Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Cыбайлас жемқорлыққа қарсымыз .Сынып сағаты
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Сынып сағаты
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»
Сынып жетекші:
2024-2025 оқу жылы
Сынып жетекшінің аты-жөні |
Туребаева А |
||
Күні: |
24.11.2024 |
||
Сынып 4 ә |
Қатысушылар саны:25 |
Қатыспағандар саны: |
|
Сынып сағатының тақырыбы |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» |
||
Құндылықтар: |
«Заң және Тәртіп» |
||
Мақсаты |
|
Сынып сағатының барысы
Барысы |
Сынып сағатындағы орындалуы тиіс
іс-әрекеттер |
Ресурстар |
Кіріспе 10 мин Қауіпсіздік сабағы Негізгі бөлім 25 мин |
Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу № 5 САБАҚ. «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ» «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясы 2.Кіріспе сөз: Салеметсиздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі. Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген. 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! 2-жүргізуші: сынып сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. 1 топ: Оң қанат –жақтаушы және 2 топ: Сол қанат-даттаушы пікірталас өткізу. Ең күшті аргументтер келтірген топ жеңіске жетеді. Бейнежазба көрсетіледі Олай болса 2 топқа тапсырма: оң қанат-«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» сол қанат «Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» тақырыбына жақтайтын және даттайтын аргументтер беру тапсырылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. «Сыбайлас жемқорлық» деген не? “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетйік: жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық. Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр. Келесі сөзді топ мүшелеріне берейік. 1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді) 2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Бейне роликке назар аударайық! (видео ролик көрсетіледі) Топтарға тапсырма: Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар? Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па немесе бұрыс па? (2 топ бірден аргумент келтіреді
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: - қоғамның бақытты болашағын тежейді; - елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді; - жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Республикамызда сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданған. ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жатады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар
жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің
қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты
болады.
ҚР ҚК 366 бабына сәйкес Пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 50еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады. Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік. 1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді) 2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Келесі тапсырма : жағдаят шешу 1.Азамат Б әрекеті дұрыс па не бұрыс
па? (Топтар талқыға салады) ҚР ҚК 367 бабына сәйкес Пара бергені үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 20еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады. ҚР ҚК 368 бабына сәйкес Парақорлыққа делдал болғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 10еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады. «Ой
жалғау» 2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген
жөн) 6.Хан болсын, ханға лайық
... (Заң болсын ) 6.
Абыз болсын, абыз сайлау... (
парыз болсын)
Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік. 1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді) 2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Литмонтаж
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың
жанама, |
https://www.youtube.com/watch?v=D-ha918bSaU
0:17 / 7:08 "СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮЙЕ" |
|
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. |
|

