Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Даналық, ізгілік және құрмет"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныбы: 9 А |
Күні: 03.10.22 |
|||||
Пәні: Сынып сағаты |
Мұғалім: Мендибаева Ж.Б. |
|||||
Қатысқаны: |
Қатыспағаны: |
|||||
Сабақтың тақырыбы: "Даналық, ізгілік және құрмет" |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. |
|||||
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы |
||||||
Кезеңдер/уақыты |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
Бағалау |
|||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру Амандасу, түгелдеу Психологиялық ахуал «Шаттық шеңбері» ойыны Дескриптор: – оқушылар шеңберде тұрып, бір-біріне көңіл күйлерін көтеретін жылы сөздер айтады Сыныпты үш топқа бөлу 1.“Бірлік” тобы 2.“Ынтымақ ” тобы 3. “Жігер ” тобы |
АКТ |
Формативті, мақтау сөздер |
|||
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесіне сүйене отырып, *жаны таза, *рухани ойлау қабілеті жоғары , *адамгершілігі мол, *халқына пайдасын тигізетін жеке тұлға тәрбиелеу Ғұлама Абай : Баланың бойына үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген 1.Елімен туған-туыс,жұрағат , жекжат,дос-жолдасқа адал болу. 2.Өте әділетті болу 3. Ақыл парасатты, адамгершілігі мол , рухани бай болу . |
АКТ
|
«Бас бармақ» әдісі |
||||
Сабақтың ортасы |
(оқушылар қиықшада жазылған қанатты сөздердің мазмұнын түсіндіреді) Сабыр деген-әр іске шыдамдылық, Қатты керек адамға бұл бір қылық, Қолы жетпей талай жан назданады, Осыдан көп шығады адамшылық. Ш.Құдайбердіұлы Ақылсыздықты екі белгісінен білуге болады: Ол өзіне пайдасы жоқ сөзді айтады, Не біреудің ісіне жөнсіз араласады. Платон Күншілдік –өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс. Бауыржан Момышұлы Жалқаудың жанына барсаң , Сылтаудың астында қаласың. Қайып Айнабеков Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: *әуелі-надандық, *екіншісі-еріншектік, *үшіншісі-зұлымдық. Абай Құнанбаев Рухани жағынан алғанда , қазақ ,бойына үлкен қабілет дарыған халықтардың қатарына жатады. Олардың әдебиеті байлығымен де, мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі. Д.Клеменц. «Қанатты сөз-қазына» бөлімін М.Әуезов пен Е.Букетов сөздерімен қорытындылау. Әдебиет оқушының ақыл-сезімін тәрбиелеп жетілдіруден басқа, сол оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін танытуға керек. Мұхтар Әуезов Адамның мәдениеттілігінің , ой-өрісінің кеңдігінің , жан дүниесінің ләззатшыл, нәзіктігінің бірден-бір белгісі- көркем әдебиетті қол үзбей оқи білуі. Евней Букетов 2.Зерделі сөзге зер сал Тапсырма : а)үш топқа үш түрлі мәтін беріледі , оқып , мәтін мазмұнынан түйгендерінен көрініс көрсету Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады. Бірде Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келген Әнет баба ынтымақ , ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ»,-дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. -Балам, мынаны сындырып көрші ? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. Енді сол шыбықты шешіп , біртіндеп оп-оңай сындырып береді. Әнет баба : Бұдан не түсіндің , балам ?-дейді. Сонда Төле бала : Түсіндім , баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: Ынтымағы , бірлігі мықты елді жау да , дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді»-демекші, «бірлігі, ынтымағы жоқты жау да , дау да оп-оңай алады»-дегеніңіз ғой. Бәрекелді , балам, дұрыс таптың . Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,-депті. Ашкөздік кімге абырой әперген Баяғы заманда ағайынды үш жігіт болыпты. Бір күні үшеуі сапар шегіп келе жатып , бір қап алтын тауып алыпты . Бөліп алмақ болып , базарға келіпті . Бір шетке жайғасыпты да, екі ағасы інісін қымыз әкелуге жұмсапты. -Олжамызға ортақтастырмай, бұл сұмды өлтіріп тастайық,- десіпті інісі кетісімен. Інісі қымыз алып , қайтып оралғанда , екеуі тап береді де, әп- сәтте шаруасын тындырады. Сөйтіп қымызға бас қояды. Бір уақытта екі ағасы іштері ауырып, сол жерде жан тапсырады. Сөйтсе інісі: «Мен екі ағамды өлтірсем, бір қап алтын түгел өзіме қалады» деп, қымызға у салып әкелген екен. Үшеуі де сол жерде жан тапсырып, бірқап алтын далада қалыпты. «Ашкөздік кімге абырой әперген » Бірінші байлық-денсаулық Ертеде тамақ таба алмай ашынған , суық үйде жатып күнелткен бір кедей болыпты. Өзінің кедейлігіне күйінген ол бар даусымен жылап отырады. Оның аянышты , ащы даусын естіп , көпті көрген көреген қария қасына келеді. Неге жылап отырсың? – деп сұрайды . Кедей өзінің жылауының себебін айтады. Сонда қарт: Адамдар өздеріндегі байлықты аңдамайды, мәселен, сенде еш байлықпен теңдесі жоқ байлық бар, - дейді. Қарттың сөзіне таңданған жігіт: Менде қайдағы байлық, байлығым болса , осылай отырар ма едім?-деп , қарияға жауап тіл қатады . Сенің екі көзің бар, біреуін маған сат, қартайғандықтан жанарымның оты азайып барады . Жоқ , көзімді ешқандай ақшаға сата алмаймын. Ендеше, екі қолыңның біреуін сатшы, - дейді қарт. Есі шығып, дегбірі қашқан кедей: Жо,жоқ мен қолымды да сата алмаймын !-деп айқайлап жіберді. Сонда қария орнынан тұрып: Бағанағы кедейлікке айғайлағаның қазіргі денсаулығың үшін айғайлағаныңа жеткен жоқ. Демек, бағана байлықтың не екенін ұқпай отырғаның. Дүниедегі бірінші байлық –денсаулық. Осыны ұмытпағайсың,- деп бір ауыз даналық сөзін айтады да, көзден ғайып болады Дескриптор: ә) Топ мүшелері мәтінннен түйгендерін өз ойларымен тиянақтап шығу. Бақ қайда барасың –ынтымаққа барамын Өзара ынтымақты , тату, сыйластығы жарасқан отбасының береке-бірлігі де мызғымайды, ырысы молайып, бақ-дәулеті артады, деген мағынаны береді. Ашкөздік кімге абырой әперген Қанша құйса да толмайтын шыңырау сияқты, дүние қусаң, түбіне жетпейсің. Сол дүниеқоңыздықпен жүріп, өзіңнің де адамдықтан шығып, тұнғиыққа батып кеткеніңді білмей қаласың. Абырой таппайсың, деген ойды білдіреді. Бірінші байлық-денсаулық Денсаулық болмаса, көңіл-күйің болмайды. Көңіл-күйің бомаса, ешқандай байлық дәулетті де қажет етпейсің. Ол дәулетке денсаулықты да сатып ала алмайсың. Демек, денсаулық- бірінші байлық. Бұл мақалды бабаларымыз «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық- он саулық, үшінші байлық- ақ жаулық» деп те айтады. |
АКТ
|
Автобус аялдамасы
|
|||
Қашаған би сөздерінен Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан: -Елдің бірлігі неден бұзылады? – деп сұрайды. -Өсек пен көреалмаушылықтан, - деп жауап беріпті би . ************** Орманбек батыр бірде Қашағаннан : -Қарадан хан туа ма? – деп сұрайды. -Ешкім анадан хан болып тумайды . Хан болу- адамның даналығында,-деп жауап беріпті Қашаған би. ************ Бірде атақты бір бай : -Қашекем, армандамайтын адам бола ма ? – дегенде: -Армандамайтын адам жоқ, қол жетпейтінді армандағанша, еңбегімен жететінді армандап,зейнетін көрген жақсы. Дескриптор. “Түйін сөз” жазу Жоғарыда айтылған қанатты сөздерден , мағыналы мазмұнды мәтіндерден түйгендерін қорытындылай келе “Мәдениетті адам ” -деген тақырыпта түйін сөз жазу. |
АКТ
|
«Теңге ілу» әдісі |
||||
Сабақтың соңы |
Сабақты қорытындылау: Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты , өнеге аларлықтай , тамаша тәлім- тәрбие берерліктей өсиет сөздері бар. Біздің мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінгі жарқын өмірді бағалайтын, ертеңгі өмірге сеніммен қарайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры – бірлікте, Жүдеудің сыры – алауыздықта. Осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. |
АКТ
|
|
|||
РЕФЛЕКСИЯ «Жетістік баспалдағы» тәсілі арқылы стикерлерге өз ойларын жазу.
|