УДК
902/904
Сраилова Гуллала
Сраждиновна
“Тұран”университеті
“Халықаралық
қатынас”
Білім беру бағдарламасының
студенты,
Алматы қ.,
Қазақстан
email:23241484@turan-edu.kz
Көнеден сыр шерткен-таңбалы
тас
Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ даласындағы
ежелгі таңбалы тастардың тарихы қарастырылады. Таңбалы
тастар-көшпелілердің жазу өнерінің бастамасы,қазақ халқының тарихи
ескерткіші.Мақалада таңбалы тастардың ерекшеліктері, оған салынған
сүреттердің мағыналары қарастырылады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бүкіл
әлемдік мұралар тізіміне енгендігі туралы баяндалады. Сонымен қатар
Дардамты ауылы маңындағы жартас сүреттері мақаланың негізгі бағыты
ретінде қарастырылады.
Түйін
сөздер
Таңбалы тас, петроглиф, жартас
сүреттері, археологиялық ескерткіш
Кіріспе
Таңбалы тас - бұл тарихты
таспен жазудың бір үлгісі және ұрпақтар арасындағы алтын көпір.
Таңбалы тастардың қазақ даласында көптігі оның тарихи маңызының
терең екенін көрсетеді. Қазақ халқы таңбалы тастардың отаны.
Бабаларымыз өздерінің тарихын осы тастарға қашап жаза білген.Осы
тастарға қашалып салынған сүреттерге қарап ежелгі заманда олардың
қалай өмір сүргенін біле аламыз. Тастағы сүреттер ежелгі
тайпалардың қалай өмір сүргенін, аң аулау, мал бағу сияқты
көріністерін бейнелейды. Мұндай сүреттер қазақ даласында тұнып тұр.
Қазақ халқы мұндай қалың жазулары бар,тасқа қашалып жазылған
сүреттері бар жар тастарды “Таңбалы тас” деп атап кеткен. Таңбалы
тас бұл-ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген бірінші
ескерткіш.
1-бөлім
Таңбалы тастарды зерттеуге
бағытталған еңбектер қазіргі замандарда дамып келеді.Ә. Марғұлан,Н.
А. Бернштам, А .Г. Медоев-таңбалы тастарды жан-жақты
зерттеп,олардың салыну әдістерін анықтауға көмектесті. Қазақ
даласындағы таңбалы тастардың тарихын,маңызын Ә. Марғұлан өз
еңбегінде атап өтеді. С. Ж. Здарнович таңбалы тастардың көшпеліл
халықтар арасында ерекше орын алатыны
көрсетті. Бастапқы әдебиеттердегі
тұжырымдар таңбалы тастардың тек қола дәуіріне тиісті екенін
көрсеткен. Бұл тұжырымдар кейінгі қаралған әдебиеттерде толық емес
деп есептеліп қайта қаралды. Айта кетерлігі алғашқы зерттеулер
пелогогикалық композициялық құрылымын қарапайым геометриялыұ
филосифиядан тұратыныны қабылдаған. Бүгінгі күнде петроглифтерде
бейнеленген символдардың мәнімен мәдени көрген ерекшеліктері терең
әрі күрделі екендігі анықталды.Түрлі тасқа қашап салған сүреттерді
тегістеп құндылыққа иелектері есептеген сонымен қатар тарихи
теріспен әлеуметтік функциясын елемеген. Осындай тұжырымдар бүгінгі
күнгі ортада әдістердің жетістіктерімен деректердің толығына
байланысты олардың тиімділігіне дәлдігі сынға
түсті.
Негізгі
бөлім
Тарихи адам қоғамының даму
үрдісінің бастауы болып табылатын тарихи өнер мұраларының ішінде
Дардамты ауылы маңындағы Кетпен жотасының маңында кезедесетін тасқа
қашап салынған ескерткіштердің маңызы зор. Осылайша, уақыт
белбеуінде аспан астында қараусыз қалған, таулар мен үңгір ішіндегі
петроглифтерге қызығушылық өткен дәуірлердігі өркениет иелерінің
өркениеті мен тіршілігінен хабардар боламыз. 200-ден астам
петроглифтердің топталған жері Қазақстанда белгілі болған.
Қазақстандағы петроглифтердің көбісінле зооморфтық бейнелер
кездеседі.[4] Олардың қатарыда зерттеліп, ғылымда кеңінен
таралғандары – “Арпаөзен”, “Қойбағар”, “Теректі – Әулие”,
“Ақбауыр”, “Майдантал” және тағы басқалары. Таңбалы тастағы
сүреттер тас дәуірінен бастау алып, ғасырлар бойы жалғасын тауып,
қазіргі ұрпақтарымызға дейін сақталып келіп әлі де өз жалғасын
тауып келе жатыр. Ең бастысы, өздерінің тарихи мәнін жоғалтпай келе
жатқан жартас сүреттері сол жартастардың ең маңызды бөлігі болып
есептелінеді. Бүгінгі күнде, кең байтақ жерімізде, әр дәуірде
жартас бетіне салынған сүреттерімен әйгілі “Ақбауыр үңгірі”,
“Арпаөзен таңбалы тастары”, “Қойбағар таңбалы тасы”, “Баянжүрек
сүреттері” деп аталатын киелі жерлеріміз бар. Мақаламның негізгі
нысанына айналған Дардамты ауылының оңтүстік – батысында Кетпен
жотасында орналасқан таңбалы тас. Дардамты ауылы маңында орналасқан
таңбалы тас мақаланың негізгі нысанына айналды. Таңбалы тастарды
ғалымдар тарихтің зор күәгері деп атаған.[165] Жартастағы
сүреттерден адамдардың топталып діни рәсімдерді орындап жатқанын
көрүге болады.Петроглифтер арқылы адамдардың діни рәсімдері мен
қоғамдағы рөлін талдауға болады. Бұл сүреттер ежелгі адамдардың
топтық әрекеттерін көрсетеді.[8] Аңдарды тасқа бейнелеуі
мерекелерді қарсы алу немес егіншілікке
байланысты.[4]
2-бөлім. Дардамты
ауылындағы “Таңбалы
тас”
Дардамты аулындағы таңбалы
тас, Дардамты ауылынан 5 киллометр жерде орналасқан. Жартастар
Шығыстан Батысқа қарай созылып жатыр. Петроглифтер жартастардың
оңтүстік дәне оңтүстік – оңтүстік батыс жоталарына салынған. Тасқа
қашалып салынған сүреттердің жалпы саны 100-ге жуық. Таңбалы тасқа
баратын жол бір ыңғай өзектермен жылғылардан тұрады. Жартастағы
сүреттерден адамдардың және жануарлардың бейнелерін кездестіруге
болады. Тастағы сүреттерден жыртқыш аңдардың шабуыл жасап жатұан
бейнелерінде кездестіруге болады. Сол кезеңде ұандай жануарлар
болғанын осы тасқа қашалып салынған сүреттерден білуге болады.
Бұғы, киік, таутеке, түйе кескіндерін тасқа қашалып салынған
сүреттерден көруге болады. Осы сүреттер арқылы тас дәуірінде өмір
сүрген адамдар сол жерде мекендегенін көрүге болады. Тастағы
сүреттерге қарап тас дәуірінде өмір сүрген адамдардың
тұрмыс-тіршілігін көруге болады. Жартастағы сүреттерге мән беріп
қарайтын болсақ ол жерлерде көбінесе жануарлардың сүреттері мен аң
аулау тәсілдері көрсетілген. Тастағы сүреттерге қарап ежелгі
адамдардың тау шатқалдарының арасындағы үңгірлерді уақытша
мекендегенін көрүге болады. Себебі мекен еткен үңгірлерінің
маңындағы жартастарға қола дәуірінде өмір сүрген адамдар сүреттерді
салу арқылы белгілерді қалдырып отырған.
3-бөлім.

-
сүрет.Түйе
бейнесі.
Сүретте бейнеленген
түйе бейнесі – скиф - сақ
кезеңінде ең көп тараған бейнелердің бірі. Бұл тасқа қашалыпр
салынған сүрет ежелгі көшпелі халықтар арасында айрықша орын
алады.Олар түйені тек паташларға лайық жануар деп қараған
[1,16]

-
сүрет.Бұғы,бұлан
бейнесі
Жартастардағы сүреттерден ең
көзге түсеті түйе бейнесі. Сол кезде өмір сүрген адамдардың
ойлауынша түйе зор күштің иесі деп есептел Сақ тайпаларының
аңыздарындағы бұғы,бұлан бейнелерінен кейінгі ең көп тараған
сүреттердің бірі-таутекелер. [1,16] Бұл бұғы бейнесі биік
жартастарға салынған.

-
Сүрет.Таутекелер
сүреті
Ескерткіштердегі петроглифтер
өзінің мағынасы жағынан сан алуан болып келеді.Тастарға салынған
сүреттерге қарасақ,ежелгі адамдардың сүрет салатын жерді ұзақ
таңдағанын көруге болады. Оған мысал ретінде биік тау жотасында
тақта тәріздес тастарға салынған сүреттерді алсақ
болады.
Бұл тастарға салынған сүреттер
қашау және сызу әдістері арқылы жазлыған. Ежелгі адамдар сүрет
салғанда салып жатқан жануарының басы мен денесін қашап салып,
аяқтарын және құйрық жағын үшкір нәрселермен сызып
келтірген.

4-сүрет архар
бейнесі.
Бұл сүретте садақ ұстап тұрған
адам мен архар бейнесін көруге болады. Бұл жерде аң аулау сәті
бейнеленген. Сақ ғұламасы Анархасис
«Егер сен өзіңнің бар
байлығыңнан бас тартып, садақпен және жебемен жарақтанып сақтардың
арасында өмір сүрсең, онда сен еркін адам болар
едің» деп айтып кеткен [7. 145]
Жартаста бейнеленген сүреттерде садақ ұстап тұрған адамдардың
бейнелері көп кездеседі. Осыған қарай отытып бұл жерді ежелгі сақ
тайпалары мекендеген десекте болады.
Қорытынды
Қорытындылай келе,таңбалы тастар -
тарихымыздың айқын көрінісі.Таңбалы тастар бізге ата - бабамыздың
бұрынғы заманда қалай өмір сүргенін, олардың қалай өмір сүргенін
көрсететін тасқа қашалып салынған мұрасы. Жартастарда бейнеленген
аңдар аң аулау тәсілдері сол дәуірдегі тұрмыс - тіршілігін
көрсетеді Осы таңбалы тастарды зерттеу арқылы біз бабаларымыздың
ежелгі замандарда қалай өмір сүргендігі жайлы мәлімет аламыз. Және
де бұл ескерткіштер ұлтымыздың жазу қнерінінң бастауын символдық
ойлау және көркем дүниетанымын айқындайды. Сол дәуірдегі адамдардың
тұрмыс тіршілігі жайлы мәліметтерді Дардамты ауылы маңындағы жартас
сүреттері береді. Бұл тасқа қашалған бейнелерді бұрынгғы заманның
көзі ғана емес, болшақ ұрпаққа қалдырған мұрағат ретінде
қарауымыз керек.
Пайдалынылған
әдебиеттер
-
История искусств Казахстана учебник -
2006-36б
-
Древние Сокровища Алматы и Жетысу Фотоальбом-
2004
-
Горячев А. А., Егорова
К. А Семантический аспект одной иконографический
традиции изоброжений козлов в петроглифах Родничок -
2007- 88б, 403б
-
Ortalyk kz| tastar- y- tarih-
petroglif
-
«Сен білесің
бе?» энциклопедиясы Қ. Ж. Райымбеков, Қ. Т.
Байғабылова Аруна баспасы
-
Жұмабекова,
Базарбаева «Қазақ Алтайының
скиф- сақ дәуіріндегі
мәдениеті» -
145б
-
Тамғалы Фотоальбом Алматы
жшс «Эффект» баспасы- 2012ж
-
Қазақстанның киелі орындарының
географиясы №1-
690, 691б
-
Өлкетану оқулық А.Қабдұлова, Э. Т. Досаева,
Ә. А. Әуезова- 2018
-
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. -
Алматы: Атамұра, 2006