Материалдар / Даналық сөзден үйренемін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Даналық сөзден үйренемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Даналық сөзден үйренемін тақырыбына дайын ҚМЖ, сабақ жоспары, әдістермен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2024
83
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлімі:

Мәдени мұра

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Даналық сөзден үйренемін

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.1.4.1Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл

сөздерді,шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды

қолдану

4.2.1.2 Шығарманы іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар

қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау

жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба ,диафильм, таныстырылым

түрінде ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқушылар өлеңді талдап, зерттеп оқып, мақал-мәтелдермен түйіндей алады. Мақал-мәтелдерді сөйлеу барысында кеңінен қолданып, диалог түрінде ұсына біледі;

Көптеген оқушылар: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Кейбір оқушылар: Өлең мазмұнын сурет мазмұнымен салыстыра отырып анықтайды.


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

5 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I-« Алтын асықтар» тобы

II –« Күміс асықтар» тобы

III– «Қола асықтар» тобы

Саралау: Бұл жерде қолданудың

«Жіктеу» тәсілі арқылы көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға қолдану еркіндігі беріледі.

(Ұ) “Кездесу” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!»

Фигуралар салынған конверт

Миға шабуыл. «Жедел жауап» әдісі.

Ұжымдық жұмыс.



6 мин.


Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында экранда көрсетілген суреттерге мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.

Сұрақтар:

1 Данагөй дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Мақал – мәтелдерді білесің бе?

3 Өтірік өлең жайлы не айтасың?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор:

-1-ші сұраққа жауап береді.

-2-ші сұраққа жауап береді.

-3-ші сұраққа жауап береді.



Жалпы-2балл.



Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»

«Керемет»

«Сенің қолыңнан келеді» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ДК

экраны



Сұрақтар топтамасы.



Оқулық 4-сынып.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.



Топтық жұмыс.

8 мин.



«Мозайка» әдісі.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты суреттердің қима қағаздары беріледі.

1 -тапсырма: Суреттегі тапсырма жайлы әңгімелейді. Досына сипаттама береді. Үш топқа үш сурет бөліп беріледі.

Дескриптор:

- Данагөйдің кім екендігі туралы айтады;

- Өтірік өлеңді құрастырады;



Жалпы-1балл.

ДК экраны

4-сынып оқулығы

«Түртіп алу» әдісі.

Оқулықтағы «Тілдік бағдар» айдарының тапсырмасы беріледі.

Кәсіби сөздермен танысып, өз дәптерлеріне тапсырманы орындайды.

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Топтық жұмыс.

8 мин.





2-тапсырма: Төмендегі мақал - мәтелге қатысты сөздерді топта талдап, кестені толтыр.

Мақсаты: Досына қатысты сөздерді ажыратады.

Тиімділігі: Тыңдалым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Зерделеу» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.

Дескриптор:

- мақал – мәтелдер жайлы әңгімелейді;

- Досының жақсы қасиеттерін сипаттайды;

Жалпы-1 балл.

ДК экраны

4-сынып оқулығы.


Жеке жұмыс.

8 мин.

3-тапсырма:

Досыңа қатысты кеңестерді оқып, сұрақтарға жауап бер.

Мақсаты: Досының жақсы қасиеттерімен таныстыру.

Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша мәтінді оқиды. Өзіндік ойын тұжырымдайды. Оқып, танысқан кеңестерді басшылыққа алып, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

-Кеңестерді оқиды.

-Сұрақтарға жауап береді.

Жалпы – 1балл.

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жұптық жұмыс.

5 мин.



Жазылым.

Жұмыс дәптердегі Кестені толтыр.

Мақсаты: Берілген сөздердің атқаратын қызметін жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.

Төменде берілген сөздердің атқаратын қызметін жазады.

1. Кейіпкерлер

2.Термин сөздер

3.Кәсіби сөздер

Дескриптор:

-Кейіпкерлер туралы мысал жазады-1б.

-Термин сөздерге ереже мен мысал жазады-1б.

- Кәсіби сөздерге ереже мен мысал жазады-1б.

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия





Жеке жұмыс:

5 мин.

«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.

Пікір: Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел:Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал:Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір.

Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін сөйлемдер арқылы тұжырымдайды.



Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Жұлдыздар шеруі» тәсілі арқылы көрініс табады.

Дескриптор:

«Төрт сөйлем» әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды-2б.



Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!