ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ САБАҚТЫ МОДЕЛЬДЕУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ САБАҚТЫ МОДЕЛЬДЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ САБАҚТЫ МОДЕЛЬДЕУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж




Жалпы кәсіптік ПЦК





КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ САБАҚТЫ МОДЕЛЬДЕУ



Мамандық атауы: 1140600 Негізгі орта білім берудің тіл мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Біліктілік: 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пән: Педагогика

Орындаған: ҚБ-921 тобының студенті

Бактаева Аяна Бактыбаевна

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м. Мухамеджанова Г.С.

Курстық жұмысты қорғаған бағасы ______________



ПЦК төрағасы Мухамеджанова Г.С.

Көкшетау, 2025

Мазмұны

Кіріспе ........................................................................................................................ 3

І бөлім. Дамыта оқыту жүйесінің теориялық негіздері

    1. Дамыта оқыту жүйесінің мәні мен маңызы.........................................................5

    2. Дамыта оқыту технологиясын сабаққа пайдалану............................................11

ІІ бөлім. Сабақты модельдеудің педагогикалық негіздері

2.1 Сабақты модельдеу ұғымы және оның маңызы ................................................18

2.2 Дамыта оқыту жүйесінде сабақты модельдеудің ерекшеліктері .....................20

Қорытынды ............................................................................................................. 24

Қолданылған әдебиеттер тізімі ............................................................................ 26

Қосымшалар ............................................................................................................27






















Кіріспе



Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыны тек қана дайын ақпаратты қабылдаушы емес, оны ізденуші, талдаушы және шығармашылық тұрғыдан дамытушы тұлға ретінде қалыптастыру. Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі – дамыта оқыту жүйесін қолдану. Дамыта оқыту әдістері оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты сабақты модельдеу – дамыта оқыту жүйесінің маңызды бөлігі. Бұл тәсіл мұғалімге оқу процесін тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың білімді терең меңгеруіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сондықтан, дамыта оқыту жүйесінде сабақты модельдеудің ғылыми негіздерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеудің нысаны: Орта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдістері.

Зерттеудің пәні: Дамыта оқыту жүйесінде сабақты модельдеу тәсілдері мен әдістері.

Зерттеудің мақсаты: Дамыта оқыту жүйесінде сабақты модельдеудің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу, оның тиімділігін талдау және білім беру процесіне енгізу жолдарын ұсыну.

Зерттеудің міндеттері:

Дамыта оқыту жүйесінің теориялық негіздерін қарастыру.

Сабақты модельдеу ұғымы мен оның маңызын анықтау.

Дамыта оқыту жүйесінде сабақ құрылымы мен кезеңдерін талдау.

Сабақты модельдеудің тиімді әдістерін анықтап, практикалық мысалдар келтіру.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақты модельдеу жолдарын ұсыну.

Зерттеудің болжамы: Егер  мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту технология жүйесі сабақта тиімді пайдаланылса, онда мектептегі білімнің сапасы артып, келешектегі даму бағыттары айқындалады, сондай-ақ қазіргі қоғам талабына сай жан-жақты дамыған білімді ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік туындар еді.

Зерттеудің әдістері:

Теориялық талдау (ғылыми әдебиеттерді зерттеу).

Салыстырмалы талдау (дәстүрлі және дамыта оқыту әдістерін салыстыру).

Практикалық эксперимент (сабақ құрылымын модельдеу).

Зерттеудің көздері: Зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, психологиялық еңбектер, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, интернет желісі арқылы алынған ақпарат.

Зерттеудің теориялық маңызы: Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту технология жүйесін пайдаланудың педагогикалық, теориялық негіздері айқындалды.

Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу материалдарын педагогикалық мамандықта оқитын студенттер мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу: Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу:  мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының тәжірибесінде сынақтан өткізіледі. Дамыта оқыту жүйесін сабақта модельдеуді қолдану  бойынша әзірленген әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстар таратылып, практикалық жұмысқа енгізіледі.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.








І БӨЛІМ. ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Дамыта оқыту жүйесінің мәні мен маңызы

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқыту мазмұны – өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері ықпалын, қабілеттерінің артуына оң әсерін тигізеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқампаздық, ойы, сезімі секілді психологиялық процестері қарастырылады).

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуын білдіреді. Барлық табиғи құбылыстар сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгерістері үздіксіз жүріп отырады [1].

Даму қызметінің негізгі заңдылығы – оң өзгеріссіз, тек өсу күйінде өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім берумен тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқыны, жан-жақтылығы, терең білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму оның олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау. Дамыта оқыту сабақтарын өткізу жағдай, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы ұжымдық істерін ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Қазіргі кездегі дамыта оқыту қағидасы кезінде шығыстың ұлы ғұламалары: Әбу-Насыр әл-Фараби, Абдулла ибн Синадан да шығармаларында көрініс тапқан. Әл-Фараби «Философиялық трактаттарында «интеллект», «тұлға» ұғымдарына түсінік берген.

Баланың жеке тұлға, азамат ретінде қалыптасу мәселесіне қазақтың педагог-ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлихановтар да еңбектерінде көп көңіл бөлген. Олардың бала тәрбиесі, болашақ ұрпақ біздер үшін ғылыми құндылығы ерекше дамыта оқытуды зерттеуші ғалымдардың қағидасымен үндесе келеді [2].

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психикалық функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарды.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келесі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту» деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестенген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып жан-жақты дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жетекші қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалық бағыттау.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылып келді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін тәсілдерінің жаңасын жасау үлкен нәтиже береді [3].

Оқу мен даму арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы нақты деңгейде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселеге түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынап алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды:

1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың кейінгі аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде жаңа дамуға өріс ашылады.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның интеллектуалдық және жұмысқа деген дайындығы тұрғысында түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі соншалықты тиімді болады, жеке даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштерін дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттерді атқара білу.

В.В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытып, болжап алу дағдысын есептейді.

Жалпы алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады [4].

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеті арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп саналады.

Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін бала өзінің осы кезеңге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға ынтасы артып, білім алуға әрекеттенеді. Қазіргі жаңа буын оқулықтары дамыта оқыту ұстанымдарына сай құрылған [5].

Қазіргі мақсат дамыта оқыту болғандықтан мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар- ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты ұстанымдар болып табылады.

Дамыта оқыту – жеке тұлғаны барлық салаларда тұтас сәйкестік бағытта дамытуға бағытталған. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып дамыту. ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында Л.С. Выготский оқыту идеясын қозғады.

Оқытудың гипотезасы бойынша білім - оқушының дамуы. 1960-1990 жылдар арасында Л.В. Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Занков жасаған жаңа жүйенің негізі – өсіп келе жатқан дара тұлға [6].

Дамыта оқыту оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін мен қызығушылығын дамытуға, өздігінен құштарлығын оқуға баулиды. Оқушылардың оқуға сапалы және жауапты көзқарасын оятып, белсендіруге, өз бетімен білім алуға, қосымша әдебиеттер оқып, ізденуге, шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталады, өз бетімен пайда жасауға үйретеді.

Жаңа буын оқулықтарын оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану негізінің жемісі - оқушылардың еркін дамуына, белсенді және шығармашылығының дамуына жағдай жасау, жеке тұлғаны дамыту.

Жеке тұлғаның бойындағы қабілеттерін дамытып, өз бетімен әрекеттену арқылы білімді меңгерту, өзіндік пікірін анық айту, өз алдына мақсат қоя білу.

Әр сабақ үстінде баланың қабілетін ескере отырып, жалпы дамытуды ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар - намыс, мақтаныш- сезім, дербестік, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік, өз пікірін сапалы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып, жалпы дамытуды үнемі сабақтың жүйелі жүзеге асырғанда жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады [7].

Жас ұрпақты қоғамдық маңызды істерді сапалылықпен игеретін бұған дейінгі алдыңғы жасаған игіліктерді жалғастыра алатын жан- жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастырудың негізі мектеп жасында қаланатыны белгілі.

Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай-қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу - адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана-сезімін дамытуға бағытталады.

Рубинштейн оқытудың мақсаты «оқушыға белгілі бір білім туралы мағлұмат беру емес, ең бастысы, оқушылардың бойындағы қабілеттерін дамыту, балаға қандай материал ұсыну емес, оны бақылауға, ойлауға үйрету» деп көрсетеді.

Психолог-ғалым Д.Б. Эльконин «Оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерінен аса бір ерекшелігі бар», – деп көрсетті. Онда бала мұғалімнің басшылығы арқылы ғылыми түсініктерді ұғыммен меңгереді. Бірақ бұл әрекет арқылы оқушы ғылымға ешқандай өз еркімен келмейді. Сол түсініктерді меңгеру арқылы баланың ойы, түсінігі түпкі санасы дамып, ал бұл негізгі ұғымдарды жұмыс істеуінің жаңа кезеңіне көтереді.

Оқу әрекетінде оқушының қабілетінің дамуымен қатар, оның психикалық жас кезеңдеріне байланысты көне ғалым Г.И. Щукина былай дейді: «Оқу әрекеті даму» үдерісі болғандықтан, ол баланың барлық жағынан даму көзі басының алдыңғы деңгейіне өсуі. Мысалы: бастауышта оқушының оқу әрекетінің негізгі тапсырманы орындауы болса, орта сыныптарда ол жай орындаушы емес, белсенді орындаушы деңгейіне көтеріледі, осы кезеңде оның шығармашылық ізденісінің алғы шарттары қалыптаса бастайды да, жоғары сыныптарда оқушы өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істей білетін дәрежеге жетуі тиіс».

Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы бір жағынан оқу үдерісіндегі оқушының белсенділігінің, өзіндік ізденіс жасай оқуының, қызығушылығының, т.б. өзгеруіне байланысты болса, екінші жағынан айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына байланысты болады. Сондықтан мұғалім оқушы бойындағы өзгерісті назардан тыс қалдырмай нақты ситуацияларда оқушы белсенділігін, өз бетімен жұмыс істей білу қабілетін, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыта отырып жеткілікті жағдай туғызуы керек [8].

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өз дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтары ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қояшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы, фасилитатор. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.




    1. Дамыта оқыту технологиясын сабаққа пайдалану

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.

Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Дамыта оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, үнемі өсіп, жаңарады.

Оқыту – танымдық процесс. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы үнемі өсіп, арта түседі.

Дамыту оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрде көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді [9].

Оқушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.

Дамыта оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзініңпсихикалық процесстерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды.Оқыту процессінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту – баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Оқушының жалпы психикалық дамуы – мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процессінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар [10].

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқушының өзінін танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастыра отырып айқындайды. Оқушы білімінің мазмұны мен педагогикалық тұрғыдан өзгертетін жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегін қажет етеді.

Дамыта оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту міндетін жүзеге асырады. Оқытудың мәнісі, мазмұны, мақсаты бірге (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқытудың бірінші қызметі — оқушыларға білім беру біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру [11].

Оқытудың екінші қызметі — тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірге қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысында қолайлы ықпал етеді, соның негізінде оқытудың танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі — дамыта оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезімін, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиял секілді психикалық процестерді де қарастырылады).

Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өз бетінше жүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметімен жалғасы болады деп есептеледі. Сондықтан дамудың қарқынды, жан-жақты әрі, терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді [12].

Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады.

Қазіргі мақсат дамыта оқыту болғандықтан мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олардың ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік туралы қасиеттері.

Оқу тәрбие үрдісі негізінде даму мәселесінде ең алдымен оқушының өз бетімен жұмыс істеу әрекеті, белсенділігі артады.

Дамыта оқыту – бұл дәстүрлі білім беруге қарама-қайшы әдіс. Дәстүрлі оқыту мұғалімнің жеке түсіндіру, қойылған сұраққа жауап беру, оқушылардың үлгерімі бойынша жаттығу жұмыстарын орындату, яғни білім алу үрдісі негізделсе, дамыта оқыту технологиясында бала өзі ойлау және оқу үрдісінің құрамдасқан санасын, жалпы пікірге сүйеніп қорытынды жасауға машықтанады.

Дамыта оқыту Д.Эльконин, В.Давыдов жүйесінің көздеген мақсатына жету тек оқушының өзіндік ізденісіне байланысты болады.

В.Давыдовтың 4 қырлы дамыта оқыту идеясының негізгі ұстанымы – оқушылардың теориялық ойлауына жол ашу. Ол үшін білім мазмұнын оқушы жасына лайықтап, тек тұрмыс деңгейдегі түсініктер түрінде ғана емес, белгілі бір ұғымдар жүйесі деңгейінде құру қажет. Бұл оқушының нақты, бейнелі ойлауын жоғарғы деңгейге көтеріп, теориялық ойлауын база, тірек болып дамытатынын дәлелдеді. Сондықтан дамыта оқыту әдістерін пайдалана отырып өмір талабына сай білім беруге қол жеткізу керек.

Дамыта оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оның тәсілдерін меңгеру әр мұғалімнің басты міндеті болып табылады.

Сонымен, дамыта оқыту технологиясының басты принципі – оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде болады.

Дамыта оқыту технологиясының бір ерекшелігі проблемалық жағдайлар туғызу, оны шешу, осыны пайдалана отырып оқушылар бойына танымдық құзіреттіліктің алғашқы белгілерін қалауға болады. Оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, танымдық іс-әрекетті әр пәнде жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптасуына оқу танымдық тапсырмаларды шығармашылық, топтық тұрғыда шешудің маңызы зор. Оқушылардың таным қабілеттерін қалыптастыруда дамыта оқытудың принциптеріне сүйену қажет. Жоғары қиындықта оқыту, теориялық білімнің жетекші рөлі, оқу үрдісін сезіну және түсіну, барлық оқушылардың жалпы дамуымен жұмыс ,оқу үдерісін жеделдету.

Жаңаша оқытудың мақсаты оқушылардың өздігінен үйренуін талап етеді. Мұғалімді дамыта оқыту технологиясында дайындаудың өзіңдік ұстанымы бар.

Мұғалім сабаққа дайындалып, жаңа материалды түсіндіру үшін әртүрлі жолдарын іздестіреді ал дамыта оқыту технологиясын пайдалану барысында оқушылар өздері жаңа тақырыпты талқылап, әртүрлі тәсілдерді қолданады, ал мұғалім тек қана әртүрлі деңгейдегі ойланатын сұрақтар құрумен айналысады.

Сабақ барысында ол оқушылардың ойлау жолдарына ғана көңіл бөледі. Мұндай жағдайда бұрынғыдай сабаққа жоспар құрып, әр кезеңде оқушының іс-қимылын қадағалауға жағдайы болмайды.

Жаңа типті сабақты ұйымдастыру оқыту жағдайын жобалай білуге байланысты, оқытуды дамытудың қолайлы бірнеше нұсқасына болжам жасау.

Бұл әдістің үлгісінде мұғалім жаңа тақырыпты толық айтып шықпайды, тек оқушылардың жаңа білімді игеру үрдісіндегі орны мен мақсатын өзгертеді.

Оқушылар өздігінен шеше алмайтын тапсырмалар кездескенде жаңа тақырыпты игеруге дайындықтары мен ынталары қалыптасқаннан кейін ғана мұғалім көмекке келеді.

Дамыта оқыту технологиясының тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру үлгісі:

Тапсырмалар мен сұрақтар түрі

Сұрақтар мен тапсырмалар

Өңдеу (қалпына келтіру кезеңі)

Оқушылардың есте сақтау, қабылдауына үйрету.

Сабақтың 1/3 бөлігін қамтиды.

Кім? Қайда? Қашан? Не?

Суретте не бейнеленген?

Жылдың қай мерзімі?

Анықтама беріңдер....

Қатесін түзеңдер.

Мысал келтіріңдер.

Өнімділік- ойлауға, елестетуге сүйену.

Сабақтың негізгі кезеңі.

Тапқырлық табыстық.

Эвристикалық ізденіс

Басты идеясы қандай, негізгі ой?

Құбылыстың негізгі мағынасы?

Себебі не?

Немен түсіндіруге болады?

Қандай ой керек, егер солай болса?

Құрастырылып отырған құбылысты біріктіретін не? Сөздер дәлелдер?

Қандай қорытынды шығарамыз?

Қалай түсінесіздер, бұл не?

Бұл ережені қалай, қайда қолданамыз?

Ол не үшін керек?

Немен ажыратылады?

Біз сендермен қандай қорытындыға келдік?

Өздерің шығарған қорытындыға қалай қарайсыңдар?

Бекітуге келісесіңдер ме?

Неге...?

Талқылаңдар...

Түсіңдіріңдер...

Жіктеңдер...

Жүйелеңдір...

Қатесін табыңдар....

Проблемалық ізденіс

Басқа әдіспен қалай шешуге болады?

Неге бұл әдіс тиімді?

Несімен жеткіліксіз?

Біз әртүрлі дәлелдерді қолдандық?

Неге олай туындады?

Түсіңдіріңдер, не себепті?

Дәлелдеңдер ...

Ұсыныс айтыңдар...

Бағалаңдар....

Салыстырыңдар...

Біз қатесін таптық,олар қалай туындады, нені біз ескермедік?

Шығармашылық ізденіс

Құрастырыңдар, ойластырыңдар...

Ойлаңдар, қалай істеуге болады?

Заңды, теориямен біріктіріңдер...

Басқа әдіспен қалай шешеміз?

Бұл білімді қалай қолданамыз?

Аргумент, фактілер келтіріңдер...


Сұрақтар мен тапсырмалардың құрылуына қойылатын талаптар:

1. Нақты базалық білімін ескеру.

2. Ойлау қабілеттерін бағыттау (салыстыру, бақылау, пікірлесу, синтездеу және т.б.).

3. Сұраққа жауап іздеу, оқушыларды ойлауға жетелеп, ойға берілуге қызығуын туғызу.

4. Эмоциялық көрініс, қойылған сұраққа оқушылар дұрыс жауап бергенінше шектеу.

5. Оқушыдан толық жауап алғаннан кейін неге мұндай қорытындыға келгенін сұрау.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары:

І. Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

Сабақтың мазмұны

Оқу жағдайын ескеру

Әдістемелік тәсілдерді қолдану

II. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау

ІІІ.Сабақты жүргізу

Орындалатын баланың іс-әрекетін ұйымдастыру

Оқушымен жанама қарым-қатынас

Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлексия (Сабақтың қорытынды бағасы)

Қойылған мақсатқа жету

Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер).












ІІ БӨЛІМ. САБАҚТЫ МОДЕЛЬДЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


2.1 Сабақты модельдеу ұғымы және оның маңызы

Сабақты модельдеу – сабақтың құрылымын, мазмұнын, оқыту әдістерін, құралдарын, бағалау тәсілдерін және оқушылардың іс-әрекеттерін алдын ала жобалау процесі. Бұл оқытудың тиімділігін арттырып, оқу мақсаттарына нақты және жүйелі түрде қол жеткізуге көмектеседі.

Сабақты модельдеу төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1. Мақсат қою – сабақтың жалпы және нақты мақсаттарын анықтау.

2. Мазмұнды жоспарлау – оқытылатын материалдың мазмұнын анықтау және құрылымдау.

3. Әдіс-тәсілдерді таңдау – оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу мақсатына сәйкес оқыту әдістерін таңдау.

4. Сабақ құрылымын жасау – сабақтың кезеңдерін анықтау (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).

5. Бағалау жүйесін белгілеу – оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау әдістерін анықтау.

Бұл кезеңдердің әрқайсысы сабақтың тиімділігін арттыруға көмектеседі және мұғалімге сабақты ұйымдастыруда бағыт-бағдар береді [13].

Сабақты модельдеу қазіргі білім беру жүйесінде маңызды орын алады. Оның маңыздылығы бірнеше факторлармен түсіндіріледі:

1. Сабақтың құрылымын жүйелеу – мұғалім сабақтың барлық кезеңдерін алдын ала жоспарлап, оқу процесін тиімді ұйымдастырады.

2. Оқушылардың белсенділігін арттыру – дұрыс модельденген сабақ оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенді жұмыс жасауға ынталандырады.

3. Оқу нәтижелерін болжау – сабақты модельдеу арқылы мұғалім оқушылардың қандай нәтижелерге жететінін алдын ала болжай алады.

4. Уақытты тиімді пайдалану – жоспарланған сабақ уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

5. Заманауи әдістерді енгізу – жаңа технологиялар мен педагогикалық инновацияларды тиімді қолдануға жағдай жасайды [14].

Сабақты модельдеуде келесі қағидалар басшылыққа алынады:

1. Ғылыми негізділік – сабақ мазмұны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақпараттарға негізделуі керек.

2. Оқушыға бағытталу – сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктері, қабілеттері және оқу дағдылары ескерілуі тиіс.

3. Жүйелілік және реттілік – сабақтың кезеңдері бір-бірімен логикалық байланыста болуы қажет.

4. Оқытудың тиімділігі – сабақ әдістері оқушылардың білімді қабылдауына және есте сақтауына оң әсер етуі керек.

5. Кері байланысты қамтамасыз ету – оқушылардың сабақтағы жетістіктерін бақылау және түзету жұмыстары жүргізілуі тиіс [15].

Сабақты модельдеу әртүрлі әдістерге негізделуі мүмкін. Негізгі түрлері төмендегідей:

1. Дәстүрлі модель – мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың тыңдауы, сұрақ-жауап арқылы түсінікті бекіту.

2. Интерактивті модель – топтық жұмыстар, рөлдік ойындар, пікірталастар арқылы оқушыларды белсенді қатыстыру.

3. Жобалық модель – оқушылардың зерттеу және шығармашылық жұмыс жасауына негізделген сабақ.

4. Ақпараттық-коммуникациялық модель – заманауи технологияларды пайдалану арқылы оқыту (видео, анимация, интерактивті тақта, онлайн платформалар).

5. Проблемалық оқыту моделі – оқушыларға белгілі бір мәселені шешу үшін зерттеу жүргізуге мүмкіндік беру.

Бұл модельдердің әрқайсысы оқушылардың білім алу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді және олардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған [16].

Сабақты модельдеудің артықшылықтарымен қатар, оны жүзеге асыруда кейбір қиындықтар туындауы мүмкін:

1. Уақыттың жетіспеушілігі – мұғалімдер сабақтың моделін жасауға жеткілікті уақыт таба алмауы мүмкін.

2. Қажетті ресурстардың болмауы – кейбір мектептерде заманауи технологиялар мен құралдардың жетіспеуі.

3. Оқушылардың дайындық деңгейінің әртүрлілігі – сабақтың барлық оқушылар үшін тиімді болуын қамтамасыз ету қиын болуы мүмкін.

4. Әдістерді дұрыс таңдамау – кейбір әдістер белгілі бір сыныптың қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мүмкін.

Бұл қиындықтарды шешу үшін мұғалімдер үнемі кәсіби дамумен айналысып, сабақты модельдеудің заманауи тәсілдерін меңгеруі қажет.

Сабақты модельдеу – білім берудің сапасын арттыруға бағытталған маңызды педагогикалық процесс. Ол мұғалімдерге оқыту процесін жүйелі ұйымдастырып, оқушылардың белсенділігін арттыруға, сабақтың тиімділігін арттыруға және білім беру нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді

Сабақты дұрыс модельдеу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі артады, олар өз бетімен білім алуға дағдыланады және алынған білімдерін өмірде қолдануға үйренеді. Сондықтан мұғалімдер сабақты модельдеуге ерекше көңіл бөліп, оны білім беру процесіне белсенді түрде енгізуі қажет [17].

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұны мен оқытудың жаңа әдістерін енгізу жағдайында сабақты модельдеу – білім сапасын арттырудың маңызды құралы болып табылады. Осыған байланысты әрбір мұғалім өз тәжірибесінде сабақты модельдеудің заманауи тәсілдерін қолдана білуі тиіс.




2.2 Дамыта оқыту жүйесінде сабақты модельдеудің ерекшеліктері

Дамыта оқыту жүйесінде сабақты модельдеу келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Мақсатты бағытталған оқу процесін ұйымдастыру

Сабақты модельдеу барысында оқушының танымдық әрекеттерін белсендіру үшін нақты мақсаттар қойылады. Бұл мақсаттар оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, ойлау қабілеттерін дамытуға және білімді терең меңгеруге бағытталады.

2. Жеке және топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылар тек мұғалімнің түсіндіруін тыңдап қана қоймай, түрлі тапсырмалар орындау арқылы білім алады. Сабақ барысында жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың ынтымақтастығы мен өзара әрекеттесуі күшейеді.

3. Ойын технологияларын пайдалану

Дамыта оқыту жүйесінде сабақты модельдеу барысында әртүрлі ойын элементтері қолданылады. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білімді жеңіл әрі тез қабылдауға мүмкіндік береді.

4. Проблемалық жағдаяттарды шешу

Сабақты модельдеу кезінде оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту мақса

тында оларға белгілі бір мәселені шешуге бағытталған тапсырмалар беріледі. Оқушылар өз бетінше немесе топпен жұмыс істей отырып, шешім қабылдауға үйренеді.

5. Рефлексия және өзіндік бағалау

Сабақ соңында оқушылар өздерінің жетістіктерін бағалап, талдау жасайды. Бұл олардың өз оқу процесіне жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз етеді [18].

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары:

І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында  мақсат пен міндеттерді меңгеруі

  • Сабақтың  мазмұны

  • Оқу жағдайын ескеру

  • Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

  • Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

  • Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

  • Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс – тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

  • Әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру

  • Оқушымен жанама қарым – қатынас

  • Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

  • Қойылған мақсатқа жету

  • Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер) [19].

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы  өз іс – тәжірибесінде қалай қолданады?

1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым – қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.

2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды  дағдыға айналдыру.

3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

5) Оқушының сезіміне  әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту [20].

Сабақты модельдеудің дамыта оқыту жүйесіндегі маңызы:

1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру:

Сабақты модельдеу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянып, олар белсенді оқу әрекетіне тартылады.

2. Шығармашылық ойлауды дамыту:

Дамыта оқыту жүйесінде сабақ моделін жасау барысында оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беріледі, бұл олардың өз ойын еркін жеткізуіне, жаңа идеяларды ұсынуына мүмкіндік береді.

3. Өзіндік білім алуға дағдыландыру:

Сабақты модельдеу барысында оқушылар өз бетімен ақпарат іздеп, оны талдап, жүйелеуге үйренеді. Бұл олардың өмір бойы білім алу қабілетін дамытады.

4. Оқу нәтижелерін жақсарту:

Дұрыс модельденген сабақ оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың оқу материалын терең түсінуіне көмектеседі [21].

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Өз педагогикалық іс – тәжірибе өту кезіңде білім сапасын арттыру мақсатында, түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Атап айтсам, «Әріптерді сөйлет» ойынында әріптерден сөз құрау тапсырылады. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойынында оқушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. «Не артық?» ойыны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. Сондай-ақ, сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде кесте бойынша сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу керек деп тапсырылады. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. Логогрифтер, шарада, метаграммалар, филворд, т.б.







ҚОРЫТЫНДЫ



Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіндегі қазақ тілі – қазақ халқының барлық тарихи мен мәдениетін кумулятивтік қазынасында сақтап келген, болашағына аманат етіп тапсыратын барлық ақпаратты бойына жинап алған теңдесі жоқ жүйелі тіл. Осындай мұраны оқып-игеріп, өзінің өмірлік үрдісіне еніп, оны келер болашаққа алып бару міндеті оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осы мақсатта дамыта оқыту технологиясын сабақта тиімді қолдану ерекше маңызға ие.

Қазақ мектебінің қазіргі кезеңі оқып жатқан жас өркенге бүгін күн көзқарасымен емес, Л.С. Выготский айтқандай, “Ертедегі өскен өршік жарып, ертеңгі күні не берерін алға қарап”, анықтап қарау – басты талаптардың бірі екені сөзсіз.

Дегенмен дамыта оқытудың өзіндік ерекшеліктері ғылыми-теориялық бөлімде терең талданып, соңы негізде арнайы білім мазмұны іріктелініп, арнайы жаттығулар жүйесі жасалынып, арнайы әдістемелік кешен қолданылып, оқушылардың теориялық ойлау қабілетінің биік әрі кең екендігіне көз жеткізілді, дамыта оқыту жүйесінің өзіне тән әдістемелік қоры мен базасы жасалуы керектігі анықталды.

Дамыта оқыту жүйесінде сабақты модельдеу – оқыту процесін тиімді ұйымдастырудың маңызды құралы. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың өздігінен білім алу қабілеттерін дамытады. Сабақты модельдеу арқылы мұғалімдер оқыту процесін жүйелі түрде ұйымдастырып, оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады.

Сондықтан, қазіргі білім беру жүйесінде дамыта оқыту технологияларын қолдана отырып, сабақ моделін құру – оқыту сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады. Мұғалімдер сабақты модельдеуді тиімді ұйымдастырған жағдайда, оқушылардың өз бетімен ойлау қабілеті дамып, олардың алған білімдері өмірде қолдануға жарамды болмақ.

Зерттеу барысында дамыта оқыту жүйесін қолданудың теориялық және әдіснамалық негіздері қарастырылып, оның сабақта тиімді іске асырылу жолдары анықталды. Дамыта оқыту жүйесін модельдеу барысында оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі әдістері ұсынылып, олардың оқу үдерісіне тигізетін оң әсері көрсетілді.

Қорытындылай келе, дамыта оқыту технологиясын сабақта модельдеу – оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың және оларды жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді әдіс. Бұл жүйені білім беру үдерісіне кеңінен енгізу болашақ ұрпақтың шығармашылық қабілеті жоғары, өздігінен ойлай алатын, өмірлік дағдылары қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді

Осындай жеке тұлғаны қалыптастыру – оқушының ана тілі болып саналатын қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесінің басты өзегі ретінде анықталды.

















Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Алисина М. Дамыта оқыту - білім мен тәрбие өзегі. // Қазақстан мектебі.-2006.-№2.-3 б.

2. Өбенбаев С, Құлдырова А, Әбиев. «Педагогика». Астана: «Фолиант», 2005-368 б.

3. Бабаев С. Педагогика. Алматы. -2001.-88 б.

4. Байтөбева Н. Дамыта оқыту технологиясы. // Ұлағат. 2008.-№4.-59-61 б.

5. Байшина Г. Жеке тұлғаны дамытудағы оқытудың құндылығы. // Қазақстан мектебі. 2010.-№4.-29 б.

6. Верзилин К. Тәрбие мен оқытудың бірлігі.-Алматы, 1973.-295 бет.

7. Горностаев Т. Проблемы воспитания в педагогической системе.

8. Жаппаров А. Дамыта оқытуда оқушылардың әрекетін ұйымдастыру жүйесі. // Қазақстан мектебі. 2006.-№2.-3 б.

9. Бабаев Б, Қозыбаева М. Оқыту процесінің мәні. –А, 1991.-147 б..

10. Қожаханов К. Дамыта оқыту – дарындылықты дамыту. // Дидар. 2007.-15 мамыр.-3 б.

11. Қоянбаев Ж. Б. Педагогика. Алматы. 2002.-212 б.

12. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А, 1986.-210 б.

13. Нәтижқызы Г. Дамыта оқыту технологиясы. // Ұлағат. 2009.-№3.-92 б.

14. Пидкасистый П. Оқыту әдістері. А, 1991.-185 б.

15. Нұртазина А. Дамыта оқыту жүйесінің оқу әрекетіндегі маңыздылығы. // 2010. №2.-15 б.

16. Оберқұлова Л. Дамыта оқыту – бүтін сабақта. // Қазақстан мектебі. 2010.-№2.-20 б.

17. Сансызбайұлы А. Дамыта оқыту. // Қазақстан мектебі. 2007.-№1.-13 б.

18. Степанова М. Проблемы обучения и развития в трудах Л.С. Выготского. // Вопросы психологии. -2001.-№4.-106 стр.

19. Құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырма // 12 жылдық білім беру, 3-2008-20-21б.

20. Эльконин - Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» // Педагогикалық шығармалар, 7-1998 ж-17 б.

21. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері // Психологиялық ғылым және білім беру, 5-2003-22-25 б.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2025
73
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі