Материалдар / Даналық мектебі жоспары 2024-2025

Даналық мектебі жоспары 2024-2025

Материал туралы қысқаша түсінік
Даналық мектебі жоспары 2024-2025
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі













«Даналық мектебі» бойынша атқарылатын

жұмыс жоспары





























2024-2025 оқу жылы



«ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБI» КЛУБЫ


«Даналық мектебі» клубының қызметі білім беру ұйымының позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Клуб – бұл жұмыстың ең қолайлы формасы, өйткені ол қатысушылардың теңдігі тұрғысынан жұмысты қамтамасыз етеді және ата-аналар үшін даму ортасын құрудағы әлеуметтік тәсілдің артықшылықтарын барынша толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өзінің қызмет форматына сәйкес «Даналық мектебі» клубы білім беру ұйымының нақты қажеттіліктерін және ата-аналар қоғамы өкілдерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесімен бөлісуге дайындығын ескере отырып, ерікті негізде құрылады.

«Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.

Клубтың міндеттері:

  • аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;

  • ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;

  • өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.

«Даналық мектебі» клубының қызметінен күтілетін нәтиже: позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалану.

Клуб отырыстарының тақырыбын айқындау кезінде Қазақстанның мәдени бірегейлігін сақтау және дамыту мақсатында міндетті түрде қазақ халқының құндылықтары мен дәстүрлеріне сүйену қажет. Сонымен қатар, Қазақстанда тұратын басқа этностардың мұрасын ескере отырып, клуб қатысушыларының кездесулерінің тақырыбы мен мазмұнын мүмкіндігінше байыту ұсынылады.

Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында сөйлеген сөзінен маңызды тезисті еске алған жөн: «Саналуандықтағы бірлік – бұл ұлттық бірлікті сақтау мен нығайтудың іргелі қағидаты. Біз бұл қағиданы болашақта да ұстануымыз керек».

«Даналық мектебі» клубының қызметінің басым бағыты ата-аналар қауымымен жұмыс болып табылады. Клуб мектептің нақты сұраныстары мен талаптарына сәйкес «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қаморлығы», «Женге кеңесі» секцияларын ұйымдастыру арқылы қазақстандық этнопедагогиканың тәрбиелік әлеуетін өзектендіруге арналған

Әрбір қызмет бағытының орасан зор педагогикалық әлеуетін ескере отырып, әрбір білім беру ұйымында клубтың барлық 4 секциясын ашу ұсынылады: «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қаморлығы», «Женге кеңесі». Алайда, бұл жұмыс ресурстардың жинақталуына, аға буындардың бастамашыл және ресурстық өкілдерін іріктеуге және қажетті ұйымдастырушылық жағдайлар жасауға қарай жоспарлы, кезең-кезеңмен жүргізілуі тиіс.

Сарапшылар клуб аясында қарастырылуы мүмкін этнопедагогика мәселелерінің мазмұнында белгілі бір бағытты қарастыруды ұсынады. Клуб секцияларына арналған іс-шаралардың үлгілік тақырыптары төменде берілген.







«Ата өсиеті»:

- Туыстық қарым – қатынас – баға жетпес байлық

- Ата кәсіп – берекенің бастауы



«Әже даналығы»:

- Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі

- Өнегелі өмір


«Аға қаморлығы»:

- Жирен жаман әдеттен

- Аға болсаң ақыл айт


«Женге кеңесі»:

- Жеңге мінезімен көркем

- Отбасы құндылығы «жеңгелерден жеті кеңес


«Даналық мектебі» клубының қызметін ұйымдастыруға білім беру ұйымының директоры жауапты. Жұмыстың тікелей кураторы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып табылады. Қамқоршылық кеңес клуб қызметіне жан-жақты қолдау көрсетеді.

Клуб аясында ұсынылатын жұмыс түрлері: интерактивті дәрістер; әңгімелер, тақырыптық пікірталастар; қызықты адамдармен кездесулер; бейнематериалдарды қарау және талқылау; шығармашылық кештер және т. б.

«Даналық мектебі» клубының жоспары мен жұмыс кестесін мектеп директоры бекітеді. «Даналық мектебі» клубы аясындағы кездесулердің жиілігі әрбір білім беру ұйымының ата-аналар қауымының сұраныстарына сәйкес айқындалады.

Клуб қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету үшін клуб мүшелерінің азды-көпті тұрақты құрамы жұмыс істегені жөн. Сонымен қатар, клуб шеңберіндегі отырыстар мен кездесулердің әртүрлі тақырыптары үнемі жаңа қатысушыларды тартуға ықпал ететіні анық.

Клубтың танымалдылығын арттыру үшін бірқатар міндетті шарттарды қамтамасыз ету қажет деп санаймыз:

  • отырыстарды сапалы өткізу;

  • аға буынның белсенді және ресурстық өкілдерін тарту;

  • жобаны іске қосу алдында ақпараттық науқанды, оның ішінде ауданда, қалада, ауылда жалпы ынталандырушы іс-шараны өткізу;

  • ата-аналардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

  • жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік (Ардагерлер кеңесі, белсенді ұзақ өмір орталықтары және т.б.), басқа ата-аналар клубтарының өкілдерін тарту.

Клубтың қызметіне мониторинг жүргізу, жекелеген отырыстар мен кездесулерді өткізу сапасын айқындау үшін мыналарды ескеру қажет:

  • клуб қызметі туралы сұрақтарды мектепішілік бақылау жоспарына енгізу;

  • қатысушылардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін тұрақты сауалнамалар жүргізу.

Клубтың қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде келесі форматтар арқылы кеңінен жариялануы керек:

  • тікелей эфирлер;

  • сұхбат;

  • есеп беру;

  • маңызды оқиғалар туралы хабарландырулар;

  • пікір алмасу.

Еліміздегі білім беру ұйымдарының клубтық бірлестіктері іс-шараларының үздік сценарийлері Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының цифрлық платформасында жарияланатын болады.



















































Бекітемін:

Мектеп директоры. Халым Толеуиш



«Даналық мектебі» бойынша өткізілетін сабақтардың тақырыптары

Тақырыптар

Өтетін уақыты

Жауаптылар

Аталар өсиеті

1

Туыстық қарым – қатынас – баға жетпес байлық

Қыркүйек

Махаббат Кырмызы

Бекжанова С

2

Ата кәсіп – берекенің бастауы


Қазан

Ахметова А.

Бектемир А

Әжелер даналығы

3

Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі

Қараша

Хурмет Л.

Магау С

4

Өнегелі өмір

Желтоқсан

Хуанар Д.

Алижанова А

Аға қамқорлығы

5

Жирен жаман әдеттен

Қаңтар

Калемшарип С.

Каден Т

6

Аға болсаң ақыл айт

Ақпан

Рахметова С

Махаббат Кырмызы


Жеңге кеңесі

7

Жеңге мінезімен көркем

Наурыз

Шондай Ю

8

Отбасы құндылығы «жеңгелерден жеті кеңес

Сәуір

Оросхан Б






















ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ


Қуанғанда қуанышымызды бөлісіп, өкпелесек назымызды көтеріп қателігімізді кешіре білетін тек ағайын-туыстарымыз ғана. Туыстық қарым-қатынасты халқымыз қашанда жоғары қойған.

Бүгін Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі

«Даналық мектеп» аясында 6 «А» сынып оқушыларының аталарының қатысуымен «Туыстық қарым-қатынас - баға жетпес байлық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Шараға қатысқан аталарымыз ағыйын-туыстың алар орны, олардың жағдайын сұрау, сәлемдесу, сыйлықтар беру, мұқтаж болса материалдық көмек көрсету, үлкендерге құрмет білдіру, кішілерге мейірімділік таныту, олардың мәселелерін шешуге ұмтылу және сол сияқты қарым-қатынастар туралы ақылдарын айтып оқушылардың қойған сұрақтарына жауаптарын беріп, сынып жетекшісіне алғыстарын білдірді.

Шара соңында оқушылар аталарды 1 - қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Шара өте қызықты өтті.

Мақсаты: Туыстық қарым-қатынасты нығайту, сезіндіру және ұлттық құндылықтарды арттыру.

Туыстық қарым-қатынасты сақтаудың мұсылман адам үшін мән-мағынасы өте үлкен. Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады», – демекші, туған-туыспен жақсы қарым-қатынас жасаудың бір әулеттің ғана емес, жалпы қоғамдық бірліктің берік болуына ықпалы зор. Ұлттық құндылықтарымыз – дініміз, тіліміз бен діліміздің ерекшелігі ретінде бірегейлігімізді айқындайтын рухани идеалдарымыздың жиынтығы. Ендеше, имандылықтан бастау алатын, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде атадан балаға беріліп, даналықпен дараланып, жалғасын тауып келе жатқан адамдық асыл құндылықтарымызды сақтай отырып, ұрпағымызды заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, білім мен ғылымға, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелей алуымыз қажет екенін аталарымыз айтып өтті.






















Ата кәсіп – берекенің бастауы


Халық мұраларының үлкен бір мәуелі бұтағы — атакәсіп. Атакәсіп — телегей-теңіз дүние арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан түсіп қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткізіп отырған халық шаруашылығының бір санатына жатады.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында, "Ата - аналарды педагогикалық қолдау" орталығының шеңберінде , "Даналық мектебі" , "Ата өсиеті" "Ата кәсіп - берекенің бастауы" тақырыбында өз жұмысын жалғастыруда.

Мақсаты: Балаларды оқыту  мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара байланысты нығайту, танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып,отбасында тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету.

Болашақ ұрпаққа еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру,рухани мәдениетке тәрбиелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу мақсатында «Ата кәсіп – берекенің бастауы» атты қолөнер бұйымдарды ата, әкелерімен бірігіп жасау көрмесі өткізілді.

Оқушылардың бойына халқының қадір -қасиетін сіңіріп,ата - баба дәстүрін сақтауға ,қарттарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.Аталар мектебінің мүшелері оқушыларға ақыл кеңестерін айтып ,өмірден түйген ойларын ортаға салды.

Адам мен табиғат егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы ашылып, көңілі көтерілері анық.


























ЖИ арқылы жасау
10 Қараша 2024
863
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі