Материалдар / "Дарабоз" интеллектуалды сайыс сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дарабоз" интеллектуалды сайыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер, пән мұғалімдері үшін өте қажет, құнды материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
3847
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Дарабоз». Жеке дара сайыс

Жүргізуші:

- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздердің назарларыңызға

5- сынып оқушылары арасындағы «Дарабоз» атты сайыс сабағын ұсынамыз.

Жарыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарын көрер енді .

Қанекей өркендері сайысқа шық,

Таң қалдыр біліміңмен көрерменді.

-Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларымызды шақырамыз.Шеңберге тұрып ,

бір-біріне тілек айтады. Аты-жөндері жазылған орындыққа отырады.

Мақсаты:
Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдендірер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.

Барысы:
Жүргізуші:

Армысыздар, ардақты ұстаздарым!

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін осы сайыс ашылады,

Сіздер үшін балалар сайысады.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Оқушылар оқу бағдарламасына сай дайындалған тапсырмалармен сұрақтарға жауап береді. Сайыста математика, қазақ тілі, әдебиет,тарих, жаратылыстану пәндерінен тапсырмалар болады.

Ұйымдастыру : Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі сайыста оқушылар жеке -дара додаға түседі. Ал , енді балалар осы уақытқа дейінгі алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Сайысқа 12 оқушы қатысады.

Сайысымыз VII кезеңнен тұрады тұрады.

  1. Кезең «Байқампаз»

  2. Кезең «Бәйге»

  3. Кезең «Кім зерек

4. Кезең «Ұшқыр ой»

5. Кезең « Ойлан, тап»

6. Кезең «Тапқыр»

7. Кезең «Ойшыл»



Мықты болсаң- алдағыны басып оз.

Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт- деп сайысымыздың кезеңдерін бастаймыз

I кезең: «Байқампаз» . Суреттен суретшінің қателіктерді табады.

Бағалауы: Оқушыларға бірдей сурет беріледі. Суреттегі қате орналасқан элементтерді табады. 1 жауап -1 балл. Берілген уақыт 1 минут



II кезең: «Бәйге» Кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап жазады.

Кеспе қағазда әр пән бойынша бес сұрақтар берілген. Сұрақтарға оқушылар жауап жазады. Берілген уақыт 3 минут

Бағалауы: 1 дұрыс жауапқа -1 балл

сұрақтар

1

1. «Өнер білім бар жұрттар» кімнің өлеңі ? ............................... (Ы. Алтынсарин)

2. Бірінші алтын адам табылған жер? ....................................... (Алматы обл. Есік қаласы)

3. Бір теректе бес алма, екінші теректе үш алма барлығы қанша алма?(Теректе алма өспейді)

4. Шымкент өңірінің ауа -райы егіншілікке қолайлыма? (Қолайлы)

5. 25 пен 15 тің қосындысын 4 ке бөлсең қанша болады? (10)



2

  1. Қазақстан алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Т. Әубәкіров)

  2. Суды қандай жағдайда елгезермен тасуға болады? ( Мұз болған жағдайда)

  3. Бір сағатта қанша минут бар? (60 минут бар)

  4. Көзбен көріп,қолмен ұстайтын заттарды қандай зат есім деп атаймыз? (Деректі зат есім)

  5. Ең алғаш тарихты жазған кім? (Геродот)





3

  1. Зат есімнің сұрағын ата? (Кім? Не?)

  2. Қ.Р егемендігін қай жылы алды? (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. Қос ішекті дәстүрлі аспапты ата? (Домбыра)

  4. Бір жұмыртқа 3 минутта піссе,4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минутта)

  5. Жердің өсімдік өсетін қабатын жаз? ( Топырақ)

4

1. Дүкендегі өлшеуіш құрал? (Таразы)

2. Білекті бірді жығар............. (Білімді мыңды жығар)

3. Екі әке,екі бала 300 теңгені теңдей бөлгенде қаншадан бөліседі? (100 теңге)
4. Бір жылда неше күн бар?
(365 -366 күн)

5. Епті адамдар өмір сүрген дәуір? (Тас дәуірі)

5

5. Қазақ тілінде қанша септік бар? (7 септік)

  1. «Қойшының алгебрасы» атанған ойын . (Тоғызқұмалақ)

  2. Бауыржанның Әділжаннан бойы ұзын ,бірақ

Асылжаннан бойы кіші. Кімнің бойы ұзын? (Асылжанның)

  1. Жаңбырдан соң күн ашылған кездегі табиғат құбылысы. (Кемпірқосақ)

  2. Қ.Р мемлекеттік Әнұранның авторы? ( сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әні: Ш. Қалдаяқов).

6

  1. 8- бен 6- ның көбейтіндісіне 6- ны қос? (54)

  2. Ең үлкен алма қайда өседі? (Алма ағашында)

  3. Желмаяға мініп жерұйық іздеген кім? ( Асанқайғы)

  4. Қыш құмыралар заманы деп қай дәуірді айтамыз? (Неолит)

  5. Мемлекеттік туда қандай құс бейнеленген? (Қыран)

7

  1. Жер шарының кішірейтілген түрі? (Глобус)

  2. «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесіндегі басты кейіпкер? (Антон)

  3. Қорадағы 10 қойдың тоғызынан басқасы қырылып қалды. Барлығы қанша қой қалды? (9)

  4. Қазақ тілінде қандай заң бар? (Үндестік заңы)

  5. Көшпелі мал шаруашылығы қай дәуірде қалыптасты? (Темір дәуірінде)

8

  1. Нәрестенің ең алғаш киген киімі? (Ит көйлек)

  2. Тас құралдарын қолданыстан ығыстырып шығарған дәуірді ата? (Қола дәуірі)

  3. Әзіл сұрақ. Тарихта ең үлкен бас киімді кім киген? (Басы үлкен адам)

  4. Өсімдік қандай бөлігі арқылы қоректенеді? (Тамыр)

  5. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (9)


9

1. Қос сөздердің арасына қандай тыныс белгі қойылады? (Дефис)

2. Үстелде 3 стакан шие тұр,1 стакан шиені жеп қойды. Қанша стакан қалды? (3)

3. Г. Головкин қай елдің кәсіби боксшысы? ( Қазақстан)

4. №69 жалпы орта мектебі қай жылы жаңа ғимаратқа көшірілді? (2017 жыл)

5. Арыстанбаб кесенесі қай жерде орналасқан? (Отырар жерінде)



10

1. Заттың неше күйі бар? (3 күйі бар)

2. Жүгірді, күлді, жазды сөздері қай сөз табына жатады? (Етістік)

3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші нені жағасыз? (Сіріңкені)

4. Үшінші алтын адам табылған Шілікті қорғаны қай облыста орналасқан? (Шығыс Қазақстан)

5. Әнді орындаушыны кім деп атаймыз? (Әнші)

11

1. Ненің көлеңкесі жоқ? (Көлеңкенің)

2. Ең үлкен екі таңбалы санды жаз? (99)

3. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі? (Терімшілік)

4. Кендебайдың тұлпарының аты? (Керқұла)

5. Допты қалай қарай лақтырған да өзңе қайтып келеді? (Жоғары қарай)

12

1. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы? (Бердібек Соқпақбаев)

2. Садақ пен жебе ойлап табылған кезең? (Мезолит)

3. Бір километрде қанша метр бар ? ( 1000 метр)

4. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен қай өзен? (Ніл)

5. Көбінесе ай 30 немесе 31 санмен аяқталады. Ал қай айда

28 деген сан бар? (Барлық айда)



III кезең: «Кім зерек?» Оқушылар себеттен сандар жазылған жемістер алады.Берілген сандарға сәйкес жасырынған суреттерге байланысты 2 сұраққа

жауап береді.

Б
ағалауы: 1 дұрыс жауап - 1 балл



Суретте қай кинодан үзінді берілген? Ең алғаш «Алтын адам» қай жерден табылд?

Шығарманың авторы кім? Бірінші табылған «Алтын адамның» жасы нешеде болды?





IV кезең: «Ұшқыр ой» 3 бөліктен тұратын есеп шығару

Амалдарды қолдана отырып, 3 бөліктен құралған есеп шығарады.

Бағалауы: Берілген 3 минутта дұрыс шығарылған есепке 3балл







4 кезең. Есеп



  1. (900 / 36 ) + (48 * 61) = 25 + 2928 = 2953

  2. (93 * 27) – (1080 / 15) = 2511 - 72 = 2439

  3. (1666 / 49 ) + (64 *81) = 34 + 5184 = 5218

  4. ( 64 * 58) - (936 / 24) = 3712 - 39 = 3673

  5. ( 54 * 29) + (5432 / 56) = 1566 + 97 = 1663

  6. ( 76 * 31) – (2166 / 6) = 2356 – 361 = 1995

  7. (4788 / 7) + ( 62 *36) = 684 + 2232 = 2916

  8. ( 284 *17) – ( 2841 / 3) = 4828 - 947 = 3881

  9. (7533 / 9) + ( 65 * 38) = 837 +2470 = 3307

  10. ( 365 * 12) – (2547 / 9) = 4380 - 283 = 4097

  11. ( 9656 / 17) + ( 57 *13) = 568 + 741 = 1309

  12. ( 3995 / 47 ) + (587 *17 ) = 85 + 9979 =10064




V кезең: « Ойлан, тап» Жұмбақ шешу

Ауызша берілген 2 жұмбақтың жауабын айтады.

Бағалауы: 1 дұрыс жауап- 1 балл

Жұмбақ шешу

1

Теңіздей түбі терең , сүңгіген жетер әрең (Білім)

Сатайын десем ауыр кілем, сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)

2

Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған. (Бор)

Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.Басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)



3

Біліммен мол сый-асы, балғындардың ұясы. Ж(Мектеп)

Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп, қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. (Айна)



4

Білімнің дәнін тереді, балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Көктемде ақ гүлге оранады, күзде қолға доп болып оралады. (Алма)

5

Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (Қоңырау)

Дәмі де жоқ, түсі жоқ, қолданбайтын кісі жоқ. (Су)







6


Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!