Мақала
кәсіби колледждер мен лицейлерде
пісіруші мамандықтарын даярлау кезінде
«Инновациялық педагогикалық технологияларды
қолдану» мақсатында оқыту әдістемесін
әзірлеуге арналған. Бұл жұмыста бірқатар
мәселелер қарастырылып, жұмысты орындау
барысында өз шешімін тапты: а) инновациялыөқ
технологияларды пайдаланып білім
берудің көмегімен теориялық тұрғыдан
қандай білім алуға болады? в) пісірушілерді
дайындау барысында бұл технологиялардың
маңызы? с) осы әдістерді игеруде
студенттердің қызметін қалай ұйымдастыруға
болады?
Зерттеу
жұмысының өзектілігі: Зерттеудің
маңыздылығы білім беру процесіндегі
гуманистік бағдардағы, үздіксіздік
және көп деңгейлі кәсіби даярлау,
ақпараттандыру және технологияландырумен
қатар негізгі құзыреттілікті қалыптастыруға
бағытталған қазіргі заманғы тенденциямен
айқындалады.
Жаңа
қоғамдық-мәдени жағдайлар мен білім
беру жиынтығының тенденциялары кәсіптік
білім беру оқытушыларын кәсіби даярлауға
басқаша талаптар ұсынады: үздіксіз
өзгеріп тұратын білімді жеткізу
процесінде жұмыс істей алу, кәсіби
шеберлігін, біліктілігін кеңейту, білім
беру, оқуды және өндірістік процестерді
жоспарлау мен ұйымдастыру қабілеттерін
көрсету, инновациялық қиындатылған-күрделі
кәсіптік-білім беру үдерісіне жұмыс
атқару.
Зерттеу
барысында кәсіптік құзыреттіліктерді
қалыптастыру деңгейін толық көлемде
тек тәжірибе кезеңінде ғана жүзеге
асыруға болатыны анықталды, өйткені
комплекстегі тәжірибелік қызметте ғана
кәсіби және педагогикалық білімдер мен
дағдылар пайда болған кезде, құзыреттілік
олардың арасындағы тұрақты қарым-қатынас
арқылы анықталуы мүмкін.
Мақаланың
мақсаты:
Инновациялық педагогикалық технологияларды
кәсіптік пәндерді оқыту үрдісінде
пайдалану әдістерін зерттеу.
Зерттеу
нысаны:
Инновациялық педагогикалық технологияларды
дәнекерлеу ісін оқыту үрдісінде қолдану.
Көздеген мақсатқа жету үшін мынадай
міндеттер орындалуы тиіс: Көздеген
мақсаттың қазіргі жай-күйін, теориялық
және практикалық тұрғыдан зерттеу,
пәннің және зерттеу тақырыбының жүйелік
көрінісін анықтау;
Алматы
құрылыc-техникaлық колледжiнің оқыту
технологияларын, кәсіптік білім
стандарттарын, жаңа тізімді жасаудың
алғашқы шарттарын, кәсіптік мектептер
үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын
жасауға талдау жүргізу;
Кәсіби
білім беруде педагогикалық әдістерге
талдау жасап, кәсіби – техникалық
бағыттылық және политехникалық білім
берудің негіздері қарастырылып, кәсіптік
білім беру ұйымдарында кәсіби-техникалық
бағыттылықты қалыптастыру талаптарын,
кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері
мен құрылымын, кәсіптік оқытудың
әдістерін, кәсіптік оқытудың инновациялық
тәсілдерін зерттеу.
Колледжге
түрлі интеллектуалды білім деңгейі бар
және білу әрекетіне мотивациясы төмен
білім алушылар келеді. Сондықтан, білім
алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере
отырып, оқу барысында әрбір білім алушы
мамандық бойынша білімдер мен, дағдыларды
игере отырып, ары қарай кәсіби дағдыларын
жетілдіруге және шығармашылық ойлауға
қызығушылық пайда болатындай жұмысқа
қолайлы шарттарды орнату қажет.
Білім
алушыларды өздігінен ойлауға, шешімдер
қабылдауға, топта жұмыс істеуге,
қарым-қатынас, шығармашылық қабілеттіктерді
дамытуға, өзіне жауапкершілік алуға
үйрету үшін өндірістік оқыту шебері
жаңа әдістемелерді оқуға және пайдалануға
тура келеді. Оқу технологиясының дәстүрлі
әдістерін алмастыру оқу үдерісінің
тиімділігін арттыруы қажет.
«Инновация»
термині латынның «novatio» сөзінен, бұл
«жаңару» (немесе «өзгеру») және «in»
қосымшасы латын тілінен «бағытта» деп
аударылады, егер сөзбе-сөз аударса
«Innovatio» - «өзгеріс бағытымен». Іnnovation
сөзінің ұғымы алғаш рет ғылыми зерттеулерде
ХІХ ғ. Инновация – кез-келген жаңару
немесе жаңалық емес, тек қолданыстағы
жүйенің тиімділігін нақты көтеретін
жаңалықты айтады.
Сәйкесінше
инновациялық әдістердің дамуы – білім
берудің жаңартуын қамтамасыз ету, оның
сапасын, тиімділігі мен қолжетімдігін
көтеру тәсілі болып саналады.
Сондықтан
тұрақты ізденіс болуы шарт, оның мақсаты
– білім алушыларды оқудың барлық
кезеңдерінде білім беру, дамыту мен
тәрбие беру бойынша бірегей жұмыс
үрдісіне біріктіруге мүмкіндік беретін
жаңа формалар мен тәсілдерді табу.
Өндірістік оқытудың шебері білім
алушыларды бағдарлама материалының
білуі мен қатар, әрбір білім алушының
жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін
ескере отырып, тұлғасын жан-жақты дамыту
мен құруын қамтамасыз ету.
Инновациялық
сабақтар қандай да бір тақырыпты немесе
бірнеше тақырыптарды оқудан кейін,
оқытуды бақылау және білімдерді тексеру
қызметін атқара отырып іске асады.
Бұндай сабақтар ерекше, дәстүрлі емес
жағдайда өткізіледі. Бұндай сабақтарға
білім алушылар толығымен қатысады, және
тыңдау мен көру көрнекті материалдарын
(компьютер мен видео техникасын,
көрмелерді, буклеттерді, стендтерді)
қолдану арқылы жүргізіледі. Осындай
сабақтарда әдістемелік, педагогикалық
және психологиялық сипаттағы түрлі
мақсаттарға жетуге болады, олардың
түрлері:
-
білім алушылардың белгілі бір тақырып
бойынша білімдерін, біліктіліктері мен
дағдыларын бақылау жүргізіледі;
-
іскерлік, жұмыс атмосферасы, білім
алушылардың сабаққа аса көңіл бөлуі
қамтамасыз етіледі;
-
өндірістік оқыту шеберінің сабаққа
қатысуы минималды болады;
-
тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері
құрылады;
-
білім алушының шығармашылық белсендігі,
талпынысы дамиды, бұдан тәжірибелік
оқудың тиімділігі жоғарылайды.
Инновациялық
сабақтар ойы, ұйымдастыру мен өткізу
әдістемесімен, қатаң құрылымның
болмауымен, өзін дамытуға қолайлы
шарттардың болуымен білім алушыларға
көбірек ұнайды. Сондықтан бұндай сабақтар
әрбір өндірістік оқыту шеберінде болуы
тиіс, бірақ олар жалпы оқыту құрылымында
басым болмауы тиіс. Өндірістік оқыту
шебері өзінің жұмысында дәстүрлі емес
сабақтардың орнын анықтап алуы шарт.
Мен
бұрын қолданған оқу қызметін классикалық
ұйымдастыру формасы мен дифференциалды
түрлерін инновациялықпен салыстырғанда
тиімділігі төмен және ескірген деп
санаймын.
Инновациялық
сабақтар түрлерінің арасында, менің
ойымша, ең табысты деп саналады.
Инновациялық оқыту технологиялары:
интерактивті оқыту технологиясы, жобалық
оқыту технологиясы және тұлғалық
бағыттау технологиясы.