Цифрлық ұстаз бойынша 1 ж.ж мұғалімнің талдауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Цифрлық ұстаз бойынша 1 ж.ж мұғалімнің талдауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық ұстаз бойынша 1 ж.ж мұғалімнің талдауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№9 орта мектептің» Математика пәні мұғалімі Д.Қайролановтың

«Цифрлық ұстаз» бойынша алгебра және геометрия пәндерінен 8 сынып оқушыларының

1 жартыжылдықтағы алған білімдері бойынша қорытынды талдауы


Бұл жоба бойынша алгебра пәнінен 8«б» сынып оқушысы Азат Нәркес, 8«б» сынып оқушысы Сапарбек Ақтолқын, 8 «в» сынып оқушысы Дүйсен Ақерке білім алуда.

Аптасына 2 сағатқа арналған жоспар жасалып, бекітілген. Сол жоспар бойынша 1 тоқсанда 16 сағат, 2 тоқсанда 20 сағат өткізілді. Барлық жоспарланған тақырыптар өтіліп, оқушыларға білім берілді.

Сабақ зуум платформасы арқылы өткізіліп отырды. Кейбір мағлұматтарды ватсап желісі бойынша жібердім. YouTube-тан видео сабақтар ссылкасын жіберіп отырдым.

Сабақ өткізу кезінде цифрлық қосымшалар learning apps, quizizz-ті қолданып жаттығуларды ойын түрінде шығарттым.


1 жартыжылдықта өтілген тақырыптар ішінде қиындық тудырған тақырып мақсаттары:

8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;;

8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

8.4.1.1 функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;

8.2.2.4 Виет теоремасын қолдану;

8.2.2.5 түріндегі теңдеулерді шешу;

Азат Н өтілген тақырыптарды толық меңгеріп, формулаларды жаттап, есеп шығаруда қолданып, өзінің білімін 45 - 50 дәлелдеп отырды. Сапарбек А 45 , Дүйсен А.45 білім сапасын көрсетті.

Жоғарыда туындаған қиындықтардың себептері: оқиғалардың себептері мен салдарын анықтауда қателіктер жіберген.

Осы туындаған қиындықтарды түзетуге жоспарланған жұмыстар: оқушылардың қателік жіберілген тақырыпты қайталауын қамтамасыз ету. Қателіктерін талдау. Анықтамалар және терминдерді жаттау. Тапсырмаларды сабақ уақытында қайталап отыру



1 жартыжылдық бойынша алынған тест нәтижесі:


Оқушының аты-жөні

5.09.24ж /15балл/

22.10.24

/20 балл/

24.12.24

/20 балл/

1

Азат Н

8

9

10

2

Сапарбек А

7

9

11

3

Дүйсен А

7

9

11



Пән мұғалімі Д.Қайроланов











































Тарих пәнінен «Цифрлық ұстаз» жобасының жартыжылдық есебі


Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Президенті Қасым-жомарт Кемелұлының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №659 Қаулысын орындау шеңберінде ҚР Үкіметі бастамасы мен оқу процесін цифрландыру аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін

«Цифрлық ұстаз» жобасы іске асырылды. Осы негізде төмендегідей іс шаралар ұйымдастырылды

МДШО Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектебі жоба аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан үлгерімі төмен 3 оқушы тіркелген. Олар: 9 сынып оқушылары; .Әшімхан А, Сламғали Ж,Қуанышұлы Б

1,2 -тоқсанның қорытындысы бойынша 3 оқушы білім сапасын көтере алмады, дегенмен сабақта белсенділік артып, қызығушылықтары жоғарылады.

Кеңес беру сабағы- күрделі және ауқымды тақырыптарды түсіндіру, білімдегі олқылықтарды толықтыру, білімін қайталау және бекіту үшін онлайн форматта Қазақстан тарихы пәнінен аптасына 1 рет /45 минуттан, дүниежүзі тарихы пәнінен аптасына 1 рет /45 минуттан өткізілді. Қазақстан тарихы пәні бойынша жоспарға сәйкес сабақтар өткізілді. Сабақтар онлайн түрде (ватсап, зум платформасы) өткізілді. Тақырыптарды презентация арқылы қайталап, тапсырмалар беріліп, білімгерлермен бірге орындап отырдық. Түсінбеген жерлерін қайтадан түсіндіріп, талқылаулар жүргізіліп отырды.

Білім алушылар берілген тапсырмаларды мүмкіндігінше орындауға тырысады, әсіресе Қуанышұлы Б білмегенін қысылмай сұрап отырады.

Білімгерлер 9 сынып болғандықтан жоспар бойынша І жартыжылдықта 5, 6, 7 сыныптың Қазақстан тарихы курсының тақырыптарын қайталау арқылы өткізілді. Палеолит, мезолит, неолит, сақ, үйсін, түркі кезеңі, қазақ хандығының кезеңі түсіндірілді. Отарлау кезеңінің ерекшеліктері бойынша тапсырмалар берілді. Тақырыптар анимациялық видеолар мен бейне фильм арқылы түсіндіріліп, схема тапсырмалар арқылы кері байланыстар арқылы қорытындыланып отырды.

Білімгерлер тапсырмаларды мүмкіндігінше орындайды, тарихи оқиғалардағы тапсырмаларды әдіс-тәсілдер арқылы талдауда қателер жібереді. Мұғалім нұсқау беріп, бағыттап отырса тапсырмалар дұрыс әрі толық орындалады, ал өз беттерімен орындауда қате орындау мүмкін.

Бірақ осы цифрлық білім беру әрекетіне қатыса отырып, оқушылар өз білімін өз ойын айтатындай деңгейде көтеріп алды

Өз қалауымен белсенділігін көрсете алған оқушылар түсінбеген сұрақтарын жиі сұрайтын деңгейге көшкен. Бұл қуантарлық өзгеріс

ІІ жартыжылдықта жоспар бойынша тақырыптарды ары қарай жалғастыру жоспарланған.



Тарих пәнінің мұғалімі: Р.Н. Сагындыкова



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2025
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі