Дара тұлға ізімен....

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дара тұлға ізімен....

Материал туралы қысқаша түсінік
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы оқушы эссесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дара тұлға ізімен.....

Жарты ғасырға жуық ел тағдырына араласқан абыройлы ұл, көреген саясаткер ретінде есте қалған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамызға биыл -110 жыл. «Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім» деген сөздерінде қарапайымдылықтың иісі аңқып тұр ау, шіркін! Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат бүгінде халықтың есінде. Қаншама ақын-жазушылар қаламына арқау болған Димекең туралы қай естелікті алсақ та халқына барша ғұмырын арнаған абзал азаматтың адамгершілік асыл қасиеттері, қарапайымдылығы, кісілік келбеті, игілікті істері, мінез-құлқы, болмыс-бітімі жайлы ақтарыла сыр шертеді.Халқына қалтықсыз аянбай бар жақсылығын аямаған дара тұлғаның орны ерекше.

Дінмұхамед Ахметұлы ұмытылмайтындардың, халықтың жүрегінде мәңгі қалатындардың қатарында. Ол аса парасатты да талантты басшы болды, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол өз заманының ұлы саясаткеріне айналды, халықтың мүддесімен өмір сүрді. Оған деген құрмет аса жоғары қызметте жүрген кезінде ғана емес, ол қызметтен кеткен соң да бәсеңдеген жоқ. Қайта бұрынғысынан да өсе түсті. Оның кен инженерінен бүкіл бір республиканың басшысына дейінгі өмір жолы, еңбекқор да аса жоғары зиялылық келбеті кез келген деңгейдегі басшы атаулыға үлгі-өнеге болғандай.

Мен киелі Сарысу ауданының Жаңатас қаласында тұрамын. Дінмұхамед атамыздың тұсында бой көтерген, күннен- күнге жаңарған қаламыздағы бір білім ордасына биыл есімі берілді. Халқының мүддесін қорғап қалуға келгенде ешкімге есе жібермеуге тырысып аймағына айналдырды. Есімі берілген мектеп үшін қала тұрғындары, сол білім ордасының ұстаздары мен оқушылары қатты қуанды. Аты аңызға айналған тұлға өмірден өтсе де оның еңбектері бүгінде халық игілігіне қызмет етіп отыр. Қазақстан тарихында есімі қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстан одақ бойынша көпсалалы өнеркәсіп алтын әріптермен жазылған Дінмұхамед Ахметұлы халықтың есінде кемеңгер тұлға ретінде мәңгілікке сақталады.

Бір сұхбатында: "Мен Тәңір сыйға тартқан біраз жасқа келдім. Жақсыны да көрдім. Жан ауыртқан күндерді де бастан кешірдім. Ол — менің ғұмырым. Бірақ бұл өмірді халықтан бөле-жара қараған емеспін. Халқым ат жалын тартып мінген азамат кезден алдыма қойған бар арман, бар мақсатпен еншілес болды. Саған қалтқысыз қызмет еттім. Аманатыңа адал болдым. Соңғы демім таусылғанша еліме, жеріме қызмет етуден талмаймын. Менің тірі пендеге өкпем жоқ. Ал менде кеткен өкпе-наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын. Біріншіден, үрейден аулақ болайық. Сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес, жұмыла көтерейік. Екіншіден, тату үйге тақсыр ет жуымайды. Бірлігіңе ие бол. Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма", — дейді Димаш Ахметұлы.

Алтын адамның осы берген сұхбаты көңілімді босатты. Бабалар салған азат еліміздегі Тәуелсіздігімізді бағалап, сол аманатқа халқым қиянат жасамайды деп ойлаймын. Бірлігіміз мықты ма? Әрине, қаншама ұл өкілдері бір аспан астында бейбіт өмір сүрудеміз! Өзіне де, өзгеге де жақсылық тілей білетін қазағым дара тұлғалардың өлшеусіз еңбегіне қиянат жасай алмайды.Өз ойымды ақ қағазда жинақтай келе облыстық айтыскер ақын Есет Досалының «Дегерес» елді мекеніндегі білім ордасындағы атамыздың ескерткішінің ашылу салтанатында оқыған жырымен қорытындылағым келді:

Сарысу ізгі істерді таратасың,

Алты алашты аузыңа қаратасың.

Сіздер ғой бар қазаққа үлгі болған,

Қастерлеп Қонаевтай нар-атасын.

Кезінде Димаш атам салып берген,

Гүлдей берші,жаңара бер –Жаңатасым!

Қазағым үшін талай жақсылық жасаған дара тұлға Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев атамыздың өшпес еңбегінің ізі - мәңгілік өшпейді!



Мыңжасар Балауса

9-сынып оқушысы















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2024
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі