400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дәрігер

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дәрігер»


Батанова Салтанат Адильбековна

№10 «Наурыз» б/б тәрбиешісі


(коммуникативтік,танымдық,шығармашылық,әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)

Мақсаты: балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеуге, сюжетті рөлді ойынды өзі ұйымдастыру, түсініктерін ойын барысында әсерлі қолдана білу іскерліктерін дамыту.

Заттық дамыту ортасы: Ақ халат, ойыншықтар, медициналық ойыншықтар, құрал – жабдықтар, Дәрігер Айболит. Жедел жәрдем көлігі, суреттер, бейне таспа.

Сөздік жұмыс:

Инновациялық технология: Ақпараттық технология. Релаксация. Дамыта оқыту тәсілдері. Денсаулық технологиясы.

Балалар, денсаулық тазалық кепілі, біздің тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуіміз керек?

Жаттығу жасауымыз керек, жуынып жүруміз керек, тісімізді тазалап, тамақ ішер алдында қол жууымыз керек.

Біреу есік қағып тұр бұл кім кірқожалақ бала келеді.

Сәлеметсіңдер неге бәрі тап-таза әдемі.

Сен кімсің? Балақай сен неге кірсін жоқ тазамын, сен құлап қалдың ба жоқ таңертең жуындың ба ия қалай көрсетші

Мұрат қолына түкіріп бетін сүрте салады. Ой деп тәрбиеші.

Мына бала,

Бетін қара

Кір – қожалақ, қап – қара

Тырнағы өскен

Алынбапты – ау масқара!

Әдеті бар жаман – ақ!

Киімі кір – қожалақ.

Көрген есес тазалап.

Мұрат қарашы мына балаларға бұлар күнде жуынады тап таза балалар

Қане балалар Мұратқа біз түсіндірейік Суды білесін бе жоқ дейді

Су – өмір жүрегі

Денсаулық тірегі.

Шөлдесең, қанасың.

Жуынсан, тазасың.

Тәрбиеші:

Түсіндің бе енді міне сағаң шелек су, қолыңды жу

Мұрат кетпейді ғой, су кетірмегенді не кетіреді сабын.

Аделя:

Сабындаған кезінде

Ашытады көзіңді

Бола білсен төзімді

Тап- таза етер өзіңді

Тазалықтың досы

Сабын деген осы.

Азиз:

Сүлгі ақ мамықтай түгі бар

Қызыл- жасыл түрі бар

Жұмсақтығы мақтадай

Сүртінесін жалықпай

Тазалықтың досы бұл не, сабынмен қолды сабындаймыз, орамалмен сүртеміз, тіс тазартамыз, шашымызды тараймыз.

Енді біз ауырып қалғанда кімді шақырамыз? Бұл кім екен?

Балалар , біз ауырсақ қайда барамыз?

Аурухан мен емханаға барамыз.

Балалар, біз ауырмау үшін, тамақтарымызды тауысып ішіп, дәрумендері көп көкөністер мен жемістерді көбірек жеуіміз керек.

Бізге қонаққа дәрігер Айболит келді.

Дәрігер Айболит: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен сендерге қонаққа келдім, мен аңдарды емдеп, енді сендердің денсаулықтарыңды тексеруге келдім. Қазір мен сендердің күлімдеген көздеріңді, қызғылт түсті беттеріңді және әдемі күлкілеріңді тістеріңді қарағым келіп тұр. Дәрігер Айболит балаларға жақындап, олардың бастарын сипалап, денсаулықтарын сұрайды.

Қимылды ойын: «Өз орнына сал»

Ойын шарты: балаларға дәрігер құралдарының ішінен артығын алып тастау керек.

Дәрігер Айболитке көмектесейік орманда бір маймыл бүкіл заттарды араластырып жіберіпті. Заттарды тиісті адамдарға беру керек.

«Нүктелі массаж»

Мұрын саусақ ұшымен айналдырайық

Қасымызды бармақпен айналдырайық

Құлағымызды саусақ ұшымен айналдырайық

Маңдайымызды саусақ ұшымен айналдырайық

Жарайсыңдар балалар, сендер жаттығуды жақсы біледі екенсіңдер.

Ойын: «Дәрігер» рөлдерге бөлініп ойнайды.

Дәрігер Айболит: қызуын өлшейін, қызуы жоқ, енді аузыңды аша ғой тамағынды қарап жіберейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын.

Кәне, «Ү – п» деп айтайық,

Демді ішке тартайық,

Енді «У – х» деп айтайық

Демді шығара қайтарып.

Балаңызға салқын тиген өкпесінде сырылы бар, емдеу керек. Мына дәріні дәріханадан алып балаңызға ішкізіңіз.

Размет дәрігер, сау болыңыз.

Маған мына дәріні беріңізші.

Дәріханашы: Саламатсыз ба? Қағазыңыз бар ма? Мына дәріні 2 мезгіл беріңіз

Рахмет. Сау болыңыз.

Әрқашан ауырмай деніміз сау болсын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі