Тақырыбы: «Дарабоз» /Сыныптан тыс шара/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, оқушылар арасынан озық ойлы дарабозды анықтау, оқушылардың алған білімін қортындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Интеллектуалдық ойын.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, қазақ тілі, әдебиет,биология, ағылшын тілі.
Көрнекілігі: «Дарабоз», нақыл сөздер
Барысы:
І.Кіріспе бөлімі.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сайысқа қатысушы топтарды анықтау;
2.Сайысқа дайындығын тексеру;
3.Қазылар алқасын сайлау.
ІІ.Негізгі бөлім:
Сайыс шарттары:
І.Таныстыру.
ІІ. «Білім ағашы». (Сұраққа жауап)
ІІІ. «Біз ұнататын үш пән».(Ұяшықтағы ұпай саны беріледі)
ІҮ. «Полиглот»(Тіл өнер сайысы, үш тілде білім тексеру)
Ү. «Білгенге- маржан».(Мақалдың бірінші жолы оқылады,жалғасын оқушылар табады. 10 мақал беріледі, әр мақал 10 ұпай).
ҮІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». (Екі топқа тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 50 ұпай)
Жүргізуші:
Қайырлы кеш құрметті ұстаздар, оқушылар!
Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына;
Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер сіздердей өренді,
Жеңістің ынау шыңына,- деп бүгінгі бақ сынасар топтарды ортаға шақырамыз. (Әділ қазылар алқасын сайлау).
І. Таныстыру. Топтың аты, ұраны.
ІІ. «Білім ағашының» сұрақтары: (Топтар сұраққа тез жауап беруі керек).
І-топқа
1.Қазақтың үш биі (Төле, Қазбек, Әйтеке)
2.Грек авторлары сақ тайпаларын қалай атаған? азиялық скифтер
3. «Жеті Жарғының» авторы Тәуке хан
4.Әлемдік діндер: Будда, ислам, христиан
5.Тастағы сурет қалай аталады? Петроглиф
6.Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі қашан болды? 1836-1838 ж
7. Бумеранг қай ғасырға жатады? мезолит
8. Азамат соғысының мерзімін көрсет.1918-1920 ж
9. Исатайқаза болған шайқас:Ақбұлақ шайқасында
10.1916 жылғы көтерілістің ірі орталығы:Торғай
11Қазақ газетіне жарияланған Ә.Бөкейхановтың мақаласы: «Тағы соғыс»
12. «Алаш» партиясы бағдарламасы неше бөлімнен құрылды?10
13.Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик:
14.Тарихтың атасы кімдер?(батыста, шығыста)Геродот, Сыма Цянь
15.Қазақ хандығының негізін қалады:Керей мен Жәнібек.
ІІ-топқа сұрақтар:
1.Кіші жүздің руларын ата.6 ата әлім, 7 ру, 12 ата байұлы
2.Парсы деректерінде сақтарды кімдер деп атаған? Құдіретті еркектер
3.ҚР Конституциясы қашан қабылданды? 1995 30 тамыз
4.Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық қозғалыс қанша жылға созылды? 14
5.Қола дәуірінде өмір сүрген тайпалар андрон тайпалары
6. Теңіздің ар жағында тұрушы сақтар парайдарайа сақтары
7.«Аңдық стиль» далалы өңірлерде қашан пайда болды? Б.з.б 7 ғ
8.940 жылы Сатұқ Боғра хан негізін қалаған мемлекет Қарахан мемлекеті
9.Адамдардың алғашқы пайдаланған металы. Мыс
10. Сақтардың атақты философы, ғалымы. Анахарсис
11. «Алаш» партиясының төрағасы: Ә.Бөкейханов
12.Көне түрік жазба ескерткіштері Күлтегін, Тоныкөк
13.Мұсылманның бес парызы: Иман келтіру, намаз, зекет, қажылық, ораза
14. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қай жылдары боды? 1723 ж
15.Алтын Ордадағы мемлекеттік тіл: Қыпшақ тілі
ІІІ. «Біз ұнататын үш пән».
1. Математика
10 балл:Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? /ұзындығы мен енін көбейту/
20 балл: Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңлісі қанша болса, сонша ағасы бар. Осы отбасында неше ер бала, неше қыз бала бар? /1 ұл, 2 қыз/
30 балл:Қорапта шыршаның бірнеше ойыншықтары бар еді. 9 ойыншықты шыршаға ілгеннен кейін, қорапта 3 ойыншық қалды. Ең әкелі қорапта неше ойыншық бар еді? /12/
40 балл:Бір күні есек пілдің, түйенің, жирафтың массасын білу үшін таразыға тартыпты. Сонда олардың жалпы массасы 6160 кг болыпты. Таразыда түйе мен жираф қалғанда таразы 1151 кг-ды көрсетіпті, ең соңында бір ғана жираф қалғанда, оның массасы 475 кг болды. Піл мен түйенің салмағы қанша? /түйе 676 кг, піл 5009 кг/
50 балл:Ең алғаш алгебра оқулығын жазған кім? /Қ.Сәтбаев/
2.Қазақ әдебиеті
10 балл: «Оянған өлке», «Ұлпан» романдарының авторы:/Ғ.Мүсірепов/
20 балл:Үш бәйтерек: /Бейімбет, Ілияс, Сәкен/
30 балл:Қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиеттерінің ортақ кейіпкері: /Қожанасыр/
40 балл:Қазақтың тұңғыш романы: /»Бақытсыз Жамал»/
50 балл: Ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің туған жер тақырыбына арнаған өлеңінен үзінді оқу.
3. Биология
10 балл:Жер бетіндегі ең ірі жануар: /Піл/
20 балл: Жылдан құр қалған жануар: /Түйе/
30 балл: Қай өсімдікте сабақ, жапырақ, тамыр жоқ? /саңырауқұлақта/
40 балл: Жемістердің тәттә суы: /нәр, сөл, шырын/
50 балл: Ұшуға бейімделгіштігін жоғалтқан құс: /Түйеқұс/
ІҮ.Полиглот. /жұмбақты шешіп, орыстілі мен ағылшын тіліне аударады/
1.Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, Қарасаң толып жатыр, көзіңді ашып, Үйіме сәулеленіп түссе жарық, Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып./жұлдыз-звезда-star/
2.Қыс жатады, жаз тұрады, Жоқ болса да қол аяқ қаз тұрады. /қар-снег-Snow/
3.Қанатым бар, ұшпаймын, Көл астында қыстаймын./балық-рыба –fish/
4.Алыстан қарасам, аппақ, Татып қарасам тәтті ақ. /қант-сахар-shugar/
5.Бұдан кір қорқады, судан бұл қорқады. /сабын-мыло- soap/
6.Көкпеңбек еді көктемде, Қызарды күзге жеткенде. /алма-яблоко-apple/
7.Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы./мектеп-школа- scool/
8.Бойын жерге жасырған, бұрымы бар жасылдан./сәбіз-морковь- carrot/
Ү. «Білгенге - маржан».
1.Атқа жүру үшін жүген керек, (ғылымды меңгеру үшін шыдамдылық керек)
2.Жас адам күшін салады,(кәрі адам ақылын салады)
3.Дүние күнмен жарқырайды, (адам біліммен жарқырайды)
4.Сүтті күте білмесең су боады, (гауһарды күте білмесең құм болады)
5.Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, (Шалқайғанға шалқай ол құдайдың ұлы емес)
6.Ұйқы тынықтырады, (жұмыс шынықтырады)
7.Ел елдің бәрі жақсы, (өз елің одан да жақсы)
8.Ата ананың ақылы (сайрап жатқан жолмен тең)
9.Оқи берсең көзің ашылады, (отыра берсең жалқаулық басынады)
10.Ақыл көкке жеткізер,(өнер көпке жеткізер)
ҮІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Екі топқа тапсырма беріледі. Дұрыс жауап берген топқа 50 ұпай.
І топқа: Бір аралда бірінен бірі өткен сұлу қыздар өмір сүріпті.Бұл сұлу қыздар біздің бейнемізді көрген ер адамның басын аламыз деп уәделеседі. Күндердің күнінде бұл аралға балықшы жігіт тап болады. Жігітті өлтірмекші болған қыздар ақырғы сөзін сұрайды, сонда жігіт бір ауыз сөз айтып, ажалдан аман құтылыпты.
Сұрақ: Бұл қандай сөз?
Жауап: Іштеріндегі ең ажарсыз, сұлулықтан жұрдай бикеш мені өлтірсін.
ІІ топқа: Астана деген шаһарда Қыз Жібек деген сұлу өмір сүріпті. Ол қызға екі бірінен бірі асқан екі батыр жігіт өлердей ғашық болыпты. Күндердің күнінде екі батыр жігіт Қыз Жібектің қолын сұрап келеді, қыз екеуінде сүйгендіктен сынақтан өткізеді. Егер де биік таудың басынан кімнің аты кейін келеді соған тұрмысқа шығамын деп сөз береді. Таудың басына шыққан екі батыр «сен бірінші шап» деп дауласып тұрғанда олардың қасына бір қария келіп құлақтарына сыбырлайды. Сонда екеуі шаба жөнеледі.
Сұрақ: Сонда қария екі батырға не деп айтты?
Жауап: Аттарыңды алмастырып мініңдер.
Қорытынды:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Мектебіміздің дарабозы деп жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Дарабоз" /Сыныптан тыс шара/

шағым қалдыра аласыз