жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Дарабоз" интеллектуалдық сайыс
Дарабоз
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, ой – өрісін, тілін ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал- мәтелдер, жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен « Дарабоз» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік:
1 «Жеңіс» тобы
2 «Болашақ» тобы
Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Кіріспе сөз:
Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт- дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:
1 бөлім: «Қас- қағым сәтте» бәйге сұрақ
2 бөлім: «Тұлғаны тани біл»
3 бөлім: «Жорға»
4 бөлім: «Тіл – өнер» жұмбақ (үш тілде)
5 бөлім: «Мақал – мәтелді жалғастыру»
6 бөлім: «Ойлы болсаң озып көр»
1 бөлім «Қас – қағым сәтте»
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
1 – тобы:
Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем )
Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
Көкжиектің неше тұсы бар? (4)
Ы. Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін ашқан)
2 – тобы:
Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр)
Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
А. Құнанбаев кім? (ақын)
Кез- келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
3 – тобы:
Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, бұлт)
Көбейтудің қасиеттерін ата? (терімділік, үлестірімділік, орын ауыстырымдылық)
Жылқының сүті: (қымыз)
Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек )
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
2 бөлім:
Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп « Тұлғаны тани біл» сайысын бастаймыз. Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр топқа 3 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әйтеке би, Әлия Молдағұлова Илья Ильин т.б
3 бөлім: «Жорға»
10 |
20 |
30 |
Әдебиет |
10 |
20 |
30 |
Қазақ тілі |
10 |
20 |
30 |
Математика |
10 |
20 |
30 |
Дүниетану |
4 бөлім: «Тіл – өнер жұмбақ» үш тілде айту (қазақ, орыс, ағылшын ). Дұрыс жауабына – 5 ұпай, орысша аудармасына – 10 ұпай, ағылшынша – 15 ұпай.
Жердің табиғи серігі
(Ай – луна - moon )
Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
(өшіргіш – ластик - rubber )
Төрде жатып шалқиған,
Дәу қарны қампиған.
(жастық – подушка - pillow )
Жерде де мекен етеді,
Көлде де мекен етеді.
(бақа – лягушка - frog)
Шидиген ұзын сирағы,
Тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге,
Аспалы торлар құрады.
(өрмекші – паук - spider )
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе.
(айна – зеркало - mirror )
5 бөлім: «Мақал – мәтелдер жалғастыру» Әр дұрыс жауапқа 5 балдан.
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал сізер соның жартысын табуларыңыз керек. Әр топқа 5 мақал – мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 балдан.
1 топ: Ананың көңілі балада, ..............
Қына тасқа бітеді, .................
Досы көпті жау алмайды, .............
Көз қорқақ, ...........................
Өзге елде сұлтан болғанша, .............
2 топ: Білекті бірді жығар, ...............
Еңбектің наны тәтті, ...........
Туған жердей жер болмас, .............
Қоянды қамыс өлтіреді, .............
3 топ: Оқу – білім бұлағы, ................
Ырыс алды, ..................
Еңбек етсең ерінбей, .............
Қыз өссе елдің көркі, .........
Төртеу түгел болса, ..........
6 бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналады. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі.
топ:
1 Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3кг)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? ( 5 бұрыш )
Төрт қойдың неше аяғы бар? ( 16 аяқ)
2 топ:
Бөлменің төрт бұрышында бір – бір мысықтан отыр, әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?
(4 мысық)
Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? ( 6 бала )
3топ:
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғай атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
(3 минут )
1 тонна мақта ауырма, 10 ц темір ауырма? (тең)
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың, дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.
Жеңімпаз топқа дипломдар табыстаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген