Айтхожин Мұрат Әбенұлы (1939–1987)
Биология ғылымының докторы, академик. Қазақстанда молекулалық биологияның дамуына зор үлес қосты. Молекулалық биология және био-химия институтын ашып, оның тұңғыш директоры болды
Андре Мишель Львов (1902 ж.т.)
Француз микробиологы және биохимигі. Бактерия клеткасында жүретін
белок биосинтезінің реттелу механизмін ашты. Нобель сыйлығының
лауреаты
Антони Ван Левенгук
(1632–1723)
Нидерландиялық табиғат зерттеуші, ғылыми микроскопияның негізін қалаушылардың бірі
Артур Корнберг (1918 ж.т.)
Америкалық био-химик. ДНҚ-полимераза ферментін ең бірінші бөліп
алды. Нобель сыйлығының лауреаты (1959 ж.)

Джеймс Уотсон
(1928 ж.т.)
Американдық биохимик. Молекулалық биология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Белок биосинтезі кезінде РНҚ-ның рөлін зерттеді. Нобель сыйлығының лауреаты (1962 ж.)

Дмитрий Иосифович Ивановский (1863–1920) Орыс физиологы әрі микробиологы. Вирусологияның негізін қалаушылардың бірі. 1892 жылы ең алғаш темекі теңбілі ауруының қоздырғышын тапты
Франсуа Жакоб (1920
ж.т.) Француз микробиологы. Бактерия
клеткасында жүретін белок биосинтезінің реттелуін тәжірибе жүзінде
анықтады. Нобель сыйлығының лауреаты

Фрэнсис Крик
(1916 ж.т.)
Ағылшын биофизигі. Молекулалық биология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Дж. Уотсонмен бірге ДНҚ құрылымының моделін жасады. Нобель сыйлығының лауреаты (1962 ж.)

Грегор Иоганн Мендель
(1822–1884)
Генетиканың негізін қалаушы словакиялық ғалым. Бірінші болып тұқым қуалау фактор-ларының бар екенін айтқан, кейін келе ол факторлар ген деп аталды

Илья Ильич Мечников (1845–1916)
Биологияның әр түрлі саласына үлкен үлес қосқан көрнекті орыс ғалымы. Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты. 1883 жылы фагоцитоз құбылысын ашты. Көп клеткалы организмдердің шығу тегі туралы теорияны жасады

Жак Люсьен Моно
(1910–1976)
Француз биохимигі және микробиологы. Белок биосинтезінің механизмін дәлелдеген. Нобель сыйлығының лауреаты

Карл Лайнус Полинг
(1901 ж.т.)
Америкалық биофизик және биохимик. Белоктың екінші реттік құрылымының теориясын тұжырымдады. Нобель сыйлығының лауреаты.

Луи Пастер
(1822–1895)
Микробиологияны дербес ғылым ретіне дамытуға негіз салған француз ғалымы. 1862 жылдан бастап Париж ғылым академиясының мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты

Маттиас Шлейден
(1804–1881)
Неміс биологы. Негізгі ғылыми жұмысы өсімдік клеткасы мен ұрықтың дамуын зерттеуге бағытталған. Ғылыми жетістіктері клетка теориясын жасауға негіз болды

Морис Хью Уилкинс (1916 ж.т.)
Ағылшын биофизигі. ДНҚ-ның құрылысын зерттеп, Дж.Уотсон мен Ф.Криктің дезоксирибонуклеин қышқылының қос орамды болады деген болжамын анықтады. Нобель сыйлығының лауреаты (1962 ж.)

Николай Иванович Вавилов
(1887–1943)
Ботаник, генетик, географ. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтады. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар заңын ашып, дүние жүзінің 40-қа жуық аймағында экспедициялық зерттеу-лер жүргізген

Рудольф Вирхов (1821–1902)
Неміс жаратылыс зерттеушісі, дәрігер

Сергей Николаевич Виноградский (1856–1953)
Орыс
микробиологы,
микро-биологияның негізін қалаушылардың бірі. 1887 жылы
хемоавтотрофты микроорганизмдерді және хемосинтез құбылысын ашты.
1893 жылы ең бірінші топырақтан азот бекітуші бактерияларды біліп
алды
Теодор Шванн (1810–1882) Неміс гистологы және физиологы. Жануарлар клеткасының физиологиясын зерттеген

Томас Гент Морган
(1866–1945)
Америкалық эмбриолог, генетик. Генетикалық зерттеулерді ең алғашқы болып жеміс шыбыны дрозофилаға жүргізген. Осы жұмыстарының нәтижесінде Морган және оның мектебі тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын жарыққа шығарды. 1933 жылы Нобель сыйлығына ие болды
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
Генетика мен сұрыптаудың негізгі бөлімі
Аллель — белгінің дамуын анықтайтын гендердің бір немесе бірнеше жұбы.
Амплификация — ДНҚ-ның немесе геннің санының бірнеше есе өсуі.
Антигендер — қанда және басқа ұлпаларда антидене түзетін организм үшін бөгде заттар.
Антибиотиктер — микробтардың өсуін тежеп, оларды жоятын заттар.
Антидене (антитела) — организмге бөгде протеиндер енгенде түзіліп, оның зиянды әсерін жоятын протеинді заттар.
Аутбридинг — туыс емес дарақтарды (особьтарды) шағылыстыру.
Бактериофагтар (фагтар) — бактерияның ішінде дамитын вирустар.
Вариациялық қатар — белгінің өзгеруіне қарай орналастырылған сан арқылы берілген өрнек.
Вектор — генді бір клеткадан басқасына тасымалдай алатын плазмадан немесе сақина тәрізді вирус ДНҚ-сынан алынған ДНҚ молекуласы.
Вирус — клетка иесінің ішінде дамитын нуклеин қышқылы (ДНҚ немесе РНҚ) және протеиннен тұратын инфекциялық организм.
Гаметалар — жануарлар мен өсімдіктердің гаплоидты жыныс клеткалары. Олар бір-бірімен қосылғанда диплоидты клетка — зигота түзіледі.
Гемофилия — ерекше протеинді заттың болмауы салдарынан қанның ұюымен сипатталатын, анасы арқылы тұқым қуалайтын еркекке тән ауру.
Ген — хромосоманың белгілі бөлігіне орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі.
Геном — клетка хромосомасы немесе организмнің гендерінің гаплоидты жиынтығы.
Генетикалық карта — генетикалық рекомбинация негізінде жасалған хромосомадағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін сызба.
Генетикалық код — ДНҚ немесе РНҚ-ның аминқышқылдары арқылы протеин түзетін кодондарының кезегін тұқым қуалау ақпараты түрінде нуклеин қышқылдары молекуласында жазу жүйесі.
Генетикалық анализ — организмнің тұқым қуалау қасиетін зерттейтін әдістер жиынтығы.
Гендер банкі — рекомбинатты ДНҚ негізінде алынған белгілі организмдердің гендерінің жиынтығы.
Генотип — организмнің фенотипінде көрінетін гендер тобы.
Генофонд — популяциядағы белгілі жиілікпен кездесетін гендердің жиынтығы.
Гетерозигота — белгілі геннің әр түрлі аллелі гомологты хромосомаларда орналасқан әр түрлі гендер.
Гетерозис — әр түрлі екі тұқымды шағылыстырғандағы бірінші ұрпақ дарақтарының өнімділігі, өсімталдығы, салмағы және т.б. қасиеттерінің ата-анасынан артық болуы.
Гибрид, будан — генетикалық әр түрлі пішіндерді шағылыстырғанда пайда болатын гетерозиготалы гендер.
Гомозигота — гомологты хромосомада белгілі геннің бірдей жұп аллельдері орналасқан диплоидты организм.
Гистон — хромосомада құрылыс қызметін атқаратын белок.
Гонадалар — жыныс клеткалары қалыптасатын жыныс жүйесінің мүшесі.
ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) — төрт нуклеотид өзара байланысқан (А—Т, Д—Г) қос тізбекте генетикалық ақпарат сақталған жоғары молекулалық полимер.
Делеция — хромосомалардағы немесе цитоплазмадағы генетикалық материалдың (бір геннің, кейде түгелдей хромосоманың) бөлініп қалуы.
Диплоид — хромосомалардың толық жиынтығы.
Доминанттық — гетерозиготалы организмнің бір аллелінің ғана фенотипте көрінуі.
ДНҚ-полимераза — бір тізбекте ДНҚ-дан қос тізбек синтездейтін фермент.
ДНҚ-лигаза — қос тізбекті ДНҚ-ның біреуі үзіліп қалғанда фосфодиэфир байланысын қалыптастырып, үзілген жерді “тігетін” фермент.
ДНҚ-ның жабысқақ ұшы — ДНҚ-ны әр түрлі рестриктазалармен үзгенде ДНҚ-ның ұшында пайда болған бірнеше нуклеотидтен тұратын ДНҚ-ның бір тізбегі. Ол рекомбинантты ДНҚ-ны құрастырарда әр түрлі үзінділерді жалғау үшін пайдаланылады.
Дивергенция — эволюция процесі түріндегі белгілердің ажырауы. Оның негізінде бір түрден жаңа түрлер пайда болады.
Дупликация — белгілі бір бөлікте бір реттен көбірек біркелкі хромосома жиынтығы болатын хромосомалардың құрылымдық өзгерісі.
Зигота — гаплоидты аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан пайда болған диплоидты клетка.
Жыныс хромосомасы — құрылымы мен қызметі аутосомадан өзге және жынысты қалыптастырудың генетикалық құрылымы.
Жыныспен тіркескен гендер — жыныс хромосомаларында орналасып өзара тіркесіп тұқым қуалайтын гендер.
Инбридинг — жақын туыс дарақтарды өзара шағылыстыру.
Инверсия — хромосома немесе плазмиданың бір бөлігінің 180Ә-қа бұрылып орналасуы.
Кариотип — клетканың немесе организмнің барлық хромосомаларының саны, формасы және құрылым ерекшеліктерін бояу арқылы анықтап көрсету.
Клон — бір дарақтан вегатативті жолмен даму арқылы пайда болған генетикалық бір типті клеткалар тобы.
Клондау (молекулалық) — жасанды ортада өсіру арқылы рекомбинантты ДНҚ молекуласын анықтау әдісі.
Кодон — белгілі аминқышқылын немесе трансляцияның соңын анықтайтын нуклеин қышқылының үш нуклеотидтен тұратын бөлігі.
Кері транскриптаза (ревертаза) гендері — РНҚ-дан тұратын вирустарда синтезделеді. РНҚ матрицадан ДНҚ синтезі реакциясы катализдейтін фермент.
Комплементарлық — сутектік және басқа байланыстар арқылы қосылып комплекс құрайтын молекулалар. (Мысалы, нуклеин қышқылдарында А —Т, Ц— Г, сонымен қатар, антиген — антидене өзара комплементарлы).
Конъюгация (қосылу) — бактериялардағы ДНҚ алмасу процесі. Бұл жағдайда ДНҚ беретін клетка (донор), ДНҚ-ны қабылдайтын клеткамен (акцептор) қосылады.
Кроссинговер — гомологты хромосомалардың бөліктерінің өзара алмасуы.
Локус — геннің хромосомада орналасқан жері.
Мутация — генетикалық материалдағы нуклеотидтердің санының, орналасу ретінің және түрлерінің өзгеруі.
Мутагендер — мутация туғызуға қабілетті заттар.
Мутациялық сұрыптау — тәжірибелік жолмен алынған мутанттардың көмегімен жүретін сұрыптау.
Репликация немесе редупликация (ДНҚ) — ДНҚ-ның материалдық молекуласының жаңа тізбегін синтездеу. Бұл процесті ДНҚ-полимераза жүргізеді.
Ретровирустар — генетикалық ақпараты РНҚ-дан тұратын жануарлар вирусы; кері транскриптаза ферментін кодтайды.
РНҚ (рибонуклеин қышқылы)—рибонуклеотидтерден тұратын полимер. Көптеген вирусЧЧЧЧЧЧ-тардың РНҚ-лары генетикалық ақпаратты сақтайды. Ақпараттық РНҚ (аРНҚ) немесе матрицалық РНҚ (мРНҚ)—генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан транскрипциялануынан пайда болады. Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) — протеин синтездеу үшін аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдайды.
Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) — рибосоманың құрылымына кіреді.
Рибосома — полипептидтер синтезделетін цитоплазмалық құрылым.
Рекомбинантты ДНҚ — әр түрлі ДНҚ-ның екі үзіндісін қосып тіркегенде пайда болады. Рекомбинация екі жолмен жүреді: табиғи және жасанды (гендік инженерия жолымен алынған).
Рестриктазалар — ДНҚ-ның нуклеотидтер тізбегін белгілі жерден үзетін фермент.
Рецессивтік — доминантты белгі дамыған жағдайда, аллельдің басылып қалуы.
Репорация — физикалық және химиялық мутагендердің әсерінен бұзылған ДНҚ құрылымының қалпына келуі.
Редукция — мейоз процесі кезінде диплоидты хромосома санының екі есе азаюы.
Секвинирование — нуклеин қышқылы тізбегіндегі нуклеотидтердің немесе протеиндердегі аминқышқылдарының орналасу ретін анықтау.
Сибстер — адам генетикасында монозиготалы егіздер емес ағайындарды айтады.
Сұрыптау — шаруашылыққа қажетті жаңа тұқымдар, іріктемелер және штамдар алу үшін қолданатын әдістер жиынтығы.
Транскрипция — ДНҚ-матрицадан РНҚ-ның синтезделуі.
Транслокация — геномдағы геннің немесе хромосома бөлігінің бір локустан екіншісіне орын ауыстыруы.
Трансляция — аРНҚ матрицасынан протеиннің синтезделуі (көшіріп аудару).
Трондукция — плазмиданың және фагтардың көмегімен ДНҚ-ны клеткадан клеткаға тасымалдау.
Тетраплоид немесе триплоид — клеткалардағы хромосомалар саны үш, төрт есе өскен организм.
Трансплантация — бір дарақтың клеткасын, ұлпасын, т.б. басқа дараққа тасымалдап салу.
Тритикале (Trіtіcale) — бидай мен қара бидай гибриді. Бұл гибридті аналық форма ретінде бидайды пайдаланып алады.
Фенотип — генотип пен қоршаған ортаның әсерінен қалыптасқан белгілердің жиынтығы.
Фермент — тірі организмдері биохимиялық процестерді жеделдетіп және бағыттап, катализатор қызметін атқаратын протеиндер тобы.
Хромосомалар — клетка ядросында құрылымы жіпше тәрізді орналасқан нуклеопротеиндер. Олар митоз және мейоз кезінде бояу арқылы анықталады. Хромосоманың негізгі компоненті — ДНҚ және ядролық протеин — гистон.
Хроматин — негізінен ДНҚ мен гистоннан (дезоксирибонуклеопротеид комплексі), аздаған бөлігі РНҚ-дан тұрады.
Штамм — бір клеткадан тараған клетка линиясы. Штамдағы барлық клеткалар генетикалық ұқсас (бірдей).
Экспрессия (геннің) — ДНҚ-да кодталған генетикалық ақпараттың транскрипция және аРНҚ трансляциясы арқылы іске асуы.
Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама
1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи).
1609 ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей).
1628 ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей).
1651 ж. — “Барлық тіршілік — жұмыртқадан” — деген қағида қалыптасты (В.Гарвей).
1661 ж. — капилляр ашылды (М.Мальпиги).
1665 ж. — тоз (пробка) ұлпасында клетканың құрылымы анықталды (Р.Гук).
1668 ж. — шыбын дернәсілінің жұмыртқадан дамитындығы тәжірибемен дәлелденді (Ф.Реди).
1674 ж. — бактерия мен қарапайымдар ашылды (А.Левенгук).
1676 ж. — пластидтер мен хроматофорлар ашылды (А.Левенгук).
1677 ж. — алғаш рет адам сперматозоиды анықталды (А.Левенгук).
1688 ж. — түрге жүйелік (систематикалық) бірлігі ретінде анықтама берілді (Д.Рей).
1727 ж. — көмірқышқыл газы ашылды (Дж.Блэк).
1766 ж. — өсімдіктердің ауамен дем алатындығы дәлелденді (С. Гейлс).
1753 ж. — организмдерді жүйелеудің принципі мен бинарлық номенклатурасы жасалды (К.Линней).
1754 ж. — сутек ашылды (Г.Кавендиш).
1778 ж. — өсімдіктерден оттек бөлінетіндігі анықталды(Дж.Пристли).
1779 ж. — жарық пен өсімдіктердің жасыл түсі арасындағы байланыс анықталды (Я.Ингенхауз).
1809 ж. — органикалық дүниенің алғашқы эволюциялық теориясы қалыптасты (Ж.Б.Ламарк).
1814 ж. — арпа сықпасының (экстракт) ферменттер көмегімен крахмалды қантқа айналдыратындығы анықталды(Г.Кирхгоф).
1823 ж. — бұршақ белгілерінің доминантты және рецессивті болатындығы анықталды (Т.Э.Найт).
1828 ж. — ұрық ұқсастығының заңы қалыптасты (К.Бэр).
1831 ж. — клетка ядросы ашылды (Р.Броун).
1839 ж. — клетка теориясы қалыптасты (Т.Шванн, М.Шлейден, Р.Вирхов).
1841 ж. — клетка протоплазмасы анықталды (Я.Пуркине).
1845 ж. — алғаш рет бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар (сірке қышқылы) синтезделді.
1853 ж. — сперматозоидтың жұмыртқа клеткасына енгені сипатталды (Ф.Кебер).
1859 ж. — “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы” (Ч.Дарвин).
1862 ж. — крахмалдың фотосинтез нәтижесінде пайда болатындығы дәлелденді (Ю.Сакс).
1862 ж. — орталық жүйке жүйесінің тежелу құбылысы анықталды (И.Сеченов).
1864 ж. — биогенетикалық заң қалыптасты (Э.Геккель, Ф.Мюллер).
1865 ж. — тұқым қуалау заңдылықтары жарық көрді (Г.Мендель).
1868 ж. — нуклеин қышқылдары ашылды (Ф.Мишер).
1871 ж. — протеиндердің аминқышқылдарынан тұратындығы анықталды (Н.Любавин).
1871 ж. — қанттың спиртке айналуы ферменттердің көмегімен жүретіндігі дәлелденді (М.Манасеина).
1874 ж. — өсімдік клеткасының митозбен бөлінетіндігі анықталды (И.Д.Чистяков).
1875 ж. — тотығу процестері қанда емес, ұлпаларда жүретіндігі дәлелденді (Э.Пфлюгер).
1878 ж. — жануарлар клеткасының митозбен бөлінетіндігі дәлелденді (В.Флемминг, П.И.Перемежко).
1880 ж. — витаминдер ашылды (Н.И.Лунин).
1882 ж. — туберкулез таяқшалары ашылды (Р.Кох).
1883 ж. — иммунитеттің биологиялық (фагоцитарлық) теориясы тұжырымдалды (Н.И.Мечников).
1892 ж. — вирустар ашылды (Д.И.Ивановский).
1898 ж. — алғаш рет мейоз сипатталды (В.И.Беляев).
1899 ж. — бактериофагтар ашылды (Н.Ф.Гамалей).
1900 ж. — тұқым қуалау заңдылықтарының екінші рет ашылуы. (К.Корренс, Э.Чермак, Г. де Фриз).
1900 — 1901ж.ж. — шартты рефлекс туралы ұғым қалыптасты (И.Павлов).
1901 ж. — адам қанының тобы анықталды (К.Ландштейнер).
1908 ж. — популяциядағы тұқым қуалау заңы ашылды
(Г.Харди, В.Вайнберг).
1910 ж. — ашу мен тыныс алудың бір процесс екендігі дәлелденді (С.Костычев).
1910 ж. — филэмбриогенез — макроэволюция теориясы қалыптасты (А.Н.Северцев).
1911 ж. — ісік тудыратын вирустар (“Раус саркомасы”) ашылды (Ф.Роус).
1914 ж. — тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы қалыптасты (Т.Морган).
1920 ж. — нейросекреция ашылды (О.Леви).
1920 ж. — тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлардың заңы қалыптасты
(Н.Вавилов).
1923 ж. — фотосинтездің тотығу-тотықсыздану реакциясы екені дәлелденді (Т.Тунберг).
1924 ж. — жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуының теориясы қалыптасты (А.Опарин, Дж Холдеин, С.Фокс, С.Миллер, Г.Мемер).
1924 ж. — гормондардың көмірсулар метаболизміндегі қызметі анықталды (А.Усай).
1924 — 1926 ж.ж. — рентген сәлесі мен химиялық заттардың мутациялық процеске әсері
анықталды (Г.Меллер, Г.Кадсон, Г.Филиппов).
1926 ж. — В.Вернадскийдің “Биосфера” деген еңбегі жарық көрді.
1929 ж. —табиғи пенициллин бөлінді (А.Флемминг).
1931 ж. — электрондық микроскоп жасалды (Е.Руска, М.Кнолль).
1937 ж. — органикалық қышқылдардың метаболизмдегі циклі ашылды (Г.Кребс,
Ф.Липман).
1940 ж. — биогеоценоз теориясы қалыптасты (В.Сукачев).
1941 ж. — өсу факторы синтезін гендер реттейтіні дәлелденді (Д.Бидл, Э.Татум).
1941 ж. — фотосинтездегі оттектің көзі Н2О екендігі дәлелденді (М.Тейц, Э.Рубен, А.П.Виноградов).
1943 ж. — спонтандық мутацияның болатындығы дәлелденді (С.Лурия, М.Дельбрюк).
1944 ж. —ДНҚ-ның генетикалық рөлі дәлелденді (О.Эвери, С.Маклеод, М.Маккарти).
1945 ж. — ұлпалар мен мүшелерді трансплантациялау (тасымалдау) кезінде иммунологиялық қабылдамау дәлелденді (П.Медавар).
1946 ж. — бактериялардағы рекомбинация жүйесі ашылды (Д.Ледерберг, Э.Татум).
1948 ж. — кибернетикалық жүйе мен тірі организмдерді басқару принципінің ортақ екендігі негізделді (Н.Винер).
1952 ж. — өсімдіктердің ауыспалы генетикалық элементтеріашылды (В.Мак-Клинток).
1953 ж. — ДНҚ қос тізбегінің моделі жасалып, құрылымы анықталды (Дж.Уотсон, Ф.Крик).
1955 ж. — рибосома ашылды (Дж.Палладе).
1957 ж. — алғашқы протеин — инсулин химиялық жолмен синтезделді (Ф.Сэнгер).
1960 ж. — хлорофилл синтезделді (Р.Вудворд).
1960 ж. — дене клеткаларының гибридизациясы іске асырылды (Г.Барский).
1962 ж. — геннің белсенділігі арнаулы ген-оператормен реттелетіні анықталды (Ф.Жакоб, Ж.Моно).
1964 ж. — микроорганизмдердің қозғалмалы (транспоронда) генетикалық элементтері анықталды (Э.Кондо, С.Митсухаши).
1964 ж. — информосома ашылды (А.Спирин, М.А.Айтхожин, Г.Георгиев).
1968 ж. — генді химиялық синтездеу іске асырылды (Х.Корана).
1970 ж. — кері транскриптаза ферменті ашылды (Х.Темин, Д.Балтимор).
1972 ж. — алғашқы рекомбинантты ДНҚ алынып, гендік инженерия әдістері ашылды (П.Берг, С.Коэн, Д.Хелинский, Г.Бойар).
1975 ж. — қажетті антидене синтездейтін соматикалық гибридті клетка — гибридома алынды (Ц.Мильштейн, Г.Кехлер).
1977 ж. — ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтердің орналасу кезегінанықтау әдістері қалыптасты (А.Максам, У.Гильберг, Ф.Сэнгер).
1982 ж. — рекомбинантты ДНҚ молекуласының көмегімен организмді фенотиптік өзгерту мүмкін болды (Р.Полмитер, Р.Бринстер).
1985 ж. — ізашар РНҚ-ның артық жерлері бөлініп, протеинсинтездейтін ақпараты қалыптасатын модификация — сплайсинг құрылысы ашылды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Цитологиялық биология. ҰБТ-ге көмекші құрал. 10-11 сыныптар

шағым қалдыра аласыз