Материалдар / Дамыта оқыту технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дамыта оқыту технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерте кезден-ақ ақыл-ой белсенділігі пәндердің, құбылыстардың процестердің мәніне терең енуіне, есте қалдыруына мүмкіндік беретіні белгілі болды. Белсенді оқытуға ұмтылу Ф.Бэконның философиялық көзқарасына сәйкес келеді. Ол сөздің шығу оқиғасына сын түрінде қарады және шындықты зерттеу жолымен алынған ақиқатты талап етті. Кейін белсенді оқытуды педагогтар мен филдософтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо жалғастырды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2021
766
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ

Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия» КММ

Далабаева Асель Беделовна

директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Дамыта оқыту технологиясы

Ерте кезден-ақ ақыл-ой белсенділігі пәндердің, құбылыстардың процестердің мәніне терең енуіне, есте қалдыруына мүмкіндік беретіні белгілі болды. Белсенді оқытуға ұмтылу Ф.Бэконның философиялық көзқарасына сәйкес келеді. Ол сөздің шығу оқиғасына сын түрінде қарады және шындықты зерттеу жолымен алынған ақиқатты талап етті. Кейін белсенді оқытуды педагогтар мен филдософтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо жалғастырды.

Ресейде дамыта оқыту идеясын бірінші болып Л.С.Выготский ұсынды. Өзінің жұмыстарында ол оқыту мен дамытуды бір-біріне байланысты процесс ретінде қарастыру керектігін және негізгі міндеттіоқытуға беру керектігін атап өтті. Қазіргі кезде Д.В.Эльконин және В.В.Давыдов жасаған дамыта оқытудың дидактикалық жүйесі белгілі. Барлық дамыта оқыту теориялары оқыту процесіндегі оқушылардың ойларын белсендіруге бағытталады. Л.Заенков, Д.В.Эльконин, В.В.Давыдовтың жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынандай ұстанымдардан құралады:


DrawObject1



Егер дәстүрлі оқытуда ақпараттық, хабарлаушылық оқушының іс-әрекеті репродуктивті сипатта болса, яғни белгілі алгоритм бойынша үлгіге қарап тапсырма орындау, ал дамыта оқытуда бұл іс-әрекет продуктивті сипатта болады. оқушы жаңа тапсырманың, проблеманың шешу жолын өз бетінше іздейді, яғни ол білімін жаңа жағдаятта қолданады және алдында тұрған проблеманы шешу алгоритмін өз бетінше құрастырады. Дамыта оқытудағы бірінші дәрежелік мәндегі әдістерге проблемалық оқыту және эвристикалық әңгімелесу, материалды проблемалық баяндау, зертеушілік әдіс жатады.

Проблемалық оқытудың жаңа теориясы (Махмутов жасаған) осы әдістерді кеңінен қолдануға негізделген. Проблемалық оқыту деген оқушының барлық оқу материалын өз бетінше оқуы немесе қойылған проблеманы өзі шешуі емес. Мұнда мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың репродуктивті әрекеті, тапсырманы құрастыру және жаттығуларды орындау да кіреді.

Оқу процесі проблемалық негізінде ұйымдастырылады. Бұл оқытудың өзіне тән негізгі белгісі – оқу проблемасын өз бетінше шешу.

Проблемалық оқытудың мақсаттары:

  • Логикалық, ғылыми, шығармашылық ойлауды үйрету;

  • Оқушыларда тек білімді қалыптастырмай, оқу материалын дәлелді және сенімді етіп жасау, ғылыми, диалетикалық – материалистік дүниетаным қалыптастыруға негізделген білім беру;

  • Білімнің беріктігін қалыптастыруға ықпал ету, өйткені оқушылардың өз бетімен тапқан ақпараттарды есте жақсы сақталады;

  • Оқушының эмоциялық өрісіне әсер ету, яғни оларға өз күшінің сенімділігіне, ойлау іс-әрекетінің күрделілігіне қанағаттандыру сияқты сенімдер қалыптастыру;

  • Ізденіс және зертеушілік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушының білуге ұмтылу ынтасына мән бере отырып, оның ілімге деген танымын қалыптастырып, қызығушылығын жебеу арқылы белсенділігін дамыту.

Проблемалық оқытуға толық анықтаманы М.И.Махмутов берді.

Проблемалық оқыту – бұл дамыта оқытудың бір типі, онда оқушы өз бетінше іздену жүйесі мен дайын ғылыми қорытындыны үйлестіре игереді. Әдістер жүйесі проблеманың принципі мен мақсатын ескере жасалған. Сонымен, проблемалық оқыту деп, білім беру мақсатындағы бірізділік пен қойылған проблемаларды шешуді айтады. Проблемалық оқытудың міндеттерін М.М. Махмутов жалпы және арнайы міндеттер деп екіге бөлді.

Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:

  • Оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;

  • Оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Мектеп оқушыларының диалектикалық – материалистік ойлауын қалыптастыру.

Проблемалық оқытудың арнайы міндеттері:

  • Білімді шығармашылық жолмен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;

  • Білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (меңгерген білімдерді жаңа ситуацияға қолдану) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;

  • Шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау;

  • Оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру;

  • Ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.

Проблемалық оқытудыңнегізгі өзегі – проблемалық жағдаят туғызу

Проблемалық жағдаят – бұл педагогикалық жағдаят, мұнда оқытушы немесе оқушымен бірге тұжырымдаған проблемаға жауап іздеуге оқушыны мәжбүр етеді. Демек, проблемалық оқытудың негізгі идеясынбылай тұжырымдауға болады: білімнің елеулі бөлігі оқушыларға даяр күйінде берілмейді, оларды оқушылар проблемалық жағдаятты шешу барысында дербес танымдық іс-әрекет процесінде алады. Елестеу, еске түсіру әдістерінің біріне проблемалық жағдаят жатады. Проблемалық жағдаят оқу процесінде оқушылардың кейбір қиын сұрақтарды шешуі үшін қолданылады. Проблемалық жағдаят оқушыға ой салады. Оны не өзі, не ұстаз көмегімен шешеді. Проблемалық жағдаяттың ең құндылығы оқушылардың оқу материалдарынтереңірек меңгеруіне, терең ойлауына мүмкіндік береді. Себебі ол ғылыммен жалғасып жатыр, оқушы ғылымға бет бұрады.

Оқытушы проблемалық жағдаятты шешуде оқушымен ынтымақтастықта болуы керек, сонда қушы инициативті, тапсырманың дұрыс немеседұрыс емес жауабын батыл айтып, проблеманы шешуде бірлескенкүш жұмсайды.

ПDrawObject2 роблемалық оқыту жүргізу үшін мынандай үш шарт орындалуы қажет:






Проблема қою әркез проблемалық жағдаятқа әкелмейді. Л.С.Выготский ойлауды дамытудың екі деңгейін тұжырымдадығалым психолог оқытуды жақын даму аймағына негізделіп оқытылу керек және оқушылардың мүмкіндіктерінен кішкене жоғары болу керек деп есептейді. Жаңа материал тәжірибеге сүйенетін жағдайда ғана жаңаға қызығушылық туатынын есте ұстау керектігін атап өтеді.


Л.С.Выготский бойынша баланың ақыл-ойының даму деңгейлері:


Өзекті даму деңгейі

Жақын даму аймағы

Ықтималдық деңгейі

Бұл оқушының нақтылығы даму деңгейі, яғни бұл оның осы шақта жеткен даму деңгейі. Ол оқушының өз бетімен қойған мәселені орындаумен сипатталады.

Бұл өзекті және ықтималды даму аймағы арасындағы ара қашықтық.

Оқушының мәселесін ересектердің немесе озат оқушылардың көмегімен бірлесе шешуі.


Проблемалық ситуацияның пайда болуының басты шарты – бұл мұғалімнің және оқушының жақын даму аймағында проблеманы көру. Оның шешімі – оқушы өзіне белгілі білімге, ойлау тәсіліне және шешу әдісіне сүйену керек. Демек, қиындату проблемалық ситуация ойлау процесін тұғызу үшін, оның шешу жолын іздеу осы кезеңде мүмкін және оқушылар іс-әрекетке дайын болуы керек. Ал кері жағдайд өз бетімен ойлаудың дамымауына, өз күшіне сенбеушіліктің тууына себепші болады.


Проблемалық оқытудың кезеңдері

DrawObject3




















  1. Проблеманы қабылдауға дайындық. Оқытудың алдынғы кезеңдерінде, басқа пәндерде, күнделікті өмірде игерілген білімдерін еске түсіру, яғни білімді өзектендіру.

  2. Проблемалық жағдаятты құру. Бұл өте күрделі және жауапты кезең.

Проблемалық жағдаятты құру мұғалімнен жоғары шеберлікті талап етеді. Мұнда оқушы өз білімі мен іс-әрекеті негізінде қойылған міндетті шеше алмайды, яғни оны шешу үшін жаңа немесе қосымша білім қажет. оқушы қосымша білім қажеттігін сезінуі қажет. Бырақ проблеманы шешуге оқушының дәрмені жететіндей болуы керек. Оқушының тапсырманы орындауға білімі жетпесе, мұғаліммен қосымша нұсқау алады. Проблемалық жағдаяттың анық тұжырымдалуы басты шарт.

3. Проблеманы тұжырымдау. Туындаған проблеманың жағдаяты негізінде танымдық есеп немесе тапсырма түрінде тұжырымдау. Мұғалім қай сұраққа жауап іздеуді көрсетеді. Егер тұжырымды оқушының өзі жасаса ол өте тиімді болады.

4. Проблеманы шешу процесі. Бұл бір неше сатыдан тұрады:

- болжам айту;

- әр болжамды тексеру мақсатында оны шешудің жоспарын жасау;

- болжамды растау немесе жоққа шығару.

5. шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Мүмкін болған жағдайда практика жүзінде дәлелдеген ұтымды.

Оқу процесін ұйымдастырушы рөлін атқаруда мұғалім жетекші және серік ретінде болуы керек, бірақ білім көзі болу кері әсер етеді. Оқушы шеше алатындай түсінікті, нақты тапсырмалар беруі қажет.

Проблемалық оқытудың ең кең қолданылатын әдістері; материалдың проблемалық мазмұндалуы, эвристикалық әңгімелесу, өз бетімен іздестіру және оқушылрадың зерттеу іс-әрекеті.

Проблемалық баяндау. Бұл оқушыда жеткілікті білім болмаған жағдайда, қандайда құбылыспен бірінші кездескен кезде болады. бұл кезде мұғалім өзі ізденеді. Мұғалім жаңа білімді іздеу және ашу жолын зерттеуді көрсетеді, сөйтіп оқушыны өз бетімен ізденуге үйретеді.

Материалдың проблемалық мазмұндалуы мұғаліммен тек материалды толық білу емес, сонымен қатар ғылым қай жолмен дамығанын білуін қажет етеді.

Материалды проблемалық баяндағанда мұғалім оқушыныңойлау процесін басқарады, сұрақ қояды, оларды ойландыруға итермелейді. Оқушылар ішінен жауап беріп, оны мұғалімнің талқылауымен салыстырады.

Эвристикалық әңгімелесу. Оқушылардың білімі оқу проблемасын шешуде белсенді қатысуға жеткілікті болса қолданылады. Осылай әңгімелесу барысында қойылған проблемалық сұраққа оқушылар мұғалімнің басқаруымен өз бетінше жауп береді.

Оқушылар өз бетінше іздеу кезеңдерін белгілейді, әр түрлі болжамдар айтады, проблеманы шешудің әр түрлі гипотезасын ұсынады. Оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы - өз бетімен ізденушілік және зертеушілік іс-әрекеті. Бұл оқушылардың жорамалұсынуға және ғылыми тұжырымдауға білімдері жеткілікті болғанда жүзеге асады. Оқу зертеуіне бірқатар ерекшеліктер тән:

Оқушылардың ғылымда белгілі, оқу проблемасын шешу барысында алатын шындығы. Оқушылар үшін бұл фактілер жаңа және олар өздерін бірінші ашушылар ретінде санайды;

Оқу зерттеуі әрқашан мұғалімнің басшылығымен, жеке қатысуымен және көмегімен өткізіледі. Бірақ, оқушылра мақсатына өздерінің жеткендеріне сенуі керек;

Оқу зерттеу жан-жақты тәсіл болып саналмайды. Оқушылардың шығармашылығына зерттеудің тек белгілі бір элементтерін қосуға болады, зерттеуді тек бөлек тақырыптар мен сұрақтарды меңгерген кезде ғана қабылдау керек;

Зерттеу тапсырмасы алдымен мәліметтерді жинау жұмысынан, содан соң олардың теориялық анализінен тұрады. Проблема мәліметтердің сай келмеуінен және қайшылықтың орын алуынан байқалады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!