400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дара және күрделі етістіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Дара және күрделі етістіктерге сабақ жоспары, қмж( мамандандырылған)
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ


Бөлім:

«Әрекет. Қазақтың ұлттық ойындары (көкпар, асық ойнау, бәйге, арқан тарту)»

Педагогтің аты-жөні:

Абай Қамза Дарханұлы

Машықтанушы: Әзімтаева Фариза Рақымжанқызы

Күні:

05.02.2025

Сыныбы: 5 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дара және күрделі етістіктер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.1.5 мәтіндегі шешімге пікір білдіру, балама шешімдер ұсыну

5.3.1.3 Сөз таптарына (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) морфологиялық талдау жасау

Сабақтың мақсаты:

– Мәтіндегі шешімге пікір білдіріп, етістікке морфологиялық талдау жасайды;

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин.

Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Сабақтың басы

5 мин




























Үйге берілген тапсырманы сұрайды.

Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтар қояды.

1.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінед? Оларды ата.

2. Негізгі етістік дегеніміз не?

3.Туынды етістіктің жасалу жолы? Мысал келтіріңіз.

4. Отыр, жүр, тұр, оқы, кел сөздері етістіктің қай түріне жатады? Не үшін?

5. Зат есімнен туынды етістік жасайтын сөздерге мысал келтіріңіздер?

Жауаптары:

1.Негізгі және туынды.

2.Жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын өз алдына сөйлем мүшесі болатын, толық мағыналы етістіктер.

3. Түбір етістіктен және басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын етістік.

4. Негізгі етістік

5. Ой+ ла, есеп+те, шеге+ле, көз+де.

Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Үй тапсырмасын айтады.

Өткен сабақты еске түсіреді және сұрақтарға жауап береді.

ҚБ

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. «Жарайсың! Дұрыс жауап!»

Оқулық, жұмыс дәптері, интернет материалдары

Асық туралы бейнеролик көрсету

Сұрақтар

1.Сақа дегеніміз не?

2.Сақа мен асықтың айырмашылығы қандай?

3.Шеңберден арақашықтығы қанша метр?

4. Асық ойынының мақсаты не?

5. Шеңбер қанша метр

аралығында сызылады?

Бейнероликті көреді. Сұрақтарға жауап береді.

https://youtu.be/gklOOg5aA9U?si=gVTuoWwgroHq0YxB













Сабақтың ортасы

20 мин


Дара және күрделі етістікке түсінік беру.

Слайд көрсету

Жаңа тақырыпты түсінеді. Сұрақтары болса қояды.


интерактивті тақта, интернет материалдары

1-тапсырма

Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Балама шешімдер ұсыныңыздар.

1.Асық дегеніміз не?

2.Оның қандай түрлері бар?

3. Сиыр асығы мен қой, ешкі асығының айырмашылығы неде?

Асықтың түрлері мен атаулары

Асық – төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады. Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.

Алшы – асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол - бірінші дәрежелі асық.

Тәйке – асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол – екінші дәрежелі асық.

Бүге – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Сонымен қатар шіге, тұрық, омпы деген түрлері бар.


2-Тапсырма

Мәтіннен зат есім, сан есім, сын есім, етістік cөз таптарын тауып, оларға морфологиялық талдау жасаңыздар.




Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Балама шешімдер ұсынады.






































Мәтіннен зат есім, сан есім, сын есім, етістік сөз таптырын тауып, морфологиялық талдау жасайды.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-Мәтінді оқып,

сұрақтарға жауап береді-1 ұпай

-Балама сұрақтар ұсынады-1ұпай

-Ойын жүйелі жеткізеді-1 ұпай





























Дескриптор: Жалпы – 4 балл

-Мәтіннен зат есім, сан есім, сын есім, етістік сөз таптарын табады-2 ұпай

- Морфологиялық талдау жасайды-2 ұпай

Белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру


































Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

2 мин

Инстаграм әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алады.

«Инстаграм»

әдісі арқылы сабаққа өз пікірін білдіреді

Мұғалім 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін бағалайды.






Үй

тапсырмасы

Дара және күрделі етістіктерді қатыстырып «Ұлттық ойындар» тақырыбына мәтін құрап жазу;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13 сәуір
359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі