Абай облысы Аягөз қаласы
«Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ

Даланың дара ұстазы
(«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ даласының дара ұлы» атты
өңіраралық педагогикалық оқуларына ұсынылған баяндама)
Секция бағыты: «Балалар, бұл жол басы даналыққа»
Орындаушы: Қапанова Жібек Аманғазықызы
Оқыту пәні: Бастауыш сынып
Оқыту тілі: қазақ тілі
2022-2023 оқу жылы
Даланың дара ұстазы
Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ
тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің
іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет.
Сәбит Мұқанов.
«Басқадан кем болмау үшін, білімді һәм күшті болу керек» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі мен үшін даланың дара ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлы. Ол заманының ағысына қарсы тұра білген тұлға. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз заманының көшбасшысы бола білген Ахаң өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен, мысалдарымен өлең, қарасөз тұжырымы арқылы ой-сезімін көрсете алды. Қазақтың баласы оқысын, білім алсын деп кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген ұлттың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Қазақ халқын ояту, ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға ат салысты. Қазақ тіліндегі әліпби осы сөздердің бәріне дәлел. 2021-2022 оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған балаларды даналыққа шақырған «Әліппе» оқулығы Ахмет Байтұрсынұлының ұстанымдары негізінде жасалды. Сол ұстанымдардың бірі – дыбыспен жаттығу. Яғни, дыбыспен жаттығу «Әліппеге дейінгі» кезең міндеттерін қою мен білім мазмұнын анықтауда тікелей басшылыққа алынды. Ахмет Байтұрсынұлы балаларға алдымен әріп көрсетпей тұрып, дыбыспен жаттықтыру қажет дейді. Себебі оқуға келген балалар сөйлеуді білгенімен, олар өз сөздерінің дыбыстан тұратындығын білмейді. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі етіп алды.
Ахмет Байтұрсынұлын өткен ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы - ағартушылық болды.
Ағартушылық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерiнде ауылдық, уездiк және екi сыныптық училищелерге сабақ бередi. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметi жағынан Ыбырай Алтынсариннiң тiкелей мұрагерi болды.
«Білімі көп адам – құралы сай ұста секілді: не істесе де келістіріп істейді.» деп атап көрсеткен дара ұстаз қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. Оқу-ағарту ісі – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Ахмет бұдан 1 ғасырдай бұрын байқап-түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны - халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы.
Ахметтің «Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек!» деген сөзі ХХІ ғасырдың ұранына айналып, білімді болу үшін тынбай оқу керек, шығармашылық іздену керек. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қозғалып жатқан оң өзгерістер төңірегінде ойландыратын тақырыптарға мән бере отырып, шынайылық пен шындық басым болса, айтылар ой-ұсыныс жүрекке жетіп, тұла бойыңды шымырлатар деңгейде дәріптеліп жатса, қанекей! Есеп үшін емес, есіңде мәңгі қалатындай әсерлі болса игі еді деген ой менікі. Бірнеше жыл білім беру саласында еңбектеніп, шәкірт тәрбиелеп, мектептің жүрегі болып, қазағымыздың қара көз балалары білімді болса екен, бай болса екен деп болашағына алаңдайтынымыз рас. Үміті мол халықпыз ғой, «Ғылым мен өнер елсізді елдіге, жоқты барға теңгереді» Демек, қазағымыздың дархандығы, пейілінің кеңдігі, ерекше қонақжайлылығы да еш халыққа ұқсамайды. Кең болсаң, кем болмайсың деген, бұл – жақсы қасиет. Ұлт болып ұйымдасып, тегеурінді, текті халық болып тыныш өмір сүріп отырғанымыз да осы қасиетіміздің арқасы болар. Ата-баба аманатын жалғастырар жастарымызға, ұлықты ұлдар мен қылықты қыздарымызға сенім артып, үміттенейік дегім келеді. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Жан дүниесінде тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін», — деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Білім беру мазмұны өзгертеліп жатқан қазіргі кезеңде заман талабына сай дағдыларды бойына сіңіре білген және сыни тұрғыдан ойлай алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау міндетіміз. Жаңартылған бағдарламаның мазмұны жеке тұлғаны өмірге бейімдеу, функционалды сауаттылығын арттыру. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман. Бәсекеге қабілетті маман - креативті ойлай алатын, таптауырынды ойдан алыстаған, кез-келген тақырыпта өзіндік ой-пікірі бар, кез-келген жағдайға сыни тұрғыдан қарап, ұтымды жауап бере алатын адам. Ахметше айтқанда «Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» дей келе біз мектеп табалдырығынан бастап оқушының бойына аталған қасиеттерді сіңіре білуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Бес арыс – Д.Әшімханов. –Алматы: Жалын, 1992
-
Ғаббас Қабышұлы. «Қазақ әдебиеті» 2003
-
С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында
-
Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова
-
А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» «Атамұра» баспасы, 2003
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз