400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Даму жоспары 273 бұйрық

Материал туралы қысқаша түсінік
Даму жоспары оқу~тәрбие
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Қордай ауданы білім бөлімінің

Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі










2022-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

МЕКТЕПТІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
































«МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК

МЕКЕМЕСІНІҢ    2022-2027 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ ЖОСПАРЫ

 

МАЗМҰНЫ

 

1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

2. МЕКТЕП ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

3. АҒЫМДАҒЫ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ. SWOT–ТАЛДАУ

4. МЕКТЕПТІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мектептің даму бағдарламасын болжау. Ішінара білім беру процесін жетілдіру

Материалдық-техникалық базаны ішінара дамыту

Бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған стратегиялық бағыттар,мақсаттар,міндеттер мен іс-шаралар

Бағдарламаны жүзеге асырудағы критерий мен нәтиже көрсеткіштері.            

Тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы мақсаттар мен міндеттер

5. ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕПТІҢ  МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН

НЫҒАЙТУ МЕН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА  ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУ

6. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

8. ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЫ


     Бағдарлама паспорты

Атауы


Әзірлеу үшін негіздеме

  • «Білім туралы» 2007.27.07 ҚРЗаңы;

- «Педагог мәртебесі туралы» Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ

ҚРЗ;

- ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді

дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы;

  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы»ҚР Үкіметінің 2017.29.11 № 790 қаулысы;

  • ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2019.19.06 № 27 Жарлығы;

  • ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019.02.09 «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ).

Негізгі әзірлеуші

 «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ әкімшілігі және шығармашылық топ мұғалімдері

Мақсат

 Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның тілін дамыту, тәрбиелеу және оқыту.

Міндеттері

1. мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру;
2. Білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.

3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
4.
Оқушылардың тілдік, зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
5. Мектепті цифрлық инфрақұрылыммен және заманауи материалдық-техникалық базамен жарақтандыру

6. Білім алу үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

7.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

Күтілетін 

нәтижелер

  • Мұғалім құзыреттілігін көтеру нәтижесінде мектебіміз  заманауи деңгейге жетеді;

  • Ұжымдағы жалпы педагогтердің санындағы магистр, педагог-сарапшы, педагог-модератор біліктілік деңгейіндегі мұғалімдер үлесі 55 %-ға көтеріледі;

  • Салауатты өмір салтын ұстанған функционалды сауатты, тілдік қоры дамыған, бойында отаншылдық, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан  ұрпақ тәрбиеленеді;

     Мектеп мәдениеті: мұғалім – оқушы– ата-ана қарым-қатынасы жақсарады.

     Материалдық- техникалық ресурстармен мектеп базасы толықтырылады.

Іске асыру 

мерзімдері

 2022– 2027жж.

 (2022– 2023жыл)   Дайындық

 (2023– 2024жыл) Практикалық

 (2024 – 2025 жыл) Практикалық

  (2025 – 2026 жыл)  Практикалық

 (2026 – 2027 жыл)  Нәтижелік


Қаржыландыру көздері

Жергілікті бюджет, Қамқоршылық кеңес, «Жомарт түлек» жобасы, демеушілік және қайырымдылық көмек.

 

Кіріспе.

1. Заңдар: «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы», «Тілдер туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан халықтарының ассамблеясы туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетушілік қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы».

2. 2030 жылға дейін бала мүддесін қорғау бойынша ҚР Мемлекеттік саясат тұжырымдамалары; ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы; Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері; ҚР-да өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.

3. ҚР 2015–2025 жж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;

4. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар;

5. Қазақстан мектептеріндегі оқу процесінде үш тілді оқытудың бірыңғай тілдік стандарты;

6. «ҚР жалпы білім беретін мектептерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» жыл сайынғы әдістемелік нұсқау хаттар;

7. 2019–2024 жж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негізін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары.

         Мектепті дамыту жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданылатын іс-құжат. Ол өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үрдістер мен болашақ факторлар мектептерге  қаншалықты әсер ететіндігіне  мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды. Мектептің даму жоспарын жасауда сауалнама қорытындылары бойынша «ата-ана үні», «оқушы үні», «мұғалім үнінен» анықталған басымдықтардың бәрін біріктіріп, түзету жолын қарастыратын  бір ортақ тақырып таңдау өте маңызды да, жауапты істердің бірі болды. Жетілдіруді қажет ететін сұрақтардың негізінде мектептің даму жоспарының басымдылығы ретінде «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның тілін дамыту, тәрбиелеу және оқыту» деген басымдық алдық.  Себебі, мұғалімдер заманауи талапқа сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оқушыларды ынталандыру арқылы өздіктерінен оқу дағдыларын қалыптастырғанда мектепке ата-ананың көзқарасы да өзгеріп, мұғалім ата-ана, мұғалім  — оқушы араларында  коллаборативті орта қалыптасады деген сеніммен. Мектептегі жаңа оқу жылында осы басымдылықтың шешімін табу төңірегінде жұмыстарды атқарып келеміз.

Даму жоспарын жасау барысында басымдылықтарды түзету мақсаттарын, табыс критерийін нақтыладық. Мектептің даму жоспарын құруда қарастырылған іс-шаралардың бағыттары: жоспарлау, іске асыру, өзгерістерді бағалау болып отыр.

 

Бағдарламарың даму кезеңдері

 

Кезеңдері

Мерзімі

Дамудың  негізгі бағыттары

Жұмыстың мазмұны

 

І

 

2022–2023

жыл

Даму бағдарламасын құрастыру, білім беру және тәрбие бағдарламаларын дайындау, апробациялау, енгізу.

Оқу жоспарының,бағдарламаның орындалуын ұйымдастыру.

Оқушыны психологиялық,педагогикалық тұрғыда диагностика арқылы зерделеу;

Талдау жасау,ақпарат банкін құру.

 

ІІ

2023-2024 жыл

     

2024-2025жыл

2025-2026жыл

Бағдарлама іс-шараларының орындалуын ұйымдастыру, орындалу барысын бақылау,серіктес  мектептермен  бірлескен жұмысты жандандыру,  жобаларды түзету,  жаңа сапалық мектептің білім   беру үдерісін ұйымдастыру, білім сапасын басқару.

Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін,шеберлігін дамыту; Педагогикалық және инновациялық технологияларды меңгеру және енгізу.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізу.

 

ІІІ

 

2026–2027

жыл

Оқу, тәрбие және даму нәтижелерін талдау және эксперттік бағалау, нәтижелер туралы есеп беру.

Шығармашылықпен жұмыс істеген мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын шығару, іс - тәжірибелерін тарату;

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жинағын  шығару.

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

1.Білім беру ұйымының атауы: «

2.Мектеп директоры

3.Мекен-жайы: 

4. Жалпы аумағы(м 2) – 9311,5

4.Телефон/факс: 8 (72636) 32036

5.Электронды мекен-жайы: 13.ssh@mail.kz

6.Заңды тұлға куәлігі: 080421

7. Аттестаттаудан өткен уақыты: 2023 ж.

8. Жобалық сыйымдылығы: 825 оқушыға арналған.

9. Қазіргі оқушы саны: 856

10. Педагог қызметкерлер саны: 86

11. Жұмыс уақыты: 800 -20 05

12. Оқыту тілі: қазақ


SWOT–ТАЛДАУ


Мектептің күшті жақтары

Мектептің әлсіз жақтары

  1. Басқару саласындағы жаңашылдық;

  2. Оқу сапасындағы мектепішілік бақылаудың тиімді ұйымдастырылуы;

  3. Мектептің білім сапасының соңғы үш жылда өсуі;

  4. Авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдардың тәжірибеге енгізілуі;

  5. Оқытудың инновациялық технологияларын қолдануы.

  1. Оқушылармен ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудағы қиындықтар;

  2. Педагогтердің іс-тәжірибесінің республикалық деңгейге шықпауы;

  3. «Педагог-шебер» , біліктілік санаты жоқ педагогтердің үлесі;

  4. Ата-аналардың мемлекеттік тілді меңгермеуі;


Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

  1. Мұғалімдердің авторлық бағдарламалар жазуын ұйымдастыру;

  2. Пән мұғалімдерінің сандық-сапалық құрамын көтеру;

  3. Пән бойынша әр түрлі семинарлар өткізу;

  4. Ата-ананы мектеп өміріне тарту арқылы тәрбие жұмысын жандандыру.

  1. Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    10 ұстаз жүктеп алған
    22 ақпан
    851
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі