Материалдар / Дамыта оқыту технологиясына-кең өріс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дамыта оқыту технологиясына-кең өріс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дамыта оқыту технологиясының оқу үдерісіне қажеттілігі сараланып, талданады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2018
1231
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дамыта оқыту технологиясына – кең өріс



«Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарында болу, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы негізінде бірлікпен, тірлікпен нұрлы қоғам құру арқылы Мәңгілік Ел болу. Жолдауда баяндалғандай экономикалық саясат ең басты мәселе, сонымен бірге бәсекеге барынша қабілеттілікті арттыру үшін біз сауаттылығы жоғары мемлекетке лайықты болуымыз қажет. ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры, сондықтан білім сапасын арттыру, инновациялық білім беруге басымдық беру, оқу үдерісіне электрондық оқыту жүйесін енгізу, автоматтандырылған ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуді жақсарту, ұлттық тәрбиені өрістету, әлемдік тәжірибе негізінде жұмыс жасаушы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Назарбаев Университеті деңгейіне жету үлгі өнеге, жаңа серпін беріп, білім, ғылым және инновация синтезіндегі оқу орындарының тәжірибесін тарту білім беру бағытындағы басым бағыт, дамуымызды нығайтады.

Білім берудегі әлемдік маңызды үдерістің бірі түсіндіру – иллюстрациялық оқыту тәсілінен дамытушылық технологиясына өту. Дамытушылық оқыту технологиясы ойының алғашқы бастамасының негізі И.Г.Песталоцци және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде баяндалған. Бұл ойдың ғылыми негізі ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Л.С.Выготскийдің еңбектерінде ғылыми негіздемесі жасалынған. Дамыта оқыту мәселелері Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, А.С.Менчинскийдің және басқалардың еңбектерінде даму ойы өзінің жалғасына ие болды. Олардың оқыту тұжырымдамаларында білім беру, тәрбиелеу өзара байланысқан бір үдерістің диалектикалық даму жүйесі есебінде. Оқытудағы дамытушы оқу технологиясы білім беру жүйесіне енген оқу іс-әрекеттері ішіндегі танымалы. Ғылым мен тәжірибені зерделеген ғалымдар дәлелдегендей, педагогика баланың дамуының өткеніне емес, оның болашағына бағатталғанда дамуын ойластырып, бірлесіп және интербелсенділікпен, ынтымақтастықпен мақсатты, мүдделі болашақты көздейді. Осындай іс-әрекеттерде оқу үдерісінде нақты уақыт форматында зерделеу, бірлесе оқу, интербелсенділікте жақын даму үдерісін жүзеге асыра алады. «Жақын даму» аймағының мәні: жеткіншек өз дамуын – оқуын іс-әрекеттермен байланыстыру, теорияны іс-тәжірибедегі қолданылуымен толықтыру, өздігінен оқу электронды мультимедиялық сандық білім беру ресурстары, Интернетті пайдалану жиынтығынан креативтілікке ұластыру ақыл-ойының өрістеуіне жеткізіп, саналылықпен сапалыққа дамыту білім беру жүйесіндегі негізгі жол.

Оқыту шәкірттің психикалық дамуының жетекші қозғаушы күші есебінде танылған, ойлау қабілеттерін дамытуға себепкер болатын, ақпараттық инновациялық еңбегін туындататын – нәтижелерге жеткізетін – оқу жетістіктерін қамтамасыз ететін қызметтер жиынтығымен:

  • ұлан субьект, оқыту обьектісі емес;

  • оқыту дамыту аймағының алдында жуық маңда болып, оны ынталандырумен ықпалын арттырады;

  • теориялық білім, ойлаудың жетекші рөлімен ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасуы мен жетілуін қамтамасыз етеді.

  • Танымдық қызығушылықтарын, танымдық қажеттіліктерін белсенді арттыруға оқу және іс-тәжірибелерді байланыстырудың мәні үлкен;

  • білім беру стандарттарымен, типтік бағдарламаға сәйкес мақсатты бағытталынған оқу үдерісінде жеткіншек барлық педагогикалық-психологиялық кезеңдерді: мақсатты болжау, міндетті жоспарлау, мүддені межелеу, білім беру, тәрбиелеу, дамыту функцияларын орындау, нәтижелеріне талдау жасау, оқу жетістіктерін диагностикалаумен салыстыра қорытындылауды ендіру.

Болашағымыздың дамуын жеделдету үшін оқу үдерісін жоғары деңгейлі ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, жан-жақты, үйлесімді тәрбиеленуін есепке алып сапалы, саналы қиындықтар деңгейін арттыру ұстанымында жүзеге асыру – басты талап. Педагогикалық ғылым мен практиканың алдыңғы шебі – ол мақсат пен мүдденің сай болып рухани, сезімдік күш-қуат іске қосылуынан болашағын ойлауы белсенділіктен креативтілікке жеткізіп, дамытуды қалыптастырады.

Жоғары қиыншылық, талаптар, бірлесе оқу ұстанымына орай білім мазмұны мен тәжірибені ұтымды байланыстыру, іс-әрекет пен іскерлік, дағды бірін-бірі толықтыра түсетін болса, даму, жетістіктері қамтамасыз етіледі. Дамыту саналы тәрбие, сапалы білім берілумен оқу материалының мазмұны, қарқыны ұлғаяды, әрі берік болуымен тереңдейді, жетекші орын теориялық білімдерге басымдық жасайды, шәкірттердің біліміне толықтыра түсетін іскерліктері мен дағдылары нығаяды. Дамыта оқыту технологиясының кезекті талаптарының бірі – оқу үлгерімі, жедел қарқынды және интербелсенділікте орындалуымен мәні, маңызы арта түседі. Дамыта оқыту технологиясы ойларының келесі талаптарының бірі – ол оқу іс-әрекеттерінің жобаланып, болжамдалынып, диагностикаланып, қажетті түзетулер жасаумен түрлендіріліп теориялық білім, тәжірибелік байланыстыру, өздігінен жұмыс, өз бетінше тану, сандық интербелсенді мультимедиалық білім беру ресурстары, Интернет мәліметтері ынтымақтаса оқу арқылы өздігінен жауап әрекеттерін орындауларымен (рефлекция) ынталандыру ойы қосылды. Жауаптарды жұптау іс-әрекеттеріне келу (рефлекция) дегеніміз шәкірттің өз әрекеттерін сезіне ойластыруы, түсінуі, оқу іс-әрекеттерін талдау және біріктіруі. Рефлекциялық іс-әрекет амалдары өзіндік қадағалау және бағалаулармен байланысты болғандықтан дамыту технологиясының шарттарына қатысты мән берілуі дамытуға қосымша қажетті білімді арттыра түседі.

Оқу үдерісі технологиясының ерекшелігі алға қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беріп, оны қамтамасыз ету мүдделі болып табылатын оқу үдерісі жобаланады, диагностикаланады, стандарт талаптары ескеріледі, оқу-әдістемелік ұсыныстар орындалады, оқу жетістіктері көзделеді, осылай оқу үдерісі жасалады, жүзеге асырылуы жан-жақты ойластырылады, үлкен еңбек ұйымдастырылуымен оқу қызметі мінсіз орындалады.

Оқыту технологиясы – ол педагогтар мен білім алушылардың бірлескен мақсатты, мүдделі, оқу жетістіктерін ойластырумен іске асырылатын қызмет құру. Педагогикалық технология – ол тұтас педагогикалық үдерісті ойластыру, оны оңтайлы басқару, жобалаудан іс-әрекетке айналдыру жинтығы. Педагогикалық техника – оқу сабақтарын мақсатты, мүдделі ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға бағытталынған құралдар мен инновациялық амалдардың жиынтығы. Оқыту технологиясы дегеніміз оқу үдерісін ғылыми ұйымдастырып, білім беруде практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелі түрде зерттеулердің, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың, озық педагогикалық тәжірибелерді ұтымды қолданулармен оқыту мен оқудың заңдарын, кері байланыстармен интербелсенділікпен зерделеу, игеру, креативтілік жеткізуді айтуымызға болады.

Дамыта оқыту технологиясында:

  • тақырыпқа қатысты негізгі мақсат, мүдде оның қазіргі сабақтағы ерекшелігі, болашағы;

  • тақырыпқа байланысты ақпараттар, инновациялық іс-әрекеттер, сандық интербелсенді мультимедиялық білім беру ресурстарын пайдалану;

  • танымдық іс-әрекеттер амалдар, өзіндік жұмыс, өтілген оқу материалдарымен қазіргі тақырыпты байланыстыру, кері интербелсенді қатыстыру;

  • мақсатқа, міндетке, мазмұнға, әдістерге қосымша ұсыныстар, пән аралық байланыстар уақыт талабына қатысты бірлескен жұмыстар;

  • рефлекциялық – бағалау, тапсырмаларға түсінік, алдағы міндеттер. Оқыту технологиясының кезеңдері;

  • оқыту мақсатын диагностика негізінде қайта тұжырымдап, өткізуді, нәтижесін ойластыру;

  • мақсат пен мүддеге қатысты іс-әрекеттерді жобалау, жоспарларды түзетулер, кері байланыстармен белгілеу;

  • диагностика негізінде білім беру жетістіктерін қамтамасыз ету міндеттерінен тұрады.

Қазіргі уақытта білім беруді дамыту тұжырымдамасы форматында бірқатар технологияларға талдама жасалынған мақсатты бағдарлануы, мазмұны мен әдістемелері ерекшеленген. Л.В.Занков технологиясы тұлғаны жалпы, тұтас дамытуға бағытталынған, Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов технологиясы теориялық ойлауларын дамытуға назар аударылады, шығармашылықты даму технологиясына көңіл бөлінеді. Өзін-өзі дамыту технологиясында И.П.Волков, Г.С.Альтшулер, И.П.Иванов эстетикалық, техникалық дамуға басымдықтар беруге, сонымен қатар қоғамдық салада ойда болады.

Дамыта оқыту технологиясында білімгердің өмір сүру барысында жинақтаған тәжірибесіне, зерделеген пәндерді сапалы игеруіне, өзінің өздігінен білім алу, өзін-өзі басқара білуі, бір-мезгілде өзін-өзі жетілдіруі, қабілетін тәрбиелеуі арқылы, өзінің еңбегімен, айтылған ақыл-кеңестерді талдаулармен өседі. Бұлар педагогика үшін маңызды, іс-әрекеттерге өзінің қатысуымен бала өзін дамытуға мән береді, нәтижелерін көреді, әрбір оқу тапсырмаларын сапалы тыңғылықты орындауымен игерумен тәрбиеленеді, білімі тиянақты болып қалыптасады.

Оның мәні тұқымқуалаушылық бағдарламасына және педагогикалық әсерлерге қатысты дамуымен бірге жинақталынған өмір тәжірибесіне өзінің жүйелі – сапалы оқуы, қабілетін дамытуды, оқу жетістіктерін бағалауы бойынша мақсатына жету мүддесіне қатысты өздігінен білім алуында.

Педагогикалық үдерістің екі бөлігі болады:

  • сыртқы;

  • ішкі.

Сыртқы бөлігі – ол тәрбиелік мақсатты әсерлер: тәрбиелік құралдар, формалары, әдістері, технологиялары, іс-әрекеттері ұйымдастыру және қазметтері.

Үдерістің екінші ішкі бөлігі – ол баланың субьектівті психикалық қызметі; ол жеке тұлғалық деңгейде өтеді және оқу материалдарын қабылдауы, белгілі дәрежеде өңдеуі, түсінуі сыртқы ықпалдарды тұлғаның игеруі және оларды өзінің сапаларына түрлендіруі. Бұлар өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі басқару, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі сапалы өзгертуі.

Оқу іс-әрекеттерінің негізгі құрылымы:

  • оқу мақсаты;

  • оқу міндеттері;

  • оқу мүддесі;

  • оқу іс-әрекеттері;

  • оқу үдерісін басқаруы.

Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – тиісті білімі мен тәжірибесі, игерілген білім қоры мен ғылыми ақпараттарға негізделінген оқуда жаңа материалдарды баланың танымын арттырумен саналы түрде меңгеруге, өзінің іс-әрекеттерге белсене қатысуымен, креативтілікпен тәрбиеленуі білім алуымен меңгеруге баулу, өздігінен оқу-жұмыс істеуге дағдыландыру.

Дамыта оқыту технологиясының міндеттеріне балалардың білім алуы, саналы тәрбиеленуі, өзін-өзі дамытуына білім беру стандартына сай танымдық деңгейін кеңейту, креативтілігін, қабілетін арттыру, рухани байлығын өздігінен оқытумен толықтыру, функционалдық сауаттылығын дамыту болып табылады.

Өзін мақсатты қалыптастыру, өзінің сапалы қасиеттерін және қабілеттерін дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру – өзін-өзі басқарудың құрамдастары, факторлары, басты мүддесі, болашағын ойлай білудің көрсеткіштерінің бірі. Болашағын ойлаудың бір бағыты өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі басқаруы педагогикалық үдерістің бөлігі, олар өзара үйлесім тапқанда болашаққа деген сенім нығаяды, келісіммен қозғаушы күш арта береді.

Оқушы сыртқы күштің, ықпалдардың нәтижесінде тәрбиеленуі, білім алуымен бірге, әсіресе ішкі күштер өздігінен білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы өзін іштей өзі жетілдіреді, атап айтқанда:

  1. Адамның қабілеттерінің бірі таным, танып білудің қажеттілігі, өзін-өзі тануы, өзін-өзі бағалай білуі өзін-өзі дамытуға қатысты іс-әрекеттері адамның жоғары құндылықтары, жасампаздық іс-әрекеттерге бағытталынуы.

  2. Өзін тұлға есебінде дамытуға, шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілетін дамытуға қатысты білім алуы, тәрбиелеуі, мүмкіндіктерін пайдалануға қатысты оқу еңбегінің маңызын ұғуы.

  3. Өзін-өзі дамыту сатыларын – күнделікті тәрбиесін, оқуын күнделікті тәжірибемен, тәрбиемен, ой еңбегімен, біліммен өзін-өзі басқару тетігін талдау, бағалау, нәтижелерімен түсіну.

  4. Адам және адамдар қоғамы үшін ең маңызды оның тәртібі, адамгершілігі, әдептілігі, мәдениеті, еңбекшілдігі – олар тұрақты адамгершілігін жетілдіру қажет ететін мақсатты, мүдделі, болашағына негіздер, дамуға, өзін-өзі бағалай білуге жеткізетін құнды қасиеттер тұрақты креативтілікті ойлауды қажет етеді.

  5. Өзін-өзі дамытудың тұлғалық мақсатын, міндеттерін және болашағын біріктіру, білім алу, тәрбиелену, дамыту функцияларының жетілуін қажет ететін маңызды шарттар.

Оқу-тәрбие үдерісінде өзін-өзі дамыту технологиясында жүйені үш бөлікке бөледі:

  • тұлғаның өзін-өзі дамытудың әдіснамалық, теориялық негіздерін «Теория» бөлімі қарастырады;

  • өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін іске асыратын сабақтан тыс қызметтер болып табылатын «Практика» бөлімі орындайды;

  • оқушының өзін-өзі дамыту ортасын «Әдістеме» бөлімі ұйымдастырады, сабақта, оқу қызметінде атқарады.

Бұлардың барлығы жинақтала келе жеткіншектің өзін-өзі жетілдіруді, қабілеттерінің дамуын, білімі мен іс-әрекеттерінің практикалық орындалуларымен қалыптастыру жағдайын қамтамасыз етеді. Осындай тұтастық пен жүйелілік негізінде білім беру жаңа сапаға көтеріліп мақсатымызға жақындатып, мүдделі дамытуымен болашағымызға сенімді арттыра түседі. «Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» – дейді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында. (Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ, Егемен Қазақстан, 2014 жыл, 18 қаңтар). Дамыта оқыту технологиясына – кең өріс беріліп оқу жетістіктерін жеткізе түседі, оның үстіне сапалы білім берумен игеру, зерделеу, ойлау тиімді тетіктер болып шығады.


Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!