|
Мұғалімнің аты-жөні: |
Арапова Айнұр Шанжарханқызы, №78 мектеп-гимназия, Нұр-Сұлтан қаласы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пән/Сынып: |
Қазақстан тарихы, 9 сынып |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ нөмірі: |
3-тоқсан, № 15 сабақ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тарау немесе бөлім атауы: |
9.2 Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау; 9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критериі |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралап оқыту тапсырмалары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Уақыты |
Кезеңдері |
Педагогтің әрекеті |
Оқушы |
Бағалау |
Ресурстар |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
3 минут |
Ұйымдастыру |
Сабаққа назарын аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бүгін сабақта:
Сабақтың барысы.
|
Нені меңгергенін білу үшін |
|
Презентация № 1-2 бет
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
15 минут
5 минут |
Жаңа сабақ
|
Бүгінгі сабағымызда кездесетін тірек сөздердің мағынасын білейік:
1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жалпы КСРО-да халық шаруашылығын бiртұтас кешенге айналдыру бағдарламасы жасалып, одақтас республикалардың экономикасын жалпы одақтық көлемде орталықтандырылған басқарумен ұштастыру, республикалар арасындағы еңбек бөлiнiсiн тереңдету көзделдi. Осыған орай республикада өнеркәсiптiк өндiрiстi аумақтық жағынан ұйымдастырып, аймақтардағы өндiргiш күштердi кешендi түрде дамытуға ден қойылды. Сан алуан табиғи байлықтарды қарқынды түрде халық шаруашылығы айналымына қосу, өндiрiс құрал-жабдықтары өндiрiсiн басымырақ дамыту, республиканың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере отырып жалпы одақтық және аймақтық мүдделерге сай келетiн өнiмдер өндiруге мамандандыру мiндетi алға қойылды. 1985 жылы республиканың қоғамдық, жалпы өнiмi 1960 жылмен салыстырғанда 3,9 есе артты. Материалдық өндiрiстiң басқа салаларының да даму деңгейi жоғары болды. Өнiм өндiрудiң жалпы көлемi өнеркәсiпте 5 есе, ауыл шаруашылығында 1,7 есе, материалдық-техникалық жабдықтауда — 2,9, құрылыста — 3,4, көлiк пен байланыста — 4,6, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда — 4,5, өнiм дайындауда — 2,4 есе өстi. Аса бай табиғат қорлары негiзiнде өнеркәсiп халық шаруашылығы кешенiнде жетекшi орынға ие болды. Iрi кәсiпорындар, жаңа шахталар пайда болды. Мұнай, болат, минералды тыңайтқыш, көмiр, т.б. табиғат қорларын ашудың көлемi көбейдi. Халық шаруашылығының мамандандырылған салалары (түстi және қара металлургия, отын-энергетикалық кешенi, т.б.) басымырақ дамыды. Павлодар, Екiбастұз, Қаратау, Жамбыл, Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешендерi (АӨК) қалыптасты, Қарағанды — Темiртау, Шығыс Қазақстан, Торғай және Шымкент — Кентау аумақтық өндiрiстiк кешен дамытылды. 70-жылдардан бастап өндiрiс жоспарлы түрде шоғырландырылып, негiзгi өнiм түрлерiн неғұрлым iрi кәсiпорындар мен өндiрiстiк бiрлестiктер өндiрдi. 1986 жылдың басына қарай республикада 610 кәсiпорынды бiрiктiрген, бүкiл өнеркәсiп өнiмiнiң жартысынан астамын шығаратын 162 бiрлестiк болды. 1984 жылдың аяғында республикада 2139 кеңшар, 412 ұжымшар, 203 шаруашылықаралық кәсiпорындар мен ұйымдар, 40 өндiрiстiк ауыл шаруашылығы бiрлестiгi жұмыс iстедi. Тамақ өнеркәсiбi 30 сала мен өндiрiстi қамтыды. Халықтың жан басына шаққанда ұлттық табыс 1960 жылмен салыстырғанда 1985 жылы 2 есе, нақты табыс 2,2 есе, төлемдер мен жеңiлдiктер 3,9 есе өстi. Бейөндiрiстiк аяның барлық салаларының негiзгi қорлары 1975 жылмен салыстырғанда 1985 жылы 3,1 есе өстi, оның iшiнде денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қорлары 5,7 есе, ағарту iсiнде 5,8, мәдениет пен өнерде 4,8 есе өстi.
Республика қара және түстi металлургия, химия өнеркәсiбiнiң iрi орталығына айналды. Одақтағы мысалы қорғасын, қалайы секiлдi металдарды өндiрудiң 30%-дан 70%-ға дейiнгiсi Қазақстан үлесiне тидi. Қазақстан бiрден-бiр ауыл шаруашылығы аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннiң әрбiр төртiншi тоннасы, еттiң әрбiр он екiншi тоннасы, астықтың әрбiр бесiншi тоннасы түсiп отырды. Өкiнiшке қарай осындай аса зор халық шаруашылығы әлуетi, басқару жүйесiнiң қолайсыздығынан, Қазақстан халқының жағдайын түпкiлiктi жақсарта алмады. 20 ғасырдың 70-жылдары және 80-жылдарының бiрiншi жартысында Қазақстан экономикасы экстенсивтi негiзде, экономикалық ынталандыруға мән берiлмей, жаңа технологиялық үрдiстердi елеместен, бұрынғы сарынмен дами бердi. Бұл кезең елде тоқырау жылдары деп есептелгенiмен, жалпы Қазақстанда экономикалық қуат бiршама өстi. Бұл жылдары қара металлургияның одан әрi дамуымен бiрге Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комбинаты iске қосылды. Одақтағы ақ қаңылтыр шығаратын ең күштi цехы бар Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы аяқталды. Ермак (қазiргi Ақсу) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары жұмыс iстей бастады. Ақтөбеде хром кенiн шығару арта түстi. Целиноградтың (Астананың) ауыл шаруашылығы машина-құрылыс зауыты, т.б. кәсiпорындар өздерiнiң өнiмдерiн шығара бастады. Қарағанды және Екiбастұз көмiр алаптарында көмiр шығару үлкен қарқынмен жүрдi.
Ауыл шаруашылығы 1979 жылы жоғары көрсеткiшке жеттi. Тың жерлердi игерген 25 жыл iшiндегi ең мол астық өнiмi алынды. Республика мемлекетке 1 млрд. 262 млн. пұт, яки 20 млн. т астық бердi.
Өнеркәсiптiң шикiзатқа бағдарланған бiр жақты құрылымы, 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары орталық министрліктер мен мекемелердiң өктемдiгiмен орнықты. Қазақстандағы кен қазу салаларының өнiмi 80-жылдардың басында Одақтағы орташа деңгейден 1,7 есе артық болды. Республиканың экономикалық қуатының жартысынан көбi одақ министрліктерiнiң бақылауында едi. Республиканың шикiзат қорларын сорудан қыруар кiрiс тапқанымен одақтық мекемелер республика бюджетiне ешқандай қаражат түсiрмедi. Табиғи ортаны қорғау мен адам денсаулығы және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы жөнiнде де ешқандай қамқорлық көрсетiлмедi. Көп жылдар бойы шикiзат салаларының үлкен кәсiпорындар түрiнде дамуы өнеркәсiптiң ғылыми жолмен дамымауына, өндiрушi және қайта өңдеу өнеркәсiбi деңгейiнiң төмен болуына, халық тұтынатын тауарлардың өте баяу шығарылуына әкелiп соқтырды. Азық-түлiктен өзге тұтынылатын тауарлардың 60%-ына жуығы сырттан әкелiндi. Бүкiл халық шаруашылығына тән тежелудiң бәрi де республика экономикасында көрiнiс тапты. Сөйтiп, өнеркәсiп өнiмдерi өсуiнiң орташа шапшаңдығы 9-бесжылдықтағы 8,4%-дан 11-бесжылдықта 3,8%-ға дейiн қысқарды, ұлттық табыс 4,4%-дан 1,4%-ға төмендедi. 9-бесжылдық жоспары 12,6%, 10-бесжылдық 2,5%, 11-бесжылдықтiкi 3,6% кем орындалды.
Қазақстанның ауыл шаруашылығында қайта өңдеу, сақтау, iске асыру ең артта қалған салалар болды. Бұл кезеңдегi экономикалық дағдарыс әлеуметтік саланы да қамтыды. 1970 — 1985 жылдары республика тұрғындарының көпшiлiгiнiң тұрмыс деңгейi, жалпы алғанда, көтерiлгендiгi байқалады. Отбасының көбiнде теледидар, тоңазытқыш, кiр жуу машиналары пайда болды, азаматтардың жеке меншiк автокөлiктерi мен ұзақ мерзiмдi сұраныс тауарларының саны көбейдi. Алайда әлеуметтік салада, жалпы алғанда, жағымсыз процестер тез шешiлудiң орнына үдей түстi. Қаржыландырудағы қалдықтық қағиданың салдарынан медициналық қызмет көрсету, бiлiм беру, мектепке дейiнгi тәрбие беру iстерi артта қалды. Ауылдар мен селолардың жартысынан көбiнде денсаулық сақтау мекемелерi болмады. Үй, мәдени-тұрмыс нысандарының құрылысы, қызмет ету түрлерiнiң дамуы тұрғындардың қажеттiлiгiнен көп төмендедi. Бұл жылдары iрi өнеркәсiптiк және энергетикалық кешендердi салатын мекемелердiң үлкен ауқымды индустриялы экспансиясы өрiстедi. Мұның бәрi қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына үлкен зиян келтiредi.
90-жылдардың басында экономиканың тежелуi экономикалық дағдарыстың ушығуы, соның салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеп кетуi одақтас республикаларды тәуелсiздiк жолындағы белсендi қимылға бастады. Саяси саланы демократияландыру күшейген сайын экономикалық жағдай күрделiлене түстi. Қоғамды демократияландыру социалистік теңгермешiлiкпен жарасым таба алмады. Экономиканы түбiрiмен реформалау — мемлекеттік меншiкке негiзделген социалістік жоспарлы экономикадан нарықтық көп меншiктi экономикаға көшу қажеттiгi туды. Мұның өзi бiр сәттiк iс емес және қиындықсыз болмайтын үдерiс едi. Одақтас республикалардың егемендiгiн кеңейтуге байланысты бiрнеше экономикалық маңызды заңдар қабылданды. “Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы” Заң социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң негiзiн салды. Осы заңға сәйкес өндiрiс құрал-жабдықтарын меншiктенудiң мемлекеттік меншiктен басқа түрлерiнiң де болуына рұқсат етiлдi. Сөйтiп, әлемдiк экономикалық кеңiстiктiң 1/3-iне жарты ғасырдан артық уақыт бойы үстемдiк еткен социалистік өндiрiс тәсiлi бiржола күйредi.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Презентация № -4-3 бет |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Презентация 5-4 бет
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
7 Минут
8 минут
|
Тәжірибе |
2-тапсырма. 1965-85 жж тоқырау жылдарындағы экономикалық өзгерістерге төмендегідей кесте бойынша талдау жасаңыз
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру |
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалімнің
аты-жөні:
Арапова Айнұр
Шанжарханқызы, №78 мектеп-гимназия, Нұр-Сұлтан
қаласы
Пән/Сынып:
Қазақстан тарихы, 9
сынып
Сабақ
нөмірі:
3-тоқсан, № 15
сабақ
Тарау немесе
бөлім атауы: 9.2 Қазақстан «тоқырау»
кезеңінде (1965-1985 жылдар)
Сабақтың
тақырыбы: 1965-1985 жылдардағы
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуы.
Оқу
мақсаты
9.4.2.1 өнеркәсіптің
ахуалын анықтап, қорытынды
жасау; 9.4.1.1 Кеңес үкіметі
кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға
беру
Бағалау
критериі
Қазақстанның 1965-1985 жж.
ауыл шаруашылығының дамуындағы дағдарыстың негізгі себептерін
түсіндіреді Саралап оқыту
тапсырмалары Уақыты Кезеңдері Педагогтің
әрекеті Оқушы Бағалау Ресурстар
3
минут Ұйымдастыру
Сабаққа назарын
аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен
таныстыру.
Бүгін
сабақта:
1965-1985 жылдардағы
Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірдің мәселелеріне, қиындықтары мен
қарама қайшылықтарына салыстырмалы талдау
жүргіземіз;
Қазақстан компартиясы,
кәсіподақтар, комсомол қызметінің мәнін
айқындаймыз;
Сабақтың
барысы.
Нені меңгергенін білу
үшін
Презентация № 1-2
бет
15
минут
5
минут
Жаңа
сабақ
Бүгінгі сабағымызда
кездесетін тірек сөздердің мағынасын
білейік:
Қоғамдық –саяси өмір
– Бұл жылдары Қазақстанның барлық аймағында
Кеңес өкіметі кең қанат жайып, өзінің өктемдігін толық жүзеге асыра
бастады.
Қазақстан Компартиясы
– Партияның бірінші хатшысы - Алдамжаров Ғазиз
Қамашұлы. Партия 1998
жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта
тіркелді
1965-1985 жылдардағы Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық
дамуы.
Жалпы КСРО-да халық
шаруашылығын бiртұтас кешенге айналдыру бағдарламасы жасалып,
одақтас республикалардың экономикасын жалпы одақтық көлемде
орталықтандырылған басқарумен ұштастыру, республикалар арасындағы
еңбек бөлiнiсiн тереңдету көзделдi. Осыған орай республикада
өнеркәсiптiк өндiрiстi аумақтық жағынан ұйымдастырып, аймақтардағы
өндiргiш күштердi кешендi түрде дамытуға ден қойылды. Сан алуан
табиғи байлықтарды қарқынды түрде халық шаруашылығы айналымына
қосу, өндiрiс құрал-жабдықтары өндiрiсiн басымырақ дамыту,
республиканың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере
отырып жалпы одақтық және аймақтық мүдделерге сай келетiн өнiмдер
өндiруге мамандандыру мiндетi алға қойылды. 1985 жылы республиканың
қоғамдық, жалпы өнiмi 1960 жылмен салыстырғанда 3,9 есе артты.
Материалдық өндiрiстiң басқа салаларының да даму деңгейi жоғары
болды. Өнiм өндiрудiң жалпы көлемi өнеркәсiпте 5 есе, ауыл
шаруашылығында 1,7 есе, материалдық-техникалық жабдықтауда — 2,9,
құрылыста — 3,4, көлiк пен байланыста — 4,6, сауда мен қоғамдық
тамақтандыруда — 4,5, өнiм дайындауда — 2,4 есе өстi. Аса бай
табиғат қорлары негiзiнде өнеркәсiп халық шаруашылығы кешенiнде
жетекшi орынға ие болды. Iрi кәсiпорындар, жаңа шахталар пайда
болды. Мұнай, болат, минералды тыңайтқыш, көмiр, т.б. табиғат
қорларын ашудың көлемi көбейдi. Халық шаруашылығының
мамандандырылған салалары (түстi және қара металлургия,
отын-энергетикалық кешенi, т.б.) басымырақ дамыды. Павлодар,
Екiбастұз, Қаратау, Жамбыл, Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешендерi
(АӨК) қалыптасты, Қарағанды — Темiртау, Шығыс Қазақстан, Торғай
және Шымкент — Кентау аумақтық өндiрiстiк кешен дамытылды.
70-жылдардан бастап өндiрiс жоспарлы түрде шоғырландырылып, негiзгi
өнiм түрлерiн неғұрлым iрi кәсiпорындар мен өндiрiстiк бiрлестiктер
өндiрдi. 1986 жылдың басына қарай республикада 610 кәсiпорынды
бiрiктiрген, бүкiл өнеркәсiп өнiмiнiң жартысынан астамын шығаратын
162 бiрлестiк болды. 1984 жылдың аяғында республикада 2139 кеңшар,
412 ұжымшар, 203 шаруашылықаралық кәсiпорындар мен ұйымдар, 40
өндiрiстiк ауыл шаруашылығы бiрлестiгi жұмыс iстедi. Тамақ
өнеркәсiбi 30 сала мен өндiрiстi қамтыды. Халықтың жан басына
шаққанда ұлттық табыс 1960 жылмен салыстырғанда 1985 жылы 2 есе,
нақты табыс 2,2 есе, төлемдер мен жеңiлдiктер 3,9 есе өстi.
Бейөндiрiстiк аяның барлық салаларының негiзгi қорлары 1975 жылмен
салыстырғанда 1985 жылы 3,1 есе өстi, оның iшiнде денсаулық сақтау,
дене шынықтыру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қорлары 5,7
есе, ағарту iсiнде 5,8, мәдениет пен өнерде 4,8 есе
өстi.
Республика қара және түстi
металлургия, химия өнеркәсiбiнiң iрi орталығына айналды. Одақтағы
мысалы қорғасын, қалайы секiлдi металдарды өндiрудiң 30%-дан 70%-ға
дейiнгiсi Қазақстан үлесiне тидi. Қазақстан бiрден-бiр ауыл
шаруашылығы аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннiң
әрбiр төртiншi тоннасы, еттiң әрбiр он екiншi тоннасы, астықтың
әрбiр бесiншi тоннасы түсiп отырды. Өкiнiшке қарай осындай аса зор
халық шаруашылығы әлуетi, басқару жүйесiнiң қолайсыздығынан,
Қазақстан халқының жағдайын түпкiлiктi жақсарта алмады. 20 ғасырдың
70-жылдары және 80-жылдарының бiрiншi жартысында Қазақстан
экономикасы экстенсивтi негiзде, экономикалық ынталандыруға мән
берiлмей, жаңа технологиялық үрдiстердi елеместен, бұрынғы сарынмен
дами бердi. Бұл кезең елде тоқырау жылдары деп есептелгенiмен,
жалпы Қазақстанда экономикалық қуат бiршама өстi. Бұл жылдары қара
металлургияның одан әрi дамуымен бiрге Соколов-Сарыбай және Лисаков
кен байыту комбинаты iске қосылды. Одақтағы ақ қаңылтыр шығаратын
ең күштi цехы бар Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы
аяқталды. Ермак (қазiргi Ақсу) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары
жұмыс iстей бастады. Ақтөбеде хром кенiн шығару арта түстi.
Целиноградтың (Астананың) ауыл шаруашылығы машина-құрылыс зауыты,
т.б. кәсiпорындар өздерiнiң өнiмдерiн шығара бастады. Қарағанды
және Екiбастұз көмiр алаптарында көмiр шығару үлкен қарқынмен
жүрдi.
Ауыл шаруашылығы 1979 жылы
жоғары көрсеткiшке жеттi. Тың жерлердi игерген 25 жыл iшiндегi ең
мол астық өнiмi алынды. Республика мемлекетке 1 млрд. 262 млн. пұт,
яки 20 млн. т астық
бердi.
Өнеркәсiптiң шикiзатқа
бағдарланған бiр жақты құрылымы, 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары
орталық министрліктер мен мекемелердiң өктемдiгiмен орнықты.
Қазақстандағы кен қазу салаларының өнiмi 80-жылдардың басында
Одақтағы орташа деңгейден 1,7 есе артық болды. Республиканың
экономикалық қуатының жартысынан көбi одақ министрліктерiнiң
бақылауында едi. Республиканың шикiзат қорларын сорудан қыруар
кiрiс тапқанымен одақтық мекемелер республика бюджетiне ешқандай
қаражат түсiрмедi. Табиғи ортаны қорғау мен адам денсаулығы және
әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы жөнiнде де ешқандай қамқорлық
көрсетiлмедi. Көп жылдар бойы шикiзат салаларының үлкен
кәсiпорындар түрiнде дамуы өнеркәсiптiң ғылыми жолмен дамымауына,
өндiрушi және қайта өңдеу өнеркәсiбi деңгейiнiң төмен болуына,
халық тұтынатын тауарлардың өте баяу шығарылуына әкелiп соқтырды.
Азық-түлiктен өзге тұтынылатын тауарлардың 60%-ына жуығы сырттан
әкелiндi. Бүкiл халық шаруашылығына тән тежелудiң бәрi де
республика экономикасында көрiнiс тапты. Сөйтiп, өнеркәсiп өнiмдерi
өсуiнiң орташа шапшаңдығы 9-бесжылдықтағы 8,4%-дан 11-бесжылдықта
3,8%-ға дейiн қысқарды, ұлттық табыс 4,4%-дан 1,4%-ға төмендедi.
9-бесжылдық жоспары 12,6%, 10-бесжылдық 2,5%, 11-бесжылдықтiкi 3,6%
кем орындалды.
Қазақстанның ауыл
шаруашылығында қайта өңдеу, сақтау, iске асыру ең артта қалған
салалар болды. Бұл кезеңдегi экономикалық дағдарыс әлеуметтік
саланы да қамтыды. 1970 — 1985 жылдары республика тұрғындарының
көпшiлiгiнiң тұрмыс деңгейi, жалпы алғанда, көтерiлгендiгi
байқалады. Отбасының көбiнде теледидар, тоңазытқыш, кiр жуу
машиналары пайда болды, азаматтардың жеке меншiк автокөлiктерi мен
ұзақ мерзiмдi сұраныс тауарларының саны көбейдi. Алайда әлеуметтік
салада, жалпы алғанда, жағымсыз процестер тез шешiлудiң орнына үдей
түстi. Қаржыландырудағы қалдықтық қағиданың салдарынан медициналық
қызмет көрсету, бiлiм беру, мектепке дейiнгi тәрбие беру iстерi
артта қалды. Ауылдар мен селолардың жартысынан көбiнде денсаулық
сақтау мекемелерi болмады. Үй, мәдени-тұрмыс нысандарының құрылысы,
қызмет ету түрлерiнiң дамуы тұрғындардың қажеттiлiгiнен көп
төмендедi. Бұл жылдары iрi өнеркәсiптiк және энергетикалық
кешендердi салатын мекемелердiң үлкен ауқымды индустриялы
экспансиясы өрiстедi. Мұның бәрi қоршаған орта мен адамдардың
денсаулығына үлкен зиян
келтiредi.
90-жылдардың басында
экономиканың тежелуi экономикалық дағдарыстың ушығуы, соның
салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеп кетуi одақтас республикаларды
тәуелсiздiк жолындағы белсендi қимылға бастады. Саяси саланы
демократияландыру күшейген сайын экономикалық жағдай күрделiлене
түстi. Қоғамды демократияландыру социалистік теңгермешiлiкпен
жарасым таба алмады. Экономиканы түбiрiмен реформалау — мемлекеттік
меншiкке негiзделген социалістік жоспарлы экономикадан нарықтық көп
меншiктi экономикаға көшу қажеттiгi туды. Мұның өзi бiр сәттiк iс
емес және қиындықсыз болмайтын үдерiс едi. Одақтас республикалардың
егемендiгiн кеңейтуге байланысты бiрнеше экономикалық маңызды
заңдар қабылданды. “Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы” Заң социалистік
экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң негiзiн салды. Осы заңға
сәйкес өндiрiс құрал-жабдықтарын меншiктенудiң мемлекеттік
меншiктен басқа түрлерiнiң де болуына рұқсат етiлдi. Сөйтiп,
әлемдiк экономикалық кеңiстiктiң 1/3-iне жарты ғасырдан артық уақыт
бойы үстемдiк еткен социалистік өндiрiс тәсiлi бiржола
күйредi.
Жаңа тақырыпты
меңгеру
Презентация № -4-3
бет
Презентация
5-4
бет
7
Минут
8
минут
Тәжірибе
тапсырма.
1960-1980 жж жүргізілген ауыл шаруашылығындағы
өзгерістер және олардың нәтижелері бойынша кесте толтырыңыз( 5
ұпай)
Ауыл
шаруашылығын дамытуға жасалған
шаралар
Ауыл
шаруашылығында жүргізілген іс-шаралар-
дың
нәтижесі 1. 1. 2. 2. 3. 3.
2-тапсырма. 1965-85 жж тоқырау жылдарындағы экономикалық
өзгерістерге төмендегідей кесте бойынша талдау
жасаңыз
Әлеуметтік-экономикалық
тоқыраудың себептері
1. 2. Әлеуметтік-экономикалық
тоқыраудың салдарлары
1. 2. Экономикалық тоқыраудың алдын-алу жолын
ұсыныңыз
Жаңа тақырыпты
тәжірибе арқылы меңгеру
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||














