Д. Қонаев туралы тәрбие сағаты қмжсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Д. Қонаев туралы тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы Д Қонаев туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Д.Қонаев ғасыр адамы»

Мақсаттары

Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған соң, Мәскеудегі түсті металдар институтын 1936 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, Балқаш, Риддер «Алтай полиметал» кәсіпорындарында қарапайым инженерден бастап барлық еңбек баспалдақтарынан өте отырып, кәсіпорын басшылығы қызметтерін атқарған. 1960-1962,1964-1986  жылдар аралығында Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. Ол басшылық жасаған жылдары Қазақстанда Ақтау, Текелі, Шардара, Арқалық т.б. жетпістен астам үлкенді-кішілі қала салынып, Балқаш пен Жезқазған тау-кен комбинаты, Ақтөбе химия комбинаты, Қаратау фосфор зауыты, Соколов-Сарыбай тау-кен комбинаты т.б. көптеген алып индустриялық құрылыстар жүзеге асырылды. Д.А.Қонаев 20 жыл бойы Орталық Комитеттің саяси бюросының толық мүшесі болды. Ел алдындағы оның еңбегі ерекше бағаланып, Еңбек Ері атағымен,  көптеген  мемлекеттік наградалармен марапатталған. Сонымен қатар, Д.А.Қонаев ғылымға да үлкен еңбек етіп, жүзден аса ғылыми еңбектері жарық көрген.


Димаш ата туралы жазушы журналист Серік Әбдіраймов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі елі еркелетіп Димаш атаған- Д.А.Қонаев. Шүкір, шыққан тауы биік болды. Бір кісідей биліктің шыңына көтерілді. Кісілігін ұлықтыққа жеңдірмеген кім десеңіз, онда да осынау абзал жанның есімі еріксіз еске түседі.Димекең қанағатшыл жан еді. Газет-журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған», -деген болатын.



презентация

Сабақтың ортасы

Д. А. Қонаевтың нақылға айналған сөздері.

  1. Жалада шындық болмайды.



  1. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жылықпау, үйретуден аянбау





  1. Ақиқатты аттап кету-арға сын

  2. Адам айнасы-адам

  3. Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.


Оқушылар ойларын жеткізеді


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Елу жыл елге аға болды. Қасиетті Балқаш мекенінің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өнуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бізді бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының алдында Димш атамыз елінің ардақты да, қадірлі перзенті болып қала береді.


Қонаев туралы жыр шумақтарын айтады


презентация






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2024
268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі