Материалдар / "Даналық мектебі" жобасының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Даналық мектебі" жобасының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Даналық мектебі" аясындағы сабақтар жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
165
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
“ӨРКЕН” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-
практикалық институты” КеАҚ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ
«ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» КЛУБЫ
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
АЛМАТЫ, 2024


Page 2

Құрастырған: Мухтаров Амангали Хамидоллаулы - «ӨРКЕН»
балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық-ғылыми практикалық институты
КеАҚ, ғылыми-әдістемелік бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері, филология
ғылымдарының кандидаты

Сценарийлерді әзірлеуге қатысқан педагог қызметкерлер:
Қонысбаева Л. Ж., Кудайбергенова Г. С., Сейтова Н.С., Машакова Н. М.,
Сулейменова Г. А., Атабаева Ш. Ш., Рамазанова Қ. С., Кубиева А. Т.

Әдістемелік ұсынымда Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы,
«Даналық мектебі» клубы жұмысын жүргізуге арналған іс-шаралар жоспары
берілген. Әдістемелік ұсыным «Даналық мектебі» клубы жұмысын жүргізетін
жауапты тұлғаларға, сынып жетекшілері, психологтер, әлеуметтік
педагогтерге арналған.

«Өркен» БӘАҰҒПИ -ның ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған.
№5 хаттама. 16.08. 2024 ж.





Алматы, 2024. - 61 бет.





















Page 3

Мазмұны

Даналық – байлықтан қымбат

4
«Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру

6
Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық

10
Ата кәсіп – берекенің бастауы

16
Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі...

21
Өнегелі өмір

27
Жирен жаман әдеттен

30
Аға болсаң ақыл айт

39
Жеңге мінезімен көркем

48
Отбасы құндылығы (Жеңгелерге жеті кеңес)

53
Пайдаланылған әдебиеттер: 61






















Page 4

ДАНАЛЫҚ – БАЙЛЫҚТАН ҚЫМБАТ

Даналықты бір ауыз сөз бен түйіндеп түсіндіре қою оңай шаруа емес.
Оны жылдар бойы жиналған рухани ілім десек қателесе қоймаспыз. Оның өзі
олқы соғып тұрады, өйткені дана адам қоғамда болып жатқан оқиғаларды,
айтылып жатқан ақпараттарды саралай отырып, айналасындағыларға оның
ақиқатын ашып түсіндіре алатын адам. Оны түсіндіруге тек рухани ілім аздық
етеді, оған парасат, пайымдау сияқты басқа да қасиеттер керек. 2001 жылы
жарық көрген «Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясында» мынадай анықтама
беріледі: «1. «Өмірдің шындығын, оның себебі мен салдарын кемеңгерлігімен
танып білетін қасиет. 2. философ. Адамзаттың сан ғасырлық таным процесі
мен өмір тәжірибесі нәтижесінде рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан-
ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін
адам қасиеті». [1] Әрине елдің бәрі бүкіл ұлтқа жол көрсетіп, өнеге айтатын
Абай сияқты кемеңгер емес, бірақ кемеліне келген әрбір адам ең болмағанда
өз әулетіндегі аузына қараған кіші буынға шама-шарқы жеткенше жол
көрсетіп отыруға міндетті деп есептеймін.
Әбу-Насыр әл-Фараби «Адам білім алу мен тәрбиенің нәтижесінде
өнегелі адамға айналады» [2.294], - деп түйіндейді. Осы өнегелі адам өсе келе
өзінің даналығын көрсететін болады. Қоғамның жартысынан көбі осындай
ұстаныммен өмір сүретін болса, «бақытты қоғам» деген сол емес пе?! Демек,
үйімізде өсіп жатқан балаларымыз, немерелеріміз өнегелі болсын десек, білім
мен қатар тәрбие беруіміз керек. Академиялық білімді мектепте, мектептен
кейінгі білім беру мекемелерінде алады. Бүгінгі таңда балаларымыз білім
жағынан ешкімге есе бермейтін шамаға келді, бірақ олардың бойына рухани
(ұлттық) құндылықтарды сіңіре алмай жатқанымызды мойындауымыз керек.
Отбасындағы тәрбиенің осалдығынан аддиктивті, девиантты, деструктивті
мінезге бой алдырып жатқандар көп. Оның арты орны толмайтын өкінішті
жағдайларға соқтырып жатады. Әлбетте әртүрлі бағдарламалар қабылданып,
жаман әдеттің алдын алу шаралары жасалып жатыр. Бірақ нәтиже мардымсыз.
Қоғамда тәрбиемен ата-ана айналыспай бұл мәселенің түбегейлі шешілмейтіні
түсінікті болды. Алайда, оны ата-анаға ысырып тастағаннан мәселе оп-оңай
шешіле қойса... Шешілмейді ғой. Бұрыннан қалыптасқан нормалардың Z,
альфа ұрпақтарын тәрбиелеуге толық жауап бере алмайтыны айдан анық. Ата-
аналардың барлығы бірдей педагогиканың, психологияның негізін білмейді.
Онсыз бала тәрбиесімен айналысамын деу ақылсыздық болар еді.
Баланың болашақта жақсы адам болмағы дұрыс білім мен дұрыс
тәрбиеден басталады. Бұл екеуін білікті адамдар ешуақытта бір-бірінен бөліп
қараған емес. Жүсіп Баласағұн:
Ұл өсіргің келсе дана, жүректі,
Қатты ұстап, үйрет білім, ізетті, [3. 39] - дегенде осы екеуін қатар айтып
отыр. Бұл жердегі білім түсінікті, «ізеттің» тәрбие екенін түсіндіріп жату
артық деп ойлаймын. Алайда осы жерде «қатты ұстап» деген бүгінгі ата-
ананың жанын солқ еткізетін ауыр сөз тұр. Бір оқығанда ымырасыз
«қаталдық» сияқты көрінуі мүмкін. Ал шынында бұл қаталдық емес, баланы


Page 5

бетімен жібермеу. Кейінгі уақыттары еркелетеміз деп, балаларымызға «қой
дегенді» түсіндіре алмайтын жағдайға келдік. Сосын «тыңдамайды» деп
шарасыз күйге түсіп отырамыз. Жүсіп Баласағұнның:
Ұл-қызыңа өнер, білім танытқын,
Өнерімен жақсы құлқы қанықсын, [3. 39] - дегені және бар. Бұл ата-
бабаларымыздың ұл мен қызды бөліп жармай, екеуіне бірдей қарағанына
толық дәлел. Данышпанның «жақсы құлық» деп отырғаны тағы да сол тәрбие,
мінез... Махмұт Қашғари:
Ұлым, саған әдепті мирас етіп қалдырамын,
Жағалағын жайқалған білімдінің бал құрағын, [3. 105]- деп, алдымен
әдепті болуға (тәрбие) шақырса, Ахмет Иүгнеки де
Әдептің басы – аузын бағу, - деп, Қашғаридың сөзін қуаттай түседі.
Осындай данышпандардың бәрі тәрбие мен білімге айырықша мән берген.
Осы мәселеге баланың әкесі мен анасы ғана емес, атасы мен әжесі, ағасы мен
жеңгесі тіпті әпкесі мен жездесі де назар аудару керек деп есептейміз. Алайда,
біреуді тәрбиелеймін деген адамға қаласаң да, қаламасаң да «ДАНАЛЫҚ»
керек. Қазақтың «Жасында байқары жоқтың, есейгенде айтары жоқ» деп жас
баланың өзін даналыққа жетелеуі тегін емес. Әрбір шаңырақ тәрбие мектебіне
айналуы керек. Тек ата-ана ғана емес, әулеттің үлкені атасы мен әжесі, жасы
үлкен ағалары мен жеңгелері өсіп келе жатқан балаға керек нәрсені қасына
ерте жүріп, жан тәнімен ұқтырса... Ал нені ұқтырамыз десек, «Отбасылық
құндылықтар, ата-тегі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, обал-сауап, ұят... Әл
Фараби айтқан «балаға алдымен берілуге тиіс тәрбие» осы емес пе?! Осы
мәселелерді сіңіруде «АТА мен ӘЖЕНІҢ» орны айырықша екенін астын
сызып тұрып айтқым келеді. Егер бүгін дәл осылай істейміз десек, оған кім
кедергі?! Бүгінгі аталар мен әжелер, ағалар мен жеңгелер өз міндетін толық
атқарып жүр ме? Бұл сұраққа жауап берерде, аз-маз қиналатынымыз өтірік
емес. Осы тұрғыда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында
қолға алынып жатқан «Даналық мектебі» клубының жұмысын қалай
ұйымдастырамыз деген мәселеге аз-кем тоқталсақ...
Ұлттық тәрбие мектептерін қалпына келтіру бағытында «Даналық
мектебі» Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бір бағыты
ретінде мектептерде клубтық форматта жұмыс істеп жатыр. «Даналық
мектебі» клубында Ата өсиетін, Әже даналығын, ағаның қамқорлығын,
жеңгенің кеңесін жан-жақты түсіндіретін іс-шаралар жүргізілуде. Бұл іс-
шараларға оқушылардың аталары, әжелері, ағалары, жеңгелері қатыстырылу
керек. Мысалы әр сыныптан кемінде 1 адам қатысса, ол өз сыныбындағы
аталардың, әжелердің, ағалардың, жеңгелердің басын қосып, заманауи
мүмкіндіктерді ескеріп, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, айтылған,
талданған мәселені ортаға салуға болады. Сонда клубтың жұмысы жанданып,
Ұлттық тәрбие мектептерінің жұмысы сыныптарда жалғасын табар еді.




Page 6

«ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» КЛУБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ

Биылғы жылы да «Даналық мектебі» клубында «Ата өсиетін», «Әже
даналығын», «Аға қамқорлығын», «Жеңге кеңесін» жан-жақты түсіндіретін 4
мектеп жұмыс жасайды. Әр мектеп бойынша 2 тақырыптан, барлығы 8
тақырып қарастырылады. І жартыжылдықта 4 іс-шара, ІІ жартыжылдықта
қалған 4 іс-шара өткізіледі. Іс-шараларды ұйымдастыру формасын таңдауда
мектептегі жауапты тұлғаларға еркіндік беріледі. Ол алқалы жиын (дөңгелек
үстел), сұхбат, семинар, кездесу, жеке тағылымдық сабақтар, пікірталас,
байқау, т.б. болуы мүмкін. Клуб жұмысына жауапты адамдарға қиындық
туғызбау үшін еліміздің әр өңірінен жиналған педагогтер жоғарыда айтылған
8 іс-шараның сценарилерін дайындады.

«Даналық мектебі» бойынша әзірлеме авторлары

№ Автор Жұмыс орны Тақырып
1 Конысбаева Лола
Жаксылыковна
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Қарғалы № 4 ОМ
Туыстық қарым-қатынас –
баға жетпес байлық
2 Кудайбергенова
Гулжанар
Сазанбековна
Шымкент қаласы
№51 ЖОББ мектебі

Ата кәсіп – берекенің
бастауы
3 Сейтова Нурсулу
Сайлауовна
Қызылорда обл,
Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы
№25 қазақ ОМ
Әжелердің өшпейтін
өнегелі үлгісі...
4 Машакова Назгул
Мукановна

Алматы қаласы,
Қ.А.Яссауи атындағы
№123 МГ
Шеше көрген тон пішер
5 Сулейменова
Гулмайра
Алимхановна

Шымкент қаласы,
«Қосымша білім беру
оқу салалық
орталығы»
Жирен жаман әдеттен
6 Атабаева Шолпан
Шенгелбайевна
Шымкент қаласы
Т.Рысқұлов
атындығы №25 МГ
Аға болсаң ақыл айт
7 Рамазанова
Қарашаш
Сагидуллаевна
Орал қаласы,
А. Байтұрсынов ат.
№10 ЖББОМ
Жеңге мінезімен көркем
8 Кубиева Амангул
Тлековна
БҚО. Бөкейорда ауд.,
М-С Бабажанов
атындағы ЖОББМ
Отбасы құндылығы
(Жеңгелерге жеті кеңес)


Page 7

Республика мектептері осы дайын сценарийлерді пайдаланады. Атап
айтатын болсақ, «Ата өсиеті» бойынша «Туыстық қарым-қатынас – баға
жетпес байлық» тақырыбында интерактивті сабақтың сценарийі жазылды.
Бұл шараның мақсаты – туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын дәріптеу.
Сабаққа қатысып, туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын түсінген аталар
«сөзжұмбақ», «сыңарын тап», «кім болады»? ойындары арқылы немерелері
мен жиендеріне жақын адамдардың қалай туысатынын түсіндіріп, туыстық
атауларды үйретеді. Жағдаяттарды шешу арқылы ағайын арасындағы
сыйласықтың артуына мүмкіндік жасайтын болады. Екінші тақырып: Ата
кәсіп – берекенің бастауы (немеремізге мамандық таңдауға қалай
көмектесеміз?) Қаласақ та, қаламасақ та бала 9-11 сыныпқа келгенде
мамандық таңдау мәселесі алдынан шығады. Осы уақытта атасы да шама-
шарқы жеткенше немересіне көмектескені, ақылын айтып жол көрсеткені
дұрыс деп ойлаймыз. Осы шара арқылы оларға мамандық таңдауда нені ескеру
керек деген мәселеге жан-жақты тоқталатын боламыз. Аквариум, инсерт
әдістері қолданылады. Кері байланыс беріліп, рефлексия жасалады. Біздің
мақсатымыз - пікір таластыру емес, пікір алмаса отырып, ой бөлісу. Баланың
мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына атасы ықпал етсе, бейімділігі
мен қабілетінің сәйкес келуін қадағаласа деген ниетпен клуб жұмысына осы
іс-шараны енгізіп отырмыз.
Әже даналығын дәріптеу үшін «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі»
тақырыбында алқалы жиынның сценарийі жазылды. «Ой қозғау»,
«қабырғадағы рөл», «жағдаят шешу» (кейс-стади) әдістері қолданылады.
Әжелер жағдаятты жәй шешіп қана қоймай, шешімнің артықшылығы мен
кемшілігін салыстыруды үйренеді. Бұл шараға қатысқан әжелер өздерінің
отбасылық тәрбиедегі жауапкершілігін түсінеді. Немерелеріне нені, қалай
үйрету керегін біледі. Мысалы немере-жиендеріне әлеуметтік желіде өз
парақшасын қалай жүргізу керегін, бейтаныс адамдармен қалай қарым-
қатынас жасауды, қиындыққа тап болғанда өзін қалай ұстауды, ренжісіп
қалған досымен қалай татуласу керегін үйретіп отырса, қандай жақсы?! Әже
мектебі бойынша екінші іс-шара - «Өнегелі өмір» тақырыбындағы кездесу
кеші. Әр өңірде өз аймағынан шыққан әртүрлі саланың мамандары болады.
Кездесуге өз саласында жетістікке жеткен, істеген ісі елге үлгі, өнеге
болатындай танымал адамдар шақырылады. Ал қолдарыңыздағы –
дизайнермен кездесуге арналған сценарий. Мұнда қойылатын сұрақтар,
орындалатын әндер, кездесу барысында орындалатын жұмыстар
ойластырылған. Жәй сұрақтар емес бүгінгі күні өзекті деген сұрақтарды
қамтуға тырыстық. Сценанарий бойынша қонағымыз дизайнер болғандықтан
ісмерліктің бір құпиясын әжелермен бөлісетін жұмыс кіргіздік. Әжелер
дизайнерден үйренген құпиясын немерелеріне үйретсе, жақсы емес пе?! Ұлы
Абай:
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз, - дейді.
Әжелеріміз де немерелеріне жақсы адамдарды үлгі етіп отырса деген оймен
осындай тақырып енгізіп отырмыз.


Page 8

Ініге, қарындасқа ең жақын адам аға. Отбасылық тәрбиеде ағаның
жауапкершілігі үлкен. Аға бауырларынан, қарындастарынан қолынан келген
қамқорлығын аямауға тиіс. Осы тұрғыда «Аға болсаң, ақыл айт»
тақырыбында тренингтің сценарийі дайындалды. Бұл шараға қатысқан ағалар
әкесіз қалса да, отбасындағы өзінен кішілерге әкесінің жоқтығын білдірмей
өсірген адам туралы бейнеролик көреді. Тағылымды, ғибраты мол ролик.
Сонымен қатар түрлі жағдаяттарды шешу арқылы ағалық жауапкершіліктің
салмағын сезініп, іні-қарындасына қамқорлық жасауды дағдыға айналдырады
деп сенеміз. Іс-шара барысында топтық жұмыстарда «жағдаяттарды шешу»,
(кейс-стади) «сәйкестендіру», «мәселені бірлесе шешу» әдістері қолданылады.
Ойын ойналып, ұлағатты әңгімелер тыңдалады.
Аға қамқорлығы бойынша келесі шара – «Жирен жаман әдеттен»
тақырыбындағы бес кезеңнен тұратын сайыс сабағы.
1. «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» - таныстырылым кезеңі
2. «Сұрақ-жауап» сайысы
3. Тығырықтан жол табу» сайысы – жағдаяттан шығу
4. «Біз оқыған бір кітап» сайысы. Оқыған кітабынан мағыналы түйінін
анықтау, көзқарасын білдіру.
5. «Мен ініме не үйреттім?» - ағасы өз іні, қарындастарына не үйреткенін,
қандай дағдылар мен іс-әрекеттерге баулығанын көрсету сәті.
Сайыс соңында қатысушылар бүгінгі іс-шарадан түйгендерін «Аға жолы»
қойын дәптеріне жазады. Сайысқа қатысқан ағалар іс-шарадан көрген, білген,
түйгендерін іні-қарындастарына айтып, олардың жаман қылықтан сақ
болуына көңіл бөліп жүреді деп есептейміз.
Отбасылық тәрбиеде жеңгенің орны ерекше, оны жоққа шығаруға
болмайды. Бірақ оның күннен күнге бағасы кеміп, жойылып бара жатқанын
мойындауымыз керек. Баяғы заманда үйге келін түскен бойы
қайынсіңлілерінің тәрбиесі автоматты түрде жеңгенің мойнына түсетін.
Сондай жауапкершілігі мол ауыр қызметті жеңгелер де қыңқ етпей көтеріп,
ұзатылып кеткенше қайынсіңлілерінің қас-қабағына қарап, білгенін үйрететін.
Ал қазір ше?! Қазір де ондай жеңгелер бар. Бірақ азайып бара жатыр. Барлық
үйдегі жеңгелер сондай болса деген ниетпен «жеңге кеңесіне» де 2 тақырып
алып отырмыз. «Жеңге мінезімен көркем» тақырыбында тренинг өткізіледі.
Қатысушылар алыстан келе жатқан қайынінісін қалай күтіп аламыз деген
тақырыпта ой бөлісіп, қайынсіңлі мен жеңге арасындағы татулықты қалай
сақтауға болатынын талқылайды. Сонымен қатар «Егер блогер болсам...»
айдарымен, «Жеңгелер институтын» жаңғырту үшін не істеу керегін ортаға
салады. Жүргізуші осы шараны өткізу барысында бейнероликтермен жұмыс
жүргізу, «қос баған» кестесін толтыру әдістерін қолданады. «Жеңгелерге жеті
кеңес» тақырыбында алқалы жиынның сценарийін ұсынып отырмыз. Алқалы
жиынға келгендер «Бүгінгі күні жеңге қандай болуы керек»? деген сұраққа
жауап алып кетеді деп ойлаймын. Қазақтың «Ат тергеу» дәстүрінің қыр-сырын
түсініп, күйеуінің туыстары, әсіресе қайыніні-қайынсіңлілеріне қандай ат
қоюға болатынын ақылдасады. Отбасындағы сыйластықты, татулықты


Page 9

сақтаудың құпиясына үңіледі. Сыр сақтау керегін түсінеді. Спикерлер
жеңгелерге төмендегідей кеңестер айтып, оны ортаға салады.
1. Жасы кішілердің махабатына бөлену үшін оларды бөліп жармай, бәрін
бірдей жақсы көруіміз керек
2. Қайынсіңліңнің жан сырымен бөлісетін сырласына айналу. Ондай кезде
жеңге сырға берік болуы керек. Сыр сақтай білу - үлкен өнер.
3. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болу. Сонда келінге, жеңгеге деген
құрмет те арта түседі
4. Қайыніні-қайынсіңлі бойындағы қабілетті, дарынды жазбай танып,
ақыл-кеңес айтып, болашағына жол сілтеп отыру
5. Орайы келгенде әзілдесіп жүру. Қайыніні-қайынсіңліңе қалжыңдасып
жүруді үйрету. «Әзілің жарасса атаңмен ойна»
6. Қыз - Келін - Жеңге - Ана - Ене деген тіршілік тізбегін ұмытпай, әр
кезеңдегі статусыңа лайық болу
7. Ұлттық құндылықтардың сақталуына назар аудару.

Биылғы оқу жылында «Даналық мектебі» клубы бойынша осындай
шаралар жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сіздерге ұсынылып отырға н
сценарийлер жұмыстарыңызды біраз жеңілдетеді деп ойлаймыз.




















Page 10

Тақырыбы: «ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАС – БАҒА ЖЕТПЕС
БАЙЛЫҚ» интерактивті сабақтың сценарийі

Алматы облысы Жамбыл ауданы
Қарғалы № 4 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Конысбаева Лола Жаксылыковна

Мақсаты: Туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын дәріптеу.

Міндеттер:
1. Туыстық атаулардың мағынасын ашу
2. Ағайын, туыс арасындағы татулықты сақтау жолдарын түсіндіру
3. Туыстық қарым-қатынасқа атаның жауапты екеніне назар аударту

Ұлттық құндылық:
Туыс адамдар арасындағы татулық

Күтілетін нәтиже:
Туыстық атауларды бір-бірінен ажыратады.
Туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді.
Ағайын арасындағы сыйласықтың артуына мүмкіндік жасайды.

I. Ұйымдастыру бөлімі (10 минут)
Модератор:
Қайырлы күн, құрметті қатысушылар, аталар! Біз сіздермен «Туыстық
қатым-қатынас – баға жетпес байлық» деген тақырыпта ой қозғайтын
боламыз.

Тренинг. (5 минут). «Сіздер... білесіздер: Бірақ... білмейсіздер». Іс-шараға
қатысушы аталар өздерін таныстыру мақсатында тренингке қатысады. Олар
өздерінің ата ретінде атқарып жүрген маңызды істерімен таныстырады.
Мысалы,
1. Сіздер менің қамқор ата екенімді білесіздер, бірақ 10 немерем бар екенін
білмейсіздер.
2. Сіздер қатал екенімді білесіздер, бірақ немере десе ішкен асымды жерге
қойып, көп уақытымды соларға арнайтынымды білмейсіздер.


Page 11

3. Сіздер 9 немерем бар екенін білесіздер, бірақ немерелеріме атқа мінуді
үйреткенімді білмейсіздер. (Бұл шартты түрде алынған мысалдар, аталар
«білетін, білмейтіндерді» қалауына қарай өзгертіп айтады)

Ой қозғау. (5 минут)
Модератор: Бүгінгі күні өмірде ағайын адамдардың бір-бірімен тіл табыса
алмай, бір-бірін мәңгі көрместей болып, ат-құйрығын кесісіп жатқан жайттар
жиі кездеседі. Туыстық қарым-қатынасымызды нығайтудың орнына, үзуге
бейім болып барамыз. Ағайын-туыспен той-мерекелерде ғана кездесіп
қалғанымыз болмаса, арнайы жолға шығып, жүздесіп қайтуды ұмыта
бастадық. Осының салдарынан ағайын арасы бірте-бірте суып бара жатқандай.
Неліктен? Ағайынның арасындағы қарым-қатынастың берік орын алуына кім
жауапты?

1. Ал сіз ше, сіз дәл осы жауапкершілікті қалай арқалап жүрсіз?
2. Қазақ неге туысын «бауырым» дейді? (қатысушылар сұрақтарға жауап
береді, бірін-бірі толықтырады. )

Негізгі бөлігі (40 минут)
1-тапсырма. Топтық жұмыс. (10 минут)
Отбасының басшысы, балалардың қорғаны, жанұядағы тәртіпті сақтап
басшылық жасап жүрген адам – Ата! Атаны биік бәйтерекке теңеп жатамыз.
Шынында, отбасының арқасүйер қамқоршысы сіздерсіздер. Бүгінгі күні ұрпақ
тәрбиесінде атаның рөлі зор. Тіпті ағайын арасындағы туысқандық жайлы да
балаға түсіндіріп отыру сіздердің міндеттеріңіз дер едім! Олай болса,
алдымен, туыстық атауларды еске түсірейік!
(3 топқа туыс атаулары жазылған үлестірме таратылады)

1-топ.
 Нағашы ата
 Абысын
 Бажа
 Қайын аға
 Нағашы әже
 Келін

Берілген туыстық атауларды немереңізге үйрету үшін тігінен «ағайын»
деген сөзді жазып, сөзжұмбақ құрастырыңыз.

2-топ.
 Әже –
 Құда –
 Құдаша –
 Жиеншар –


Page 12

 Бөле –
 Жезде –

Берілген туыстық атауларды немереңізге үйрету үшін «Сыңарын тап»
ойынын құрастырыңыз.

3-топ.
 Жеңге
 Ата
 Балдыз
 Ене
 Туажат
 Немере

Берілген туыстық атауларды немереңізге үйрету үшін «Кім болады?»
ойынына келтіріңіз.

Әр топтан бір адам тапсырманы таныстырады.

Кері байланыс:
Туыстық атауларды немерелерімізге осылай үйретуге бола ма?

2-тапсырма. Ағайын арасындағы татулықтың мәні. Мәтінмен жұмыс.
(Жүргізуші өзі оқып беруге болады. Үлестірме материал ретінде таратып беріп
аталардың өздеріне оқытуға болады. Көрініс түрінде қойылым көрсетуге
болады)

Бауырлар мен ұста

Ертеде ағалы-інілі ағайындылар тату-тәтті көршілес өмір сүрген екен.
Алайда бір күні үлкені кішісінің өтінішін орындамай қалып, араларында
салқындық пайда болады. Екіншіде кішісі де ағасына қажетті көмекті
көрсетпей, өткен жолғы ренішін еске салады. Осыдан кейін екеуі бет
көріспестей ренжіседі. Сөйлесу түгілі, амандаспайтын халге жетеді.
Күндердің күнінде үлкен бауырдың есігін жұмыс іздеп жүрген ағаш ұстасы
қағады. Жұмысқа алуға келісіп:
– Анау тұрған шағын өзенді көрдің бе? Соның арғы бетінде інім тұрады. Сол
жерге үлкен қақпа орната аласың ба? Ол өте биік болсын! Оның үйін де,
тұлғасын да көргім келмейді,-деді.
Ұста:– Иә, жасауға болады. Сонда неге ініңізді көргіңіз келмейді?-деп сұрады.
Ағасы не себепті ұрысқандарын да есіне түсіре алмады. Жүрегі әбден қарайып,
реніші тереңдеп кеткен екен.
Аз ғана ойланған ұста: – Рұқсат етсең таңға дейін жұмыс істейін, ертең басқа
шаруаларым бар,- деді. Қожайын келісім берді. Алайда, түні бойы


Page 13

мазасызданып, ұйықтай алмады. Оның үстіне сырттан ұста құралдарының
тарс-тұрс дыбыстары естіле берді.
Ақыры таң атып, қожайын сыртқа шығып, қақпаға тапсырыс берген тұсқа
мойын бұрды. Қараса, ешқандай қақпа жоқ. Керісінше, өзеннің арғы бетіне
өтетін көпір қойылыпты.
– Сорың құрсын! Мынау не сұмдық! Мына ұстаны ма? Мен оған әлгілерді
көзіме көрсетпейтін қақпа салуды тапсырдым ғой! - деп ашуға булыға
бергенде, таныс бейне ұшырасты. Кілт тоқтады. Анықтап қараса, көпірдің
үстінде інісі тұр екен. Ол қолын бұлғап:
– Қымбатты, бауырым менің! Жан бауырым! Сені сондай сағындым! Сен
менің ең жақынымсың ғой! Өзім бірінші қадам жасауға шешіле алмай жүр
едім. Алайда, сен соны жасадың. Әрине, өйткені, сен үлкен әрі ақылдысың
ғой.., - деп ағынан жарылды.
Екі бауыр құшақтасып, көздеріне жас алып, мәз-мейрам болысты. Екеуі
көкке отыра кетіп, өткен-кеткенді еске алып, қызықты сәттерін айтудан
жалықпады. Осылайша, кештің қалай батқанын білмей де қалды.

Талқылау. «Сұрақтар бұрқасыны» (15 минут)
1. Мәтіннен не түйдіңіз?
2. Ұстаның әрекетін қалай бағалайсыз?
3. Аға мен іні арасындағы қатынасты немереңізге қалай түсіндірер едіңіз?
4. Немерелер мен жиендердің бір-бірімен татулығын қалай үйлестіріп
отырасыз?

3-тапсырма. (15 минут)
«Кім жақын?» Қаз дауысты Қазыбектің шешендігі
Қаздауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігін өз құлағымен естіп,
көз жеткізігісі келген бір білгір адам оған: Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?
деген үш сұрақты қатарынан қойса керек. Сонда Қазыбек би оған былай деп
жауап қайырған екен деседі: (Интерактивті тақтаға шығарып қойған дұрыс)
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың – шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.... (қысқартылып алынды)


Page 14

Шешендік сөзді толық талдау шарт емес. Атақты шешен: «Еркелейтін немерең
жақын, өз ұрпағың – шөберең жақын» дейді. Келісесіз бе? (Жүргізуші үш
топтан да сұрап шығады)

1-топқа тапсырма.
Немереңіз нағашыларының тәрбиесінде өсіп жатыр. Киімі көк, тамағы тоқ,
уайымы жоқ. Құдаңыз сізге өкпелі. Әкелейін, таныстырайын, араластырайын
деген ойы жоқ. Немереңізді сағынып жүрсіз, не істейсіз? Топпен ақылдаса
отырып құдаңызбен, немереңізбен араласудың жолын табыңыз.
1. ___________________________________________
2. ___________________________________________
3. ___________________________________________
4. ___________________________________________
5. ___________________________________________

2-топқа тапсырма.
Ұлыңыздың алғашқы некесінен немереңіз бар. Сіздің қолыңызда өсіп жатыр.
Оны келініңіз де өз баласындай көреді. Нағашыларының жиенін көргісі
келетінін, бірақ алдымен әрекет жасауға бата алмай жүргенін естідіңіз. Оған
келініңіз де қарсы. Топпен ақылдаса отырып немереңізді туыстарымен
араластыру үшін қандай әрекет жасар едіңіз?
1. ____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
4. ____________________________________________
5. ____________________________________________

3-топқа тапсырма.
Қасиетті рамазан айында құдаңыз немерелеріңізді ала келіңіз деп, ауызашарға
шақырды. Сөз арасында «балалар бір-бірімен жақын таныссын деп, бөтен
ешкімді қоспадым», - деді. Бірақ ұлыңыз баласының нағашыларымен
араласқанын қаламайды. Не істейсіз?
1. ____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
4. ____________________________________________
5. ____________________________________________



Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек».


Page 15










Қатысушы аталар орындаған тапсырмаларын оқиды, бірін-бірі толықтырады,
бір-біріне кері байланыс береді.

4-тапсырма. Жұптық жұмыс. (5 минут).
Туыстық қарым-қатынас қандай болу керек? 10 белгісін атап шығыңыз.

________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________ туыстық қатынас
________________________
________________________
________________________
________________________



ІІ. Кері байланыс. «Бағалаймын»
Уақыты: 10 минут
Модератор қатысушыларға кесте береді. Қатысушы кемінде өзі бағалайтын
үш адамның, кешірім сұрайтын үш адамның, рақмет айтқысы келетін үш
адамның атын жазып, кестені толтырады. (Оқығысы келгендердің бәріне
оқытуға болады)

Бағалаймын Кешірім сұраймын Рахмет айтамын




Рефлексия. (5 минут)
1. Немеремді ағайын-туыстармен араластыру үшін не істеуім керек?
2. Немереңіздің ағайын-туыспен араласуына мұрындық болғыңыз келе ме?
Қорытынды. Біз бүгін жиналып баланың туыстары туралы ой бөлістік.
Мұның бәрін бұрыннан да білесіздер, біздің айтқымыз келгені осындай
туыстары бар екенін немереңіз біле ме? Олармен араласып тұра ма? Оларға
тілек


Page 16

көмек қолып созуға дайын ба? Олардың осындай туыстарымен араласып
тұруына мұрындық болатын кім? Әрине, сіздер, аталар... Оларды үйіңізге
шақырып немесе немереңізді алып барып дегендей... ағайын арасындағы
татулықты сіздер сақтайсыздар. Сіздерді осы міндеттеріңізге мұқият қарауға
шақырамыз.

Тақырыбы: АТА КӘСІП – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ
(немеремізге мамандық таңдауға қалай көмектесеміз?)

Кудайбергенова Гулжанар Сазанбековна
Шымкент қаласындағы N51 ЖОББ мектебі
Музыка пәні мұғалімі, директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.

Мақсаты: Мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру

Міндеттері:
1. Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныстыру
2. Мамандық таңдауда баланың бойындағы қасиетіне қарай оң шешім
қабылдауға жетелеу
3. Мамандық таңдауда назар аударатын кей мәселелермен таныстыру.

Ұлттық құндылық:
«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»

Күтілетін нәтиже:
Аталардың мамандық туралы көзқарастары дамиды;
Баланың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді;
Мамандық таңдауда баланың бейімділігі мен қабілетінің сәйкес келуін
қадағалайды.

/Пікір алмасуға 6 ата сахнаға отырғызылады және көрермен кеш қонақтары/

Іс-шараның жүргізілу барысы

Ұйымдастыру бөлімі (10 мин).
Қайырлы күн, құрметті аталар! Қазақта «Балам-
балым, баланың баласы – жаным» деген әдемі сөз
бар емес пе? Ендеше, осы сөздің астарында
қаншама тәрбие мен мән-мағына жатыр десеңізші!
«Тәрбие басы – тал бесік» дейміз. Олай болса пікір
алмасу кешіне қош келдіңіздер.
Бүгінгі пікір алмасу кешінің тақырыбын ашу
үшін аталар сіздермен бірге көрермендерге де


Page 17

бірнеше сауал қоймақпын. Қойылған сауалға қысқа, бірауыз сөзбен жауап
берсеңіздер. (Тақырыпты бір сұрақпен де ашуға болады)
- Сіз немереңіздің болашағын қалай елестетесіз?
- «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» деген сөзді, өз немереңізге
қалай қолданар едіңіз?
- Заманның ағымына ілесу үшін немереңізге қандай ақыл-кеңес немесе
бағыт-бағдар берер едіңіз?
- Атадан балаға, одан әрі немереге қалдыратын өсиетіңіз бар ма?
- Немереңіздің болашақта дұрыс жол таңдауына қандай үлес қосар
едіңіз?
Осы сауалдар төңірегіндегі әңгімелерге сараптама жасай отырып
мамандық туралы ой білдіргендердің пікірін жандандыра келіп тақырыпты
нақтылап, таныстыру.

- Ендеше, бүгін қандай тақырып төңірегінде ой қозғаймыз деп
ойлайсыздар?

Бәрекелді! Иә, бүгінгі пікір алмасу кешінің тақырыбы «Немеремізге
мамандық таңдауға қалай көмектесеміз?» болмақ.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар, жыл сайын 500-ге тарта жаңа түрі
қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға
болады? Біз олардың нешеуін білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар етіп
аламыз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп
оқушыларының көбі нақты жауап бере алмайды. Мамандыққа қатысты
баланың дұрыс таңдау жасауына ықпал ететін бірқатар жағдайлар бар. Соның
ішіндегі ең маңыздылары:
1. БАҚ құралдары
2. Педагог ұстаздар
3. Отбасының ықпалы
Ендеше, осы сұрақтарға аталармен бірге жауап іздеп көрелік.

ІІ. Негізгі бөлім (40 минут)

Ж.Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ,
бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет.
Бұл жай күнелту тамақ асыраудың ғана жолы
емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет етеді»
деген сөзін негізге алғым келіп тұр. «Кім
боламын?», «Қай мамандықты таңдайсың?» деген
сұрақтарға оқушылардың кейбірі «Ата -анам
біледі», «Тұрмыс жағдайыма байланысты болады»
деген жауаптар беріп жатады, «Өз таңдауым» деп
жауап берген бала саны аз. Осы орайда «Ата-ана
баласына мамандықты неге жүрек қалауымен
таңдауына мүмкіндік бермейді» деген сұрақ туындайды.


Page 18


1-тапсырма: (10 минут) Маман боламын деген адамға «Үйренгім келеді,
үйрене аламын, үйренуім керек!» деген ұстаным керек. Мұны талап пен
тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың үйлесімі деуге болады.
Мына бейнероликтерді көру арқылы өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

«Мамандық таңдау» бойынша ата-аналарға кеңес.
https://youtu.be/Cuh-Xq14IQE?si=YpmANP-bw7eToIJp Құрметті қонақтар, бұл
ата-аналарға арналған ролик. Егер ата-ана мамандық таңдауда осы
мәселелерді ескермей жатса, сіз не істейсіз? Осыған орай тағы бір ақпаратпен
таныссақ... (Аталарға үлестірме материал таратылады). Олар «түртіп алу»
(инсерт) әдісімен оқиды. (Немесе интербелсенді тақтаға шығарып жүргізуші
оқып таныстыруға болады). (10 минут)

Мамандық таңдауға 7 кеңес

1. Немереңіздің қандай қалауы барын анықтаңыз
Кім болғысы келеді, немен айналысқанды ұнатады, неге қол жеткізгісі келеді?
2. Қандай жұмысқа бейім? Қабілет, қызығушылық, ынта.
Қызығушылық – бір затты немесе құбылысты білуге, оны зерттеуге
ұмтылу. Бейімділік – белгілі бір қызметпен айналысуға ұмтылу.
Қызығушылықтар мен бейімділік сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі де
мүмкін. Ал қабілет дегеніміз – қолға алған істі
өз деңгейінде аяғына жеткізу. Қабілеті болса
істейді, қабілеті болмаса істей алмайды.
Мысалы, компьютерлік ойындар
ойнағанды ұнататын бала ойын дизайнері
немесе ІТ маманы бола алады. Егер сурет
салуды немесе өнерді ұнатса, дизайнер немесе
сәулетші мамандығын үйренуге болады. Егер
спортпен айналысқанды ұнатса,
жаттықтырушы қызметін қарастырған дұрыс.
Немереңіз химияны жақсы көретін болса, болашақта фармацевт бола алады.
Тамақ жасау қабілетін аспаз немесе кондитер сияқты кәсіпке айналдыруға
болады.
3. Денсаулық жағдайын ескеру.
Немереңіздің денсаулығына байланысты істеуге болатын, болмайтын
мамандық туралы дәрігермен кеңесіңіз. Мысалы, жүрегі ауыратан
адамдар, ұшқыш бола алмайды. Ал аллергиясы болса химик немесе шаштараз
бола алмайды. Сондықтан немереңіздің денсаулық жағдайының барлық
ерекшеліктерін білуіңіз қажет.
4. Еңбек нарығына талдау жасаңыз.
Қазіргі уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие екені туралы
мүмкіндігінше мол ақпарат жинаңыз. Бес жылдан кейін, оқу бітірген кезде


Page 19

қандай жұмыс орындары сұранысқа ие болатынын ойланыңыз. Мамандық
туралы жақсы білетін мамандардың кеңесіне құлақ асыңыз.
5. Қаржылық жағдайды талдаңыз.
Мамандықты меңгеру қаржылық жағдайға да байланысты болуы мүмкін. Ата-
анасы немесе сіз оны ақылы бөлімде оқыта аласыз ба, соны ойлаңыз.
6. Таңдауды баланың өзі жасасын.
Адамның белгілі бір кәсіпке бейімі мен қабілеті болмаса, ол ешқашан білікті
маман бола алмайды. Сондықтан мұндай мәселені өзі шешкені дұрыс.
7. Немереңізді қызықтыратын мамандық бойынша жұмыс істейтін
адамдармен сөйлесіңіз.
Немереңіз қалаған мамандық туралы көбірек біліңіз. Сол салада істейтін
адамдармен сөйлесіңіз. Артықшылықтары мен қиындықтарын анықтаңыз.
Міндетті түрде ашық есік күндері оқу орындарына барып танысыңыз.

Әр кеңестің жанына төмендегідей белгі қойып отырады.

Білем Мен үшін түсініксіз Мен үшін жаңа ақпарат Қызық ақпарат
 ? + -


№ кеңес белгі
1 Болашақ мамандығыңыздан не
қалайтыныңызды ойлаңыз

2 Сіз қандай жұмысқа бейімсіз? Қабілет,
қызығушылық, ынта

3 Денсаулық жағдайын ескеру
4 Еңбек нарығына талдау жасаңыз
5 Қаржылық жағдайыңызды талдаңыз
6 Таңдауды баланың өзі жасасын
7 Сізді қызықтыратын мамандық бойынша жұмыс
істейтін адамдармен сөйлесіңіз


(Талқылау барысында аталар білетінін бөлісіп, сұрақтары болса жауап алады.)

1-тапсырманы қорытындылау. Кері байланыс:
1. Мамандық таңдауда ата ретінде нені ескерер едіңіз?
2. Ата-ана таңдаған мамандықты бала меңгеріп кетеді деп ойлайсыз ба? Иә
/ жоқ. Дәлелдеңіз...

2-тапсырма: Жағдаяттық тапсырма: (10 минут) Акврииум әдісі.

Жағдаят: Немереңіз отбасының таңдаған мамандығын жоғары оқу
орында 4 жыл оқыды. Дипломын алып жұмысқа орналасты. Алайда


Page 20

немереңіз ол мамандықты қаламағандықтан, жұмыс істегісі келмейді. Бұл
жағдайда сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
Жүргізілуі:
Төрде отырған 6 ата ақылдаса кеп, өз ойларын жеткізу үшін бір немесе
екі адамды ортаға шығарады. Олардың міндеті ортақ пікірді аудиторияға
жеткізу.
______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Көрермендердің арасынан сыншылар, бақылушылар, сарапшылар
таңдалады. Әңгіме барысында олар келіспейтін тұстары болса, пікірталасқа
түсе алады.
______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Модератор диалогтің сәтті жүруін қадағалауы керек. Соңында екі
тарапты ортақ пікірге алып келсе, дұрыс болады.
2-тапсырманы қорытындылау. Екі жақтың уәжін тыңдай келе
қорытынды сөзді модератор өзі айтады.

3-тапсырма: (10 минут). «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмір»
https://youtu.be/tlHBxzzWuNQ?si=MfIRZMmwRwtdobb6
Қатысушылар бейне ролик көріп, төмендегі сұрақ бойынша ой бөліседі.

1. Мамандық таңдауда ең бастысы не:
- қабілет пе,
- дарын ба,
- жалақы мәселесі ме,
- әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу
қажет пе? Мысалы:
- Немереңіз автоэлектрик болса...
- Жүргізуші болса...
- Дәнекерлеуші болса...
- Базарда құрылыс материалдарын сатса... жаман ба?

Модератор: Немереміз өмірден өз орнын тапсын десек, оның болашағына,
мамандық таңдауына салғырт қарамауымыз керек. Осы тұрғыда бүгінгі іс-
шарадан өзіңізге қажет құнды ақпарат ала алдыңыз ба?

Кері байланыс: 10 мин:

Ұнаған 3 ақпарат:
1. ...
2. ...


Page 21

3. ...
Ойландырған 2 ақпарат:
1. ...
2. ...
Тілегіңіз:
1. ...

Қорытынды. Аталарымыздың қатысуымен өткен бүгінгі біздің пікір
алмасуымыз өте тартымды өтті. Өткір пікірлер, жағымды сын айтылды.
Бүгінгі пікірлесуден аларымыз көп болды. Аталарымыздың әр сөзі
балаларға нық, тура жолды дәл көрсететіндей ғибратқа толы болды. Әр
кезеңнің тапсырмасы қызу талқыланып, көңілімізден шығып,
барлығымыздың көңіл күйіміз көтеріліп, бүгінгі күннің өзекті мәселесін
талқылап, шешу жолдарын таптық десем де болады. «Ісім оңсын десеңіз, сол
істің маманы болыңыз» - деп, Әл- Фараби айтқандай балаларымыздың ісі
оң, жұмыстарында абыройлы, мықты маман иесі болсын десек,
мамандықты қабілетіне, икемділігіне қарай жүрек қалауларымен таңдауға
мүмкіндік беру керек!
Бүгінгі пікір алмасу кешіне қатысқан аталарымызға үлкен рақмет
айтамын! Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!»
дегендей, мамандық таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау екенін
ұмытпайық! Ендеше, бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп
тұр.
Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер, уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да, жеңеріме сенемін.
Ақыл, сана, білім мен, өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ көңіл, адалдыққа сенемін,
Абыройлы ақ ниет, адамдыққа сенемін!

Тақырыбы: ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨШПЕЙТІН ӨНЕГЕЛІ ҮЛГІСІ

Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы
№25 қазақ орта мектебі
Сейтова Нурсулу Сайлауовна
Мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

Міндеттері:
1. Әжелердің бала тәрбиесіндегі орнын анықтау
2. Өнегелі әженің немерелеріне нені үйретуі керегін түсіндіру
3. Қиын жағдайда оң шешім шығаруды дағдыға айналдыруға кеңес беру

Ұлттық құндылықтар:


Page 22

Бірлік пен татулық

Күтілетін нәтиже:
Әжелер отбасылық тәрбиедегі жауапкершілігін түсінеді
Немерелеріне нені үйрету кеоегін біледі
Немересіне үлгі болуды дағдыға айналдырады.

Ұйымдастыру бөлім»: (10 минут)
- Сәлеметсіздер ме, құрметті әжелер! Біз сіздерді көргенімізге
қуаныштымыз. Бүгін №____ орта мектепте «Даналық мектебі» клубы
бойынша «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты тәрбиелік шарамызды
өткізгелі отырмыз. Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің оқушыларының
арнаған ән шашуы бар.
Олай болса, өнерлі оқушыларымызды ортаға шақырайық. ___ - сынып
оқушысы __________________ орындауында «Асыл әжем» әні (әнін жазған
Н.Тілендиев, сөзін жазған Қ.Мырзалиев).

Әжелермен танысу
Мектеп психологі арнайы шақырылған әжелерді ортада дөңгелене
тұрғызып, танысу талабын түсіндіреді.
- Бірінші немереңіздің қай сыныпта оқитынын айтып, немереңіздің
есіміне оны қалай сипаттайтыныңызды қоса айтып, өзіңіздің атыңызды атап
танысасыздар. Мысалы, 5-сыныптағы әнші бала Әлиханның әжесімін, атым -
Маржан. 7-сыныптағы ең сымбатты жігіт Дулаттың әжесі - Гүлмирамын, деп
танысуыңызға болады.
Әжелер ортада өздерін таныстырады.

Модератор: Бүгін сіздермен дөңгелек үстел форматында өткізілгелі
тұрған тәрбиелік шарамыздың тақырыбы: «Әжелердің өшпейтін өнегелі
үлгісі» деп аталады. Отбасы баланы бақытқа бастайтын мекен. Отбасы –
баланың жақсы тәрбие алатын, өсіп, өмір сүретін орны.
Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты – бала-шағаны асырау үшін
қаражат табу, оларды қатарынан қалдырмау. Көбіне осы мақсатпен жүріп ата-
ана бала тәрбиесіне көп көңіл бөле алмай қалады. Ал бала тәрбиесі отбасынан
басталады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жақсы-
жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің-ұрыстар
баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, әдепті, еңбекқор,
туысқаншыл болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы ахуалдың арқасы. Баламыз
өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл
бөлуміз керек. Осы арада:
- отбасындағы бала тәрбиесінде әжелердің орны қандай болу керек деп
ойлайсыздар?

Негізгі бөлім (40 минут)
1-мәселе. Мен үшін қымбат... (ой қозғау. 10 минут)


Page 23

- Аяулы әжелер! Өмірдің әр кезеңінің өзіндік бағасы бар. Осы жасқа келгенше
өмірден көп нәрсені көрдіңіздер, білдіңіздер, өмір шындығын түйдіңіздер.
Әжелік кезең - көп адамның арманы, мәртебелі шақ. Өткеніңіз бен бүгініңізге,
ертеңіңізге көз жүгірте отырып, нені «Мен үшін қымбат» деп айтар едіңіздер.
Әжелердің жауаптарының үлгілері:
- Өмір қымбат
- Адамның көңілі қымбат
- Ұрпағың қымбат
- Уақыттың қадіріне жете бермейміз, уақыт - қымбат!
- Мен үшін адамға әсерлі болатын әрбір сәт қымбат
- Ұлттық құндылықтар бәрінен қымбат деп ойлаймын
- Адамның ары мен ұяты, намысы қымбат

1-мәселені қорытындылау: Осындай қымбат дүниелердің қадіріне жету
үшін немерелерімізге не айтуымыз керек? Қандай тәрбие беруіміз керек?

2-мәселе. Өнегелі әже. «Менің атым Қожа» фильміндегі әженің көрінісі
арқылы әжелер өнегесіне саяхат. (10 минут)

https://www.youtube.com/watch?v=yQa1xX0FKPs
1-15 сек., 8.44-8.45 сек., 39.30-40.35 сек. үзінділер көрсетіліп, төмендегі
сұрақтар бойынша әжелер ой пікірін білдіреді:
1. Қожаның әжесінің ерекше қасиеттері қандай?
2. Бүгінгі әжелерге ұқсайтын және ұқсамайтын жақтарын айта аламыз ба?
3. Әжелеріңіз несімен есіңізде қалды?
4. Біз баяғы өз әжеміздей бола аламыз ба?
5. Осындай өнегелі әжелердің тәрбиесін жалғастыруға не кедергі?

2-мәселені қорытындылау: Өнегелі әже қандай болуы керек?

3-мәселе. Немерелерімізге нені, қалай үйретуіміз керек? Ой қозғау (10
минут)
Құрметті әжелер, жаңа танысу барысында өз есімдеріңізден бұрын
мақтанышпен немерелеріңіздің атын бірінші атадыңыздар. Немересін жақсы
көрмейтін әже болмайтын шығар. Сол немереміз жақсы болсын десек, оған
әже ретінде нені үйретуіміз керек? Қазір осы мәселені жұпта немесе 3 адамдық
топта талқылап, ортаға салайықшы...
Әжелердің жауаптарының үлгілері:
І жұп - Әлеуметтік желіде өз парақшасын қалай жүргізуді
ІІ жұп - Бейтаныс адамдармен қалай қарым-қатынас жасауды
ІІІ жұп - Қиындыққа тап болғанда өзін қалай ұстауды
ІV жұп - Үйдің, ауланың тазалығына көңіл бөлуді
V жұп - Уақытымен ұйықтау, дұрыс тамақтанудың артықшылықтарын
VІ жұп - Ренжісіп қалған досыңмен татуласудың жолдарын...
- т.б.


Page 24

Тапсырма: Әжелерге А4 немесе А5 форматтағы шетіне төмендегі сурет
салынған үлестірме таратыладлы. Олар әр мәселе бойынша істеуге болатын
мәселені суреттің ішіне, болмайтын дүниені сыртына жазады. Мысалы: 1-
мәселе бойынша танымайтын адамнан әдепсіз мәтінде хат келсе оны бұғаттау
суреттің ішіне жазылады. Танымайтын адамға отбасың туралы,
мекенжайыңды айту сыртына жазылады.



1.Танымайтын адамға отбасың туралы айту
2.
3.
4.




3-мәселені қорытындылау:
Осындай дүниелерді үйрету арқылы немерелеріміздің жақсы адам боп
қалыптасуына көмектесе аламыз ба?

4-мәселе. Әжелерге арналған жағдаяттық сұрақтар (10 минут) Әжелер
таратылған кестедегі әрекеттердің артықшылығы мен кемшілігін талқылап, не
істейтіндерін анықтайды. (Төмендегі мәселенің біреуін таңдап, жан-жақты,
толық талқылауға болады немесе топқа бөліп, әр топқа бір жағдаяттан беруге
болады).

1. Немереңіз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

Әрекеттер артықшылығы кемшілігі
Себебін анықтаймын
Ертіп апарып
мұғаліммен сөйлесемін

Ерте келгендіктен үй
шаруасына жұмсаймын

Ештеңе демеймін
Т.б.


2. Немереңіздің өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса,
не істер едіңіз?

Әрекеттер артықшылығы кемшілігі
Үйірмеге, қосымша
сабақтарға
қатыстырамын

1. танымайтын адамнан әдепсіз
мәтінде хат келсе оны бұғаттау
2. ...
3. ...
4. ...


Page 25

Сол саланың білікті
мамандарымен
кездестіремін

Кітаптар, басқа да
керегін алып беріп өз
бетімен жұмыс істеуге
жағдай жасаймын

Ештеңе істемеймін
Т.б.

3. Немереңіз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр,
уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп
қалды. Сіздің әрекетіңіз?

Әрекеттер артықшылығы кемшілігі
Қайтып келуін күтемін
Кешірім сұрап,
телефонын алып
беремін

Бірге отырып
телефонның қаншалық
қажет екенін
талқылаймын

Жаза қолданамын
Ештеңе демеймін
Т.б.

4. Немереңіз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты.
Сіздің әрекетіңіз?

Әрекеттер артықшылығы кемшілігі
Сол пән бойынша
репетитор жалдаймын

Пән мұғалімімі немесе
директормен
сөйлесемін

Сол пәнді жақсы
оқысаң қалағаныңды
алып беремін деп уәде
беремін

Ештеңе істемеймін
Т.б.


Page 26

4-мәселені қорытындылау: Өмір болған соң қиын жағдайлар болмай
тұрмайды. Сондай да «Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» екі тарапқа
ортақ оң шешім шығаруды дағдыға айналдыруымыз керек. Күшке, өзім
білемге салудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Жағдаяттарды
талқылау барысында соған қол жеткіздік деп ойлаймын.

Модератор: Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде:
«Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан
қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің
көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын
балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп,
ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола
ма деп қорқамын…» деген екен. Бауыржан атамыз текке қорқып отырған жоқ.
Дәл бүгін осындай жағдайдың қоғамда жартылай болса да, орын алып тұрғаны
ақиқат. Ұрпағымызды тамырсыздық індетінен сақтаймыз десек, әжелік
міндетімізге атүсті қарамайық.
Биылғы оқу жылы да «Ата -аналарды педагогикалық қолдау
орталықтары» былтырғы жұмысын жалғастырып жатыр. Соған орай
«Даналық мектебі» аясында әжелердің бала тәрбиесіндегі бағалы кеңестері
мен тәжірибесін үлгі ету мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз.
Олай болса, осы дөңгелек үстелдегі айтылған мәселелерден қандай даналық
түйін едіңіздер?

Рефлексия: Даналық түйін
Әжелердің “даналық түйіндерінің” үлгілері:
- Қазіргі балалар ерекше біздің тәрбиемізге көнбейді десек те өзгермейтін бір
нәрсе бар. Ол балаға деген жанашырлық, мейірім. Сол арқылы біз бала
жүрегіне жол таба аламыз.
- Балаға құр ақыл айту нәтиже бермейді. Ақыл айтпас бұрын сол ақыл айтатын
деңгейде қадірім бар ма деп ойлану керек.
- Біздің заманымыз бөлек болды, қиындықтар арқылы жетілдік. Қазір заман
басқа, бірақ мұның да өз қиындығы шаш-етектен.
- Өзіміз әжеміздің тәрбиесін алдық, одан жаман болмадық. Обал мен сауапты,
ұятты ойлағанда әжеміз еске түседі.
- Мектептің жанынан “Даналық мектебі” ашылып жатса, неге біз даналық
түйін жасай алмаймыз?! Адал бол, білімді бол, еңбекті сүй - бұл үшеуі адамды
даналыққа бастайтын, адастырмайтын бағдаршам.
- Мен балаларыма жақсыларды үлгі етемін. Өзім жетпеген биікке солар жетсе
екен деп тілек тілеймін, бата беремін, өзім мүлде жаман сөз, қарғыс айтпауға
тырысамын.
Модератор:
Әже мейірі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан


Page 27

Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер,- дей отырып, бүгінгі «Әжелердің өшпейтін
өнегелі үлгісі» атты дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.


«Даналық мектебі» бойынша «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» тақырыбындағы
кездесу кешінің сценарийі.

Алматы қаласы,
Қ.А. Яссауи атындағы
№123 мектеп – гимназия
Машакова Назгул Мукановна

Мақсаты: Өлкеміздегі жетістік пен табысқа жеткен адамның өмір жолын
өскелең ұрпаққа өнеге ету.

Міндеттері:
1. Әжелерге танымал адамдарға еліктеудің сырын түсіндіру
2. Өз ісінің шебері болудың құпиясын ашу.
3. Немерелеріне табысты адамдарды үлгі ету

Ұлттық құндылық:
Салт-дәстүр, мәдениет, дін, тіл.

Күтілетін нәтиже:
Әжелер замана көшінен қалмау керегін біледі
Немерелеріне шеберліктің, еңбекқорлықтың құпиясын түсіндіре алады
Табысты, танымал адамдарды немерелеріне үлгі етіп отыруға тырысады.

Өткізілетін орны: мектептің акті залы

Шақырылған қонақтар: өнер иесі, жергілікті оқушылардың әжелері, мектеп
әкімшілігі, мұғалімдер.

Кездесу кешінің өткізілуі: (Іс-шара 45-60 минут аралығында жоспарланады)
Мектебіміздің кіреберіс дәлізінде күй ойнатылып, ұлттық киім киген қыздар
қонағымызды салтанатты түрде қарсы алады. (Ескерту: Әр өңірде өз
аймағынан шыққан әртүрлі саланың мамандары болады. Кездесуге өз
саласында жетістікке жеткен, істеген ісі елге үлгі, өнеге болатындай танымал
адамдар шақырылады. Қолдарыңыздағы сценарий дизайнермен кездесуге
арналған. Сонымен қатар дизайнер мен әжелер бірге тігетін өрнек, мата, ине-
жіп алдын ала дайындалады).

Жүргізуші:
Армысыздар құрметті кеш қонақтары! «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат
қалар артында» - деп кемеңгер ақын Сәбит Дөнентаев айтқандай, бүгін елге өз


Page 28

өнерімен танылып жүрген өнер иесімен етене әңгіме құрудың сәті түсіп отыр.
Брендтті киімдері елімізде ғана емес, басқа да шет елдерде таныстырып
жүрген, fashion-индустрияда қолтаңбасын қалыптастыра білген белгілі
Қазақстандық дизайнер ______________ қошеметпен ортаға шақырайық!
(Жүргізушінің сөзімен қатар слайдтар көрсетіледі)

Алдымен қонағымызға қош келдіңіз айтып, ыстық лебізін білдіру үшін сөз
кезегін мектеп директоры ________________ береміз!

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, қазақта «Ән көңілдің ажары» деген жақсы сөз бар.
Бүгінгі кездесу кешін Қ. Мырза Әлінің сөзіне «Асыл әжем» әнімен
бастасақ... Мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген өнерлі ұланымыз
___________________________ ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Кәсіп – халықпен қарым-қатынас, ол сәттілік пен сәтсіздік қатар жүретін сала.
Сол себепті кәсіпте әйелдің табысты болуының құпиясы отбасына деген
махаббатында, кез келген жағдайды еңсеруге дайын болуы мен адал еңбек
етуінде. Сізді өте шебер тігінші, өз ісіңіздің керемет маманы ретінде
танимыз. Көпшіліктің сұранысы бойынша сізге қоятын біраз сауалдарымыз
бар. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз?

Қонақ: ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жүргізуші:
Өзіңіздің кәсіпкерлік жолыңызда қиындықтар кездескен болар, «Кәсіпкер»
қандай қасиеттерге ие болу керек? Дизайнер мамандығына қашаннан
қызығып, әуестендіңіз?

Қонақ: __________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Жүргізуші:
Жаңа коллекция ойлап табар алдында шабыттанасыз ба? Шабытты
қайдан аласыз? Алғаш қандай киім үлгісін қағаз бетіне түсірдіңіз?
Есіңізде бар ма?

Қонақ: ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________


Page 29

Жүргізуші:
Қазіргі заманғы киім үлгілері өте ерекше, бұрынғыларға мүлде ұқсамай,
өзгеріп жатыр. Оны дизайнерлердің қабілеттілігі, мықтылығы деуге болатын
шығар. Сәнді киінеміз деп, мәнді киінуден қалып қоймаймыз ба? Осы бағытта
әжелер немерелеріне қандай қандай ұсыныс бергені дұрыс?

Қонақ: ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жүргізуші:
Тағы бір әдемі әуенге кезек берсек, алдарыңызда мектебіміздің өнерлі ұланы
______ сынып оқушысы __________________ өнер көрсетеді. Орал-Қосай
Бәйсеңгірдің сөзіне жазылған «Менің әжем» әні...

Жүргізуші:
«Әйел бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді» дейді дана
халқымыз. Қызметі мен отбасы тірлігін қатар ұстап, жетістіктерге жетіп
жүрген аруларымыз қаншама. Олар - өз өмірінде кездескен көптеген
қиындықтарға қарамастан, қаймықпай, бүгінгі таңда үлкен жетістікке қол
жеткізген іскер жан, бақытты жар, аяулы ана. Қай ғасырда болсын әйелдің
бақыты біреу ғана. Отбасың, ұрпағың ұстап тұру. Отбасы берекесін сақтап,
кәсіпкерлікті қатар алып жүру үлкен еңбекті, төзімділікті қажет етеді. Осы
тұрғыда әжелерге не айтар едіңіз? Олар немерелеріне қандай тәрбие беріп,
кімді үлгі еткені дұрыс?

Қонақ: ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жүргізуші:
Қазақтың тарихында он саусағынан өнері тамған небір ісмер қыздар,
келіншектер, әжелер өткен. Солардың бәрі де арнайы оқу орнын бітірген жоқ.
Алайда, олар ең үлкен мектеп «әжелер академиясын» бітірген. Сондай
өнерпаздарды кешелері көзіміз көргенде ең алғаш нәр алған бұлағы әжесі
екенін айтатын. Сіздің де осынау ерекше өнеріңізге әсер етіп,
қызығушылығыңызды оятқан әжеңіз болды ма? Әжелер академиясының
табалдырығынан аттап па едіңіз?

Қонақ: ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жүргізуші: Әже туралы сұрақ тегін қойылған жоқ. Қолөнер, ісмерлік жәй ғана
жұмыс емес, ол ғасырлар қойнауынан сүзіліп, іріктеліп бізге жеткен, біздің


Page 30

тарихи жадымыз жатқан, өмірлік философиямыз тұнған, әрбір өрнегі, әрбір
тігісі, кестесі мен оюы тереңнен сыр шертетін ғажайып туынды. Осыны бүгінгі
әжесі немересіне үйретіп кету үшін бір өрнекті немесе таңбаны киімге қалай
үйлестіріп тігуге болады. Ісмерліктің үлгісін әжелерімізбен бірге тігіп көрсек
қалай болар екен? Біздікі бүгін сізбен бірге ине ұстаған әже ертең сол инені
немересімен бірге ұстаса деген ниет қой.

Қонақ: ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жүргізуші: Қазақ халқы тарихтың талай теперішін көріп, соқтықпалы сан
өткелектен өтсе де құрып кетпей, бүгінде өз мемлекетін қалыптастырып, салт-
дәстүрін жаңғыртып, ел болып отырса, мұнда бабалардың бір жағына
шығысып, ұрпағын адал сүтімен асырап, өнегелі тәрбиесін берген, немересін
бесік жырымен әлдилеп, ертегімен өсірген ақ әжелеріміздің еңбегі орасан.
Бойына тектілікті әженің жырымен, үнімен сіңірген ұрпақтан, қандай
қиындықта да беті қайтпайтын, тауы шағылмайтын, жігерлі, ұлағатты азамат
шығары анық. Құрметті ____________________ бүгінгі кешімізге келіп,
өзіңіздің ой-пікіріңізбен бөлісіп, құнды мәлімет бергеніңізге көп рахмет. Ел
үшін атқарар игі істеріңіз көп болсын! Құрметті әжелер, қонағымызға қоятын
сұрақтарыңыз болса, мархамат! (Сұрақ-жауапқа кезек беру)

Кездесу кешін осымен аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

Кеш соңы

«Даналық мектебі» клубы бойынша
«Аға болсаң, ақыл айт» тақырыбындағы тағылымдық әңгіме
сабағының сценарийі

Шымкент қаласы Т.Рысқұлов атындағы
№25 мектеп- гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Атабаева Шолпан Шенгелбаевна

Мақсаты: Ағалардың іні-қарындастары алдындағы міндетін сезіндіру.

Міндеттері:

1. Мақал-мәтелдер арқылы ағалық жолын түсіндіру
2. Ағалық жауапкершіліктің сырын ашу
3. Іні-қарындастарына қамқор болуды дағдыға айналдыруға кеңес беру

Ұлттық құндылықтар:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!