір оқушылар үшін:

***. Роботқа арналған программаны жүктеп, іске қосады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.


Қызығушылықты ояту

Нейро жаттығу.


Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/


Топтастыру

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Топқа бөлу.

Оқушылар қатар тұрып бір-бір жебе алады, әр кім өзінің тобына отырады .

1-топ

2-топ

3-топ



(МК, Ұ)

Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

7 минут

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

1.Сәйкестендіру.


Iearning Apps (тапсырмасы) Компьютер құрылғыларын сәкестендіру

2. Үй тапсырмасын пысықтау.

Уй тапсырмасын және өткен тақырыптарды пысықтаймыз. «Бақа» әдісі.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушылар-ды «Бағдар-шам» әдісі арқылы бағалайды

Жасыл түс – «Жарайсың!»

Сары түс – «Жақсы!»

Қызыл түс – «Талпын!»


Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе.

(МК, Ұ): «Мені түсін» әдісі

Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. /Бұл тапсырмадан оқушылар жаңа сабақтың негізгі ақпаратынан хабардар болады. Әрі жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегені айқындалады/.

Сабақтың ортасы

(30 минут)

Практикалық жұмыстар:


1-тапсырма

Робот бара жатқан жолдың кішкентай бөлігінде тас жол бұзылған (4-сурет). Робот қозғалысын нешеге бөліп қарау керек?

2.Роботтың қозғалыс алгоритмін:

а) сөзбен

ә) блок- сызбамен сипаттаңдар.

3. Программасын құрыңдар.

Дескриптор:

  • Топтасып, практикалық тапсырма жұмысты талқылайды.

  • Роботтың қозғалысын сөз түрінде сипаттайды.

  • Роботтың қозғалысын блок-сызба түрінде сипаттайды.

  • Программа-сын құрастырады.

ҚБ: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалана

ды: Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!


Жоғарыда берілген алгоритм бойынша 6-суреттегі программа блоктарын қандай деректермен толтырасыңдар?

2-тапсырма

Егер робот тас жолда (4-сурет) төмендегідей алгоритммен қозғалса:

  1. Тас жолда 5 секунд,

  2. Топырақ жолда 10 секунд,

  3. Тас жолда 4 секунд қозғалады.


Дескриптор:

  • Топтасып, практикалық жұмысты талқылайды.

  • Берілген тапсырма бойынша

6-суреттегі программа блоктарын деректермен толықтырады.


ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды

Жарайсың! Жақсы! Талпын!


Жұмыс дәптеріндегі

4-тапсырманы орында.

(Тапсырмада роботтың суреті және жанында бос орын берілген. Оқушы өзіне ұнаған роботтың суретін салады. Кейін екі роботтың айырмашылы

ғын табады.)

Суретті боя. Бос орынға қиялыңдағы роботтың суретін сал. Сенің роботың қандай қызмет атқарады? Айырмашылық бар ма?


Дескриптор:

  • Роботтың суретін салады.

  • Роботтардың айырмашылығын айтады.

Жұмыс дәптері.





«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланадыЖарайсың! Жақсы!

Өте жақсы! Талпын!

Сабақтың соңы

8 минут


Сабақты бекіту.


«Оқушылар сұрақ қояды» әдісі.

Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша қорытындылау мақсатында сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. .

Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.

Мысалы:

  • Программаны роботтың басқару блогына қалай жүктейді?

  • Қозғалысты басқаруға әр түрлі командалық блоктарды қолдану немен байланысты деп ойласың?


ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактив-ті тақта


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Бағдаршам» әдісі



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2025
70
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі